Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Еліміз тəуелсіздігін алған жиырма жылда асқан асуымыз да, шыққан белестер мен биіктеріміз де, қол жеткізген табыстарымызда көңіл қуантарлық десек, қателеспейміз. Мұның баршамыз үшін маңызы зор. Қазіргі таңда білім беру мен тəрбиелеу ісіне байланысты қойылатын талаптар да арта түсуде. Бүгінгі таңда қоғамның жаңаруында 2030 бағытына сəйкес əрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ұлттық тəрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Сондықтан қазіргі заманның педагогика ғылымында адамның ұлттық қасиетін қалыптастырудың ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеу басты мəселе болып отыр.
2012

Білімі мен мəдениеті төмен, ой-өрісі тар адамдар қоғамның негізгі қозғаушы күші бола алмайтыны белгілі. Ондай қарабайыр тобырға арқа сүйеген мемлекеттің өзге өркениетті елдердің қатарына қосыла алмайтыны да ежелден мемлекет болып келе жатқан басқа ұлттардың тарихынан бəрімізге мəлім. Осындай тарихи жауапты кезеңдерде қоғам мүшелерінің сапалық деңгейінің жоғары болуының қажеттілігі туындап отыр. Ал, ол сапа көкірегі ояу, көзі ашық адамдардың молдығынан тұрады. Үздіксіз білім беру жүйесінде жоғары оқу орындарында білім беру мəселесі оның басқа сатыларындағы сияқты өзгерістер мен жаңартулар, байытулар мен толықтырулар үнемі жүріп отырады. Қазіргі жаңа педагогикалық прадигма білім беруді жеке тұлғаның таңдауына бұруды жəне оның жеке интеллектуалды талаптарын қанағаттандырып отыруды талап етеді. Ал болашақ мамандарды даярлауда бұл мəселе аса өзектілікті болып табылады.
2012

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев Республика Білім жəне ғылым қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде отбасын сақтау ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі — отбасы қарым-қатынастардың жаңа үлгісін ұсыну қажеттілігі өзекті мəселе болып отыратындығын ерекше атап көрсетті. Мемлекет қызметкерлері осыған байланысты барлық шараларды қабылдады. Мысалы: əйел мен ер адамның əлеуметтік, мəдени тəртіптерінің өзгеруі, жойылған жансақ нанымдарды жəне дəстүрлерді қысқарту барлық қалған тəжірибелер, яғни, əйел мен ер адамның таптаурынды рөлдері немесе жыныстардың біреуінің аса басымдылық пен толық емес құндылық идеясын негіздеді.
2012

Тəуелсіз қазақ елі əлемдегі аса дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуға ұмтылуда. Ал сол дамыған, өркениетті елдердің қатарына қандай құндылығымызбен барамыз деген мəселе туындайды. Ұлттық салт-дəстүр, əдеп-ғұрып, ана тілімізді Батыс мəдениетіне айырбастап, дамыған елдердің қатарына қосыламыз деу бос əурешілік. Қашанда өз тілін менсінбейтін «Мен қазақпын» деп айтуға намыстанатын жастардан қорқуымыз керек. Өз ұлтын қадірлемейтін — нағыз мəдениетсіздер. Ал мəдениетті жоғары біліммен өлшеуге əсте болмайтынын əлдеқашан ұғатын кез болды. Қолында дипломы бар, бірақ мəдениеті төмен деңгейдегі жастар қаншама! Оларды «надандығын қағаз жүзінде бекітіп алғандар» деп айтуға болады.
2012

Жалғыздық мəселесi ең ежелгi заманнан бастап адам баласы ойшыларының атақтыларын толқытуда жəне философиялық ойды дамытудағы түбегейлi рөлдi ойнады. Əр түрлi кезеңдер мен халықтардың философтары бұл құбылысқа анықтау беруге, оның ерекшелiктерiн ретке келтiруге, оны жеңу жолы мен əдiсiн тауып немесе оның өмірге қажеттiлiгі бар екендігін дəлелдеуге тырысты. Жалғыздықтың себептерiн ашуға тереңдеп кеткен кей жазушылар мен ақындар шығармашылығында бұл құбылыстың бастауларын iздеп табуға, олардың мағынасын түсiнуге тырысқан болды. Бiрақ олардың шығармаларының қаhармандары жалғыздықты жеңе алмай, көбіне оның құрбаны  болып қала берді.
2012

Мақалада ортағасыр дəуірінде ислам ғылымын өз дамуының биік шыңына көтерген əл-Фарабидің «Мемлекет басшысының нақыл сөздері» атты еңбегіне ғылыми талдау жасалған. Авторлар ортағасырдағы ислам өркениетінің барлық жетістіктеріне, сондай-ақ ғылым, білім, мəдениеттердің алға өрлеуіне Орталық Азия түріктерінің де қосқан үлесіне тоқталған. Əл-Фараби өз еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады. Əл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мəн-маңызын жоғалтқан жоқ. Оның мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, əлеуметтік-этикалық, саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды болып табылатына назар аударылып отырған. Авторлар ежелгі түркілердің «Мəңгілік Ел» идеясын тарихи-саяси жəне теориялық тұрғыдан негіздеп, бұл идеяның ортағасырларда өміршең болуына əлемнің екінші ұстазы атанған əл-Фарабидің іргелі еңбектері себепші болғандығын ғылыми тұрғыдан дəлелдеген. Сондай-ақ əл-Фарабидің еңбегінде «Мəңгілік Ел» идеясының ғылыми-теориялық жəне тарихи сана тұрғысынан негізделгендіктен, бұл идеяның өміршең болып, бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының ұлттық идеясына айналып отырғанына арнайы тоқталған.
2016

Мақалада саяси имидждің тарих беттерінде көрініс алуы мен ұлы ойшылдардың, саясаткерлердің «бейнесін» өзгерту мəселесі сөз етілді. Саясаткердің халық алдында қандай болуы керек. Билікті тілмен, жағымды іс-əрекеттердің көмегімен уысында ұстап қалудың жолдары ұлы ойшылдардың еңбектерінде қарастырылған. Рим жəне түркі ойшылдарының саяси еңбектеріндегі басшы мен қоғам арасындағы қатынас туралы тұжырымдарға шолу жасалған.
2016

Мақала бүгінгі күнгі өзекті мəселе тіл саясаты тарихының зерттелуіне арналған. Кеңестік дəуірде тіл мəселесі, кеңестік өкімет орнағаннан кейінгі жылдардағы пікірталастарды қоспағанда, тек 1989 ж. қыркүйек айындағы Пленумында ғана қаралды. 1990 ж. «КСРО халықтарының тілдері туралы» Заң қабылданды. Үкімет осындай шешімдерді Одақтағы ұлттық жағдайдың шиеленіскен кезінде ғана қолға алды. Қазақстанның тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарындағы қоғамның барлық салаларындағы өзгерістері тəуелсіз мемлекеттің жаңа бағытын қалыптастырып, дамыту қажеттілігін көрсетіп отыр. Осындай маңызды мақсатты жүзеге асыру қазақ ұлты мен қазақ тілінің қоғамдағы орнын нақтылаумен тығыз байланысты. Кеңестік дəуірдегі Қазақстанда жүргізілген тіл саясатының тарихын зерттеу, оның мəн-мағынасын түсіну бүгінгі күні қоғамда туындап отырған мəселелердің шешімін табудың негізгі жолы болып табылады.
2016

Мақала биыл 30 жыл толып отырған Желтоқсан толқуына арналады. Бұл толқудың Қазақстанның көптеген аймағында болғаны белгілі. Толқу өткен облыс орталықтарының бірі — Қарағанды қаласы. Қатысушылардың естеліктері мен зерттеушілердің мəліметтеріне сүйене отырып жазылған мақалада толқудың басталу себептері, түрткі болған оқиға, барысы мен нəтижелері зерттелді. Сондай-ақ сол уақыттағы толқу қорытындылары бүгінгі көзқарасқа сəйкес талданды.
2016

Мақалада қазақ отбасының ерекшеліктері жəне ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы ролі теориялық тұрғыда сипатталған. Сонымен қатар қазақ ұлтының туыстық қарым-қатынасын анықтауға бағытталған зерттеу нəтижелеріне талдау жасалған. Туыстық қарым-қатынас ерекшеліктерінің адамның ұлттық сана-сезімінің қалыптасу процесіне əсері зерттеу нəтижелерінің негізінде көрсетілген. Зерттеу əдісі ретінде сұрақнама жүргізілген. Ұлттық сана-сезім əрбір ұлт өкілінің ажырамас компоненті болғандықтан, оның қалыптасуның бір факторы ретінде туыстық қатынастар жүйесінің ерекшеліктерін алуға болады. Эксперименталдық зерттеу нəтижелері оқушылар мен ересек адамдардың туыстық қарым-қатынас ерекшеліктерін білу деңгейіне негізделеді.
2016

Мақалада тəртіп бұзушы жеткіншектердің қылмыстық мінез-құлықтарына баға беріліп, қылмыстық мінез-құлықты тудыратын механизмдері мен себептері анықталып, жеткіншек жастағылардың тұлғалық даму ерекшеліктері психологиялық тұрғыдан қарастырылды. Автор жеткіншек жастағы баланың осы кезеңде қоғамның мүшесі ретінде өзіне деген саналы көзқарасын қалыптастыратын жаңа əлеуметтік позицияға ауысумен ерекшелінетінін атап көрсетті. Қоғамдағы топтар ішінен осы жеткіншектер көбінесе елдегі əлеуметтік, экономикалық, моральдік тұрақсыздықта көп жапа шегетініне назар аудара отырып, осы мəселенің психологиялық ерекшеліктерін ашады.
2016

Мақалада Мəшһур Иманжүсіп Құтпанұлының тарихтағы орны, заманы мен шығармашылығына қатысты зерттеу еңбектері, тұлғаның қилы тағдыры, қазақ елінің бостандық алу жолындағы күрестердегі даралығы, артына қалдырған əн-өлеңдерінің мəн-маңызын бағамдай отырып, төл əдебиетіміздің көрнекті ақын-жазушыларының мұрағат деректері, батырдың көзін көрген көнекөз тұлғалардың аузында сақталған аңыз-əңгімелердің желісімен Иманжүсіптің көркем əдебиеттегі бейнесі, өмір тарихы мен заманына қатысты жазылған көркем туындылары қарастырылды. Автордың мақсаты ел тарихындағы жарқын бейнесімен халықтың жадында қалған тұлғаның асқақ əндерін, шығармашылығын жəне батырлығын жас ұрпаққа насихаттау болып табылады.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.