Статьи, город Алматы

Мақалада сот талқылауының қысқартылған тəртіпте жүргізілуінің рөлі мен мазмұны, мəні жайлы айтылған. Жеделдетілген өндіріс институты қылмыстық процестің бастауларының негіздеріне қайшы келмейді, бұған қоса қысқарту, іс бойынша басты сот талқылауы сатысында өндірісті жеделдету, нақтырақ айтқанда, сот тергеуін қысқартуға мүлдем жол берілмейді деп айтуға болады. Іс бойынша өндірістің тез жүргізілуі іс үшін маңызы бар барлық мəн-жайларды жан-жақты, толық, объективті зерттеуіне қарсы болмауы керек жəне болуы мүмкін емес.
2013

Мемлекеттің қылмыстық саясатын жүзеге асыру механизмдерінің қатарында криминализация, декриминализация мен пенализация бар. Криминализация мен декриминализация процесі қылмыстық заңды қабылдаумен немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізумен аяқталмайды, ол бір жолғы акт сипатында емес. Декриминализация əрқашан тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Мақалада қылмыс құрамдарын əкімшілік құқық аясына ауыстырумен проблемалардың шешілмейтінін, декриминализация процесін жүргізу арқылы қоғамға қауіптілігі елеулі емес қылмыстарды толық алып тастау немесе ішінара басқа құқықтың аясына ауыстыру үшін басшылыққа алатын белгілері ұсынылады.
2013

Инновация, жаңа құқықтық ұғым жəне инновацияны зерттеудің теоретикалық негізінде жазылған зерттеулердің аздығына байланысты шешілмеген мəселелердің көп екендігін көрсетеді. Соның бірі инновация түсінігі, инновациялық үдерістің мазмұны, инновациялық қызметтің тиімділігінің арнайы бағалануы, оның мемлекеттік экономиканың дамуына ықпалы, осы салаға байланысты ұлттық жəне аймақтық жағынан құқықтық реттелуі, инновацияны қаржыландыру, инновациялық бағдарламалар мен жобалар, инновациялық-индустриалдық дамудың конституциялық-құқықтық негіздері жөніндегі мəселелер қазіргі кезге дейін құқықтық зерттеу аясынан тыс қалғандығын байқауға болады. Инновация дегеніміз – өндірістің жəне қоғамды басқарудағы түрлі салаларға енгізілетін, экономикалық тұрғыдан тиімді жəне əлеуметтік, құқықтық, экологиялық тұрғыдан маңызды, зияткерлік меншік объектісі болып есептелетін ғылыми жəне ғылыми-техникалық қызметтің жаңа немесе технологиялық жағынан жетілдірілген үдеріс түріндегі жаңа өнім, тауар, қызмет.
2013

Конституцияға қызығушылық, ең алдымен, кез келген мемлекеттің құқықтық актілерінің арасында оның айрықша орын алатындығымен, қоғамның өмір сүруінің жалпы танылған тұғырнамасы ретінде көрінетіндігімен жəне оның мүдделерін ресми білдіретіндігімен анықталады. Сонымен қатар Конституция елдің негізгі заңы ретінде мемлекеттік билік тыныс-тіршілігінің діңгегі болып табылады. Бүгінгі таңда қазақстандық конституционализмді жетілдіруде қордаланған мəселелер əлі де жеткілікті. Сондықтан конституциялық реформаларды жүзеге асыру бойынша қабылданған заңдар тұрақты мониторингке мұқтаж.
2013

Этникалық көші-қон саласындағы Германия, Польша, Қазақстан құқықтық жүйелерін талдау негізінде отандастарды ықпалдастырудың құқықтық реттелуінің өзекті мəселелері қарастырылды. Осы мемлекеттерде ықпалдастырудың құқықтық негіздері мен түрлері зерттеліп, заңнама мен құқыққолдану тəжірибесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар əзірленді. Оған қоса салыстырмалы құқықтық талдау негізінде көрсетілген құқықтық жүйелердегі ықпалдасудың жалпы жəне ерекше белгілері, артықшылықтары мен кемшіліктері анықталған.
2013

Осы мақалада қазіргі кездегі демографиялық проблемалар талданған. Сонымен қатар мақалада депопуляцияның туындауы секілді, туылым, өлім, өмір сүру ұзақтығы, көші-қон мəселелері жете зерттелген. Мақалада демографиялық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу ерекшеліктері қарастырылады. Сондай-ақ ҚР-дағы демографиялық проблемаларды шешудегі мемлекеттің рөлі айқындалған. Авторлар демографиялық мəселелерді шешу үшін мемлекеттің қызметін əрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға нұсқама берген.
2013

Ғылыми жұмыстың мақсатына сəйкес құқық шығармашылығының құқықтық реттеу жүйесіндегі орны анықталып, оның мəні ашылды, құқық шығармашылығының жеке мəселелерін реттейтін заңнама сараланды. Сондай-ақ зерттеу барысында құқық шығармашылығының негізіне алынатын қағидалар қарастырылып, талданды.
2013

Ғылыми жұмыстың мақсатына сəйкес сақтандыру қызметінің түсінігі талданылған. Жəне де сақтандыру қызметінің өзекті мəселелері қарастырылған. Сондай-ақ сақтандыру қатынастарына қатысушылардың құқықтық жағдайлары қарастырылған.
2013

Ғылыми жұмыстың мақсатына сəйкес сақтандыру нарығын дамыту жолдары талданылған. Жəне де сақтандыру нарығы түсінігі,өзекті мəселелері, сондай-ақ аталған проблемаларды шешу жөнінде ұсыныстар қарастырылған.
2013

Ғылыми жұмыстың мақсатына сəйкес қор биржасы жəне бағалы қағаздар нарығына құқықтық сипаттама беріледі. Қор биржалары мен биржадан тыс ұйымдардың ерекшеліктері, сондай-ақ бағалы қағаз нарығының инфрақұрылымының субъектілері қарастырылған. Зерттеу барысында бағалы қағаздар нарығының қатысушыларына жеке тоқталып, олардың қызметтері талқыланады.
2013

Экологиялық қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету мəселелерінің адамзат өркениетінің даму жолында ұзақ əрі күрделі тарихы бар. Мемлекетімізде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының бірқатар тетіктері қалыптастырылды. Қоршаған ортаның қауіпсіздігі – ол тиісті ортаның антропогендік жəне басқа да факторлардың қатерлі əсерінен қорғалуының жай-күйі. Со- нымен қатар қоршаған ортаны қорғау динамиканы құраса, ал экологиялық қауіпсіздік табиғатты тиімді, кешенді пайдалану жəне қоршаған ортаны тиісті деңгейде қорғалу нəтижесін құрайды. Тиісті нəтижеге жету немесе адам баласының талабын қанағаттандыратын қауіпсіздік көрсеткішінің сақталуы, осы бағыттағы заң нормаларының тиімді болуымен тікелей байланысты.Адамзат өркениеті дамуының бүкіл тарихы көрсетіп отырғандай кез келген мемлекеттің қатардағы адамдарының əл- ауқаты, ең алдымен, оларды қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздік дəрежесіне байланысты екендігін анық көрсетіп отыр.
2013

Қазақстан Республикасының жер қатынастарын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Жер кодексі жəне соған сəйкес қабылданған басқа да нормативтік-құқықтық актілер реттеп отырады. 2003 жылы 20 маусымда қабылданған ҚР Жер кодексі – жеке меншік құқығын ауыл шаруашылық жерлеріне тарату арқылы жеке меншік құқығымен берілетін жерлердің ауқымын кеңейтті. Қазіргі таңда нарықтық қатынастардың дамуы, жер пайдалану құқығының артуы, экологиялық жағдайдың шиеленісуі, сонымен қатар күннен-күнге жер дауларының көптеп кездесуіне байланысты жерді пай- далану мен оны құқықтық қорғау саласындағы заңдарды реформалау барысы əлі де жалғасын табу- да. Əрине, қоғам дамыған сайын мемлекеттің заңдары да заман талабына сай əзірленіп, реформалануы тиіс.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.