Қазіргі кезеңдегі студент-спортшылар дайындау жүйесі өзіндік мақсаты, міндеттері, құралдары, əдістері, ұйымдастыру түрлері мен материалдық-техникалық шарттары бар. Студенттерді ең жоғары спорттық нəтижелерге жеткізу күрделі де көп факторлы құбылыс болып табылады. Сонымен қатар студент-спортшыны жарыстарға дайындайтын ұйымдастырылған педагогикалық үрдіс қажет.
Əйел футболшылардың жалпыкомандалық жаттығуымен қатар, жеке ойыншылардың арнайы дайындауын қамтамасыз еткен де жөн. Футболшылардың техникалық дағдылары қарапайым, жылдам болуға тиісті. Бұл дағдыларды əбден жетілгенге дейін ойыншылардың жеке ерекшеліктерімен сəйкестендіре дамыту қажет [1].
Жалпы алғанда, жеке футболшының допты меңгеру техникасы тұтас команда шеберлік деңгейінен көрініс береді. Футболшылардың жаттығуын жекелендіру принципі, өз маңызын əлі жойған жоқ. Сонымен бірге онымен шектелмей, споршыларға жеке дайындық бойынша нақты нұсқаулар берілуі тиіс [2].
Егер ерлер футболында жеке дайындау мəселесі өзекті болса, əйелдер футболында ол екі есе өзекті. Бұл орайда шешімін талап ететін сауалдар молынан кездеседі. Аталмыш спорт түрі, көпшілік үрдісі, еуропалық əйелдер футбол командалары қол жеткізген спорттық-техникалық нəтижелер деңгейі, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене шынықтыру мəдениеті факультетінің тəрбиелік əлеуеті, контингентті кəсіби даярлаудағы орны жəне де жоғары білікті футболшы-қыздарды даярлау үдерісіндегі жеке тəсілі туралы ақпараттың жиналуы осыған куə болып отыр.
Əйелдердің футболмен шұғылдануын жан-жақты зерттеу дене шынықтыру педагогикасында өзекті тақырыптардың бірі болып табылады [3].
Əйелдерді спорттық даярлау мəселесі ерекше зерттеуді талап етеді. Ерлермен салыстырғанда олардың психологиялық жəне физологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, өзгеше даярлау əдістемесін əзірлеу қажет.
Дегенмен футбол қазіргі таңда əйелдер арасында да қызығушылық тудырса да, ол бəрібір ерлер айналысатын спорт түрі болып қала бермек, зерттеу проблемасы да осыдан туындап отыр. Жəне де барлық жеке даярлау жұмыстары ерлер командаларында жүргізілді. Басқаша айтқанда, əйелдер футболы əлі күнге дейін толық зерттелмеген, ол мəселеге қатысты еңбектер саны да аз. Алайда əйелдер футболы «əйел ағзасы», «əйел психикасы» тəрізді ерекше зерттеуді қажет ететін құбылыс болып қала бермек.
Педагогика болсын, кез келген ғылымда «қызмет» ұғымынан мəліметтер жоқтың қасы. Көптеген авторлар əр түрлі тұжырымдар береді. Мысалы, Рубинштейн (1957) қызмет адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасында жүзеге асады деп түсіндіреді. Бірақ мұнда адаммен, қоршаған ортамен байланысты барлық заттар қызмет бола алатыны түсініксіз болып қалады. Бұл сұраққа А.Н.Леонтьев (1972), қызмет тек ойында, сабақта, спортқа қатысу ғана емес, субъект қажеттілігінің өзара қатынасы, қызмет пəні болып табылады деген. Мұнда кең мағына «қызмет пəні» түсінігіне жүктеледі. Қызмет пəнінің негізгі ерекшелігі болып оның қоғамдық мəні саналады. Басқаша айтқанда, егер осы белсенділік нəтижесінде адам қоғамдық мəні бар өнімге айналса ғана, ол белсенділік объектісі боп қызмет ете алады [4].
Сонымен, қызмет деп мотивация арқасында жүзеге асатын, субъект пен объект қарым-қатынасы негізінде құралған, қоғамдық мəні бар өнімді қосатын процесті айтамыз.
Спорттық қызметтің пəні болып белгілі бір жеке адамның максималды мүмкіндіктерінің нəтижесі есептеледі. Қазіргі кездегі спорттық қызмет — өзінің күштеуі мен жарыс қызметінде немесе дайындық кезіндегі жүктемесі, барлық психикалық қажеттіліктерімен шектілікке жақындасуы. Мұнда спортшылардың мотивациясын басқару мəселесі туындайды [5].
Мотив деген не? Мотив — психикалық күрделі білім, адамның пайда болатын қажеттіліктерінен қалыптаса бастайды. Қажеттілік — бір нəрсеге мұқтаждық, психикадағы қысым əсерінен пайда болып, адам санасында арман, бейімділік, əуестік түрінде көрінеді. Адам өміріндегі қажеттіліктерді негізгі төрт топқа бөліп қарастыруға болады, олар: биологиялық, көбіне адам өмірінің негізі — тамаққа деген қажеттілік, қимыл, қатерден құтылу, киімге деген материалдық қажеттілік жəне т.б.; жəне қоршаған ортаны танудағы қажеттілік, эстетикалық рахаттану, шығармашылық, қарым-қатынас қажеттілігі, еңбекте, қоғамдық жұмыстағы қажеттіліктер жатады.
Адамның қабілеті көбінесе бірнеше мотивтермен бірге пайда болады. Олардың бірі, яғни ең бастысы, басқарушы мотив болса, басқасы қосымша құралдардың қызметін атқаратын бағыныңқы мотивтер болады. Басқарушы мотивтың ерекшелігі тек қана қабілетті тудыру мен мақсат беруінде ғана емес, сонымен қатар олар қабілет пен оның объектілеріне субъективті тұлғалық мағына береді.
Футболшы-қыздардың жаттығу кезіндегі жеке қабілеттері туралы айтатын болсақ, футболдағы басты қабілет ойлау екенін біліп ескеруі керек. Басты қабілет — бұл адамның тұлғалық даму кезеңіндегі басты психологиялық жаңа қабілеттің пайда болуын тудыратын жəне қалыптастыратын қабілет.
Басты қабілеттің ішінде басқа қызметтердің пайда болуына жол ашатын дайындық жүреді. Əр психологиялық даму кезінде пайда болатын басты қабілет бұдан бұрын болған басты қабілетті шектеу емес. Осы немесе басқа психологиялық даму кезеңдері қабілеттің неше түрлі өзіндік жүйесімен анықталады, бірақ осы қиын жүйеде басты қабілет ерекше орын алады.
Егер біз спортшы қыздардың футболға құштарлығын жəне футбол оларға басты қызмет екенін білсек, онда біз əр спортшы қызға жеке-жеке тоқтала аламыз. Футболды ойнау мотивациясы əр түрлі болуы мүмкін, бірақ егер ол үлкен спорттық жетістікке жетуге, республика құрамында ойындарға, үлкен сыйақы алуға, шетелде ойнау мүмкіндігіне жəне т.б. бағытталса, онда бұл спортшы қызды ерекше түрде жаттықтыру керек. Бұл спортшы барынша күшін салып дайындалады, ешқашан дайындықты босатпайды жəне алға қойған мақсатына əр саты сайын жақындай түседі. Спорттағы мотивтердің əр түрлілігі жаттықтырушыға алдарына үлкен мақсат қоймайтын спортшыларға міндеттерді ауыстырып отыруға мүмкіндік болады. Олар футбол арқылы ұжыммен араласқан ұнайтындықтан, көңілді аулау қалауы, салауатты өмір салтын ұстану үшін айналысады. Бұл жағдайда жаттықтырушы бұндай спортшыға жетістітерге жетуде қатты сенім артпауы керек, бірақ бəрібір ол да жеке қатынас пен əдіске ие болу керек [6].
Спортшы қыздардың жеке дайындықтарында мотивация үлкен роль атқарады. Спортшы қыздың дене бітіміне қарап, оның футболда қандай жетістіктерге жете алатынын айтуға болады.
Спорттық жаттығуларды жекелей сұрақ ретінде қарастырғанда, дене тəрбиесіндегі бұл күрделі арнайы үдеріс жоғары жетістіктерге жетуге бағытталған екенін ескеру керек. Жеке дайындық дегеннің астарында дене тəрбиесінде жеке əдістерді қолдану мен оларға арнайы жағдай жасау деген мағына жатыр.
Əр адам жеке бір тұлға жəне оның қалыптасу мүмкіндіктері əр алуан. Сондықтан да футболшыларды дайындауда олардың əр түрлі қасиеттерін ескеру керек. Бұл мəселені ескермесек, олардан жақсы спортшы шығару қиын. Əр спортшыда арнайы табиғи белгілері болады жəне осы белгілерден бастаған жөн. Танымал жаттықтырушылардың бірі М.Аркадьев, біріншіден, ойыншының ұтымды қасиеттерін тауып алып, соларды көпжылдық үздіксіз еңбектің нəтижесінде мақсатқа жету керек. Жаттығуларды жеке жəне топтық өткізіп жəне оның нəтижелілігін өсіріп, спорттық өнерді өсіру мен спорттық қабілетті ұзартуға көмектесті.
Қазір оқу-жаттығу үдерісін өткізуде əйелдердің құрама командаларына арналған арнайы əдебиеттер жоқ болғандықтан, олар ер адам футбол командасы жаттығуына жүгінеді.
Əрине, əйелдер командасы ер адамдар командасы кəсіби біліктілігіне ұмтылады, алайда əйел адамның физикалық ерекшеліктерін ескеру керек жəне ол үлкен мөлшерде жекеленуi тиіс.
Ойыншылардың ауырлықты көтеруінде жеке ерекшеліктері болатынын ұмытпау керек. Футболды жақсы ойнау үшін спортшының денсаулығы мықты болуы тиіс, қимыл қозғалысы сапалы, яғни, күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік, тағы басқа сол сияқты спорттық қасиеттерге ие болуы да керек. Физикалық дайындықтың ең жоғары деңгейі «мықтылықтың қорын» жүзеге асырады жəне жарыс кезеңіндегі тұрақты ойынды сақтауына мүмкіндік береді.
Индивидтің күш қабілетінің өмір ағымындағы табиғи өзгерісі оның жалпы жас ерекшелік физикалық процесі сияқты үш негізгі көпжылдық кезеңдермен бейнеленеді.
Ілгерімелі дамуымен (осы қабілеттердің жас ұлғайған сайын қарқынды өзгерісі барысында), салыстырмалы стабилизациясы мен жастық регресс (инволюция) кезеңімен ерекшеленеді. Жалпы динамометрикалық тексеру нəтижесі бойынша күштің ең жоғарғы көрсеткіші көбіне 25–30 жас аралығындағыларды, ал ең төменгі көрсеткіші 40 жастан асқан адамдарда байқалады.
Күш қабілеттерінің дамуының ең маңызды қарқыны (денеде байқалатын күштің көлемі бойынша) 13–14 жəне 15–18 жастағы бозбалаларда тіркелсе, бойжеткендерде одан ертерек жəне күш көрсеткіштері болып табылатын бұлшықеттері, яғни дене жəне аяқ бұлшықеттері, ен жоғары қарқынмен ұлғаяды. Салыстырмалы түрде 9–11 жас аралығындағы балаларда да күш көрсеткіштері жақсы дамиды (өз дене салмағынан 1 кг есебінде), басқа бұлшықеттері одан да тез дамитыны байқалған.
Ойыншының күштерін дамытуды күшті жалпы қатайтудан, яғни кешенді жүктемеден бастаймыз. Содан соң арнайы жүктемеге (футбол ойнауға ең қажетті деген бұлшыққеттерді дамытуға), яғни статикалық жүктемеден динамикалық жай жаттығулардан күрделі жаттығуларға, көшеміз.
Күш жұмсалатын жаттығуларды босаңсу жаттығуларымен бірге қолданып (бұл бұлшықеттердің иілгіштіктігінің жоғалып кетуінен қорғайды), ал ауыр жаттығулардан кейін жеңіл жүгірістер, тарту жəне басқа да босаңдататын жаттығуларды, епті дамытатын ойындармен жəне суға түсу, жүзу жаттығуларын бірге қолдануға болады.
Дайындық кезеңінде күшті нығайту сабақтары жұмасына ең аз дегенде 2–3 реттен жүргізу керек.
Футболдағы ойыншылардың күш қабілеттерін дамытудың бірнеше жолдары бар.
Қысқа мерзiмдi максималды жүктеме əдісі бір реттік күшті жəне күш жұмсалатын арнайы əрекеттерді жасау барысына қатысатын бұлшықеттер тобының мүмкіндіктерін тиімді дамытуға көмектеседі.
Толық күш беретiн серпу əдiсі тиімді режимдегі күшті ұзақ уақыт бойы көрсетуге мүмкіндік береді. Ойыншыларға жүктелген жүктеме алғашында қажетті нəтижені бермейді, тек ағза жаттығуды бірнеше рет қайталағаннан, шаршап жүктеме максималды физиологиялық əсер еткенде ғана нəтиже береді, бұлшықеттердің күшін дамытады.
Динамикалық жүктеме əдісі бұлшықеттердің жұмыс істеу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді, бұлшықеттердің созылмалығын жоғарлатады, жүйке-бұлшықет координациясын жақсартады.
Баяулатылған жүктеме əдiсi күш қабілетін дамытады. Футболшының доппен немесе допсыз ойын əрекетіне қажетті бұлшықет тобын дамытуға қолданылады. Жаттығулардың жылдам орындалуына назар аударылады.
Қыздар футболында күштің маңызы дау жоқ өте зор. Футболшы қызға аяғының бұлшықетін дамыту аса маңызды, бірақ дененің күшін, дене, мойын, қолдың жұмысын оған қоспау қателігіміз болатын еді. Кейбір минуттерде футболдағы күресте, қақтығыста, бұл қасиеттер қажет етеді. Сондықтан футболшының тек аяғы ғана күшті болуына жол бермеу керек.
Əрине, қозғалуға кері əсерін тигізбейтіндей шексіз күшті дамыту керектігі жайлы сөз болып отырған жоқ, бұлшықеттердің негізгі тобын ойын кезіндегі допты тебу жəне қозғалысты жеделдететін негізгі бұлшықеттермен қатар жан-жақты дамыту керек.
Күшті дамыту құралы болып, снарядтармен жаттығулар, ауыр гантельдермен (отырып-тұру, секіру), жеңіл гантельдермен, тығыздалған доптармен, орындықтармен, эспандермен, секіргішпен, болат жилеттермен жаттығулар; ауыр гимнастика (жеке жəне жұппен), дененің салмағын басып өту (бұрылыстар, иілулер, отырып-тұру, секіру); қарда жəне құмда жүгіру; саты бойынша жоғары төмен жүгіру; жұбыңның салмағы басып өту (сығу, көтеру, итеру); күш ойындары (тарту, күрес, нығыздалған доппен регби); футболға қажетті допты қағуға арналған жаттығулар (допты секіріп баспен соғу, ауадағы күрес) [7].
Футболшы қыздың əрекеті полярлық зонада өтетіні белгілі. Бір жағынан, 5–8 секундқа дейін жоғары қарқында қысқа мерзімді жұмыс (сүңгу, жеделдету, секіру, күрес жəне т.б.), екінші жағынан шектелген жұмысқа жататын 90 минутке созылатын ойын барысы.
Шектелген жұмыстағы дайындық жоғары қарқынды жұмысқа кері əсерін тигізетінін ескерсек, футболда мəселенің барлығы шыдамдылыққа келіп тірелетіні айдан анық.
Футболшы қыздардың физикалық сапасы дамымайынша, жоғары дəрежелі футболшылардың жеке дайындығын қарастыруға болмайды. Физикалық дайындық, бұл жан-жақты дамудың, денсаулықты нығайтудың жəне физикалық қабілеттерді тəрбиелеудің əрекеті. Футболдағы физикалық дайындықтың мақсаты сайыс алаңындағы ең жоғары дəрежеге жету болып табылады.
Физикалық дайындық жалпы жəне арнайы болып екіге бөлінеді. Оқу жаттықтыру жұмысының тапсырмасында жалпы жəне арнайы дайындық бір-бірімен тығыз байланысты. Əрбір спортшы өзіне қажетті біркелкі дамуы мен қозғалу қабілетінің көтерілуі үшін жалпы физикалық дайындықты талап етеді. Арнайы физикалық дайындық белгіленген деңгейдегі шеберлілікке қол жеткізу жəне қимыл қозғалыстың жетілдірілуіне өз үлесін қосады. Сол үшін жаттығуды əрбір іс-əрекетке жəне оның динамикасы мен құрылымына сəйкес келетіндей етіп таңдау керек. Ол үшін ойын алаңында жүрген ойыншы көбінесе жекеленуі тиіс.
Физикалық дайындықтың жалпы жəне арнайы деп бөлінуі тек шартты түрде ғана болғанымен, ойыншының əр түрлі кезеңдегі дайындығына дұрыс тапсырма таңдауына көмектеседі. Футболшының іс-əрекеті болып жатқан əрекеттің күнделікті өзгеруімен белгіленеді. Жылдамдық, секірулер жеңіл жүгірулер жəне жылдам жүрулермен ауысып отырады. Футболшылардың əрбір əрекеті оңай емес, бұл деп отырғанымыз ойын барысындағы ұзақ уақыт ішінде белгілі бір жылдамдықта болуы жəне допты жоғары деңгейде қолдану жəне сол мезетте қиын тактикалық тапсырмаларды шешу болып табылады. Мұнда көретініміз жоғары дəрежедегі маман иесі, яғни футболшы, мамандандырылған физикалық сапаға ие екендігі болып отыр.
Футболшылардың оқу жаттығуынсыз ешқандай нəтижеге жетпейтініне көз жеткізетін физикалық сапаны тереңірек қарастырып өтсек. Əрбір ойыншы футбол алаңында допқа секіру, серіктестеріне ешбір кедергісіз допты беру жəне 25–30 қадамдағы қашықтықта қарсыластарының қақпасына доп соғуы сияқты, жəне де бəр мезетте тоқтап, бір мезетте жүгіре алулары үшін көп күш қажет. Бұлшықеттің күші оның ұзындығының өзгерісі изометриялық болып, ал ұзындықты қысқарту изотоникалық, ұзындықтың үлкейуі полиометрикалық болып келеді.
Футболдағы бұл тəртіптің іс-əрекеті əр түрлі комбинацияда кездеседі. Футболшының физикалық дайындығын еске түсіргенде біз күштің үш түрлі категориясын көрсетуіміз тиіс, олар: қақпашының допты ұруы, қапталдан допты лақтыру жəне допты қабылдау барысындағы əрекеттер. Өмір ағымындағы индивидтің күш қабілеттің өзгеруі жəне үш түрлі көпжылдық кезеңімен сипатталады.
Ойын барысында ойын іс-əрекетін оның нəтижелілігін арттыру. Оған қоса, төзімділік бұл шаршауға қарсы тұру қабілеті деп айтуға болады. Спорт тəжірибесінде шаршаудың 4 түрін бөліп көрсетеді: ақыл-ой, сенсорлық, эмоционалдық жəне физикалық. Шаршаудың барлық 4 түрі футбол ойыншыларына да тəн. Əрине, олардың арасында физикалық шаршаудың рөлі басым.
Төзімділіктің жалпы жəне арнайы түрлері ажыратылады. Жалпы төзімділік дегеніміз — адамның созылмалы уақыт ішінде орташа ауырлықтағы физикалық жұмыс атқаруы (ағаш шабу, жаяу жүру, жүзу). Арнайы төзімділік дегеніміз — спортшының физикалық жаттығулардың белгілі бір түрінде жұмыс қабілетін ұзақ уақыт сақтауы (жүзушінің, жеңіл атлет спортшының, футбол ойыншысының арнайы төзімділігі).
Арнайы төзімділік футболшының футбол ойынның соңғы минутына дейін ойынның берілген темпін сақтау қабілетінен көрінеді. Бұндай қабілет ағзаның жоғарғы деңгейдегі интенсивті жаттығуларды жасағанда өзінің қалыпты жағдайын (жұмыс қабілетін) сақтау мүмкіндіктеріне байланысты. Оны нерв жүйесі үрдістерінің жылдамдығы мен біркелкілігі сипаттайды.
Төзімділіктің жоғарғы дəрежесі моральдік жəне күш-жігер қасиеттерінің жоғарғы деңгейін қажет етеді. Күш-жігер — тұлғаның моральдік жəне ақыл-ой қасиеттерінің белсенді түрде көрінуі, спортшы алдындағы тосқауылды жеңе білуі жəне оны іштей біле тұра, күш-жігермен жеңе білуі.
Қарапайым іс-əрекеттер кезінде ойындық іс-əрекеттердің тез жылдамдықпен істелуі жылдамдығы кезінде 2 фазаны ажырата аламыз, үдеме шапшаңдық фазасы (бастапқы жылдамдық) жəне тұрақты шапшаңдық фазасы (спринтті жылдамдық). Ойыншының дамытатын максималды жылдамдығы динамикалық күштің дамуының деңгейінен ғана емес, сонымен қатар қозғалу техникасын меңгеру деңгейіне де тəуелді.
Күрделі ойындық іс-əрекеттерді орындау жылдамдығы жалпы қимылдау қабілетіне де қатысты. Біз əр түрлі ойындарға қатысты допсыз қозғалу комплекстерін қарастырамыз. Бастау комбинациялары, айналымдар мен секіру, жүріс-тұрыстың өзгеруі мен жүгіру бағыты кіреді. Ойыншы доппен қозғалу кезінде координацияны, яғни техниканы меңгеру деңгейін, көрсетеді. Ойын барысындағы іс-əрекеттердің техникалық жақтарын меңгеру футбол ойыншысына ритмдік жəне жылдам ойынды көрсетуге көмекші болады.
Футбол ойыншыларының əрекеттесу жылдамдығы ойынның ұйымдастырылуына байланысты. Бұл комбинация топтың стилін жəне ойыншылардың əрекеттестік қабілетін айқындай түседі. Қазіргі əйелдер футболы жағдайында күш сапасын дайындау өткір мəселеге айналып отыр. Өйткені қазіргі əйелдер футболыда ерлер футболы секілді жылдамдықпен күшті бірінші орынға қойып отыр. Бұл дене сапалары дамыған жағдайда ғана қазақстандық əйелдер футбол клубтары мен ұлттық əйелдер футбол командалары үлкен жетістіктерге жете алады.
Əдебиеттер тізімі
- Штуденер Х., Вольф В. Тренировка футболистов. — М.: ФиС, 1970. — 272 с.
- Гриндлер К., Пальке Д. Техническая и тактическая подготовка футболистов. — М.: ФиС, 1976. — 256 с.
- Горбань А.Н., Шагов А.А., Суханова Е.Ю. Совершенствование содержания преподаваемых дисциплин в ИФК. Футбол как средство профессиональной подготовки студентов ИФК // Проблемы совершенствования системы высшего физ- культурного образования. — М.: ФиС, 1988. — 96 с.
- Реан А. Педагогика спортивного коллектива. — М.: МОГИФК, 1987. — 215 с.
- Козловский В.И. Организационно-методические основы подготовки футболистов. — М.: МОГИФК, 1988. — 128 с.
- Попов В.Ф. Психическая регуляция и психодиагностика при формировании мотивации к напряженной спортивной дея- тельности // Пути повышения специальной работоспособности квалифицированных спортсменов. — Алма-Ата: МВСО, 1985. — 156 с.
- Бөдеев М.Т., Рамашов Н.Р. Спорт ойындары. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. — 24–29-б.