Спорт

Өз ұрпағын ерлікке тəрбиелеуде халқымыз ел игілігі болатын еңбекті, ел қорғайтын батырлықты мадақтап, жоғары бағалаған. Халық елді қорғау адамгершіліктің асқар шыңы деп тұжырымдайды. Халқымыздың дəстүрінде елді қорғаушы елдердің ерліктерімен қатар, елі үшін жан аямай еңбек еткен саналы жандардың еңбектерінде үлгі-өнеге ретінде қастерлеген. «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі», «Отызында орда қорғай алмаған, қырқында қырдан аса алмайды», — дейді халық. Сондай-ақ ерлік қасиеттерді қаһармандықты батырлық жырларда қастерлей насихаттайды [1].
2010

Еліміздегі жастардың арасында футболдың үлкен танымалдығына байланысты онымен тұрақты шұғылдану нəтижесінде ұлдар мен қыздар ағзасындағы болатын морфологиялық жəне функционалық өзгерістерін жан-жақты білу аса маңызды. Осы мəселеге бірқатар зерттеулер арналған (В.В.Гориневская, Т.А.Цветаева, Г.И.Цинцадзе, Р.Е.Мотылянская, И.Н.Преображенский, Ю.Ф.Буйлин, А.И.Головина). Алайда көптеген аталған зерттеу жұмыстарында сол кездегі жаттығу жүктемелер мөлшері жəне жылдамдығы аз болған. Көптеген жылдардағы зерттеулерде бірқатар жұмыстарда мəселенің жекелеген жақтары қамтылған. Жүргізілген зерттеулерде футбол ерекшелігі, соның ішінде ұзын бойлы ойыншыларды таңдауда да көрсетілмеген.
2010
Тег: Спорт
Футболмен тұрақты шұғылданудың дене шынықтыруға əсері мен жасөспірімдердің бірқатар функционалдық көрсеткіштері

Қазақ халқы — материалдық (қазба байлық) мұраға қоса мəдени-рухани қазынаға да аса бай халықтардың бірі. Ұлттық ойындарды бүгінгі замандастарымыз бен жас ұрпақтарымыздың оқып- үйірене отырып, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата-бабаларының психологиялық бол- мысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарына саралап, жете білуіне, дəстүрлер жалғастығын өрістете отырып, өткен мен бүгінін байланыстыра білуіне септігін тигізбек. Қазіргі тарихи ғалымдардың дəлелдеуі бойынша, күні бүгін бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласы жаратылған күннен, демек Қазақстан жеріне қалыптасқан алғашқы қауымдастық құрлыстан басталады.
2010
Тег: Спорт
Жауынгерлік өнердің дамуындағы ұлттық ойындардың рөлі

Бүгінде қоғамдық қатынастардың нарықтық жағдайда қайта құрылумен байланысты жеке тұлғаны мəдени кеңістікте тəрбиелеп жетілдіріп қалыптастыру актуалды мəселе болып отыр. Бұл мəселенің философиялық, психологиялық жəне педагогикалық аспектілері бар. Рухани адамгершілікке тəрбиелеудің мақсаты жастардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады. Тəрбие өмірбақи үздіксіз жүретін үрдіс болса да, қазақ халқына жетілген тұлғаның сипатын «Сегіз қырлы бір сырлы» деген бір ауызбен түйіндеген. Өйткені адамның тəндік жəне жандық сипатын бірлікте қарастырған [1].
2010

Қазіргі кезеңдегі студент-спортшылар дайындау жүйесі өзіндік мақсаты, міндеттері, құралдары, əдістері, ұйымдастыру түрлері мен материалдық-техникалық шарттары бар. Студенттерді ең жоғары спорттық нəтижелерге жеткізу күрделі де көп факторлы құбылыс болып табылады. Сонымен қатар студент-спортшыны жарыстарға дайындайтын ұйымдастырылған педагогикалық үрдіс қажет. Əйел футболшылардың жалпыкомандалық жаттығуымен қатар, жеке ойыншылардың арнайы дайындауын қамтамасыз еткен де жөн. Футболшылардың техникалық дағдылары қарапайым, жылдам болуға тиісті. Бұл дағдыларды əбден жетілгенге дейін ойыншылардың жеке ерекшеліктерімен сəйкестендіре дамыту қажет [1].
2012

Мақалада дене тəрбиесі жүйесін қайта құрудың педагогикалық жолдары қарастырылған. Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыратын бағдарламаны құру үшін жалпы білім беру мекемелері оқушыларының дене тəрбиесін құру концепциясы талданды. Экологиялық ахуалдың нашарлауы, қоғамдағы əлеуметтік-экономикалық дағдарыс секілді мектеп оқушыларының денсаулығына теріс əсер ететін факторлар анықталды. Сондай-ақ салауатты өмір салты адамгершілік-рухани байлықты, тиімді қимыл-қозғалыс тəртібін тəрбиелейтіндігі сипатталған. Дене тəрбиесі мен сауықтыру іс- шараларындағы білім, біліктілік жəне дағдыларды игеру деңгейіне жүргізілген талдау оларды салауатты өмір салтының маңызды көрсеткіштері болып табылатындығын анықтады
2012
Орта білім беру мектептеріндегі дене тəрбиесінің жүйесін құрудың педагогикалық жолдары

Мақалада бала өміріндегі ұлттық тəрбиенің рөлі туралы айтылған. Сол мақсатта ұлттық ойындардың, ұлттық мерекелердің, тілдің, салт-дəстүрдің маңызының ерекшелігі жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар осы айтылғандардың арасындағы сабақтастық жəне байланыс жақсы көрсетілген. Қазіргі замандағы көкейкесті мəселелерді шешуге байланысты ұлттық тəрбие арқылы Отанды сүюге балаларды баулу, үлкендерді сыйлау жайлы ойлары жұмыста жүзеге асырылған.
2015
Ұлттық тəрбиенің бала өміріндегі маңызы

Мақалада мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың денсаулығының жақсаруына бағытталған бірқатар денсаулық сақтау технологиясының бағыттары қарастырылған. Ғылыми-əдістемелік əдебиеттер мен авторлардың қоршаған ортаның бала денсаулығына əсеріне байланысты зерттеулері денсаулық сақтау технологияларын жетілдіруге мүмкіндік жасады. Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тəрбиенің тəжірибесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, əлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты мегзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тəрбиелеу негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
2015
Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тəрбие үдерісіндегі денсаулық сақтау технологияларының ерекшеліктері

Мақалада оқушылардың тіршілік əрекеті қауіпсіздігінің негіздері жөніндегі басты мəселелер қарастырылған. Тіршілік əрекеті қауіпсіздігінің негіздерін оқытуға арналған ұлттық ойындардың түрлері сипатталған. Салауатты өмір салты мəселелері жөніндегі психологиялық-педагогикалық аспектілерге талдау жасалған. «Салауатты өмір салты» түсінігінің мəніне талдау жүргізілген. Оқушыларды ұлттық ойындарға тəрбиелеу мəселесі жан-жақты талқыланған
2013
Тег: Спорт

Мақалада сыныптан тыс уақытта түрлі спорттық шаралар өткізу арқылы патриотық тəрбие беру мəселелері қарастырылды. Сонымен қатар мектеп жасындағы балаларды патриотизмге тəрбиелеудің сұранысқа ие екендігі айтылып, спорттың тəрбиелік құндылықтарын мектептен тыс уақытта дұрыс ұйымдастырған жағдайдағы тиімділігі жайлы айтылды. Сондай-ақ мектептерде жүргізілген сауалнама нəтижелері беріліп, сарапталған.
2014

Мақалада оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мəселелері қарастырылған. Авторлар өскелең ұрпақ тəрбиесіндегі педагогикалық үдерістің негізгі фаторларының бірі ретіндегі ұлттық ойындардың түрлерін зерделеген. Мəдениетті шығармашылық тұрғыдан игерудің жалпыға бірдей түрі ретіндегі қазақтың ұлттық ойындары жəне оның дамытушы функциялары туралы жинақталған түсінік тұжырымдалған. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мəселелері жөніндегі психологиялық-педагогикалық аспектілерге талдау жасалған.
2015
Тег: Спорт