Статьи, город Алматы

Мақалада қылмыс объектісі ұғымына байланысты қылмыстық құқықта қалыптасқан теорияларға  жалпы шолу жасалынған. Сонымен қатар, қылмыстық заңнаманы жетілдіру мақсатында қылмыстық кодекстің жаңа Концепциясының негізі ретінде қылмыс объектісі болып танылатын мүддені ескерудің маңыздылығы айтылады.
2014

Мақалада жерге меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығындарды өтеуді қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілердің қырлары ашып көрсетілген.
2014

Ғылыми жұмыстың мақсатына сәйкес ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартын бұзғандығы үшін жауапкершіліктің туындау негіздері мен ерекшеліктері қарастырылды. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының тараптары мен берілген талап бойынша борышқордың арасындағы қатынастардың құқықтық реттелу ерекшеліктерінің бірі болып берілетін талап бойынша клиент пен борышқор арасындағы келісіміндегі талапты беруге тыйым салудың жарамсыздығы туралы мәселелерге мән берілді. Талапты ауыстыру және ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты арасындағы айырмашылықтар да зерттелді.
2014

Қаржы саясаты деп мемлекет өз функцияларын атқару үшін қаржылық қатынастарды пайдалану кезіндегі мемлекеттік іс-шараларды айтамыз. Оған: жалпы тұжырымдаманы қалыптастыру, негізгі бағыттарды, нақты мақсаттар мен міндеттерді жасау жатады; дұрыс қаржы механизмін құру; мемлекет және оның субъектілерінің қаржылық қызметін басқару кіреді. Қаржы саясатының үш түрін бөліп көрсетуге болады: классикалық, реттеуші, жоспарлы-директивтік.
2014

Аталған мақалада Еуропалық Одаққа кіретін елдердегі азаматтық сот өндірісінің кейбір ерекшеліктері қарастырылған. Автормен азаматтық сот өндірісіне қатысты Брюссельдік Конвенцияның нормаларына талдау жасалған.
2014

Аталған мақалада ТМД және Шығыс Еуропа елдерінің халықаралық шарттарға қосылуының кейбір мәселелері қарастырылған.
2014

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы бойынша мұрагерлік институтының өзекті мәселелері, сонымен қатар, мұрагерліктің алғашқы түрлері, даму кезеңдері қарастырылған. Мұрагерлік негіздерін республиканың заңды мұрагерліктегі кезек тәртібі, заң бойынша мұраны қабылдау және оны жүзеге асыру негіздерін жоғарылатуға жағдай жасау керек екендігі қарастырылған.
2014

Бұл мақалада сотқа талап қоюдың тиісті тәртібін реттейтін қолданыстағы азаматтық іс жүргізу заңнамасын зерттеуге, талап қою құқығын іске асыру шарттары мәселесінің теориялық және тәжірибелік жақтарын ашуға талпыныс жасалды. Мақалада талап қою құқығын іске асыру шарттары болатын мән-жайларға талдау жасалып, олардың кұқықтық табиғатын анықтауға назар аударылды.
2014

Мақалада дәстүрлі қазақ қоғамында келісімшарт қатынастарынан туындаған даулар бойынша сот прецеденттері талқылалауға түседі. Бұдан басқа қазақ билерінің билік шешімдерін үлгі ретінде қолданылу тәжірибесі сипатталады
2014

Жұмыста жұмыс уақытының Қазақстан Республикасындағы кейбір мәселелері қарастырылады. Бүгінгі таңда еңбек – адамдардың өмір сүруінің маңызды шарты болып отыр. Жұмыста еңбек құқығындағы жұмыс уақытының халықаралық құқықтық реттелеуінің кейбір мәселелері туралы айтылған. Жұмыс уақытын пайдаланудың, құқықтық қатынастарды реттеудің ыңғайлы әрі жаңа түрлері көрсетілген. Сонымен қатар жұмыс уақытын белгілеу ерекшеліктеріне тоқталып, жұмыс уақытын реттейтін бірқатар аса маңызды құқықтық актілерді атап көрсеттік.
2014

Мақалада қызметтік туынды ұғымына жалпы сипаттама берілді. Қызметтік туындыға авторлық құықттардың пайда болу, қызметтік туындыны пайдалануының ерекшеліктері көрсетілген және осы саладағы түйіткілді мәселелерді оңтайлы шешу жолдары қамтылды.
2014

Мақалада теңдік мәселесінің теориялық сауалнамаларының теңсіздігінің жан-жақты қырлары қарастырылған. Құқықтық теңдік пен формальдs теңсіздіктердің анықтамаларына сипаттама беріле отырып, салыстырмалы түрде зерттеліп ашылған. Қоғамдық қатынастарда кездесетін, заңсыз теңсіздіктің мағынасы ашылып, әрекет етуші нормативті құқықтық актілерден көрініс табу жолдары көрсетілген. Заңсыз теңсіздіктің қоғамдық қатынстардағы рөліне көңіл аударылған. Формалды теңдіктің мақсаты айқындалған.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.