Түйін
Мақалада студенттердің коммуникативті компетенттілігін дамыту процесінде кездестіретін мәселелері, сондай- ақ психология, психоанализ сұрақтарында компетентті мамандардың «Коммуникативті дағдылар» пәніне сабақ беруді жүзеге асырудың негізгі мәселелері талқыланады.
Коммуникативті компетенттілік – адамның өзін, басқалардың арасындағы өзінің орнын адекватты бағалау, коммуникациялық серіктесінің тұлғалық ерекшеліктерін және эмоционалды жағдайын дұрыс анықтау, тұлғааралық оқиғаларды болжау, айналасындағы адамдарға қалай сөйлеуді таңдау және жүзеге асыру қабілеттерін көрсететін күрделі әлеуметтік-психологиялық білім.
Коммуникация компетенттілігі адамның өзіндік тұлғалық қасиеттерін, сонымен қатар, коммуникациялық серіктесінің тұлғалық қасиеттерін адекватты бағалау қабілетін талап етеді, бірақ ол үшін өзін-өзі тексеру, өзін-өзі дамыту бойынша арнайы білімдер қажет.
Медициналық профильдегі оқу мекемелері студенттерінің коммуникативті компетенттілігін дамыту процессінде дамытушы техникаларды, қабілеттерді қолдану арқылы сананы кеңейту басты рөлде болып табылады. Студенттер үшін күрделілігі өзін-өзі бағалау және науқастардың, әріптестерінің және т.б., тұлғалық қасиеттерін адекватты бағалау сұрақтарынан көрінеді: бұл үшін өзін тану, өзін жетілдіру бойынша арнайы білімдерге ие болу керек. Дәл сол үшін оқыту психология, психоанализ сұрақтарына компетентті тұлғалармен жүргізілуі тиіс.
Өзектілігі:
Медииналық профильдегі оқу мекемелері студенттерінің коммуникативті компетенттілігін дамыту процессі мәселесі бүгінгідей өзекті болған емес. Себебі, тәжірибе өтіп жатқан дәрігерлерге қатысты ең конфронтационды сұрақ – бұл олардың науқастармен эффективті байланысу қабілеті[3]. Науқастың емге қанағаттануы белгілі дәрежеде дәрігердің оң қатынасына байланысты, өзара әрекеттесу сапасына тікелей пропорциональды байланысты. Науқастардан түсетін ең жиі кездесетін шағым – тәжірибе өтуші дәрігерлердің назар салып тыңдай алу қабілетінің болмауы, анық және түсінікті жауаптар бере алмауы, және бірінші кезекте науқастың дәрігерге келгендегі мәселелерін анықтай алмауы[1]. Эффективсіз байланыс денсаулыққа қол жеткізу жолында бөгет болып табылады. Дәрігер мен науқас арасындағы өзара қарым-қатынас – медицинаның маңызды мәселелерінің бірі. Дәрігер-науқас коммуникациясысының күрделілігі дәрігерлік көмектің сапасына әсер етеді және емдеу процессі барысында айтылады. Сөз тек науқастың жағымсыз қатынасқа шағымы және т.б. түрінде көрінетін бұзылған өзара қарым-қатынас туралы болып тұрған жоқ. Тіпті конфликтты қарым-қатынастың жойылған, вербальды емес көріністері көңіл-күйге айтарлықтай әсер етеді. Коммуникацияға екі тарап та қатысады. Статистика бойынша науқастар тарапынан түсетін шағымдардың негізгі массасы медициналық қызметкерлердің компетентті емес қатынасына бағытталған[2].
Мақсаты: Біздің жұмысымыздың мақсаты медициналық профильдегі оқу мекемелері студенттерінің
коммуникативті компетенттілігін дамыту процессіндегі негізгі мәселелерді жарықтандыру болып табылады.
Бұдан басқа, болжамды негіздеу: «Коммуникативті дағдылар» пәнін оқыту психология, психоанализ сұрақтарында компетентті тұлғалармен жүргізілуі тиіс.
Материалдар және әдістер: Студенттердің коммуникативті компетенттілігін біз арнайы тест-сауалнамалар, анкеталар және экспериментальды бақылау арқылы 120 студенттерді зерттеуден өткіздік. Зерттеу нәтижесі: коммуникативті компетенттіліктің жоғары деңгейі 24 % студентте, 60%-да орташа деңгейлі, әлсіз көрсеткіш 36 %-да анықталды.
Қорытынды: Жұмысымыздың барысында біз медициналық профильдегі оқу мекемелері студенттерінің коммуникативті компетенттілігін дамыту процессіндегі негізгі мәселелерді анықтадық:
- Студенттерде келесі қасиеттерді дамыту: конгруэнттілік, өзін қабылдау, басқаны қабылдау және эмпатикалық түсіну
- Студенттерде рефлексияны дамыту
- Өзін-өзі бағалаудың деңгейін және оның коммуникация процессіндегі рөлін дұрыс анықтау.
- Коммуникативті білімдерді, дағдыларды, әдеттерді, мотивацияларды әр жеке студент үшін дамыту көзін анықтау 10. «Мұғалім-оқушы» жүйесіндегі қатынас ережелері және технологияларына оқыту
Әдебиеттер
- Куницына В. Н., Казаринова Н. В., Погольша В. М. «Межличностное общение»
- «Коммуникативная культура. «От коммуникативной компетентности к социальной ответственности», под ред. С. В. Титовой.
- Нестеров В.В., Белкин А.С. Педагогическая компетентность: «Учебн. пособие.»