Статьи, город Алматы

Ғылыми мақалада ТМД мемлекеттеріндегі азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етудің мəселелері қарастырылды. Зерттеу барысында анықталған ТМД елдерінде қабылданған заңдардың кемшіліктеріне тоқталып, азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету заңнамалар жетілдіру үшін ұсыныстары талқыланды. ТМД-дағы аграрлық саясатындағы агроөнеркəсіптік кешенін бағдарламаларына талдау жүргізіліп, аграрлық сектордағы мəселелерді шешу жолдары анықталды.
2013

Құқық жүйесі мен заңнама жүйесінің арақатынасының мəселесі ұзақ уақыт бойы заң ғылымында өзекті жəне пікір-таласқа толы болып келеді. Құқық жүйесі мен оның сыртқы нормативтік-құқықтық актілерде бекітілуінің арасындағы арақытанасты дұрыс бекіту теориялық жəне тəжірибелік міндет болып табылады.
2013

Мақалада Қазақстан Республикасында жеке  меншікті  мойындаудың  жəне  оның  мемлекеттік жеке меншікпен теңдестірудің заңнамалық үрдісінің ерекшеліктері қарастырылған. Қазақстан Республикасындағы меншік қатынастарын реттеуің даму тарихи кезеңдері көрсетілген, меншік қатынастарының негізгі даму бағыттары мен сипаты анықталған. Мемлекеттегі меншік қатынастарының дамуына əсер етуші факторлар сараланған.
2013

Осы мақалада ұжымдық шарттың өзге келісімді шарттардан ерекшеліктері, ұғымы мəселелері талданған. Ұжымдық шарттың тараптарының өкілдерінің ұжымдық шартты жасау ерекшеліктері, міндетті түрде жазбаша нысанда болуы керек екендігі қарастырылған. Ұжымдық шарттың тараптары шарт жасасқаннан кейін міндетті түрде жеті күннің ішінде күшіне енеді.
2013

Ғылыми мақалада жылжымайтын мүлік объектілерін жіктеу тəртібінің құқықтық мəселелері қарастырылды. Зерттеу барысында анықталған азаматтық заңдардың кемшіліктеріне тоқталып, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңды жетілдіру үшін ұсыныстары талқыланды.
2013

Ғылыми жұмыстың мақсаты болып көлік қылмыстарының алдын алу шараларын қамтамасыз ету болып табылады. Зерттеу барысында көлік қылмыстарымен күрестің халықаралық мəселелері қарастырылып көлік қылмыстарымен күрес жүргізудің жəне көлік қылмыстарын ашу жолдары мен тəсілдері талқыланды. Көлік қылмыстарымен күрес жүргізу барысында халықаралық деңгейдегі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тəжірибелері, олардың негізгі міндеттері мен мақсаттары айқындалып, оны отандық тəжірибеге енгізу мəселелері қарастырылды.
2013

Ғылыми жұмыстың мақсатына сəйкес қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымында аса өзекті болып табылатын англо-саксондық құқықтық жүйедегі мемлекеттердің қылмыстық процесінде қолданылып келе жатқан кінəні мойындау туралы мəміле институтын отандық заңнамаға енгізу сұрақтарына арналған. Зерттеу барысында бұл институттың ұғымына заңи əдебиеттерде берілген екі түрлі терминдердің болуының сұрақтарына талдау жасалған. Аталған институттың қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасына берілген түсініктемесі қарастырылып, оның кемшіліктері көрсетіліп, ұсыныстар берілген.
2013

Осы мақалада экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісін анықтау мəселелері талданған. Автор хронологиялық тəртіппен қылмыс объектісінің теориясын мүдделерді экологиялық- құқықтық қорғау сипатында талдаған. Автор экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың тікелей жəне топтық объектісін талдауға жəне жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға тырысқан. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісін ҚР ҚК-не əрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға нұсқама берген.
2013

Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы Конституциялық заңына сəйкес, сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады жəне азамат- тар мен ұйымдардың  құқықтарын,  бостандықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғауға,  Республи- ка Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Мақалада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі сот билігінің орны мен сот əділдігін жүзеге асыру барысындағы қылмыстық іс жүргізу принциптерінің орны мен маңыздылығы қарастырылады.
2013

Тұлғаның, соның ішінде сот өндірісіне түскен адамның құқықтары мен заңды мүдделерінің максималды жоғары қорғалуының деңгейі демократиялық жəне құқықтық мемлекеттің айрықша белгісі болып табылады. Осыған байланысты сот ісін жүргізудің бəсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру принципінің қылмыстық іс жүргізудің барлық стадияларына таралуы, сондай- ақ осы принциптің кепілдіктерінің қолданылуы ҚР ҚІЖК-нің 8-бабында бекітілген қылмыстық іс жүргізудің міндеттерінің орындалуына септігін тигізеді.
2013

Осы мақалада еңбек ету бостандығының өзекті мəселелері талданған. Мақалада қазіргі кездегі еңбек ету бостандығына құқықты іске асыру кезінде туындайтын мəселелер жете зерттелген. Мақалада еңбек ету бостандығын қамтамасыз ету жəне қорғаудың ерекшеліктері қарастырылған. Авторлар еңбек ету бостандығына құқықты қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңдарын əрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға нұсқама берген.
2013

Осы мақалада этникалық көші-қонды құқықтық реттеудің өзекті мəселелері қарастырылады, құқық қайнар көздерінің анықтамаларына шолу жасалады, көші-қон құқығының қайнар көздеріне талдау жасалды, оралмандардың əлеуметтік-экономикалық құқықтарын жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу саласындағы проблемалық сұрақтар тұжырымдалды, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен құқыққолдану тəжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.