Оңтүстік Қазақстан облысындағы тағамнан улануды санитариялық-эпидемиологиялық талдау

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес тамақтан уланулар саны жыл сайын артып отыр. Сол себепті бүгінгі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр елден әр квартал сайын тамақтан болатын жұқпа ауруларды, соның ішінде тамақтан уланулар туралы мәліметтерді жинақтап отырады. Соңғы ғылыми деректер бойынша әр жылда әлемде 2,2 миллионнан аса адам тамақтан уланудан қайтыс болады. Оның ішінде 75%-дан жоғары көрсеткішті 14 жасқа дейінгі балалар құрап отырғаны мәлім. Бұған қоса тамақтан уланудың динамикасы жыл сайын 10-12% артып келеді. Бүкіләлемде адамдардың өлім көрсеткіші миокард инфарктісімен салыстырғанда тағам токсикоинфекциясынан 1,2 есеге жоғары.

Қазақстанда тамақтан улану мәселесіде өзекті болып отыр[1]. Бактериалды тағамнан уланудан 2016 жылы Қазақстанның әртүрлі аймақтарында 7 топтық улану оқиғасы тіркелген. Улануды эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде барлық уланулардың ұйымдастырылған тамақтандыру бекеттерінде орын алатындығы анықталды. Уланудан зардап шеккендер саны 140 болды.

Осы тағамдық токсикоинфекцияның ішінде бір жағдай Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласындағы «Болашақ» бала бақшасында орын алды. Улану жағдайы 2016 жылдың 11.02. күні болды[2], зардап шеккендер саны -23, уланудың себебі - құс етінен жасалған сорпа екендігі эпидемиологиялық тексеруден соң анықталды. Тексеру барысында тамақ турайтын аспаздық құралдардан, ас дайындайтын қондырғылардан, балалардан және ас блогінің жұмысшыларынан бактериологиялық зерттеуге сүртінділер алынды.Зертхана қорытындысы бойынша сүртінділерден Staphylococcus aureus анықталды. Келесі тағы бір жаппай тағамдық токсикоинфекция 2018 жылдың 28.03-02.04. аралығында Шымкент қаласында орын алды. Зардап шеккендер саны - 188, уланудың себебі –жұмсақ құймалы балмұздақ екендігі эпидемиологиялық тексеруден соң анықталды. Тексеру барысындабактериологиялық зерттеуге гигиеналық сүртінді және азық-түлік сынамалары алынды. Зертхана қорытындысы бойынша сүртінділер мен сынамалардан Salmonella еnteritidis және Staphylococcus aureus анықталды.

Тағамнан уланудың ішінде күрделі әрі соңы леталды жағдаймен аяқталатын ботулизмнің алар орны ерекше. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2016 жылы Қазақстан аймақтарында ботулизмнен – 42 жағдай тіркелген, зардап шеккендер саны – 71, леталды жағдай – 4.

Оңтүстік Қазақстан облысында ботулизм ауруы жыл сайын тіркеледі: 2015 жылы – 29 жағдай, 2016 жылы – 20 жағдай, 2017 жылы – 20 жағдай. Осы ботулизм ауруына санитарлық-эпидемиологиялық талдау жасасақ[2]:

2015 жылы ботулизмнің 29 жағдайы тіркелген, одан зардап шеккендер саны – 25 (0,89%), леталды

жағдай – 1 болды. Ботулизмнің пайда болу себебі –үй жағдайында консервіленіп маринадталған қияр және салаттар. 25 зардап шегушінің 8-десырқаттанушылық маринадталған қиярдан, 17-де салаттан туындаған. Әлеуметтік құрамына талдау жасағанда зардап шеккендердің –5-і жұмыссыздар, 1-істудент, 14-і құрылыс сервис мекемесінің жұмысшылары және 14 жасқа дейінгі балалар – 4 (0,42%) . Бактериалдық тексеруге зертханаға жіберілген сынамалардың 5-і оң нәтиже көрсетті.

2016 жылы ботулизмнің 20 жағдайы тіркелген, одан зардап шеккендер саны – 33 (1,18%), оның ішінде

14 жасқа дейінгі балалар – 6 (0,63%), леталды жағдай – 3 анықталды. Ботулизмнің пайда болу себебі – үй жағдайында консервіленіп маринадталған қияр, саңырауқұлақ және салаттар. Сырқаттанушылық 33 зардап шегушінің 13-де маринадталған қиярдан,16-да салаттардан және 4-де консервіленген саңырауқұлақтан болды.Әлеуметтік құрамына талдау жасағанда зардап шеккендердің – 19-ы жұмыссыздар, 1-і зейнеткер, қалған 4-і жұмыскерлер. Бактериалдық тексеруге зертханаға жіберілген сынамалардың 12-і оң нәтиже көрсетті.

2015-2016 жылдарды салыстырғанда 2016 жылы 8 жағдайға сырқаттанушылық жоғарылады, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балаларда 2 жағдай анықталды.

2017 жылы ботулизм ауруының 20 жағдайы тіркелді. Уланудан зардап шеккендер саны – 30 (1,04%), оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 2 (0,20%), 15-17 жастағы балалар – 3 (2,32%), леталды жағдай – 2. Ботулизмнің пайда болу себебі – үй жағдайында консервіленіп маринадталған қияр, саңырауқұлақ және салаттар. Сырқаттанушылық 28 зардап шегушінің 12-де маринадталған қиярдан, 14-деәр түрлі салаттардан және 2-де консервіленген саңырауқұлақтан болды. Әлеуметтік құрамына талдау жасағанда зардап шеккендердің – 12-і жұмыссыздар, 4-і зейнеткер, 1-і мүгедек, қалған 6-ы жұмыскерлер болды. Бактериалдық тексеруге зертханаға жіберілген сынамалардың 12-і оң нәтиже көрсетті.

  1. 2016-2017 жылдарды салыстырғанда 2017 жылы сырқаттанушылық 3 жағдайға төмендеді, оның ішінде

14 жасқа дейінгі балаларда 4 жағдайға, 15-17 жастағылар арасында 1 жағдайға ботулизм ауруы төмендеген.

Қорыта келе, тағамдық уланулардың алдын алу шараларын барлық деңгейде күшейтудің маңыздылығы артып отыр.Соның ішінде әсіресе Қазақстан Республикасының«Тағақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2015 жылғы 27 қараша №424-V заңының іске асырылуына аса мән беру қажет[3].

Әдебиеттер

  1. .Жұқпалы аурулардың стандартты анықтамалары мен іс-шаралар алгоритмдері: Практикалық нұсқаулық/С.Ә.Әміреев, т.б.) – Алматы «Эверо» баспасы: 2014, 1 том.- 634 б.
  2. .Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің тамақтан улану бойынша жылдық есептері, 2015-2017жж.
  3. .«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 27 қараша №424-V заңы.
Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011