Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Мақалада діни дастандардағы мифтің адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа берілуі жəне түрлену жолдары қарастырылды. Діни дастандарда мифологиялық сарындардың қолданылуын айқындау арқылы мифтердің қаншалықты түрленгендігі туралы айтылды. Сондай-ақ мифтердегі ерекше көріністер діни дастандарда белгілі бір деңгейде түрлендіріліп қолданылуы сипатталды. Сонымен бірге діни көркем туындыларға жүргізілген олардың тарихына, мазмұнына, поэтикасына қатысты зерттеулер ескеріледі.
2013

Мақалада қазіргі кезеңдегі əдебиет дамуы жəне қоғамда жүріп жатқан күрделі əлеуметтік- психологиялық мəселелер қарастырылды. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр басындағы ғылыми- техникалық процестің əдеби шығармашылыққа тигізген ықпалы талданды. Қоғамның адамгершілік негізін нығайтудағы гуманитарлық саланың, мəдениет пен өнердің рөлі, қажеттілігі жайында талдаулар жасалды. Қазақ əдебиетінің тарихындағы адам, оның гуманистік принциптері мысалға алына отырып, қазіргі кезеңдегі эстетикалық өлшемдерге назар аударылды. Ұрпақ тəрбиесіндегі əдебиеттің қазіргі жағдайы, бұл тараптағы күрделі мəселелердің шешілу жолдары көрсетілді.
2013

Мақалада XIX ғасырдың көрнекті ақыны, əншісі, композиторы — Ақан Қорамсаұлының өмірі мен қызметі баяндалған. Оның өз бойындағы тамаша дауысын, сондай-ақ ақындық жəне композиторлық дарынын ұштастыра білуі арқасында аты аңызға айналған «сері» атанғаны көрсетілген. Ақынның қайғыға, мұңға толы қиындықта өмір сүргені туралы қорытынды жасалған. Серінің кемел шағында оның əйгілі жүйрік аты Құлагердің жау қолынан өлтірілген кезде қайғырып ауыр халде күн кешкені айтылған. Ақан серінің жарқын өмірі мен қайғылы тағдыры халық есінде терең із қалдырғаны негізделіп суреттелген.
2013

Мақалада қазақ эпосындағы тұтастану құбылысы жан-жақты сараланып, оның ішінде эпикалық билеуші бейнесінің қалыптасу заңдылығы дəлелденген. Автор қазақ эпосындағы эпикалық билеуші бейнесін Абылайханға арналған тарихи шығармаларды талдау арқылы көрсетті. Тарихи эпостың қазақ хандық дəуірінен бастау алатынын айта келе, қазақ фольклорындағы эпикалық билеуші бейнесі Абылайдың ақ жолы атанған кезеңде жүзеге асқандығын, ауызша мұрамыздың белгілі бір тарихи реалды шындықты көрсете алғандығын нақтылай түседі
2013

Мақалада қазақ ұлттық əдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихы қарастырылды. Автор орта ғасырлардағы М.Хорезми, Əбу Насыр əл-Фараби, Əбу Райхан əл-Бируни, Əбуғали Ибн Сина, Ə.Фирдоуси, Рабғузи, М.Қашқари, Қ.А.Яссауи, О.Хайям, Ж.Баласағұни, А.Жауһари сияқты ғұламалардың ғылыми-зерттеу еңбектерінің əдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихына тікелей қатысы болғандығын дəлелдейді. Əл-Фарабидің еңбектеріне тоқталып, олардың өнер, тіл жəне əдебиет мəселелері мен өлеңтану саласындағы əдеби-теориялық, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің шырқау биігі екендігін, ғалымның əдебиет теориясы мəселелерін қарастырудағы орны мен рөлін көрсетеді.
2013

Қазіргі қазақ тілінің антропологиялық бағыттағы зерттеулерінде түр-түске ерекше көңіл бөлініп, тың зерттеулер жасалынып жүр. Қоршаған ортадағы шындықты көп жағдайда түр-түс арқылы қабылдаймыз жəне де түр-түс атаулары əр халықтың мəдени коды болып табылады. Авторлар түр-түс арқылы қалыптасқан символдар жəне символдың өзіне тəн архетиптілік, уəжділік жəне бейнелілік секілді негізгі белгілерін сөз етеді. Шетелдік ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, символға тəн белгілердің ерекшеліктерін көрсетті.
2013

Мақалада морфология саласында бұрыннан сөз болып келген еліктеуіш сөз табының жасалу жолдары сөзжасамдық жүйе тұрғысынан қарастырылды. Морфологияда еліктеуіш сөз табының жасалу жолдары грамматикалық мағына, форма тұрғысынан қарастырылып келсе, сөзжасамдық жүйеде бұл сөз табының мағына түрлері арқылы жасалатынына назар аударылды. Осы сөзжасамдық, мағына түрлері нəтижесінде сөздердің де лексикалық мағынасы да да ауысатыны, түрленетіні деген секілді мəселе де нақты мысалдармен дəлелденіп көрсетілді.
2013

 Белгілі ғалым, лингвист, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылым- дарының докторы, профессор Əсет Болғанбайұлы 1928 жылы 8 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қуаныш ауылында кедей шаруаның отбасында өмірге келген. Əкесінен 1932 жылы жетім қалып өмірдің ауыр азабын көрді. Бала Əсет алдымен Қуаныш бастауыш мектебінде, соңынан аудан орталығындағы мектепте оқып, оның 7-сыныбын 1942 жылы бітіреді.
2014

Тіршілікте ғұмыр кешіп, өмірде де, ғылымда да өз орныңды табу — үлкен бақыт. Қарымды еңбек етіп, өз жөніңді, өз жолыңды білу — ол да бір берекелі іс. Адам болып аяқ басқан соң, азамат боп қалыптасу — əркімге парыз. Тек ізденіс пен күрескерлік, талап пен табандылық қана адамды парықты істің парасатына бөлейді. Міне, осындай ізгі мұрат жолында іргелі іс атқарып, ел ағасына айналған ғалым, əрі ұстаз Тұрмағанбет Төлешұлының өмірі мен шығармашылық жолы ізденіске толы.
2014

Мақалада О.Бөкейдің «Мұзтау» повесі жанрлық-стилистикалық тұрғыдан талданып, авторлық экспрессияның берілу тəсілдері, оның аудармадағы көрінісі салыстырыла қарастырлып, повестің түпнұсқаға эстетикалық жағынан сəйкестігі пайымдалды. А.Кимнің осы шығарманы тəржімалауда қолданған əдіс-тəсілдерін көрсете отырып, аудармашы жіберген ауытқушылықтарға да назар аударылды.
2014

Мақалада американ жазушысы М.Твеннің юморлық əңгімелерін қазақ тіліне аударған Ə.Сатыбалдиевтің аудармашылық қыры, орыс тіліндегі нұсқасымен салыстырыла отырып талданды. Аудармашы М.Твеннің жазушылық стилін сақтай отырып, əр кейіпкердің психологиясын, көңіл-күйін жеңіл тілмен тəржімалауға тырысып, түпнұсқадағы мəтін ырғағы, интонациясы сақталатындығына назар аударды. Аудармаларда қолданылған лексикалық трансформацияларға талдау жасалды.
2014

Мақалада қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың қоғам дамуына əсері мен білім берудегі маңызы, орны қарастырылды. Авторлар Қазақстан білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялардың талаптарына сай жаңа электрондық технологияны енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану, жетістіктері мен жеке тұлғаларды қалыптастыру жəне қазіргі заман талабына сай білім алуға қажетті жағдайлар жасау қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда қолданылуы қажет деп қорытындылады.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.