Статьи, город Алматы

Мақалада Кіші жүз ханы Әбілқайырдың және Француз императоры Наполеон Бонапарттың мемлекеттік қайраткерлік қызметтері суреттеледі. Олар өмір сүрген заманның саяси хал-ахуалы баяндалады. Саяси-әскери іс-әрекеттері салыстырылып ғылыми зерттелінеді. Мақалада олардың тек әскер өнерін жетік меңгерген қолбасшы ғана емес, сонымен қоса тамаша саясатшы болғаны туралы сөз қозғалады. Екі тұлғаның бейнесі мемлекетаралық қарым-қатынастар шеңберіндегі тарихи-саяси рөліне қысқаша ғылыми шолу жасалынады.
2014

Бұл мақалада биліктің табиғаты, көпқырлылығы және түрлері, заманауи билік концепциялары қарастырылған. Мұнда билік генезисіне адамдардың ортақ өмір сүру қажеттілігі ретінде баға берілген. Заманауи конституциялық құқықта қалыптасқан билік түрлеріне құқықтық түсіндірме жасалған. Заманауи демократиялық қоғамдағы билік қарым-қатынастарының сипаты және олардың даму тенденциясына құқықтық тұрғыдан баға берілген. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билікке тән ерекшеліктер мен  белгілер сипатталған.
2014

Куәлік иммунитет институтын заңнамада бекіту және оны жетілдіру қылмыстық іс жүргізудің демократиялық құндылықтарын бекіту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Десе де бұл қағиданың нақты жүзеге асырылу кепілдіктері көңіл аударуды талап етеді. Атап айтқанда, куәлардың жалпы құқықтарының кепілдіктерін, соның ішінде өзін-өзі айыптаудың кепілдігін күшейтуде қылмыстық іс жүргізу заңнамасында бекітілген куәнің адвокаттың қатысуымен жауап беру құқығының жүзеге асырылуы өзекті.
2014

Аталған мақалада кінә және кінәнің нысандары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығындағы кінә дәрежесінің түсінігі қарастырылған. Кінә – тұлғаның онымен жасалған қоғамдық қауіпті іс- әрекетіне деген қылмыстық заңмен белгіленген психикалық қатынасы. Кінәнің мәні қылмыскердің қылмыстық заңмен қорғалатын әлеуметтік құндылықтарға деген дұрыс емес қатынасымен анықталады. Кінәнің дәрежесі оның нысаны мен мазмұнының жиынтығымен анықталатын, кінәнің әлеуметтік мәнінің сандық сипаттамасын білдіреді. Авторлар кінә институтының тарихи дамуын, сондай-ақ шет елдердің қылмыстық құқығындағы кінә нысандарын және оның қылмысты саралаудағы рөлін талдайды.
2014

Мақалада жасөспірімдер арасындағы құқық бұзу әрекеттерінің алдын алу мақсатында жүргізілетін іс- шараларды жеке қарамай оны кешенді түрде, яғни ҚР әлеуметтік-экономикалық және құқықтық өзгертулер арқылы жүргізілетін кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар санының өсуін тежеу арқылы еліміздегі әлеуметтік жағдайы қарастырылған.
2014

Мақалада ұлттық және діни экстремизммен күрестің кейбір мәселелері қарастырылған. Авторлар осындай зілзаламен күрестің өзіндік көзқарасы мен күрес жолдарын ұсынуға тырысқан. Зерттеудің нақты нәтижелері ҚР бағдарламалық құжаттарымен, отандық авторлар пікірлерімен және эмпирикалық мәліметтермен анықталған.
2014

Мақалада құқық шығармашылық қызметтің мәселелері талданылған. Құқық қолдану деңгейінде көрініс тапқан кемшіліктер көрсетілген. Автор қолданыстағы қылмыстық заңдағы жіберілген олқылықтарды жеке-жеке сипаттаған және қылмыстық заңнамадағы кемшіліктерді жоюға байланысты ұсыныстар жасауға тырысқан.
2014


Мақалада қылмыстылықтың бір түрі ретінде пенитенциарлық қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары қарастырылған. Бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстылықтың себептерінің ерекшеліктері айқындалып, пенитенциарлық қылмыстылықтың себептеріне жіктеу жүргізілген.Автор қасақана қылмыс жасауға негіз болатын жағдайларды екі топқа бөліп қарастырып, объективтік және субъективтік жағдайларды сипаттаған.
2014

Мақала адвокаттардың іс жүргізуге қатысуының мәселелері және iс жүзiндегi осы қатынастарды реттейтiн заңнамаға және адвокатура органдарының адвокаттық қызметтi қолдану практикасына талдам жасау, сонымен қатар осы негiзде туындалған проблемаларды анықтау мен оларға баға беру және адвокаттық қызмет туралы заңнаманы жетiлдiру жолдарын айқындау болып табылады. Тиісті мақалада сот жарыссөзі кезіндегі адвокаттардың қорғау сөзінің рөлі мен маңызы қаралады. Мақала авторы адвокаттардың қорғау сөздерінің бағыттарын жақсартып, көтеру мақсатында бірнеше нақты шараларды жүзеге асыруды ұсынады.
2014

Құқық өнегелілік талаптарға, гуманизм идеалдарына сәйкестендірілгенде, өнегесіз тенденцияларға қарсы тұрғанда құқықтық мемлекет нық орнығады дегенмен келіспеу қиын. Ұзақ уақыт бойы реформалардың өнегелілік жағын талқылауға, олардың жеке адамдар, жалпы халық тағдырына ықпалына тиісінше көңіл аударылмай келді. Бүгінгі таңда бұл мәселе өзекті, өнегелілік нормалары мен принциптері жаңа заңдардың қалыптасуына үлкен ықпал етеді.
2014

Мақалада жәбірленушілер турал ыілім ретіндегі виктимологияның түсінігі беріліп, виктимологиялық сақтандыру мәселелері талданылған. Виктимологиялық сақтандыру мәселелері жан-жақты түрде қарастырылған. Автор виктимологиялық сақтандырудың деңгейлеріне тоқтала отырып, қылмыстылықтың деңгейінің азаюына және оны бейтараптандыруға  байланысты ұсыныстар жасауға тырысқан.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.