Статьи, город Алматы

Кеден территорияларының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуының құқықтық негіздері мен нақты тәжірибелерін зерделей келе, мақалада Кеден одағының ұйымға кіру мәселесі зерттеледі.
2014

Мақалада объективтік фактордың түсінігі мен мәні ашылып, заң шығармашылығына қозғау салатын, заңның мәтінінің қалыптасуына әсер ететін объективтік негіздер баяндалды. Әрі заң шығару қызметінің объективтік негіздермен байланыстығы, оның қажеттігі ашылып, оларға тәуелді болып табылатындығы анықталды.
2014

Мақалада қазақ халқының тарихында дипломатиялық келіссөздерді жүргізу мен тиімді пайдалану қасиеттерімен ерекшеленген Әбілқайыр хан туралы сөз қозғалады. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың мемлекет қайраткері ретіндегі қызметі ғылыми сомдалады. Ол өмір сүрген заманның саяси- мәмілегерлік, әскери жағдайы баяндалады. Заман сай әр түрлі әскери, мәмілегерлік әдіс-тәсілдері сипатталады. Ханның көрші мемлекет саясатында алған орны туралы сөз қозғалады.
2014

Мақалада дәстүрлі қазақ қоғамында келісімшарт қатынастарынан туындаған даулар бойынша сот прецеденттері талқылалауға түседі. Бұдан басқа қазақ билерінің билік шешімдерін үлгі ретінде қолданылу тәжірибесі сипатталады.
2014

Бұл мақалада біртұтас мемлекеттік билік жүйесіндегі Президент орны жөніндегі теориялық ұстанымдар талқыланды. Президенттік биліктің конституциялық өкілеттіліктер тұрғысынан қарастырғандағы өзіндік сипаты айқындалған. Атқарушы билік жүйесі қызметін ұйымдастыруды жетілдірудегі Президент рөлі  сарапталған. «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» Конституциялық заңымен мемлекет басшысына берілген өкілеттіліктерге талдау жасалған. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларының мақсаттары мен бағыттарына шолу жасалған.
2014

Ғылымижұмыстыңмақсатынасәйкесхалықаралықұйымдардыңхалықаралыққұқықнормаларынқалыптастыру үрдісінің даму тенденциясының мәні қарастырылды. Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың рөлін толық зерттеу үшін, құқық шығармашылық және құқықты құру (құқықты қалыптастыру) терминнің мазмұны анықталды. Халықаралық ұйымдар халықаралық құқық шығармашылық үрдісінде өте маңызды рөл атқарады және өте ерек- ше орын алады. Халықаралық құқықтың басқа да субъектілері секілді халықаралық ұйымдар юрисдикциялық нормаларды қалыптастыру үрдісіне қатысады. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар, формализацияның қажетті элементін енгізіп, қалыптасқан орталықтандырылмаған халықаралық құқық шығармашылық үрдісі үшін, процедуралық шектерді анықтай отырып өте маңызды қызметті атқарады.
2014

Мақалада тәуелсіз мемлекетімізде жүріп жатқан құқықтық реформаның маңыздылығы баяндалады. 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында қазіргі заңдарды ізгілендіру арқылы халықтың мұң- мұқтажын қанағаттандыратындай және заңгерлік қызметтің сапасын арттыра отырып, халықтың құқықтық са- насын қалыптастыру мәселелері кеңінен насихатталады.
2014

Ғылыми жұмыстың мақсатына сәйкес кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың заңды жауапкершілігін іске асыру механизмі бойынша талдаулар жүргізілді. Зерттеу барысында анықталғандай, кәмілетке толмаған құқық бұзушыны қайта тәрбиелеу мақсатында, ең тиімді шара қолдану қажет. Осы қажеттілігін шешу үшін құқық бұзушының тұлғасын қалыптастырған негізгі криминогендік факторлар анықталды.
2014

Мақалада құқықтық және пенитенциарлы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұғымы мен арақатнасы қарастырылады. Пенитенциарлық процестің негізгі субъектілері заңды теңдігі, оның заңдылығы мен тұтқынның және қылмыстық жазаны орындаудың пенитенциарлық құралы тұтқынның және сотталушының өкіну процесінің субъективті түрін еркін таңдай алумен анықталады. Сотталушының, тұтқынның және қызметкерлердің құқығының қамтылғандығының нақты тепе-теңсіздігі сотталушының өзін қорғау құқығын белсенді күшейта алады, соның ішінде прокуратураға, соттарға, құқыққорғау органдары мен ұйымдардың әрекетін бақылаушы, адам құқығын қорғау Еуропалық сотына арыз беруіне болады. Пенитенциарлық қауіпсіздікті қамсыздандырудың мәні пенитенциарлық құқықтың құқықтық күштілігін құрайды, ол заңда белгіленген заңдылық, адамгершіліктік, демократияшылдық, құқықтық шындық, теңдік, өкіну және т.б. материалдық жиынтықтар құқықтық құбылыстардың принциптері мен белгілері. Бұл қауіпсіздікті құрайтын материалдық жиынтық – пенитенциарлық процестердің, қатынастардың, олардың өмір тіршілігіндегі субъектілері мен басқа да элементтерінің қорғалған жағдайы.
2014

Мақалада қылмыстық іс жүргізудің өзегі болып табылатын дәлелдемелерді бағалаудың критерийі ретіндегі ішкі сенімнің мәні мен маңызы қарастырылады. Автор бұл жұмыста ішкі сенімнің қалыптасу үрдісін және оның қалыптасуына әсер ететін мән-жайларды ашуға тырысады. Сонымен бірге құқықтық сана категориясына сипаттама жасалып, оны нормативті түрде бекітудің қажеттілігі ашылып кетеді.
2014

Мақалада кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық санасын зерделеу қарастырылды. Құқықтық санасын зерделеуге байланысты ескерту, алдын алу шаралары жан-жақты қаралып, қылмыстылықпен күрес жүргізудің тиімділігі мәселелері сараланды.
2014

Бюджеттік жоспарлау әрбір деңгейдегі (республикалық, жергілікті) бюджеттік ресурстардың көлемін, қайнар көзін және мақсатқа сай пайдалануын анықтауға мүмкіндік беретін қаржылық жоспарлаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Бюджеттік жоспарлау бюджеттік жүйенің негізі, бюджеттік процестің ажырамас бөлігі болып табылады. Оның көмегімен Президенттің Жолдауында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес, бюджет қаражатының Қозғалысы анықталады. Бюджеттік жоспарлау процесінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларына қажетті арақатынасы белгіленеді, кәсіпорындардағы қаржы ресурстарының мөлшері, сондай-ақ, бюджет жүйесінің кірістерінің қалыптасуына кәсіпорындардың қатысу дәрежесі анықталады.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.