Статьи, город Алматы


Ғылыми жұмыстың мақсатына сəйкес сақтандыру құқықтық қатынастарының түсінігі жəне де сақтандыру құқықтық қатынастарының пайда болуы, өзгеру мəселелері қарастырылған. Сондай-ақ оған қатысушылардың құқықтық жағдайлары талданған.
2013

Бұл ғылыми мақалада автор экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объективтік жағы бойынша саралау мəселелерін ҚР күшіндегі жəне жобаланып жатқан қылмыстық заңнамасы негізінде қарастырған. Автор экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстарды объективтік жағынан жаңа редакцияда толықтыруға тырысқан: ҚР ҚК-нің 277,278,279,294 баптары жəне ҚР ҚК-нің (жобасы) 329,330,331,348 баптары. Автор зерттеудің нақты нəтижелерін ҚР бағдарламалық құжаттарымен, отандық жəне шетелдік ав- торлар пікірлерімен, шетелдік қылмыстық заңнаманы қолданудың практикасымен жəне эмпирикалық мəліметтермен анықтаған.
2013

Мақаланың мақсатына сəйкес елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің, оның ішінде мал шаруашылығының жағдайы зерттелген. Əлемдік деңгейде өзекті проблемалардың біріне айналып отырған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында Қазақстан тарапынан қабылданған шараларға, мəселенің қазіргі жай-күйіне, болашағына қатысты қоғамдық жəне ғылыми пікірлерді талдау қажет. Өзіміздің байырғы мал тұқымдарын көбейту арқылы ауыл шаруашылығында, азық-түлік қауіпсіздігін қорғау мəселелері қарастырылған.
2013

Бұл мақалада авторлармен «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясындағы Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға өту жəне оны жүзеге асыруды құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламасының жобасын əзірлеу ұсынылады. Алға қойылған мақсат жалпы дүниежүзілік қауымдастық жəне Қазақстан үшін де өзектілігі мен қазіргі таңдағы қажеттілігімен түсіндіріледі. Қазіргі таңда дүниежүзінде «жасыл» экономиканы құру өте өзекті тақырыпболыпотыр. Қазақстанныңболашағықоғамдамуыныңбарлықтұстарыныңбіртұтастығымен, теңгерімділігімен байланысты. Қазақстан – тұрақты экономикалық дамуды көздейтін, амандықты, денсаулық пен өзінің барлық азаматтары үшін қолайлы қоршаған ортаны көздейтін мемлекет.
2013

Осы мақалада Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының халықаралық стандарттарға сай үйлесімділігі, олардың қолданылу аясының теориялық жəне практикалық ерекшеліктері қамтылды.
2013

Осы мақалада əркімнің өмірін, денсаулығын сақтауға деген құқығын іске асыру мəселелеріне қатысты ұлттық заңнамалық нормалардың халықаралық стандарттарға сəйкестігі зерттеуге алынды.
2013

Өсиет бойынша мұрагерлiк Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 1046-бабына сəйкес: азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады. Азамат өзiнiң барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлiгiн заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға жəне мемлекет- ке өсиет етiп қалдыра алады. Өсиеттi өзi жасауға тиiс. Өкiл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi. Өсиет қалдырушы себебiн түсiндiрместен заң бойынша мұрагерлердiң бiреуiн, бiрнешеуiн неме- се барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагердi мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлiк етушi ұрпақтарына қолданылмайды. Мұра қалдырушы кез келген мүлiк туралы өкiмдi қамтитын өсиет жасауға құқылы.
2013


Жұмыста қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстар мəселесі талданады. Жұмыс авторы қоғамдық тəртіпті қылмыс объектісі ретінде қарастырады жəне осы топтағы қылмыстарды саралау ережелерін келтіреді. Неғұрлым қауіпті болып табылатын бұзақылық құрамын талдауға үлкен көңіл бөлінеді жəне қылмыстың осы түрімен күресуге бағытталған теориялық ережелерді өңдейді. Автор бұзақылық жəне тағылық құрамдарына жан-жақты саралау жүргізе отырып, олардың алдын алудың жолдарын жəне нақты шараларын келтіреді.
2013


Ғылыми жұмыста есірткі, жүйкеге əсер ететін зиянды заттармен күресу жəне алдын  алудың əдістері қарастырылды. Зерттеу барысында есірткі бизнесі бойынша қазақстандық жəне шет елдің ғалымдарының пікірлеріне сүйеніп анықтамалар берілді.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.