Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесіндегі пәнаралық интеграцияның орны

Кәсіптік білім беру жүйесін сапалы жаңарту және кәсіби мәселелерді жүйелі түрде шешу мақсатында іргелі пәндердің әлеуетін саналы қолдана алатын мамандарды даярлау мақсатында білім беру мен тәжірибелік денсаулық сақтау салаларында интеграциялы оқыту әдісін қолданудың негізгі аспектілерінің бірі - ол дәлелді медицинаның қағидаларын еңгізу болып табылады. Үздіксіз кәсіптік дамыту факультетінде клиникалық кафедралармен интеграцияланып өткізілетін дәлелді медицина циклының тиімділігін бағалау мақсатында тыңдаушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері өзінің қажеттілігін және маңыздылығын растады.

Түйін сөздер: пәнаралық интеграция, үздіксіз кәсіптік білім беру, дәлелді медицина, сауалнама, оқыту тиімділігі

Кіріспе. Кәсіптік білім беруді сапалы жаңартудың бір бағыты - ол кәсіби мәселелерді жүйелі түрде шешу мақсатында іргелі пәндердің әлеуетін саналы қолдана алатын мамандарды даярлау. Бүл мақсат жоғарғы оқу орнының бірыңғай оқыту үрдісінің жаңа дидактикалық концепциясы, яғни пәнаралық интеграция арқылы жүзеге асырылады. Пәнаралық интеграция әртүрлі салалар бойынша пәндерді үйлестіру негізінде оқыту мәселелерін шешудің бірыңғай тәсілдемесін еңгізуге ықпал етеді [1,2].

Жоғары оқу орнына қойылатын қазіргі замануи талаптар сабақтарды инновациялық оқыту технологияларымен жүргізуді қарастырады. Информациялық технологиялар емдеу тәжірибесіндегі нәтижелер мен әдістері туралы білім қорларын қолдануға, сонымен қатар бул білімге әрбір қызығушы тулғаның қолжетімді болуына мүмкіндік береді. Дәлелді медицина қағидаларын енгізу мен оқытудың ең уәждемелік факторы болып біздің мемлекеттің еуропалық интеграцияға қатысуы, сонымен қатар Болон декларациясына сай жоғары білім берудің реформасы табылады [1].

Заманауи медицина талаптары дәрігердің білімін үздіксіз жаңарту мен толықтыруды көздейді. Соған сәйкес, медицина саласындағы әрбір қызметкер интеллектуалды және мәдени әлеуеті жоғары маман болуы тиіс. Бүгінгі таңда дәлелді медицинаның концепциясы медициналық практиканың, денсаулық сақтауды басқарудың және медициналық білім берудің әдістемелік негізі ретінде барлық әлемдегі елдерде танылуда. Ғаламдық мән турғысынан дәлелді медицина технологияларын қолдану дәрігерлік қателіктер жиілігінің төмендеуіне, медициналық қызметтің тиімділігі мен сапасының жоғарылауына, ресурстарды үнемдеуге және турғындардың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді[1,4]. Дәлелді медицина қағидаларын игеру мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешу тек келешек пен қазіргі дәрігерлерді жүйелі оқыту бағдарламасын жасау және іске асыру жолымен жүзеге асуы мүмкін [2].

Тәжірибелік дәрігерлерде креативті ойлауды қалыптастыру, ғылыми-зерттеулік, талдамалық іскерлікті, іздеу дағдыларын дамыту, яғни олардың кәсіби қызметінің сапасын көтеру мақсатында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының басшылығымен үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесінде дәлелді медицина қағидаларын оқытуды енгізуге шешім қабылданды. 2013 оқу жылынан бастап дәлелді медицина циклы таңдау компоненті ретінде еңгізіліп, клиникалық кафедралармен интеграцияланып өткізілуде.

Жумыс мақсаты. ОҚМФА-да үздіксіз кәсіптік дамыту факультетінде клиникалық кафедралармен интеграцияланып өткізілетін дәлелді медицина циклының тиімділігін бағалау.

Материалдар мен әдістер. 2013-2014 оқу жылында түрлі мамандықтағы денсаулық сақтау өкілдеріне өткізілген узақтығы 3 күн (54 сағат) қурайтын 8 циклдың мәліметтері зерттелді, тыңдаушылар арасында 10 балдық межелігімен 5 сурақ бойынша жүргізілген 110 сауалнама нәтижелері бойынша циклдың тиімділігі бағаланды.

Талқылау. Циклдарды өкізу барысында тыңдаушыларды әлемдік медицинаның соңғы жетістіктерімен таныстыру, отандық және шетелдік клиникалық усыныстарды сараптауды игеру, электронды ресурстардан сапалы мәліметтің ізденісі мен саралауды жүргізуді үйрету, нақты клиникалық жағдайларда ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы күрделі тәжірибелік мәселелерді шешуді меңгеру мақсаттары көзделген. Деректердің электронды медициналық қорының,

журналдардың электронды түрінің, оқытудың мультимедиялық бағдарламаларының, лазерлі дискілердегі кітапханалардың және Интернеттің пайда болуы практикалық дәрігерлердің

мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтетіні жөнінде айтылды. Дәлелді медицина технологиясының негізгі қуралдары болып табылатын және әлемдегі медициналық мәселелердің күйі туралы толық көрініс беретін Medline, Cochrane Library, Up-To-Date, EMBASE, OVID сияқты медициналық қорларымен жумыс жасау дағдылары үйретілді.

Дәлелді медицина циклының тиімділігін бағалау мақсатында тыңдаушылар арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама ережелері бойынша, тыңдаушы өз аты-жөні көрсетпей, 10 баллдық межелігімен 5 сурақ бойынша циклдың тиімділігін бағалады (1 сурет).

Жалпы 110 сауалнама көрсеткіштерін саралау нәтижесінде тыңдаушылардың 77% циклдың пайдалылығын 10 балл деп бағалады, 12% - 9 балл, 10% - 8 балл, 1% - 6 балл, 1% - 5 балл деп баға берді.

Циклдың маңыздылығын тыңдаушылардың 61% 10 балға бағалады, 30% - 9 балл, 4% - 8 балл, 2% - 7 балл, 1% - 6 балл, 2% - 5 балл, 1% - 4 балл берді. Тыңдаушылардың көбісі циклдың басында дәлелді медицина жөнінде мүлдем түсінігі жоқ екенін айтты, тек кейбіреулері дәлелді медицинаның негізгі үғымдары бойынша хабардар екенің айтты. Сондықтан, сабақ барысында үсынылған ақпарат пен оқыту түрі дәлелді медицина циклы бойынша тыңдаушылардың пікірінің өзгеруіне әсер етті.

Оқыту барысында берілген мәліметтің өзектілігі бойынша тыңдаушылардың 65% 10 балл қойды, 23% - 9 балл, 9% - 8 балл, 2% - 7 балл, 1% - 6 балл, 1% - 5 балл қойды. Тәжірибелік маңыздылығын 10 балға тыңдаушылардың 77% бағалады, 9 балға - 16% , 8 балға - 5 %, 7 балға - 2% , 4 балға - 1% тыңдаушылары бағалады.

«Дәлелді медицина бойынша ақпарат іздестіру мүмкіндіктері жөнінде Сіздің ой-түсініктеріңіз қаншалықты кеңейді» деген сауал бойынша тыңдаушылардың 88% 10 балл берді, 8% - 9 балл, 4% - 8 балл, 1 тыңдаушы 6 балл берді.

Дәлелді медицина циклына өзгерістер еңгізу үсыныстары бойынша тыңдаушылардың 34% тәжірибелік сабақтар санын және циклдың үзақтығын үлғайтуды үсынды, 56% - қанағаттығы мен ризашылығын білдірді, 10% - үсыныс беруден бас тартты, 1% - тәжірибелік дәрігерлерге медиатека қызметтерін қолжетімді етуін үсынды.

Сонымен, сауалнаманың жалпы нәтижесі бойынша тыңдаушылардың 73,6 % цикл өтуіне 10 балдық баға берді, 17,8% - 9 балға бағалады, 6,4% - 8 балл, 1,2% - 7 балл, 0,8% - 6 балл, 0,8% - 5 балл және тыңдаушылардың 0,4% - 4 балл деген баға берді. Яғни, дәлелді медицина қағидалары бойынша интеграцияланған циклдарды өткізудің тиімділігі жоғары және тәжірибелік дәрігерлердің жүмысының сапасын көтереді деп айтуға болады.

Қорытынды. Сауалнама нәтижелері бойынша дәлелді медицина циклы өзінің қажеттілігін және маңыздылығын растады деп есептеуге болады. Дәлелді медицина - қазіргі замануи денсаулық сақтаудың ажыратылмайтын бөлімі, себебі денсаулық сақтауға қатал дәлелдік тәсілдеме енгізудің қажеттілігі денсаулықты нығайту мен қалпына келтірудің көптеген қолжетімді әдістерінің пайда болуынан туындап отыр. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдаламасын жүзеге асыру жолында қазақстандық дәрігерлер жалпы әлемдік медициналық жүйеге біріктірілуі үшін дәлелді медицина қағидаларын тәжірибелік денсаулық сақтау саласына еңгізудің маңызы зор.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Керимбаева З.А., Ахметова А.А. Интеграционные процессы в образовании// Вестник КазНМУ. - 2013.- №4(2)- С.53-55.
  2. Оспанова К.Б., Умбеталина Н.С., Асенова Л.Х., Тургунов М.Б. Интеграция в дополнительном профессиональном образовании. //Интегрированное обучение (состояние и направления развития). - Караганда. - 2011.
  3. Яхонтов Д.А., Бухтий Н.В., Цибина Т.Б. и др. Преподавание основ доказательной медицины в медицинском вузе. Взгляды преподавателей и отклики студентов.// Сборник материалов 16 Российского национального конгресса. - 2009. - С. 603-607.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.