Құқық

Жемқорлықтың алдын алу мəселелерін жетілдіру жəне оны құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің тəжірибесінде қолдану тиімділігін арттыру жолдары теориялық тұрғыдан қарастырылған. Сондай-ақ жемқорлықпен күрес жəне оның алдын алу шараларын жаңғырту бойынша ұсыныс сипатындағы тұжырымдарды жасау жəне заңдарға енгізу мəселелері қарастырылған.
2013

Баяндамада экологиялық зиян ұғымының теориялық мəселелері қарастырылады. Сонымен бірге экологиялық қауіп түсінігі зерттеле отыра Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасындағы мəселелер талқыланады.
2013

Бұл мақалада авторлар жер қойнауын пайдалану құқығын берудегі ҚР қоғамдық экологиялық сараптаманың рөлі мен оны жүзеге асыру мəселелері жəне шешу жолдарын ұсынады. Жер қойнауын пайдаланудағы қоғамдық экологиялық сараптаманың орны жəне жүзеге асыру тетігімен, оның құқықтық реттелуі мəселесі қарастырылған.
2013

Ғылыми мақалада сөз бостандығы құқығы мен ақпарат еркіндігі, яғни ақпарат алу еркіндігі құқықтарының арақатынасы, өзара байланысы мен құқықтық  табиғатының ерекшеліктері қарастырылған.
2013

Мақалада медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметін атқаруымен байланысты қылмыстық-құқықтық жауаптылық мәселесі қарастырылған. Медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметімен байланысты әрекеттері үш тоқпа бөлінеді: жазатайым оқиға, дәрігерлік қателік және кәсіби қызметі салдарынан орын алған қылмыс. Медицна қызметкерлерінің кәсіби қызметі салдарынан орын алған қылмыстық оқиғаны саралаудағы бірқатар қиындықтарға айқындалып, қылмыс пен орын алған зиянды салдардың арасындағы себепті байланысты анықтаудың өзектілігі талданады.
2013

Бұл мақалада автор Ішкі істер органдарының террористік сипаттағы  қылмыстарының  алдын  алу, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша атқаратын қызметтеріне тоқталған. Террооризмге қарсы күресуге қатысты ІІО қызметін реттейтін құқықтық нормативтік актілері сараланған. Ішкі істер органдары қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттері айқындалған. Террористік ұйымдар мен топтар бойынша ақпараттар алу және пайдалану; террористік топтардың орныққан мекендерін жедел-ізддестіру шаралары арқылы анықтау және алынған ақпараттарды тиімді пайдалану; тергеу мен соттан бой тасалаған террористерге және террористік сипаттағы қылмысты жасауға дайындалуда деген ақпарат бар тұлғаларға іздеу жариялау; террорлық актіге қатысты дәлелдемелерді анықтау, жинау, зерттеу жүргізу жұмыстары қарастырылды.
2013

Бұл мақалада көлік құралдары іздерінің трасология объектілерінің бірі ретінде криминалистикалық маңызы қамтылып, қажетті пайымдаулар жасалған. Көлік құралдары іздерін зерттеу арқылы көліктің трасологиядағы идентификациялық және диагностикалық мәселелерді шешуге болады. Қозғалатын бөлшектерден қалған іздер арқылы көліктің қозғалысын идентификациялауға болады. Сондай-ақ көлік құралдары іздерінің крими- налистика ғылымындағы рөлі мен маңызы жан-жақты қарастырылған.
2013

Ата Заңымызда əркім өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар екені қамтылған. Республика соттары сот билігін Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырады. Консти- туция бойынша сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыра алады. Соттың ең басты мақсаты – азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын, бостандықтары мен заңды мүддеcін қорғау, Конституцияның, конституциялық заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Биыл 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Судьяларының VІ съезінде судьялардың, жалпы сот саласының соңғы 4 жылда атқарған жұмыстарының нəтижесі басты назарда болды.
2013

Мақала адвокат-қорғаушының қылмыстық іс жүргізу субьектілері арасындағы ерекше маңызға ие қатысушы екені белгілі. Қылмыстық іс жүргізудегі адвокат -қорғаушының дәлелдемелер жинаудағы өзінің жеке дербес құқығын жүзеге асырудағы басты проблемалары айқындалды. Сол себепті осы әрекеттерді жүргізу бары- сында дәлелдемелер жинау және дәлелдеу процесіне қатысудағы үлкен мәселелер мен ауқымды іс-шаралар ұсынылады.
2013

Жемқорлықтың алдын алу мәселелерін жетілдіру және оны құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің тәжірибесінде қолдану тиімділігін арттыру жолдары теориялық тұрғыдан қарастырылған. Сондай-ақ жемқорлықпен күрес және оның алдын алу шараларын жаңғырту бойынша ұсыныс сипатындағы тұжырымдарды жасау және заңдарға енгізу мәселелері қарастырылған.
2013

Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пакт әр  адамға  өз  еркімен  адавокатты таңдап қорғану құқығына кепілдік береді. Бұл құқық әділетті сот процесінің негізі болып табылады. Өйткені ол толыққанды қорғаудың негізгі шарты болып табылатын, айыпталушы мен адвокаттың арасындағы сенімділікті қалыптастырады, сондай-ақ сенімге және қорғаудың кәсіби мәртебесіне асыра сілтеушілікке жол бермейді. Адвокаттың құқықтық мәртебесінің негізін, тек қана заңда көрсетілген өкілеттіктер емес, сонымен қатар осы өкілеттіктерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заңды механизмдердің жиынтығы да құрайды. Осындай механизмдердің қатарына, адвокаттардың өз кәсіби міндеттерін атқару барысында құқық қорғау және құқық қолданушы органдарынан тәуелсіз болу кепілдігі жатады. «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республи- касы заңының 17-бабында адвокаттық қызметтің кепілдіктерінің толық тізбегі көрсетілген, олардың ішінде адвокаттық қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіруге тыйым салу; адвокаттық iс жүргiзу, онымен байланысты өзге де материалдар мен құжаттарға қол сұғылмаушылық; адвокатқа өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығудың құпиялылығын қамтамасыз ететiн жағдайларда осылайша жолығуына рұқсат беруден бас тартуға, сондай-ақ олардың саны мен ұзақтығына шек қоюға тыйым салынады.
2013

Ғылыми жұмыстың мақсатына сәйкес жер  қойнауын  пайдалану  құқығының  ұғымы  мен  мазмұнына тал- дау жүргізілді. Зерттеу барысында жер қойнауының Қазақстан үшін маңыздылығына, жер қойнауы ұғымын анықтаудағы кемшіліктерге тоқталып, жер қойнауын пайдалану құқығының объективтік және субъективтік тұрғыдағы мәселелері қарастырылды.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.