Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тіл мəдениеті жəне саясат

Тəуелсіз қазақ елі əлемдегі аса дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуға ұмтылуда. Ал сол дамыған, өркениетті елдердің қатарына қандай құндылығымызбен барамыз деген мəселе туындайды. Ұлттық салт-дəстүр, əдеп-ғұрып, ана тілімізді Батыс мəдениетіне айырбастап, дамыған елдердің қатарына қосыламыз деу бос əурешілік. Қашанда өз тілін менсінбейтін «Мен қазақпын» деп айтуға намыстанатын жастардан қорқуымыз керек. Өз ұлтын қадірлемейтін — нағыз мəдениетсіздер. Ал мəдениетті жоғары біліммен өлшеуге əсте болмайтынын əлдеқашан ұғатын кез болды. Қолында дипломы бар, бірақ мəдениеті төмен деңгейдегі жастар қаншама! Оларды «надандығын қағаз жүзінде бекітіп алғандар» деп айтуға болады. Мəдениет ұлттық байлық пен ұлттық идеяға тікелей байланысты. Ол рухани байлықтың бір белгісі. Əрбір адамның жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, киім киісі, істеген ісі — бəрі де оның жеке басының мəдениетін көрсетеді. Тіл мəдениетіне тəрбиелеу сөз мəдениеті негіздері жəне тіл туралы жан-жақты ұғым беруден басталады. Сөз əдебі, əдетте, ауызша сөйлеу тілі мəдениетімен тұтастықта танылатындықтан, адамның айналасындағылармен табыса білуінің құпиясы қарым-қатынастың əлеуметтік-тұрмыстық жəне іскерлік секілді түрлерімен сабақтастық сараланды. Ал тіл мəдениеті — ана тілін білу. Өкінішке қарай, қазір кейбір жастар ана тілін білмегенге ұялмайды, керісінше, ағылшын тілін білгеніне ғана мəз. Мұның өзі мəдениетсіздіктің белгісі деуге əбден болады. Ықылым заманнан мəдениетімен танылған қазақ халқының бүгінгі жаппай сауатты жас ұрпағы мəдениетсіз дегенге сену қиын. Рухани бай, ұлттық тəрбиемізді бойына жинақтаған адам ғана жоғары мəдениет иесі болып табылады. Мəдениет — дүниемен өлшенбейтін рухани байлық. Қоғамдағы мəдениетке жеткізетін, қоғамдық ой-сананы биікке көтеретін, қуатты да құдіретті ана тілі — қазақ тілін біз өз деңгейінде қолданысқа енгізіп келеміз бе? Дəл қазіргі уақытта қазақ елі жаһандану дəуіріне қадам басып келеді. Яғни, соңғы жылдары елімізде шетелдік фирмалармен алыс-беріс жасап, ынтымақтаса жұмыс істеу көбейді. Нарықтық экономиканың халықаралық деңгейдегі сауда-делдалдық, көлік, қаржыландыру мен кредиттеу, жарнамалық қызмет, халықаралық көрмелер, аукциондар, халықаралық экономикалық қатынастар, тағы басқа алуан түрлі салалар жұмысын күшейтті. Демек, дəл осы уақытта өркендеген елде тіліміздің құрылымы  мен жүйесі дами түсіп, аса күрделі құбылыстарды дəл бейнелейтін қабілеті арта береді [1].

Тіл байлығы — сөз байлығы. Ал сөз байлығы əр адамның лексикасындағы қолданылатын сөздердің санымен байланысты болғанымен, негізгі байлық — ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып, əсем де əсерлі ой мұнарасын қалай білуде. Себебі сөзді көп біліп, бірақ оны орынды, ойлы, образды жұмсай алмасаң, одан не пайда? Ал сөзге көп мағына сыйғызып, əр сөздің парын, мəн- мазмұнын, стильдік бояуын дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның шығармашылық сипатымен ұштасып жатады. Ал ой байлығына жету үшін тіл дамуының кешегісі мен бүгінгісін, лексикалық қабаттын баю, толығу жолдарын, тілде пайда болған жаңа құбылыстардың өміршеңдігін, бір сөзбен айтқанда, тілдің ішкі, сыртқы мүмкіншілігін жақсы меңгеріп, оған қамқорлықпен, жанашыр көзбен қадағалап отыру керек. Сөз қолдану мəдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі — тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегенде, ойымыздың, сөзіміздің бөтен, бөгде элементтермен шұбарланбауын талап етеміз. Əрине, бөтен тілден сөз алмай, таза ана тілі материалының негізінде ғана өмір сүретін əдеби тіл деген болмайды. Көркем шығарманы, сондай-ақ əдеби нормадан ешбір ауытқымай, бөтен тілдік элементтерді қоспай, сірестіріп, «таза əдеби» тілде де жаза беруге болмайды. Өйткені, көркемсөз шеберлері оқырмандарына өмірдің өзі көтерген саласын жан-жақты көрсету, олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын арттыру мақсатын көздейді. Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мəдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалды. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал», — деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді. Сөз мəдениеті мен өз мəдениетін қатар ұстап, екеуін бірге əлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз [2]. Тілсіз рухани мəдениет те биікке жете алмайды, халықтың рухани күші — тілде. Тілі дамымаған халықтың рухы да дамымақ емес. Өйткені «Өнер алды — тіл» (М.Қашқари). Демек, дүниенің кілті — тілде. Тілдің дамуы арқылы адам баласының дүниетанымы сатылы дамиды. Яғни, ата-баба білігі балаға тіл арқылы дамып, болмыстың қасиеті мен белгілері терең таныла түседі. Тілде ертедегі танымның ізі, ел жасаған парасат пен кісіліктің пайымы жатыр. Тіл — «дыбыс таңба» жүйесі ғана емес, тілдің сақталуы арқылы халықтың бүкіл ғұмырындағы таным-түсінігі ұрпақтан ұрпаққа жетеді. Басқаша айтқанда, сөз жүйесі арқылы халықтың ойлау жүйесі, материалдық жəне рухани мəдениеті жетеді. Ғ.Мүсірепов «Тілін білмеген түбін білмейді» дейді. Тіл — ойдың ең басты қаруы. Тіл халықтың дамуымен тарихтың шеруімен, белгілі оқиғаларға орай байып отыруы керек. Жаңа ұғымдар, жаңа терминдер қалыптасу керек. Ол жаңадан енген терминдерді де өзімізден табу мүмкін емес немесе шарт емес. Міне, дəл осылай тіліміз күрделене береді. Қазақ тілі — түпкі табиғатында ауқымы кең, оралымды, əрі аса бай тіл. Біз осы тілімізді толық иегере алдық па? Толық иегере алмай жатуымыз — сол ұшан байлықтың көрінісі. Оған жаңа терминдерді қосыңыз. Л.И.Ожегов: «Тіл мəдениеті — бұл өзінің ойын дұрыс, дəл жəне мəнерлі жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз — əдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы — бұл коғамдық сөйлеу тілі тəжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дəл əдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу», — деп тұжырымдайды [3].

Тіл — қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тəлімі мен тəрбиесінің негізі, қатынас құралы. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану əрқайсымыз үшін парыз. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дəлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мəңгүрттіктің басы да өз тілін тəрк етуден туды. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Кешегі тіл тəуелсіздігін ту етіп көтерген Əлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы. ХХ ғасырдың ұлы жемісі — қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тəуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз — ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде — ұлт та жоқ. Халқымыздың аса бай рухани қазынасы — туған ана тіліміз. Ол — қазақ тілі! Жалпы тіл мəдениетіне қойылатын талаптар қандай, əрбір мəдениетті адам мəдениетті сөйлеу, қарым-қатынас жасау үшін нені меңгеруі керек деген сұрақтар туындайды [4]. Зерттеуші М.Балақаев өзінің тіл мəдениетін тереңінен зерттеген еңбектерінде тіл мəдениетінің негізгі принципі деп, сөйлемдердің, жеке сөздердін тыңдаушыға, оқушыға бірден түсінікті болу керектігін көрсетеді. Зерттеуші жазуда, сөйлеуде адам ойына қажетті сөз таңдағанда олардың стильдік ерекшеліктерін ескеруді айтады. Тілдік норманы қалыптастыру, сауаттылық,  тіл  тазалығы,  сөздерді  дұрыс  айтым,  дұрыс  жазу  тіл  мəдениетінің  басты талаптары ретінде тұжырымдалады. Иə, қазақ ұлтының қасиетін білгің келсе, Абайды оқы, Мұхтар Əуезов, Ахмет Байтұрсынов, тағы басқа ғұламалардың шығармаларын парақта. «Сөзі жоғалған елдің өзі де жоғалады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ана тіліміздің мəртебесін көтеру əрбір  қазақ шаңырағы өз отбасынан бастау керек. Əр ана мен əке өз баласына оның қазақ екенің, өз ұлтынан биік ұлттың жоқ екенін, қазақ ұлтының салт-дəстүрлерін бойларына сіңіре білсе, ол бала отан сүйгіш болып өседі. Демек, нағыз азамат, нағыз қазақ ең бірінші отбасынан алған тəрбиесінің жемісің, игілігін ең бірінші өз отбасына жəне еліне көрсетеді. Сондықтан еліміз бен жеріміздің ертеңгі иесі отаншыл, білімді ұрпақты тəрбиелеп өсіру əлемдік өркениет көшіндегі өз орнымызды анықтау болып табылады. Қазақстанның гүлденуіне, биіктерден көрінуіне, Қазақстандағы əрбір қазақ азаматының ана тілінде сөйлеуіне, жақсы білім алуына, өз құқығын білуіне міндетті. Елдің тірегін берік ұстау тек өзімізге байланысты. Рухымыздың биік, отан сүйгіштік қасиетіміз жоғары болса, тіліміздің де мəртебесі де үстем болмақ [5]!

М.Балақаевтің айтуынша, тіл мəдениетіне тəрбиелеу сөз мəдениеті негіздері туралы жəне тіл туралы жан-жақты ұғым беруден басталады. Сөз əдебі, əдетте, ауызша сөйлеу тілі мəдениетімен тұтастықта танылатындықтан, адамның айналасындағылармен табыса білуінің құпиясы қарым- қатынастың əлеуметтік-тұрмыстық жəне іскерлік секілді түрлерімен сабақтастық сараланды. Осы қатынас түрлерінің мақсатына қарай тілдің қолданыс аясының өзіндік ерекшеліктеріне көңіл аударылды. Ал, жазба тіл мəдениеті аясында, негізінен, іс-қағаздары стилі мен оқушылардың шығармашылық бағыттағы жазба жұмыстарының үлгілері топтастырылды. Осы тақырыптар бойынша берілетін білім мен іскерлік-дағдылардың шығармашылық бағытта кең өрістеуіне шешендікке баулу арқылы мүмкіндік туғызылады. Одан кейінгі кезекте жұрт алдында сөйлеуге машықтану жолдары, нақты сөзге дайындықтың сатылары, сөз құрылымы (сөздің кіріспесі, негізгі бөлімі, қорытындысы), тыңдарманмен байланыс жасаудың шарттары туралы мағлұмат беріліп, практикалық тапсырмалар мен тақырыптар көрсетіледі, пікірталасының түрлері, олардың əрқайсысының ерекшеліктері, пікірсайысындағы өзін-өзі ұстау, сөйлеу мəдениеті туралы, оның талаптары мен шарттары ұлттық жəне мəдени дəстүрге негізделе отырып ұсынылады. Өз пікірін қорғаудың, қарсыласын мойындатудың түрлі тəсілдері оқушы ұғымына ыңғайластырылған. Сұрақ қою, сұраққа жауап берудің əдіс-амалдары нақтыланып беріледі. Айтысу шеберлігін жетілдірудің негізгі жолдары анықталып көрсетілген. Əдістемелік жағынан, осы тақырыптарға орай ұсынылатын жұмыстарда мазмұн бірлігін сақтай отырып, грамматикалық талдаулардың да жүйелі берілуіне баса назар аударылады. Міне, осындай мəселелерге баса назар аудару арқылы тіл мəдениетінің дамуына ықпал етуге болады [6].

Қазақстан жұртшылығы тəуелсіздік дəмін татып, ақырын жүріп, анық баса біртіндеп алға озып келеді. Президентіміздің əуелден ұстанған өмірлік мақсаты — елдің тыныштығын, береке-бірлігін, халықтар достығын, өзара ынтымақтастығын көздің қарашығындай сақтай отырып, ризығымызды молайту, экономикалық əл-қуатты күшейту, рухани байлықты дамыту, өркениет өріне қарай жол тарту. Осы мүдде, осы мақсат үшін ол неше алуан шегініс жасап, неше алуан келісім-шарттарға да барып жүрді. Сол жолдан күні бүгінге дейін таймай келеді, таймайтыны да анық», — дей келе: көптеген министрліктер мен ведомстволардың республикалық облыстық деңгейдегі түрлі мекемелердің мемлекеттік тілге деген салғырттығын қалай түсінуге болады. Əрбір облыс жағдайы ескеріліп, мүмкіндіктері есепке алынып жасалған мемлекеттік бағдарлама шарттары осы салғырттық салдарынан шаң жұтып отыр. Мұның орындалуын қадағалап отыратын тіл басқармаларынан басқа ешбір мекеме қалмаған сияқты. Демей-ақ десең ұлттық намыс таптала беретін түрі бар.  Орысша оқып, орысша тəрбие алған ағайынның біразы кейінгі кезде лауазымды қызметтерге өрлей бастады. Жалпы оcы заманның жоғарғы талабы тұрғысынан қарасаңыз тал бойына еш кінəрат таба алмағандайсыз. Алайда көбінің ана тілге деген зауқы жоқ. Ұлттық тіл, ұлттық мəдениет, ұлттық сана деген өзекті мəселелерге келгенде бір қазақ енді екіге жарылып, екі ұдай күй кешуде. Сонда Президент қатты мəн беріп отырған ұлт ішіндегі бірлікті қалай қалыптастырамыз? Оның үстіне соңғы уақытта «Үш тұғырлы тіл» мəселесі көп айтылып жүр. Бұл мəселені əркімдер əрқалай түсініп, əр саққа жүгіртіп, əркім өз жағына қарай бұрмалап та айтып жатыр. Бірақ біздің айтарымыз, осы үш тілдің ішінде біздің тұғырымызға қондыруға міндетті, соған тиісті бір-ақ тіл бар, ол — осы мемлекеттің атын иеленген қазақтың ана тілі. Орыстың тілі біздің Отанымда емес, ол өз жерінде тұғырлы болуы керек, ал ағылшынның тілі бізсіз де əлемді жайлаған, қонатын тұғырын əлдеқашан тапқан тіл. Орыстың да, ағылшынның да тілін біл, тіпті, əл-Фараби бабамыз секілді, бірнеше тілді меңгер, біреудің жолына екінші адам кедергі болмайды. Бірақ жергілікті халықтың тілін білу сол халыққа деген сыйластығыңды білдіретінін ұмытпағанымыз жөн. Ал енді ана тілін білмейтін шенеуніктер жайлы айтатын болсақ, тіптен сөз басқа. «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XII Құрылтайында жария еткен  болатын.   Ал   2007   жылғы   «Жаңа   əлемдегі  жаңа   Қазақстан»  атты   халыққа жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мəдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл идея ішкі саясатымыздың жеке бағыты болып белгіленді. Яғни, идеяның негізі: Қазақстанды бүкіл əлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қарым- қатынас тілі жəне ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Басқаша айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай əрі қарапайым, əрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз жəне ағылшын тілін үйренеміз. Айта кетелік, үштұғырлы тіл жай ғана əдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде пайда болған жоқ, ол — өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. Өйткені қазіргі кезде күллі əлемге есігін айқара ашып, «ақылды» экономиканы енгізіп жатқан елдер қарыштап дамуда. Ал  бұл бағыттағы толайым табыстарға, ілім-білімге алып барар жол — ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйрену. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық жəне интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Қазақстан үшін үштұғырлы    тіл — елдің бəсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бəсекеге қабілетті тұлғаға айналады.

Енді «Үштұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі — ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз — ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Оған қоса, ағылшынша білсең — əлемдегі ең үздік, ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігін мол. Тіпті, оқуыңды тəмамдаған соң, біршама уақытқа шетелде қалып, еңбек етуің үшін де бұл тамаша мүмкіндік. Ең бастысы, ағылшын тілін білу — бұл іскерлік қарым-қатынас жəне əлемнің кез келген нүктесінде бизнеспен айналысу үшін міндетті талап. Қазақстандықтардың ағылшын жəне басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге жəрдемдесу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында шет тілінің болашақ оқытушыларын оқыту жүйесі мен процесіне қойылатын талаптарды күшейту керек. Сонымен қоса, жаратылыстану мен математиканы ағылшын тілінде оқытатын оқытушыларды дайындау, шетелдермен тəжірибе алмасу, шет тілдерде сөйлейтін мамандарды тарту саласындағы ынтымақтастықты жандандыру, арнайы орта жəне жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларын шетелдерде тіл үйрену мен тəжірибе жинауға жіберу сияқты бірқатар іс-шараларды жүзеге асырған жөн. Жоғарыдағы мақсаттар Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында тайға таңба басқандай етіп жазылыпты.

Жалпы алғанда, тілдерді меңгерудің тиімділігін сөз еткенде біз бұл жұмыстың жүйелі түрде жетілдірілуіне батыл қадам жасағанымыз жөн. Əсіресе инновациялық əдістерді іздеуіміз қажет. Мысалға, əрбір облыста үш тілге бірдей оқытатын мамандандырылған орталықтар ашып, оларды алдыңғы қатарлы технологиялармен қамтамасыз етсек. Түптеп келгенде, Қазақстандағы үштұғырлы тіл саясаты — бұл елімізді, оның əлеуетін одан əрі нығайтуға бағытталған тұтас тұжырымдама. Іс жүзінде тілдердің үштұғырлылығы идеясы бəсекеге қабілетті Қазақстанның ұлттық идеологиясының бір бөлшегі болып табылады. Яғни, мемлекет əрбір қазақстандық үшін үш тілді білу — əркімнің жеке дамуының міндетті шарты екендігін əрдайым есте ұстауды қалап отыр.

Қазір елімізде қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін меңгеруге үлкен көңіл бөлінуде. Бірақ осы мəселеде «үш тілдің бірлігі» елімізде қолданылу аясында қатар сақталып жүр ме? Бұл — үлкен сұрақ… Тіпті алысқа бармай-ақ, еліміздегі жоғары оқу орындарында осы үш тілдің оқытылуындағы айырмашылықтың арасы жер мен көктей екені баршамызға аян. Барлық тіл — бірдей, адам баласының қатынас құралы, бірақ түрлі ұлт тілдерінің атқаратын рөліне қарай, оның мəртебесі əрқалай. Мəселен, Қазақ елі өз тілінің мемлекеттік мəртебесіне тек 1989 жылы ғана қол жеткізді. Бұл оның республикамыздағы барлық ұлт өкілдеріне ортақ тіл екендігінің ресми мойындалуы болатын. Алайда арада біршама жыл өтсе де, мемлекеттік тілдің мүддесі көңіл толарлықтай нəтиже шығарған жоқ. Қазіргі уақытта қазақ тілі — ресми-іскери тіл деңгейіне жете алмай отыр. Мекемелерде жүргізілетін іс-қағаздарын жүргізу құжатнамалары «аударма тіл» деңгейінен аспайды. Оның өзі — өлі тіл іспетті, арнайы тексеретін бақылаушы ұйымдар үшін ғана қатталған «оқылмайтын папкілер жиынтығы».  Бұл  —  ащы  да  болса  —  шындық.  Осындай  көзбояушылықтан  арылатын  кез жетті.

Мемлекеттік тілге деген жанашырлық, республикамыздың тіліне деген құрмет, жалпы елдігімізге деген азаматтық парызымыз, адами міндетіміз қайда?! [7].

«Үш тұғырлы тіл» саясатында ағылшын, орыс тілдері — ғылыми жүйеленген, ұлтаралық қатынас тілі мəртебесіне ие əрі ешқандай көмекке тəуелсіз, кəсіби қалыптасқан дербес тілдер. Мұндағы өзінің мемлекеттік мəртебесін іс жүзіне асыра алмай отырған əрі республикамызда тұратын түрлі ұлт өкілдерімен қатар, орыстілді жаңа қазақтарға тəуелді, халі мүшкіл, қандай да қолдау- көмекке зəру тіл, ол — қазақ тілі. Бүгінгі жоғары оқу орындарында негізгі пəндерден сабақ беретін оқытушылардың басым көпшілігі — ғылыми дəрежесі бар ғалымдар. Олар ғалым ретінде  қазақ тілінің ұзақ жылдар бойғы қалыптасу тарихында əдеби тіл, ғылыми тіл деңгейінде əбден жетілген ресми-іскери  тілге  лайық  «тілдік  қоры  бар»  лексикалық  бай  тіл  екенін  білуге  тиіс.    Сондықтан

«үштұғырлы» тіл саясатында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде өз Отанымызда қатынас тілі дəрежесіне жетіп, ағылшын, орыс тілдерімен тең деңгейде қолданылуы олардың қолдау- қалауларында.

«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның 4-бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Мемлекеттік тіл — мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу жəне іс қағаздарын жүргізу тілі» деп анық жазылған. Одан əрі: «Қазақстан халқын топтастырудағы аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру — Қазақстан Республикасының əрбір азаматының парызы» екендігін атап көрсеткен. Міне, осы Заң қаншалықты орындалып отыр? Қазақ елінің мемлекет болып қалыптасу тарихында өлшеусіз еңбек еткен, ұлттық тіл ғылымының негізін салған, көрнекті ғалым əрі мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы ғасыр басында «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», — деген болатын. Шындығында, ұлт ретінде түрің сақталғанымен, тілің сақталмаса, мəртебесі басым тілдің (ағылшын, орыс, латын т.б.) жетегінде кетіп, бірте-бірте жойылуың ғажап емес. Мемлекеттің мемлекеттік дербестігін білдіретін рəміздер: елтаңба, байрақ, əнұранның қатарында тіл де бар. Бірақ тілге деген көзқарас əлі енжар қалпында, енжарлықтан арылып, тілге ден қойып, оны үйрену əрбір Қазақстан Республикасының азаматтары мен азаматшаларының (еліміздегі барлық ұлт өкілдеріне қатысты) өз қолында. Дегенмен де, қит етсе болды үлкен-кішіміз бірдей «қазақ тілі — мемлекеттік тіл» дегенінен гөрі, «орыс тілі — ресми тіл» деген тармағын көп басшылыққа алып, соны айтып шыға келеміз. Заңымыздың тетігі жоқ, қоғамның талабы жоқ, тілдің қажеттілігін арттырмаймыз, сөйтеміз де тіл дамымады деп өкпелейміз. Сонда біз кімге өкпелеуіміз керек, өзіміздің құрметіміз бір-бірімізбен орысша сөйлесуден артпаса,  соны да біреу қадағалауы керек пе [8]?

Соңғы кездерде биліктің ойлап тапқыш фразеологиялық теңеулеріне де шек болмай тұр. Кезінде қос тіл, қос қанатың» дегенді санаға сіңіру арқылы, бірталай жыл қатарынан қоғамдық пікірді адастырған билік, ақыры орыс тілін екінші тіл еткені аз болғандай, енді келіп өркениетке жету үшін «үштұғырлы тіл» дегенді ойлап тауып, ағылшын тілін игеруді міндеттеген бағдарлама  жасап, уағызын осындай үлкен теңеулермен тағы құбылтып жатыр. Бұл аз болғандай, жаппай тілі шығып үлгермеген бүлдіршіндерді үш тілде тəрбиелейтін бала-бақшалардың ашыла бастауы қазақ тілінің басына үйірілген бұлтты бұрынғыдан бетер қоюлата түскендей.

Мемлекетімізде тек қана екі тілде: қазақ жəне орыс тілдерінде оқытатын мектептер бар. Оларға заңға сəйкес республикалық бюджеттен қаржыландыру қарастырылған. Себебі «ҚР-ның Тіл туралы» Заңы бойынша (4-б.) республикамыздың орта мектептері тек қана екі тілде қазақ жəне  орыс тілдерінде оқытуға бағытталған. Аталмыш Заңның 5-бабында «мемлекеттік ұйымдарда (орта мектептер мемлекеттік мекемеге жатады) жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс  тілі мен қазақ тілімен қатар қолданылатыны жазылған. Біз мектептегі реформа деген желеумен «Ата Заңдағы» (7-б.), «Тіл туралы» Заңымыздағы (4-б.) осындай қарапайым заң талаптарын бұрмалап, «үш тілде тереңдетіп оқытатын орта мектептер» деген тақтайшалардың ілініп тұрғанын көруге болады. Ендеше республикамыздың барлық облыстарындағы орта мектеп маңдайшаларындағы аталмыш тақтайшалар алынып тасталуы керек. Оқырман қауым бізді дұрыс түсінер деп ойлаймыз. Біз ағылшын тілі (өзге де шет тілдері) мүлдем оқытылмауы тиіс демейміз. Оқытылуы қажет болса,   онда «ағылшын тілі əркімнің қызмет бабы қажеттілігіне қарай, еріктілік түрде, тек қана ақылы арнаулы шет тілдері мектептерінде ғана үйретілуі тиіс». Барлық өркениетті еуропа мемлекеттерінде алты құрлықтың барлығында шет тілін үйрету мемлекеттік орта мектептен тыс, тек қана арнайы ашылған дербес «ақылы жеке мектептерде» жүреді. Өйткені ол елдердің барлығында заң баптары осылай етуді талап  етеді.  Осы  жерде  екінші  бір  жақ  тарапынан:  «Ақылы  оқытуға  қазіргі  нарық     заманында қарапайым ата-аналардың қаржылық мүмкіндігі жоқ, неліктен тегін оқытуға жағдай жасап отырған орта мектеп реформасына қарсы боламыз?» — деуші сұрақ та туындауы мүмкін. Жауап біреу — біз үштұғырлы тілдің бұрыстығын айтқанда мемлекеттік орта мектеп бағдарламасына кіргізетіндей Ата Заңымызда «ағылшын тілі» туралы баптардың жоғына ғана сүйеніп отырмыз. Себебі ағылшын тілін міндеттеп оқытуды бала-бақшадан бастап орта мектеп бағдарламасына кіргізу Ата Заңымызда жазылмаған. ҚР-сының «Тіл туралы Заңында» да ағылшын тілін мемлекеттік тілдің бірі ретінде оқу бағдарламасына кіргізу міндеттелмеген. Ал, заңның орындалуын, қатаң қорғалуын қамтамасыз ету кез келген мемлекеттік мекемелерде бəрінен жоғары тұруы тиіс [9].

Қазақстанның орта мектептерінде жүріп жатқан осы реформа мемлекет тарапынан «Тіл туралы» Заңды өрескел бұзу болып табылады. Осының төңірегінде Республикалық халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, «Тілдерді дамыту басқармасы» мəселенің осы жағын, «үштұғырлы тіл» саясатының Ата Заңымызға қаншалықты сəйкестігін зерделеп, ойланып көрді ме екен? Біздіңше, бұған тіл мамандары араласып, мұның ҚР-сының «Тіл туралы» Заңына жəне Конституцияға сəйкестігін сараптамадан өткізу қажет. Ағылшын тілін орта мектептерде «міндеттеп оқыту» заңнан тыс жəне оған бюджеттен бөлінген қаржы да заңсыздық болып табылады. Керісінше, оған бөлінген миллиондаған қаржыға қосымша сағаттар ашып, мəселен, мектеп бағдарламасына «Əлем əдебиеті» пəнін неге енгізбеске?

Осылай кете берер болса, енді бірер жылдан кейін космополиттер «төрт тіл, төрт құбылаң» дегенді тағы ойлап тауып, таяу болашақта қытай тілін үйренуге үндеулері де ғажап емес. Мəселен, қазірдің өзінде еліміздің біраз жерлерінде қытай тілінен дəріс беретін курстар ашылып, қытай тілін үйренуге шақырған хабарландырулар көбейюде. Қытай тілін оқыту курстарының жаппай жұмыс жасауының қаншалықты заңға томпақтығын тексеріп, онымен айналысып жатқан жергілікті «Қазақ тілі» қоғамы, ішкі саясат департаменті, құқық қорғау органдары да жоқ. Бұл біздің елімізде қытай ұлтының бір күндері үлкен диаспораға айналуына əкелетін алғышарт. Қытай тілінің жаппай үйретілуі бара-бара барлық жерде Қытайдың мəдени-қоғамдық ұйымдарының ашылуына əкеледі.  Бара-бара бұл қытай тілін үйренген қазақтарымыздың тұрақты кəсібіне айналып, ұлтымызды қытайландыруды өз қазағымыздың қолымен іске асыра бастайды. Мəселен, бұған бүгінде ағылшын тілін меңгеру арқылы оны болашағына кəсіп еткен өз ұлтымыздың қатарының көбейіп, бүгінде жаппай оқыту да сондай қазақтардың қолымен іске асырылып жатқаны дəлел болады. Қазаққа кезінде орыс тілі де осылай түпкілікті таңылған болатын [10].

Қорытындылайтын болсақ, Қазақстан — ортақ шаңырақ деп айтамыз, тілге  келгенде ортақтаспай қаламыз. Тіл ортақтаспай — біз ортақтаспаймыз немесе бірігу неғайбыл болады. Өйткені Отан — біреу, бəріміз жазамыз десек жазып, сөйлейміз десек сөйлеп, қызмет істейміз десек, істеп жатырмыз. Ал енді қызметке келгенде мемлекеттің тілі ортақ болмайды. Осы айналып келгенде қауіптілік туғызады. Əрине, Заңның қандай жағдайда да бұлжытпай орындалуы бəрімізге ортақ. Алайда ешбір елдің Конституциясында өзге ұлттардың да тілін дамытайық деген сөз жоқ қой. Осыған орай мемлекеттің ұрпақ тəрбиесіндегі «үштұғырлы тіл» деген ұстанымы қате саясат деп ойлаймыз. Ендеше, «айттым бітті, кестім үзілді» дегендей, бұған бас шұлғи беруге, белден басып заңды бұзуға болмайды. Ана тіліміздің күшін арттыру заңы баяғыда-ақ қабылданғанымен, бұл істің шала қолға алынып отырғаны тайға таңба басқандай көрініп-ақ тұр. Əліде болса, мектеп қабырғасындағы оқушы да, жоғары оқу орнының студенттері де, тіпті күнделікті өзіміз теледидардан да көріп жүрміз. Үкімет басындағылардың өзі қазақшаның басын құрай алмай, «қ»-ны «к» деп, «ғ»-ны «г» деп отырғанын көргенде ішің ашиды. Қазіргі таңда да тіл мəдениеті үшін күрес, ең алдымен, ана  тіліміздің қоғамдағы орнының бекемдігі, əлеуметтік жағдайының жоғары болуы үшін күрес болуға тиіс. Тіл мəдениетіне тəрбиелеу сөз мəдениеті негіздері туралы жəне тіл туралы жан-жақты ұғым беруден басталады. Сөз əдебі, əдетте, ауызша сөйлеу тілі мəдениетімен тұтастықта танылатындықтан, адамның айналасындағылармен табыса білуінің құпиясы қарым-қатынастың əлеуметтік-тұрмыстық жəне іскерлік секілді түрлерімен сабақтастық сараланды. Осы қатынас түрлерінің мақсатына қарай тілдің қолданыс аясының өзіндік ерекшеліктеріне көңіл аударылды. Ал, жазба тіл мəдениеті аясында, негізінен, іс қағаздары стилі мен оқушылардың шығармашылық бағыттағы жазба жұмыстарының үлгілері топтастырылды. Сан-саналы қазақ тілінің сөз бедері қоғамның қай саласын алсақ та ешбір тілден кем емес, толық қалыптасқан əлемдегі кемел тілдерінің бірі. Іс қағаздар, құжаттар, түрлі қарым-қатынастағы ресми тіл ретінде де өзінің қызметін атқаруда. Заманының көшінен қалмай, бүгінде ресми тіл қайта даму үстінде. Əрине, кемшіліктері де жоқ емес. Бірақ бұл тілдің нашарлығына болған кемшілік емес, керісінше, жарты ғасырда боданда болған тілдің тұншығып барып қайта оралуы есеп болар. Еліміздегі ресми іс қағаздар стильдің жаңаша даму қарқыны əлі алда.

Қазіргі жағдайы орыс тілінен аударма, салыстырма, қосымша түрінде болып отырғаны да жасырын емес. Егер жоғарыда отырған шенеуніктердің өзі қазақ тіліне деген қажеттілікті сезінбей жатса, басқасына не деуге болады?! Сондықтан əуелі ана тіліміздің мəдени деңгейдегі мəртебесін көтеріп алмай, «үштұғырлы тіл» саясаты жайлы айту əлі ертерек пе деп ойлаймыз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Сыздық Р. Тіл мəдениеті жəне оның проблемалары. — Астана: Елорда, 2001. — 230-б.
  2. Кунапьянова А.Д., Аубакирова Л.Р. Тіл мəдениетінің өлшемдері жəне оған қойылатын талаптар // «С.Аманжолов оқулары — 2004»: Халықарал. ғыл.-практ. конф. материалдары. — Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2004 — 392-б.
  3. Ожегов Л.И. Лексикология. Лексикография. Культура речи. — М.: Высш. шк., 1974. — С.
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасы». — Астана, 1998. — 5 қазан.
  5. Əбдіхалықов А.Т. Қазақ тілін білу деңгейін бағалау мəселелері // Тіл жəне қоғам. — № 2. — Астана, 2008. — 13-б.
  6. Балақаев М. Қазақ тілінің мəдениетінің мəселелері. — Алматы: Қазақстан, 1965. — 186-б.
  7. Уəлиев Н. Сөз мəдениеті. — Алматы: Мектеп, 1984. — 92-б.
  8. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. — Астана, — 7 ақп.
  9. Нұрлыбай С. Үштұғырлы тіл. http://www.masa.kz., 09.11
  10. Тұрысбек Р. Асыл сөздің арналы ағыстары. http://www.elgazeti.kz. 10.11

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.