Статьи, город Алматы

Аталмыш мақалада Кіші жүз ханы Əбілқайырдың жəне Осман империясының сұлтаны Сүлейманның мемлекеттік қайраткерлік қызметтері суреттеледі. Олар өмір сүрген заманның саяси хал-ахуалы жəне көрші мемлекеттермен əскери, мəмілегерлік қарым-қатынастары баяндалады, сондай-ақ саяси- əскери іс-əрекеттері салыстырылып ғылыми зерттелінеді.
2013

Осы мақалада менталитеттің түсінігі, түрлері жəне оның табиғаты ашылады. Сонымен қатар мақалада менталитет пен құқықтық менталитеттің арақатынасы талданады. Мақалада құқықтық менталитет пен құқықтық мəдениеттің өзара қатынасы, менталитеттің құқықтық мəдениетке ықпалы қарастырылады.
2013

Ғылыми мақалада сабақтас құқықтардың пайда болуының тарихи алғы шарттары қарастырылған. Жұмыста орындаушылар, фонограмма шығарушылар жəне хабар таратушы ұйымдардың құқықтарын қорғау заңнамасы, оның даму жолдары зерттелген. Жүзеге асырылған зерттеулер белгіленген құқықтардың халықаралық тарихын талдауына жəне оның Қазақстан Республикасының заңдарына əсер ету мəселелеріне бағытталған. Қорытынды ережелер ретінде Қазақстандағы сабақтас құқықтарды реттеу заңнамасының даму бағыттары шығарылған.
2013

Бұл мақалада трасология объектілерінің криминалистикалық маңызы жəне классификациясына арналып жазылып, тиісті тұжырымдар жасалған. Трасологиялық зерттеудің негізгі объектілері: статистикалық, динамикалық іздердің сипаттамасы қарастырылған. Іздерді табу, бекіту, алудың жалпы ережелері келтірілген. Іздерді бекіту, тергеу əрекетінің хаттамасында сипаттау арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ трасология объектілерінің кри- миналистика ғылымындағы рөлі мен маңызы жан-жақты қарастырылды.
2013

Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Лауазымды адамдардың қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді.Ол барлық уақытта да сынға ұшырап, айыпталып, онымен үнемі күрес жүргізіліп келеді. Бұл қоғамдық дерттің алатын орны жөнінде əңгіме қозғағанда Цицеронның: “егер парақорлар өздеріне қажеттісін жымқырған болса ғана қалтырайды. Ал егер де басқалармен де бөлісуге жетерліктей жымқырған болса, онда олар үшін аса қорқыныш жоқ” деген белгілі сөзін еске алуға болады. Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу барлық партиялар мен қозғалыстардың бағдарламаларынан орын алды, əлі де орын алып келеді. Солай бола тұрса да бұл індет ең мықты деген саяси режимдердің арасынан сыналап кіріп кеткені. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес көбінесе айтарлықтай моральдық шығындарға ұшырататыны да белгілі.
2013

Ғылыми жұмыстың мақсатына сəйкес Қазақстанның Ресейге қосылу барысындағы қылмыстық нормалар жиынтығы қарастырылады. Зерттеу барысында анықталған мəселелер бойынша сол кездегі заңнаманың кемшіліктеріне тоқталып, талқылау жасалады. Зерттеу барысында дəстүрлі құқықтық нормалардың жаңа патшалық ережелері арқылы өзгеріске енуі қазақ қоғамындағы қылмыстық жүйенің отаршыл саясатына бейімделгенін дəлелдейді.
2013

Мақала адвокат-қорғаушының қылмыстық іс жүргізу субъектілері арасындағы ерекше маңызға ие қатысушы екені белгілі. Себебі айыпталушының, сезіктінің немесе жəбірленушінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Сол себепті осы əрекеттерді жүргізу барысында дəлелдемелер жинау жəне дəлелдеу процесіне қатысудағы үлкен мəселелер мен ауқымды іс шаралар ұсынылады. Жалпы, дəлелдеме жəне дəлелдеу – қылмыстық процестің маңызын анықтайтын негізгі мəселелер. Оларға көптеген зерттеулер арналған. Сондықтан дəлелдемелерді жинау туралы мəселелерді қарастыру аса қажет деп санау керек.
2013

Жемқорлықтың алдын алу мəселелерін жетілдіру жəне оны құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің тəжірибесінде қолдану тиімділігін арттыру жолдары теориялық тұрғыдан қарастырылған. Сондай-ақ жемқорлықпен күрес жəне оның алдын алу шараларын жаңғырту бойынша ұсыныс сипатындағы тұжырымдарды жасау жəне заңдарға енгізу мəселелері қарастырылған.
2013

Баяндамада экологиялық зиян ұғымының теориялық мəселелері қарастырылады. Сонымен бірге экологиялық қауіп түсінігі зерттеле отыра Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасындағы мəселелер талқыланады.
2013

Бұл мақалада авторлар жер қойнауын пайдалану құқығын берудегі ҚР қоғамдық экологиялық сараптаманың рөлі мен оны жүзеге асыру мəселелері жəне шешу жолдарын ұсынады. Жер қойнауын пайдаланудағы қоғамдық экологиялық сараптаманың орны жəне жүзеге асыру тетігімен, оның құқықтық реттелуі мəселесі қарастырылған.
2013

Ғылыми мақалада сөз бостандығы құқығы мен ақпарат еркіндігі, яғни ақпарат алу еркіндігі құқықтарының арақатынасы, өзара байланысы мен құқықтық  табиғатының ерекшеліктері қарастырылған.
2013

Мақалада медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметін атқаруымен байланысты қылмыстық-құқықтық жауаптылық мәселесі қарастырылған. Медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметімен байланысты әрекеттері үш тоқпа бөлінеді: жазатайым оқиға, дәрігерлік қателік және кәсіби қызметі салдарынан орын алған қылмыс. Медицна қызметкерлерінің кәсіби қызметі салдарынан орын алған қылмыстық оқиғаны саралаудағы бірқатар қиындықтарға айқындалып, қылмыс пен орын алған зиянды салдардың арасындағы себепті байланысты анықтаудың өзектілігі талданады.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.