Статьи, город Алматы

Нақты мақалада заңды тұлғалардың қызметі, жекелеген тұлға ретінде конституциялық құқықтар мен бостандықтарына, жалпы мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге қайшы келуі мүмкін. Қазақстан секілді басқа елдерде де әртүрлі саяси, діни, экстримистік, террористік, қылмыстық ұйымдар бар. Олар комерциялық және комерциялық емес заңды ұйымдарды құру арқылы адамдарға, азаматтарға, мемлекеттің құқықтық тәртібіне және заңына үлкен зиян келтіріп отыр. Аталған қылмыспен күресу үшін, заңгер-ғалымдардың алдында жаңа тиімді қылмыстық-құқықтық әдіс ойлап шығару немесе ескіні толықтыру мәселесі туындап тұр.
2014

Ғылыми жұмыстың мақсаты ауыл шаруашылығы тауарын өндіру саласындағы мемлекеттік-құқықтық реттеудің мәнін ашып, талдау болып табылады. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін ауылшаруашылығы тауарын өндіру саласындағы жер қатынастарын мемлекеттік-құқықтық реттеуде көптеген міндеттерді алға қояды.
2014

Бұл мақалада қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Қазақстан Республикасында экологиялық ақпаратқа азаматтардың қолжетімділік құқығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері қарастырылған. Автор жаһандану заманында халықтың экологиялық мәселелер туралы хабардар болуының экология саласындағы міндеттерді шешу үшін маңыздылығын атап көрсетеді. Экологиялық ақпаратқа жол жетімділікті қамтамасыз етуге байланысты конвенция мен отандық заңнамалардың кейбір нормаларына талдау жасаланады. Әрі қарай аталған нормалардың тәжірибеде жүзеге асырылу мәселелеріне тоқталып өтіледі. Сонымен қатар, автор мақаланың соңында қалыптасқан жағдайға байланысты өзінің ойымен бөліседі.
2014

Мақалада ауылшаруашылық өндірісін сақтандыру саласында құқықтық қатынастардың теориялық негіздері, сонымен қатар сақтандырудың алғашқы түрлері, даму кезеңдері қарастырылған. Сақтандыру жүйесінің республиканың экономикасының сенімді және тұрақты дамуына, халықтың әлеуметтік қорғалуын, азаматтардың және шаруашылық субъектілердің мүліктерін сақтандыруды жоғарылатуға жағдай жасау керек екендігі қарастырылған.
2014

Ғылыми мақалада Қазақстан Республикасындағы шетел тұлғаларының жерге құқықтары туралы заңнамаларды жетілдіру мәселелері қарастырылды. Зерттеу барысында анықталған еліміздегі жер заңнамаларының кемшіліктеріне тоқталып, шетел тұлғаларының жерге құқықтары туралы заңнамаларды жетілдіру үшін ұсыныстары талқыланды. ҚР-дағы шетел азаматтарына берілетін жерлердің құқықтық жағдайына талдау жүргізіп, шетел азаматтарына жерді пайдалануға байланысты мәселелерді шешу жолдары анықталды.
2014

Мақалада автор Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіне байланысты туындайтын теориялық және тәжірибелік мәселелерді қарастырған. Зерттеу барысында, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексі және өзге де нормативтік құқықтық актілер қарастырылған. Сонымен қатар, тақырыпты ашу мақсатында Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің принциптері қарастырылған. Бюджеттік мәселенің қоғам үшін маңыздылығы кеңінен ашылды. ҚР республикалық және жергілікті бюджеттердің құрылу үрдісі талданды.
2014

Мақалада қызметтік туынды ұғымына жалпы сипаттама берілді. Қызметтік туындыға авторлық құқықтардың пайда болу, қызметтік туындыны пайдалануының ерекшеліктері көрсетілген және осы саладағы түйіткілді мәселелерді оңтайлы шешу жолдары қамтылды.
2014

Мақалада авторлармен Қазақстан Республикасында интеллектуалдық меншіктің құқықтық реттелуі көрсетілген. Сонымен қатар, зияткерлік меншіктің құқықтық реттелуі мен жүзеге асырумен, заңдарда белгіленген тәртіппен рәсімделген және материалдық тұлғаға көшірілген зияткерлік меншік нысандарының бәрі нарықтық тауар айналымында пайдаланылады және материалдық емес құндылықтар түрінде есепке алынғандығы қарастырылған. Зияткерлік меншіктің анықтамасы ретінде кешенді құқық нормаларының жиынтығы ретніде, яғни авторлық құқықтың объектісі болып табылатын өнер туындысы, шығармашылық, әдебиет туындысы, ғылыми зерттеу нәтижесінің өнер табысын заңсыз көшіруден қорғау мен рұқсатсыз қолданумен, таратуды қорғаудың құқықтық реттелуі қарастырылған.
2014

Аталған мақалада автормен жеке өмір, отбасы құпиясы, жеке құпия ұғымдарына жан-жақты талдау жаса- лып, оның қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қорғалуына ерекше мән берілген. Сонымен қатар, осы салада өз үлестерін қосқан ғалымдардың ой-пікірлеріне және қажетті заңнама нормаларына сүйене келе, докторантпен азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық ұғымының анықтамасын беруге талпыныс жасалған.
2014

Мақалада Қазақстан Республикасында сайлау құқықтық қатынастары барысында, сайлауды  әзiрлеу  мен өткiзу кезеңiнде анықталатын сайлау заңнамасын бұзушылықтарға түсінік беріле отырып, туындайтын заңды жауаптылық түрлері мен мөлшері қарастырылады. ҚР заңдарына сәйкес сайлау туралы заңнаманы бұзушылық үшін көзделген қылмыстық, әкімшілік және конституциялық құқықтық жауаптылық шараларына сипаттама беріледі және ерекшеліктері талданады.
2014

Ғылыми жұмыста заманауи Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасу процесіндегі ерекшеліктер қаралады. Автор ҚР Конституциясының негізгі ережелерін жан-жақты талдай отырып, еліміздегі азаматтық қоғамның белгілерін анықтайды. Сонымен қатар, әлеуметтік процестер легі мен азаматтық қоғам мен құқықтық қатынастардағы мемлекеттік органдардың арақатынасының құқықтық жүйесін қарастырады. Жүргізілген зерт- теулер демократиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құру – Қазақстанның заманауи даму кезеңінің қажеттілігі екендігін көрсетеді.
2014

Мақала Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресей бодандығын қабылдау жолындағы саяси-мәмілелік, құқықтық іс-әрекеттері мен ой-пайымдарын ғылыми талқылауға арналған. Көрші мемлекеттермен әскери, мәмілелік, құқықтық қарым-қатынастары баяндалады
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.