Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Мақала аса көрнекті қоғам жəне мемлекет қайраткері, «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының көсемі Əлихан Бөкейханға арналған. Автор Ə. Бөкейханның ХХ ғ. басындағы қоғамдық-ғылыми қызметіне жəне «Алашорда» ұлттық автономиялы үкіметінің төрағасы болған кезеңдеріне сараптама жасайды. Сонымен бірге оның ғалым, талантты публицист екенін сипаттайды. Ізденуші Əлихан Бөкейханды өзінің барлық ғұмырын қазақ халқының азаттығы мен саяси тəуелсіздігі үшін күреске арнаған ұлы тұлға деген пікірге келеді.
2016

Мақалада қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы мен дамуының кейбір тұстары қарастырылды. Мерзімді басылымдардың тарихи дерек ретіндегі қызметі айқындалып, олардың тарихтағы орны көрсетілді. Қазақ баспасөзінің тарихы ХІХ ғ. аяғында басталып, бүгінгі күнге дейін жеткендігі жəне тарихи дамудың əр кезеңдерінінен өткен отандық газет-журналдардың жалпы жағдайы туралы баяндалады. ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ.басында, кеңес кезеңінде жəне тəуелсіздік жылдарындағы Қазақстанда басып шығарылған газеттер мен журналдарға салыстырмалы талдау жасалды. Мерзімді басылымдарды зерттеу барысында қосымша дерек ретінде цензура мен цензура құжаттарының рөлі талданды.
2016

Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі Ə.Н. Бөкейханның іргелі еңбектері қарастырылды. Автор Ə. Бөкейханның экспедициялар, ғылыми топтар ішінде жүріп, түрлі бақылау, сұрау, есептеу, саралау негізінде жазылған зерттеулерін қарастыра отырып, оның отан тарихын зерттеуге қосқан үлесіне талдау жасайды, сонымен қатар ғалымның сол кезеңдегі қазақ халқының өміріндегі тарихи оқиғаларға деген көзқарасын айқындайды. Сонымен қатар Ə.Н. Бөкейханның «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи» «Киргизы», «Из переписки хана Средней Киргизской орды Букея и его потомков», «Из бумаг султана Большой Киргизской Орды Сюка Аблайханова», «Из переписки киргизских ханов, султанов и проч.» жəне т.б. зерттеулерін пайдаланa отырып, отан тарихына қатысты мəселелерді көрсетеді.
2016

Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметінің қалыптасу кезеңдері қарастырылды. Авторлар М.Шоқай туралы жазылған отандық тарихтағы еңбектерге сүйене отырып, ұлт күрескерінің саяси көзқарастарының қалыптасуына əсер еткен тарихи оқиғаларды талдайды. Авторлар қайраткердің ұлт- азаттық күрес жолындағы жүргізген еңбектеріне тоқтала отырып, оның еңбектеріндегі тəуелсіздік идеясының мазмұнын ашуға тырысады. Мұстафа Шоқайдың шетелдегі эмиграцияда жүрген кезеңдегі атқарған қоғамдық қызметін көрсете отырып, оның сол кезде «Яш Түркістан» жəне басқа да басылымдарда жарық көрген еңбектеріне тоқталады, талдайды. ХХ ғасырдың басында Түркістан өлкесінде қалыптасқан жəдидшілдік қозғалысының М.Шоқайдың саяси көзқарастарына жасаған ықпалын да айтып өтеді. Қоғам қайраткерінің еңбектеріне талдау жасай отырып, ондағы көтерілген басты мəселелерді анықтайды. 
2016

Мақалада Қазақстанның тəуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы киноөндірісінің даму ерекшеліктеріне талдау жасалған. Сонымен қатар қазақ кинематографиясының даму мəселесі посткеңестік кезеңдегі Орталық Азияның бірқатар мемлекеттерімен салыстырмалы тұрғыда зерттеліп, əлемдік киноөндірістегі орны айқындалған. Авторлар қазақ кино өнерінің даму ерекшеліктерін талдай келе, оның дамуы Ресей, Орталық Азия жəне алыс шетел мемлекеттеріндегі киноөндірісімен байланысты деген қорытындыға келген. Тəуелсіздіктен кейінгі жылдардағы қазақ киносы бірнеше батыл қадамдар жасады жəне қазіргі таңда дамудың позитивтік жолында деген баға берілген. Соңғы жиырма жыл көлемінде қазақ киносы танымастай өзгерді. Сондықтан да қазақ кинематографиясының тарихын, қалыптасуын, дамуын зерттеу қазіргі заман талабына сай жəне оларды тыңғылықты зерттеу бүгінгі күннің өзекті мəселесі деп көрсетеді. «Жаңа толқын киносы» кезеңін авторлар шебер талдау арқылы оқырманға жеткізеді. 
2016

Мақалада 1930–1941 жж. Кеңес Одағының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты  зерттелген. Осы кезеңде экономикада белгілі жетістіктерге жеткен КСРО-ның белсенді сыртқы саясат жүргізуіне жағдай қалыптасқаны көрсетілді. Көптеген деректерге сүйеніп, автор Кеңес Одағының 1930–1941 жж. халықаралық аренада агрессиялық саясат жүргізіп, өзіне жаңа территориялар қосып алғанын, фашистік Германиямен 10 жылдық пактіге қол қойып, Еуропаны бөліске салғанын жəне екі державаның осы саясаты II Дүниежүзілік соғыстың басталуына əкеп соққанын дəлелдейді. Осындай саясатқа байланысты Кеңес Одағының экономикасында да өз ерекшелігі байқалды, кеңестік экономикада милитаризациялау қадамдары анық көріне бастады, бұл жағдай КСРО халықтарының əлеуметтік жағдайының нашарлауына əкеп соқты.
2016

Мақалада қан мен жанды, иман мен ақылды тоғыстыратын, ақылдың қателігін дұрыстайтын жүрек хақында кеңінен қарастырылды. Жаратушынының бар екенін түсіну — ақылдың міндеті, алайда оны қабылдау-қабылдамау — жүректің міндеті. Имандылық та, күпірлік те жүректен орын алмақ. Жүрек — рухани сырлардың қайнар көзі. Жүрек ақылдың шеңберінен асып, метафизикалық əлемге бойлайтын адам бойындағы ерекше қасиет. Авторлар жүректің танымы, түрлері, сипаттары мен атаулары жəне ислам ғұламаларының жүрек туралы көзқарастарын зерттеді. Адам баласы кеудесіндегі азғындық сезімдерден арылып, мақаламызда қарастыратын кемел сипаттарға ие болып, жаратылысына сай ғұмыр кешуі үшін жүректі таза қалпында сақтап оған ерекше мəн беру керек. Себебі адамды адам қалпында сақтайтын — жүрек. Ислам дүниетанымында жүректің ақылдан үстемдігі, оның рухпен байланысы баяндалды. Сондай-ақ Əбул Қасым Махмұд ибн Ахмед Имад ад-дин əл-Фарабидың (əл-Фариаби) «Халисат ал-хақайқ» трактатындағы жүрек түсінігі негізге алынды.
2016

Мақалада Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 2001–2006 жж. аралығындағы қауіпсіздік саясатының нормативтік жəне институционалдық негізінің қалыптасуы қарастырылды. 2001–2006 жж. аралығындағы Орталық Азия аймағындағы объективті өзгерістердің көрінісіне айналған ШЫҰ-ның қауіпсіздік саясаты, террористік қауіп-қатермен күресуге бағытталған ШЫҰ саясатының негізгі кезеңі зерттелді. Осы жылдарда қабылданған ШЫҰ-ның негізгі құжаттарына салыстырмалы талдау жасалып, олардың маңыздылығы айқындалды. Авторлар ШЫҰ-ның терроризммен күресу жөніндегі Конвенциясын терроризммен күресу саласындағы негізгі халықаралық келісімдермен байланыстырып талдады. 
2016

Мақалада 2004–2014 жж. аралығындағы Қазақстандағы либералдық-оппозициялық бағыттағы газеттердің егемендік алған жылдардан күні бүгінге дейінгі атқарған рөлі, тəуелсіз ақпараттың ерекшелігі мен артықшылығы, жұртшылықтың көзқарасы, халыққа тигізген ықпалы, демократиялық сипаттары, ой еркіндігі, сөз бостандығы, қоғамға əсері қарастырылды. Авторлар егемендіктің алғашқы жылдарынан күні бүгінге дейін жарық көрген либералдық-оппозициялық газеттерге шолу жасап, саралау негізінде жазылған зерттеулерін қарастыра отырып, оның қоғам өміріне тигізген əсерін, демократияның даму деңгейін, отандық журналистика тарихында алар орнына талдау жасады. Сонымен қатар ғалымның осы кезеңдегі қазақ халқының өміріндегі елдегі өзгерістерге, оқиғаларға деген көзқарасын айқындады. Либералдық-оппозициялық басылымдардың қоғамдық-саяси орнын, мемлекеттік мүдде тұрғысындағы еңбегін зерттеуде «Заң», «Жас алаш», «Тасжарған», «Ұлт Таймс», «Алатау», «Общественная позиция» секілді қазақ, орыс тіліндегі баспасөз материалдарымен бірге, Т. Калееваның «Сөз бостандығы жəне ақпарат алу құқығы туралы сарапшы шолуы», Г. Ахметованың ICBCB: «Сөз бостандығы — ел болашағының кепілі» бола ала ма?» атты іргелі еңбектерін жəне Интернет ресурстарын зерттеу жұмысына кеңінен пайдалана отырып, Қазақстандағы журналистиканың даму деңгейін көрсетті.
2016

Шоқайдың тарихи-публицистикалық еңбектері батыс тарихнамасында қоғамдық екі жүйенің қырғи-қабақ соғыс жолына түсе бастаған жағдайында аса маңызды туындылардың қатарында болды. Өзінің жарияланымдарында ол КСРО-дағы ұлттық саясатты аяусыз сынға алды. Сондықтан КСРО-да олар идеологиялық сынға ұшырады. Шоқай Еуропада халықаралық саясат пен кеңестік Орта Азия мен Қазақстандағы  ішкі жағдайдың өзекті мəселелері жөнінде баяндамалар жасап, мақалалар жариялады. Кітаптар шығарды. Көптеген эмиграциялық басылымдарда еңбектері жарық көрді. Əріптестерінің айтуынша, Мұстафаның сөздері терең ғылыми талдауларымен жəне философиялық пайымдауларымен, өзгеше ой-түйіндерімен, кейде таңқаларлық қорытындыларымен еуропалық қоғамдастықтың жəне орыс эмигранттарының арасында үлкен беделге ие болды.
2012

Қазақ тарихында өз халқына адал қызмет жасау жолында басын бəйгеге тіккен Алаш ардақтылары көп болған. Сондай аяулы тарихи тұлғалардың бірі де бірегейі — Мұстафа Шоқай. Бірақ М.Шоқайды қалың ел білмейді. Өйткені ол Кеңес жүйесінің қас жауы болып танылды. Оның еліне сіңірген еңбегі тұрмақ, есімін атаудың өзі қылмыспен пара-пар болды. Ол жаңа қазақ елі үшін қайраткер емес, қылмыскер саналды. Күрескер емес, кесір адам болып есептелді. Қоғамға пайдалы жан емес, қашқын саналды. Неге?...
2012

Cоғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кеңес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістік, ауыл шаруашылық салаларына жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн 365 мың адам, Кеңес Армиясы қатарынан 8 млн 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде–қыркүйегінде бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді. Республикамызда 1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа (1946–1950) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркəсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дəрежесіне жетіп, одан едəуір асып түсу міндеті белгіленді. КСРО-ның еуропалық аймақтарында болған қуаңшылық соғыстан зардап шеккен аудандардың ауыл шаруашылығына үлкен қиыншылықтар əкелді. Республиканың ауыл  шаруашылық еңбеккерлері мүмкін болғанынша астықты мол жинап, астық пен мал шаруашылығы өнімдерін мемлекетке көп өткізу үшін аянбай еңбек етті. Жұмыс күшінің жетіспегеніне, ауыл шаруашылық машиналарының көпшілігі соғыс жылдарында қатардан шығып қалғанына қарамастан, ауыл шаруашылығының еңбеккерлері өздерінің мемлекет алдындағы міндеттемелерін ойдағыдай орындауға тырысты   [1
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.