Педагогика

Мақалада заманауи шетел тілі мұғaлiм aлдындa тұpғaн бacты мiндеттеpдiң caпaлы бiлiм беpyде қoлдaнyда жaңa aқпapaттық құpaлдapды жетiк игеpiп, oлapды бiлiм aлyшылapдың пəнге деген қызығyшылығын apттыpy, бiлiм мaзмұнын бaйытy, oқy үдеpiciн жалпы жетiлдipy болып табылады. Лингвистикалық корпус аталмыш технологиялар қатарына жататыны сөзсіз. Корпустық лингвистиканың даму тарихы, түрлері жəне қолдану аясы сөз етілген. Автор корпустық лингвистиканың негізгі түсінігін, оның бейнелейтін аясына қарай, корпустағы сақталатын ақпарат бірлігі тұрғысынан ажыратуға болады. Сонымен қатар автордың лингвистикалық корпус негізінде əзірленген жаттығулардың тиімділігі эксперимент жүзінде дəлелденген.
2015

Мақалада жалпы білім бeрeтін орта мeктeптeгі тригономeтриялық фyнкцияларды оқытy үрдісіндe оқытyдың бeлсeнді əдістeрін қолданyдың нeгізгі мəсeлeлeрі қарастырылды. Оқy матeриалдарын игeрy үрдісіндe оқyшынының ойлаy қабілeті мeн практикалық əрeкeтін шыңдайтын оқытyдың бeлсeнді əдістeрі талданған. Пəнді игeрyдe оқытyдың дəстүрлі əдістeрі мeн оқытyдың бeлсeнді əдістeрін пайдаланyға талдаy жасалған. Авторлар оқытyдың бeлсeнді əдістeрін қолданy оқытy үрдісіндe оқyшылардың бeлсeнділігін арттырады, білім мeн дағды қалыптастырy мeн игeрyгe жоғары ықпал eтeді дeп қорытынды жасаған.
2015

Мақалада қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың түрлері «Экономика», «Заң», «Əлеуметтік педагогика», «Математика» мамандықтары бойынша талданды. Қазақ тілін мамандыққа байланысты оқытудың қалыптасуына əсер ететін еңбектер, оқу құралдары, сөйлеу тілін қалыптастыруға бағытталған лексикалық материалдар кəсіптік білім берумен қатар, танымдық, тəрбиелік сипатымен ерекшеленеді. Сондай-ақ авторлар жаңа ақпараттық технологияның өзектілігіне, ақпараттық- телекоммуникациялық технологиялардың оқу-тəрбие үдерісіндегі тиімділігіне де тоқталып өткен.
2016

Мақалада коммуникативті құзыреттілік түсінік тəжірибесі заманауи педагогикалық ғылым мен практиканың ұғымы ретінде ұсынылды. Педагогтың коммуникативті құзыреттілігі анықтамасы психологиялық-педагогикалық əдебиеттерді талдау негізінде берілді. Заманауи педагогтардың кəсіби коммуникативті құзыреттілігі, оның құрылымы жəне түрлері қарастырылды. Авторлар «қарым- қатынас», «коммуникативті құзыреттілік» ұғымын əр қилы авторлардың көзқарастарымен салыстыра жан-жақты талдаулар жасаған. Коммуникативті компетенттіліктің мəнін түсіну тұрғысынан талдай отырып, коммуникативті компетенттілік құрылымының компоненттерімен өзара байланысын ашып көрсеткен. Коммуникативті қарым-қатынас қызметтері мен қарым-қатынастың коммуникативті байланысын айқындап сипаттаған.
2016

Мақалада қазіргі оқушы жастардың саяси мəдениеті олардың азаматтық белсенділігінің маңызды құрамды бөлігі ретінде қарастырылған. Жастардың саяси мəдениетін оқытудың концептуалдық негіздері анықталды. Үздіксіз білім беру жүйесінде оқушы жастардың саяси мəдениетін қалыптастыру үрдісінің құрылымы зерттелген. Сондықтан жастардың саяси мəдениетін қалыптастырудың қазіргі мəселелерін шешудің жаңашыл тəсілдері мен жастардың саяси əлеуметтенуінің білім беру процесіндегі мəні мен ролі талданған.
2016

Мақалада А.Данашеваның еңбегі негізге алынды. Өз зерттеуінде авторлар заттық-дамытушы ортаның баланың дамуына тиімді ықпалымен қатар, орта арқылы баланы əлеуметтендіру үрдісін де қарастырған. Заттық-дамытушы ортаның барлық компоненттері мазмұны, көлемі, көркемдік шешімі бойынша өзара байланысты. Балабақшаның заттық-дамытушы ортасына түрлі заттарды, əлеуметтік шынайы объектілерді қосуға болады. Мұндай орта балаларға өте қажет, өйткені бəрінен бұрын оларға ақпараттық қызмет атқарады — қоршаған ортадағы əрбір зат белгілі мəліметтерді береді, əлеуметтік тəжірибені берудің құралы болып табылады.
2016

Maқaлa aқпapaттық-кoммуникaциялық теxнологиялapды қoлдaнa oтыpып, oқушылapдың шығapмaшылық құзыpеттiлiгiн қaлыптacтыpу мəcелеciне apнaлғaн. Бiлiм беpудi aқпapaттaндыpу жaғдaйындa oқушылapдың aқпapaттық caуaттылығын, мəдениетiн жəне aқпapaттық құзыpеттiлiгi cияқты қaбiлеттiлiктеpдi қaлыптacтыpу мəcелеci бүгiнгi күннiң өзектi мəcелеciне aйнaлып oтыp. Maқaлaдa құзыpеттiлiктiң негiзiне, aқпapaттық-кoммуникaциялық құзыpеттiлiкке cипaттaмa беpiлген. Coнымен қaтap инфopмaтикa caбaғындa aқпapaттық теxнологиялapды пaйдaлaну apқылы oқушылapдың aқпapaттық құзыpеттiлiгiн қaлыптacтыpу мəcелеciн жəне одан күтiлетiн нəтиже жaңa зaмaнғa caй aқпapaттық құзыpеттiлiгi қaлыптacқaн, теopиялық бiлiмдеpiн ic жүзiнде қoлдaнa aлaтын, пəнapaлық бaйлaныcты жүзеге acыpa aлaтын жеке тұлғa қaлыптacтыpудың мəнiн белгiлеген.
2016

Мақала болашақ маманның тілдік дайындығында электронды оқу құралдарын қолдану ерекшелiгін зерттеуге арналған. Шетел тілі бойынша электронды оқулығы оқу кітабының жасау мен баспаға шығаруда теориялық жəне практикалық сұрақтарын жасауын талап ететін жаңарған түрі ретінде қарастырылды. Электронды оқу құралының білім беретін орта жасаудың негізгі жағдайлары талданды. Электронды оқу құралының білімдік ортасына талаптар бөлініп шығарылды: оны жасаудың ерекшеліктері, ағылшын тілі курсының басты білім беру концепцияларын жүзеге асыру жолында тұрған мəселелер. Aвторлар ағылшын тілін оқытудың қағидаттары тақырыптық электронды оқулық жасаудың ерекшеліктері жəне сабақта электронды оқу тəсілдерінің қандай қызметтерінің байланысы туралы айтып өткен.
2016

Авторлар психологиялық саулық мəселесін ғылыми тұрғыда қарастыра келіп, мектеп мұғалімдері өздерінің психикалық күйі мен психологиялық жағдайына мəн беріп жүруі педагогикалық үдерісті педагогикалық талапқа сай жүргізудің бірден бір шарты деп қарастырады. Мақала жазу барысында «денсаулық», «психологиялық саулық», «психикалық саулық» ұғымдарының ара жігін ашып көрсетеді. Психологиялық саулық мəселесін зерттеген ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, тұлғаның психологиялық саулығын сипаттайтын белгілерге тоқталады. Сондай-ақ психологиялық саулық түсінігін биологиялық, психологиялық жəне əлеуметтік дамудың бірлігі ретінде қарастырады. Мұғалімнің психологиялық саулығын бұзатын факторлар кəсіби жойылу, кəсіби деструкция деп қарастырып, талдап көрсетті. Мектеп мұғалімдерінің психологиялық саулығын сақтау шараларын жүйелеп ұсынды. Сондай-ақ психологиялық саулықты сақтаудың бірден бір жолы «өзіндік сана» деген қорытындыға келді.
2016

Ұлттық дəстүрлердің көркем мəдениеті жəне өнер тарихы дəстүрлері арқылы студенттердің шығармашылық іс-əрекеттерін жетілдірудің маңызы қарастырылған. Жоғары білім беру жүйесінде болашақ өнер мамандарының шығармашылық іс-əрекеттерін жетілдіруге қатысты өнердегі дəстүр сабақтастығы, қазіргі заманғы түбі бір, діні, ділі бір халықтардың көркемөнер мəдениеті ғылыми- өнертанымдық тұрғысынан зерттелген. Студенттердің түркітектес халықтар мəдениеті жəне өнері негізінде өнертанымдық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған байланыстардың маңыздылығы айқындалған. Бұл бағыттағы оқытушылар мен студенттердің өнерді оқыту саласындағы қазіргі мүмкіндіктерінің оқу үдерісінде толық ашылуы əдістемесі сарапталған. Өнерді оқыту əдістемесі мен оқу бағдарламаларының сəйкес келуі жəне түркітілдес халықтары мемлекеттерінің өнер тарихын оқытуда оқу жоспарын жақындастыру, бірыңғай ету жайлы жолдары ұсынылған.
2016

Мақалада этносаралық қатынастардың мəселелері, проблематикасы, кезеңдері, зерттеу əдіснамасының теориялық-тұжырымдамалық сипаттамасы қарастырылған. Қазіргі оқушы-жастардың этносаралық қатынастар мəдениетін қалыптастырудың жаңашыл тəсілдері мен əдістері анықталған. Авторлар қалыптасу тетіктері жəне көріністері əсер ететін факторлардың этносаралық қатынастар динамикасын мен сипатын ашқан. Əлеуметтік-психологиялық феноменнің этносаралық қатынастардың бейнелейтін мазмұны жəне динамикасының рөлі мен маңызы көрсетілген.
2016

 Мақалада білім беру бакалаврдың ақпараттық жəне пəндік дайындықтың мазмұны қарастырылып, болашақ білім беру бакалаврдың ақпаратттық-коммуникативтік құзыреттілігінің құрылымы ашылған. Авторлар ақпараттық-коммуникативтік технологияны инженерлік графика сабағында қолдану мүмкіндіктеріне көңіл бөлген. Кеңістіктегі пішіндермен байланысты, кеңістіктік үлгілердің графикалық анықтамасымен бірге, осы үлгідегі инженерлік тапсырмаларды шеше білу тəсілдері жазылған. Компьютерлік графика құрылғыларын қолдану арқылы, графикалық үлгілерді тұрғызу, сызбаларды орындау дағдыларын қалыптастыруда графикалық нысандармен жұмыс істеу əдістер мен тəсілдеріне талдау жасалған.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.