Статьи, город Алматы

Ғылыми жұмыстың мақсатына сәйкес сақтандыру қызметі түсінігі талданылған. Сақтандыру қызметі ұғымын анықтаудағы құқықтық-экономикалық көзқарастарға салыстырмалы талдау жасалған. Сондай-ақ осы саладағы ғалымдардың көзқарастары қарастырылған. Сақтандыру қызметі ұғымын анықтаудағы даулы мәселелер қарастырылған.
2013

Ғылыми жұмыстың мақсатына сәйкес кеден одағы аясында кедендік рәсімдерді құқықтық реттеудің мәселелерін анықтау жүргізілді. Зерттеу барысында Кеден одағының нормативтік құқықтық базасымен танысып, Кеден одағының Кеден кодексінің қабылдануымен орын алған өзгерістерге талдау жүргізілді. Талдау барысында Кеден одағының Кеден кодексіндегі өзгерістердің кемшіліктері мен артықшылықтары қарастырылды.
2013

Мақалада ҚР атқару жүйесінің негізгі мәселелері талқыланады. Атқарушылық іс жүргізу заңнамасының тетіктері қарастырылады. Атқару құжатының уақтылы орындалмау себептері айқындалады. Сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды орындау барысында туындайтың мәселелер мен кемшіліктері зерттеледі. Бұл кемшіліктерді шешу жолдары қарастырылады.
2013

Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты. Бүгінгі таңдағы денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін орасан зор қаржы бөлінуде, жеке меншік секторды қоса отырып, қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізілуде, дәрігерлерді оқыту мен олардың қызығушылығын арттыру бойынша жаңа кадр саясаты қалыптасуда, осының бәрі қолданыстағы заң аясында өзара үйлесімділікпен дамуда.
2013

Мақалада кедендік төлемдердің ұғымын анықтау және оларды топтастыру мәселесі қарастырылған. Көтеріліп отырған тақырыпты қарастыру барысында осы салада бірқатар еңбектерімен танымалы заңгер-ғалымдардың көзқарастары мен пікірлері талданып, тиісінше тұжырымдар жасалған.
2013

Аталмыш мақалада мемлекет қайраткері – Кіші жүз ханы Әбілқайырдың өмір сүрген заманның саяси хал- ахуалы ғылыми сомдала келе, көрші мемлекеттермен әскери, мәмілегерлік, құқықтық қарым-қатынастары баяндалады.
2013

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азшылықтардың құқықтары туралы декларациясына сәйкес, азшылықтар ерекше болмысқа ие ұлттық немесе этникалық, мәдени, діни және тілдік топтар ретінде қарастырылады және мемле- кеттер олардың тіршілік етуін қорғауға міндетті болып табылады. Мақалада ұлттық азшылықтарға жататын тұлғаларды қорғаудың мәні теңдік мүдделерін, әділеттілікті, тұрақтылықты, демократиялық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатындағы адам құқықтарын халықаралық қорғаудың құрамдас бөлігі ретінде Еуропада Еуропа Кеңесінің азшылықтар жағдайын құқықтық реттеу мәселелері қарастырылған.
2014

Мақалада шетелдік виктимологияның дамуының негізгі кезеңдері қарастырылған. Шет елдегі виктимологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары талданылған. Қылмыстың жәбірленушілерін оңалту мен оларға қызмет көрсетудің арнайы бағдарламалары ашылған. Сонымен қатар, қылмыстылық және қылмыстың жәбірленушілері туралы сенімді ақпарат алу үшін шетелдік виктимологиялық зерттеулердің тәжірибесіне назар аударылған.
2014

Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты – заңды күшіне енбеген бірінші сатыдағы соттың үкімдеріне тараптардың шағымдар мен наразылық келтіру арқылы өз құқықтары мен мүдделерін апелляциялық сатыдағы сотта қорғау мәселелерін талдау. Апелляциялық сатыда шығарылған қаулылар мен үкімдердің тергеуші, анықтаушы, прокурор, судья үшін маңыздылығын ашып көрсету. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы “Қазақстан-2050” стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауында көзделген соттың қызметінің маңыздылығын көрсету. Жалпы алғанда, мақалада қазіргі таңдағы қылмыстық істер бойынша апелляциялық инстанциядағы іс жүргізуде орын алған елеулі өзгерістер сипатталады.
2014

Ғылыми жұмыстың мақсаты болып кәмелетке толмағандардың ісі бойынша қазіргі кезеңдегі қылмыстық сот өндірісін жүргізудің басты мәселелерін ашып қарастыру табылады. Қылмыстың қандай себептер бойынша орын алуы зерттеліп, талдау жүргізілді. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқық тәрбиесінің бұзылуы әлеуметтік, психологиялық тұрғыда сараланды. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығына қатысты бұлтартпау шара- ларын қолдану ерекшеліктері қарастырылды. Кәмелетке толмағандардың заңды құқығын қорғау кепілдігінің мәселесі талқыланды.
2014

Осы мақалада азаматтардың жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарымен қатынасының құпиялық сипаты қарастырылған. Халық аузында осындай көмек  көрсететін  адамдар  түрлі  атауға  ие:  мәлімдеуші, сөз тасушы, ақпаратшы, конфидент және т.б. Бірақ әлемде осындай адамдардың құпия көмегінсіз өздерінің міндеттерін орындайтын бірде-бір құқық қорғаушы құрылымдар жоқ. Басқа мемлекеттердегі Қазақстанда да жедел-іздестіру органдары қызметтеріне тән ерекшелік – ол азаматтардың қолдауына сүйене отырып, өздерінің жедел жұмысын жүзеге асыру.
2014

Мақалада АҚШ қылмыстық сот өндірісінде кінәні мойындау туралы мәміле институтын қолданудың ерекшеліктері қарастырылған. Сонымен бірге аталған институтты қолдануға қатысты  жақтаушылар  мен оған қарсы шығушы сын пікірлерге талдау жасалған. Автормен АҚШ кінәні мойындау туралы мәміле және жаңа редакциядағы ҚР қылмыстық іс жүргізу кодекс жобасының жаңалығы болып саналатын іс жүргізушілік келісімге салыстырмалы талдау жасалған. Салыстырмалы талдау жүргізе отырып автор отандық қылмыстық процесте қолданылуы мүмкін оң жақтарын атап өтеді.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.