Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орта білім беру мектептеріндегі дене тəрбиесінің жүйесін құрудың педагогикалық жолдары

Н.Ə.Назарбаев өзінің 2012 жылдың 27 қаңтардағы Жолдауында бірінші кезекте білім жəне денсаулық саласына баса назар аудару керек екендігін атап өтті. Білім беру жүйесі жастарды тек біліммен қаруландырып қана қоймай, сонымен қатар сол білімді əлеуметтік бейімделу үдерісінде білікті қолдану керек екендігін белгілейді. «Саламатты Қазақстан–2015» мемлекеттік бағдарламасының аясында халқымыздың денсаулығы, оның ішінде жастардың салауатты өмір салтымен өмір сүру мəселелері қамтылған. Дегенмен тұрғындардың көпшілік-бұқара спорт түрлері бойынша шешімі табылмаған сұрақтар əлі де болса көптеп табылады [1].

Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде дене тəрбиесі пəнінің бағдарламасын өзгерту керек екендігі өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Осы салада қолданылатын бағдарламаларға жүргізілген талдаулар қимыл-қозғалыс сапалары мен қимыл-қозғалыс дағдыларын дамытуға бағытталған басымдылық дене тəрбиесі мамандарын қанағаттандыруы мүмкін емес жəне қоғамның қазіргі уақытта алға қойған міндеттерін шешуге мүмкіндік бермейтіндігін дəлелдейді.

Көптеген авторлар оқушылар арасындағы жүрек-қантамырлар аурулары, тыныс алу жүйелерінің аурулары мен жұқпалы аурулардың бұрынғыдан да көп деңгейде тарап жатыр деген пікірлерді айтуда. Жүргізілген теориялық зерттеу жұмыстары көрсеткендей, соңғы кездері жас ұрпақтың денсаулығы көп төмендеп кеткен [2]. Ағзаның қызметін қамтамасыз ететін жүйелерге теріс əсерлердің ұлғаюы, ақпараттар ағымының өсуі, тұлғаның өз бойындағы қабілетін көрсетуге мүмкіндіктің болмау қазіргі заманғы адамның денелік, психикалық жəне адамгершілік қабілеттеріне теріс əсер етеді. Əсіресе аталған факторлар балалар мен жасөспірімдердің ағзаларына орасан зор əсер етеді. Балалар мен жасөспірімдердің созылмалы аурулары, оның ішінде бірінші кезекте жүрек- қантамырлар жүйесі, тыныс алу жүйелері мен тірек-қимыл аппаратының ауруларының өсуі байқалады [3]. Психикалық тұрғыдан ауытқуы бар, салмағы орташа көрсеткіштен төмен балалардың саны ұлғаюда. Дененің саулығы, психикалық жəне адамгершілік-рухани саулықтармен тығыз байланыста болатындықтан, аурулардың кең тарау əлеуетімен қатар, үрейленудің ұлғаюы, адамгершілік-рухани қасиеттердің төмендеуі, мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынастарының нашарлауы байқалады. Мұндай көрсеткіш «өркениет аурулары» деп аталады жəне оның шешімін жылдам табу қажет [4].

Авторлардың пікірінше, мұндай күрделі де, қиын жағдайды түзететін жолдардың бірі — оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Алайда мектептегі дене тəрбиесі бағдарламасында аталған мəселеге жеткілікті көңіл бөлінбегендіктен, оқушыларға дене тəрбиесі негіздерін үйретуге ғана емес, сонымен қатар еліміздің жас ұрпағының барлық дерлік тіршілік əрекеттерін қалыптастыруда қиындықтар тудырады. Мектеп жасындағы балалардың арасында ауру түрлерінің бұрынғыдан да кең тарауы, денсаулық көрсеткштерінің нормаларынан ауытқудың ұлғаюы, оқушыларға сауықтыру бағытындағы біліктілік пен дағдыларды үйретуге арналған əдістемелерді құрастыру қажеттілігін туындатады. Мұндай пікірге келуге дене тəрбиесіне жəне білім беру істеріне қатысты концепцияларды талдау бойынша жүргізілген теориялық зерттеулер негіз болады [5; 32].

Қазіргі уақыттағы дене тəрбиесі концепциялары мен бағдарламаларында салауатты өмір салтымен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру тыс қалып жатады жəне аталған жағдай дене тəрбиесінің тиімділігін көп төмендетеді. Осы салада даярланған бірқатар теориялық еңбектерде дене тəрбиесі бағдарламаларының бөлімдерін сауықтыру бағытында құру керек деген пікірлердің айтылғаны болмаса, нақты іске көшуге əлі көп уақыт керек сияқты.

Міне, сондықтан да, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру бағытында ұйымдастырылатын сабақ мазмұнын құру үшін қолда бар мүмкіндіктерді (дене тəрбиесінің түрлі жүйелерінің денелік жəне психологиялық-денелік жаттығулары) іріктеу қажет.

Мектеп оқушыларының денсаулығын анықтайтын моториканың негізгі көрсеткіштерін бейнелейтін əдебиет көздерін талдау кезінде мынадай жағдай анықталды. Көптеген авторлар бірқатар қимыл-қозғалыс сапалары денсаулық күйіне едəуір əсер етеді жəне түрлі жас кезеңдерінде ол сапалар əр түрлі болуы мүмкін деген пікірмен келісіп отыр. Зерттеушілердің көпшілігінің пікірінше, денсаулық көрсеткіштері негізінен ағзаның жалпы төзімділігі, бұлшықет күші жəне иілгіштігіне байланысты [6]. Ғылыми-əдістемелік əдебиеттерге жүргізілген талдауларға сүйене отырып, жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының салауатты өмір салтымен өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін сауықтыру іс-əрекеттерінің мазмұнының құрылымын сипаттауға болады. Ол мынадан тұрады: жүрек-қантамырлар жəне тыныс алу жүйелеріндегі ауытқулардың алдын алатын жəне түзейтін сауықтыру іс-шаралары, сондай-ақ суық тию ауруларының алдын алу; жалпы төзімділік, бұлшықет күші жəне иілгіштік сапаларын дамытуға бағытталған жаттығулар; қимыл-қозғалыс белсенділігінің деңгейін жоғарылатуға жəне салауатты өмір салты дағдыларын тəрбиелеуге арналған мектептен тыс іс-шаралардағы ойындар (1-сур.).

Тыныс алу гимнастикасының жаттығулары, жүрек-қантамырлар жəне тыныс алу жүйелерінде болатын ауытқулардың алдын алудың тиімді құралдары болып табылады. Олардың ішінде өкпені барынша (maximum) желдендіретін, құрсақ бөлімінің бұлшық еттерін пайдалана отырып, демді тартып, тыныс алуды тоқтату секілді жаттығулар балалар мен жасөспірімдер үшін пайдалы болып табылады. Суық тию ауруларының алдын алу үшін хатха-йога жүйесінің ерекше жаттығулары ұсынылады. Авторлар олардың ішіндегі ең тиімдісі — баста орналасқан биологиялық белсенді нүктелерге массаж жасау, кейбір тыныс алу жаттығулары, құрсақ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар мен статикалық қалыптар деп санайды [7].

  Салауатты өмір салтын құруға ықпал ететін іс-əрекеттер құрылымының үлгісі

Ғылыми əдебиеттердегі мəліметтер қимыл-қозғалыс белсенділігін жоғарылату, салауатты өмір салтымен өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететіндігін көрсетті. Сондай-ақ ол оқушылардың эмоциялық көңіл-күйін белсендіретін өздік жаттығуларды құрудың белгілі деңгейдегі тəртібімен жалғасуы керек. Ондай сабақтар, бір жағынан, орындалатын жұмыстың əсерлілігін ұлғайтса, екінші жағынан — салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруды ынталандырады. Яғни ойын іс-əрекеті дене тəрбиесіне деген оң көзқарасты қалыптастырады, сондай-ақ оқушылардың қимыл-қозғалыс белсенділігінің көлемін тиімді ұлғайтады.

Салауатты өмір салты мен өмір сүру дағдыларының болмауы салдарынан келесі бірқатар теріс салдарлар орын алып жатады: салауатты өмір салтына деген мақсатгерліктің болмауы; осы саладағы қалыптасқан дағдылардың нық болмауы; өз ағзасын қадағалау мен эмоциялық көңіл-күйдің болмауы. Салауатты өмір салтымен өмір сүру дағдыларын қалыпастыратын бағдарламаларды құру үшін мектеп оқушыларының дене тəрбиесі жүйесін құрудың концепциясын негізге алу идеясы ұсынылады. Авторлар салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін дене тəрбиесінің жүйесі тек денелік қана емес, сонымен қатар адамгершілік-рухани дамытуға бағытталуы керек деген пікірді қолдайды [1, 2]. Аталған мəселені кешенді жолмен шешу үшін түрлі сауықтыру жүйелері мен дене тəрбиесі шаралары іске асырылуы керек. Соның нəтижесінде балалар мен жасөспірімдерде қоршаған ортаның теріс əсер ететін факторларына қарсы тұра білу қасиеттері едəуір жоғарылайды.

Бірқатар авторлар сауықтыру бағытындағы дене тəрбиесінің негізгі құрамында теориялық жəне əдістемелік білім негіздері, дене тəрбиесінің сауықтыру шараларының тəсілдері болу керек деген пікірді қолдайды [2–4]. Айтылған болжамдарға сүйенетін болсақ, адамның барлық негізгі іс- əрекеттері, оның ішінде дене тəрбиесі де санада бекіген жəне қалыптасқан білім негізінде құрылады. Мүмкін, дене тəрбиесі төңірегіндегі білімнің анықталған төмен деңгейін оқушылардың қимыл- қозғалыс аясындағы жоғары дайындықтың болмауымен байланыстырған да дұрыс шығар.

Оқытушылар тарапынан оқушылардың дене тəрбиесі сабақтарында орындайтын іс-əрекеттері дұрыс түсіндірілмей, салауатты өмір салтына насихаттау туралы ақпараттар жалпылама жəне жүйесіз берілетіндігін, жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың дене тəрбиесі бағдарламаларына жүргізілген талдаулар анықтап берді. Мұндай жағдайда бағдарламаның материалын игеру қиындығы ғана туындап қоймайды, сонымен қатар дене тəрбиесімен шұғылдануға деген қызығушылықты, салауатты өмір салтымен өмір сүруге деген дағдыларды қалыптастыру қиын болады. Оған балалар мен жасөспірімдерді қимыл-қозғалыс дағдылары мен біліктілікті үйретуге бағытталған əдістемелік құралдар мен ғылыми зерттеу жұмыстарының мəліметтері дəлел болады.

Бəлкім, аталған жағдайға дене тəрбиесі саласындағы білімді игеру деңгейін шынайы бағалайтын əдіс-шарттардың болмауымен түсіндіруге болатын шығар. Осы күнге дейін дене тəрбиесі бойынша қажетті білім деңгейін болжайтын əдістемелер жеткілікті қарастырылмаған.

Оқушыларды дене шынықтыру-сауықтыру іс-əрекеттері аясындағы даярлау мəселелері жан- жақты зерттелмеген болып табылады. Теориялық-əдістемелік жұмыстардың арқасында зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізіледі. Қимыл-қозғалыс дайындығымен негізделген дене шынықтыру- сауықтыру іс-əрекеттерін құру жолдарының кемшіліктері аталған бөлімді жақсы игеруге мүмкіндік бермейді. Себебі ол білім мен біліктілікті қалыптастыру жүйесімен бекітілмеген.

Спорттық іс-əрекетті жүзеге асыра білу, салауатты өмір салтымен өмір сүру дағдыларының маңызды құрам бөлігі бола отырып, теориялық жəне практикалық сипаттағы арнайы зерттеу жұмыстарын қажет етеді.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың салауатты өмір салтымен өмір сүру аясындағы дайындық деңгейлерін анықтау үшін мынадай əдістер қолданылады: ауызша сұрақтар, жазбаша сұрау (анкета), тест түріндегі педагогикалық қимыл-қозғалыс тапсырмаларын орындау. Бақылау əдістерін талдау, олардың əдетте нақты болжау критерийлері (белгілері) жоқ екендігін, оқушылардың дайындық деңгейлерінің шынайы бағаланбайтындығын көрсетті. Əдетте оқу материалын сəтті игеру түрлі деңгейде байқалады жəне тек белгілі бір деңгейдегі жетістік қана (оқу материалын шамамен 70 % деңгейде игеру) одан да күрделі оқу материалын игеруге көшуге мүмкіндік береді.

Дене шынықтыру-сауықтыру іс-əрекеттері аумағындағы білімді бақылау жүйесін құру үшін əдетте дене тəрбиесі мен сауықтырудың түрлі концепцияларына сүйенеді. Дене шынықтыру- сауықтыру іс-əрекеті бойынша білімді игеру деңгейін бақылау жүйесін құрудың қосымша материалына арнайы зерттеулерді жатқызуға болады. Бірқатар шектегіш құжаттар, мəселе аумағын нақты жəне қатаң түрде белгілеуге мүмкіндік береді. Дайындық деңгейін құру үшін əдетте барлық сыналушыларды бірнеше топтарға бөлуге (төмен, орташа жəне жоғары дайындық деңгейі) мүмкіндік беретін «Іріктелген нүктелер шкаласы» қолданылады.

Шектегіш құжаттарға сəйкес бірқатар авторлар дене шынықтыру-сауықтыру іс-əрекеттерінің көрсеткіштерін анықтайтын дағдылар тізімін құруды ұсынады [8]. Ондай дағдыларға «Таңертеңгілік гигиеналық гимнастикамен шұғылдану», «Шынықтыру іс-шаралары», «Денсаулықты нығайту жəне денелік жұмыс істеу қабілетін жоғарылату үшін қозғалмалы жəне спорт ойындарын қолдану» бөлімдерін енгізу ұсынылады (2-сур.).

Спорттық іс-əрекеттер дағдыларын игеру деңгейлерін бағалау үшін нормативтік құжаттар мен осы мəселе бойынша басылып шыққан материалдарды, басылымдарды қолданады. Онда мынадай бөлімдерді бөліп көрсетуге болады: «Бір-екі спорт түрінен негізгі ережелерді білу», «Бір-екі спорт түрінен негізгі техникалық əдіс-тəсілдерді білу», «Бір-екі спорт түрінен еліміздің чемпиондарын білу», «Спорттың бір түрінен жарысқа қатысу», «Спорттың бір түрінен спорт үйірмесіне қатысу немесе спорт мектебінде спорттың таңдаған түрімен шұғылдану».

   2-сурет. Ағзаны шынықтыру жəне сауықтыруға ықпал ететін негізгі дағдылар

Соңғы уақыттарда оқушылардың дене тəрбиесінің жүйесін жетілдіру жəне оларда салауатты өмір салтымен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру мен дене шынықтыру-сауықтыру іс-əрекеттерін іске асыру дағдыларын жетілдірудің концепциялары мен жаңа жолдары пайда бола бастады [5; 35]. Əдетте салауатты өмір салтымен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру жүйесін құруда екі əдістемелік жолға баса назар аударылады.

Біріншісі — мемлекеттің қажеттілігін бірінші кезекте ескере отырып, оқушының жеке тұлғасын əлеуметтендіру жəне баланың қоғамға барынша бейімделуі. Мұндай жол жалпы білім беретін мектептегі оқушының жан-жақты тиімді дамуына толыққанды мүмкіндік бере алмайды.

Екіншісі — баланың жекелеген қабілеттері мен қасиеттерін жəне психикалық-денелік сапаларының деңгейін барынша ашып көрсетуге бағытталған. Екі жол да қазіргі уақытта белсенді түрде жан-жақты қарастырылуда жəне екеуінің де тиімді жəне тиімсіз жақтары бар. Оқушыға əлеуметтік тұрғыдан келгенде, оны қоғамға бейімдеу идеясы алға шығады да, оның дербестігін сипаттайтын қасиеттер (зерде, қабілет, темперамент, мінез-құлқының кескіні) екінші жолға кетіп, оқу-тəрбие үдерісінде ескерілмейді немесе екінші кезекте қарастырылады.

Адам өзінің іс-əрекетіне «əлеуметтендірілген тұлға» тұрғысынан қараған жағдайда, оның өмірлік көзқарасы өзінің жеке тұлға екендігін барынша төмен деңгейде қарайтыны белгілі. Бұл жерде іс-əрекеттің мəнін түсіну жоққа шығып, сонымен қатар дене тəрбиесі аясындағы іс-əрекеттер де дұрыс деңгейде іске аспай жатады. Дене тəрбиесімен шұғылдану үдерісінде дербес қасиеттерді жетілдірумен байланысты құндылықтардың орнына дене сапаларын жетілдіру маңыздылығы алға шығады. Дене тəрбиесінің басты міндеті адамды сауықтыруға ұмтылыс ретінде анықталады, яғни адамда толыққанды денсаулық жоқ екендігі алдын ала анықталып қойылады. Дене тəрбиесінің жүйесінде адамгершілік, зерделік мəселелерге жəне жалпы алғанда адамның мəдени тұрғыдан қалыптасуына назар аударылмаған.

Отандық ғалым А.В.Ахаевтың пікірінше, сауықтырудың белсенді əдістерін қолдану, адамды өзінің «қауіпсіз аумағына» қайтып əкеледі жəне даму кезіндегі барлық дерлік теріс ағымдардың алдын алады. Тұлға валеологиялық білім аясында қаншалықты ерте болса, оның денсаулығын сақтауға, нығайтуға жəне ағзаның əлеуеттік мүмкіндіктерін жоғарылатуға ықпалы да зор болады.

Денсаулықты салауатты өмір салты тұрғысынан бағалау, ағзаның барлық мүшелері мен жүйелерін əрдайым бақылауда ұстау — баланың өздік жетілуіне қосымша күш береді [2].

Міне, сондықтан, жалпы білім беретін мектеп оқушыларының салауатты өмір салтымен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру мəселелерін шешудің маңыздылығы түсінікті болып шығады. Бұл маңызды міндеттердің бірі жəне соның дұрыс жолға қойылуымен қоғамның даму мəселелері шешілмек. Аталған мəселелерге жүргізілетін теориялық жəне практикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуде тұлғаның дербес ерекшеліктерін ескеру басымдылықта болу керек. Тейяр де Шарден айтқандай, эмпирикалық материалды бақылау жəне сипаттаумен шектеліп қана қоймай, оның динамикадағы зерттеу нысанын анықтай білу керек. Ондай жағдайда зерттеу нысаны салыстырмалы түрде қарастырылады да, таным теориясы шектеліп қалады.

Сонымен, дене шынықтыру-сауықтыру саласындағы білім, біліктілік жəне дағдыларды игеру деңгейін анықтау салауатты өмір салтымен өмір сүрудің маңызды көрсеткіштері болып табылады жəне салауатты өмір салтымен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру мəселелерінің бар екендігін жоққа шығармайды. Салауатты өмір салтымен өмір сүрудің дағдыларын қалыптастырудың əсерлі жүйесі тек қана осы өзара жəне басқа да көптеген көрсеткіштердің байланыстарын анықтау негізінде ғана құрылуы мүмкін.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Президентінің 27.01.2012 жылғы «Əлеуметтік-экономикалық жаңғыру — Қазақстанның дамуының басты бағыты» атты халқына Жолдауы // parlam.kz/ru/mazhilis/news-details/id399/2/1
  2. Ахаев А.В. Валеологические основы в создании здоровьесберегающего образовательного пространства: Монография.— Алматы: Ғылым, 2004. — 310 с.
  3. Казмагамбетов А.Г. Адаптационные возможности подростков, обучающихся в режиме школы для одаренных детей: Сб. материалов Междунар. науч.-практ конф. — Алматы,
  4. Клевцова Ю.Е. Формирование навыков здорового образа жизни юношей старшего школьного возраста на уроках физической культуры: Автореф. дис. ... канд. пед. наук. — М., 1998. — 34 с.
  5. Бондаревский Е.Я., Кадетова А.В. О школьных программах по физической культуре // Физическая культура в школе.— 1987. — № 4.
  6. Kirkendall D.E. Effect of physical activity, on intellectual development and academic performance // Effects of physical ac- tivity on children / G.A.Stull, H.Eckert // Amer. Academy of Physical Education papers. — 1986. — № 19. — P. 40–63.
  7. Бянь Чжичжун. Секреты молодости и долголетия / Пер. с кит. — М.: Мол. гвардия, 1989. — 64 с.
  8. Зациорский В.М. Кибернетика, математика, спорт. — М.: Физкультура и спорт, 1969. — С. 90–110.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.