Статьи, год 2009

Парламенттің бақылау функциялары белігілі-бір заңиландырылған формаларда іске асады. Парламенттік бақылаудың формалары сандық және сапалық көрсеткіштері тұрғысынан алғанда әр мемлекетте әр түрлі. Бұлай болуы заңды құбылыс, себебі мемлекеттің тұрпаты, әлеуметтік-мәдени және экономикалық дамуындағы ерекшеліктер парламенттік процедураларға тікелей әсер етеді. Керісінше аталған жәйттердегі ұқсастықтар парламенттік бақылаудың формалары туралы ұғымды жинақтауға, жүйелеуге, сұрыптауға мүмкіндік береді және мұндай логикалық операциялардың практикалық маңызы жоғары.
2009

Прецедент дегеніміз – осыған ұқсас, келесі болатын жағдайларға үлгі боларлық жағдай. Яғни, өткен нәрсеге ұқсас нәрсені табу [1, 573]. Ал сот прецеденті (латын тілінен аударғанда ргаесеdens, praecedentis – алдында болған) – нақты істер бойынша сот арқылы қабылданған шешімдер. Оның негізі көрсетілген істерді талқылау барысында барлық немесе төменгі инстанциядағы соттарға үлгі ретінде міндетті болып табылады.
2009

«Құқықтың қайнар көзі» ұғымы тек мемлекет және құқық теориясымен ғана зерттеліп қоймай, сонымен қатар құқық шығармашылық, құқықты қолдану, құқықты жүзеге асыру сияқты мемлекеттің тәжірибелік қызметіне қатысты болғандықтан, құқықтың қайнар көзі мәселелері құқықтық ғылымда едәуір қызығушылық тудырады. Сондықтан құқықтың қайнар көздерін жете қарастырып зерттеу, оларға ғылыми талдау жасау қазіргі құқықтық мемлекет қалыптастыру кезеңіндегі қажеттілік.
2009

Ноғай Ордасы өз кезінде дәуірлеген, дамыған көшпелі мемлекеттердің бірі болып табылады. Ноғай Ордасы да мемлекеттік басқару жүйесінің дамыған қоғам талабына сәйкес құрылымдарын өмірге әкелді. Ноғай ордасындағы сондай ерекше жоғарғы басқару органдарының қатарына Ноғай Ордасының кеңестері жатады. Біз бұл жерде Ноғай Ордасындағы кеңестер деп атауымыздың себебі, Ноғай Ордасында кеңестердің бірнеше нысандары өмір сүрген болатын.
2009

Қазақ халқы өзінің көне дәуірлерден басталатын тарихы, адамгершілік пен ұлағатты тағылымдарға толы рухани-мәдени қазыналары бар халық, әлемдегі өзге халықтар мен ұлттар алғашқы тобырлық тіршіліктен бас көтерген кездерде бірін-бірі аяусыз құл етіп қанап, бір-бірінің құқықтарын аяққа езіп, теңдікті, әділдікті, еркіндікті, бостандықты жоқ қылып жатқан кездің өзінде- ақ ата-бабаларымыз ақ пен қараны ажыратып, обал мен сауапты терең түсініп, еркіндік, теңдік, бостандық, әділеттік, адамгершілік секілді категорияларды ту етіп көтеріп, нағыз демократиялық сипаттарға толы қағида-ережелерін жасап, тұрмыс-тіршіліктерін осы қағидаларға сүйеніп  алып барып, өмір сүріп жатты. Бұл дәріптеу емес шындық.
2009

 Қаржылық бақылауды жүзеге асыру мемлекеттік органдармен ұйымдастырылады. Қаржылық бақылаудың негіздері Қазақстан Республикасы Конституциясынан бастау алады. Мұнда Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің, мәслихаттардың бақылау функциялары туралы айтылған. Қазақстан Республикасының Конституциясында қаржылық бақылаудың негізгі нормалары мен принициптері орын алады. Мысалы, құқықтық мемлекетті құру туралы қағиданы қаржылық бақылаумен де байланыстыруға болады. Парламент республикалық бюджеттi бекiтеді және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi деп Ата Заңда жазылған [1.54-бап].
2009

Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қызметін жетілдіру арқылы ауылды, селоны дамыту қажеттілігі жер реформалары арқылы жүзеге асырылды. Жер реформасының басты мақсаты жер учаскелерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және жер учаскелерін кәсіпкерлік мақсаттарға пайдалану мүмкіндігін кеңейту еді. Осы тұрғыда, қазақстанда жер құқық қатынастары нарық заңдылықтарына бейімделе бастады. Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында жер мемлекеттік меншікте, сонымен қатар, жеке меншікте болады деп көрсетіліп, алғаш рет жерге меншік құқығы бекітілген болатын[1]. Жерге меншік құқығы жер қатынастарын реттейтін арнайы жер туралы Жарлықта, жер туралы Заңда баяндалып, Жер туралы кодекстің қабылдануына негіз болды.
2009

Интеллектуалды талдаудың әрқайсымызға таныс көрінетінін атап өткім келеді, ал кейбіреулер оны өте жай түсінік деп есептейді. Мұндай ойлардың қалыптасу себебі, күн сайын біз түсініп немесе түсінбей кең көлемде әртүрлі шешім қабылдаймыз, яғни біз талдаудың қызметін атқарып және ақпаратты өңдейміз. Егер мәселе өте маңызды қатысты және өте мәнді немесе құнды болса, шешім қабылдау айтарлықтай қиынға түседі. Осындай жағдайларда талдау әдісіне сүйеніп, тек кәсіби қызметте ғана емес өмірлік жағдайларда да тиімді. Одан басқа бұл процесс әрдайым үздіксіз  даму негізінде болды  және ары қарай дамуда. Әлеуметтік мәдени факторлардың өзгерісін жаңа техникалық жетістіктерге жете отырып ұйымдастыру қажеттігін өзгерту, талдаушылардың барлық шеберлігінің өсуін көрсетеді.
2009

Сот талқылауында іс бойынша барлық дәлелдер тікелей зерттелуге тиіс. Сот сотталушы адамның, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарын тыңдауы, сарапшылардың қорытындыларын жария етуі және зерттеуі, заттай дәлелдемелерді тексеруі, хаттамалар мен өзге де құжаттарды оқуы, Қазақстан Республикасының ҚІЖК-де көзделген жағдайларды қоспағанда, дәлелдемелерді зерттеу жөнінде басқа да сот іс-әрекеттерінін жүргізуі тиіс.
2009

Шынында да, күннен - күнге алға қарай қадам басып, дамып отырған қоғамда жат қылықтың орын алып, көбейіп келе жатқандығы баршаға мәлім. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  өзінің  2007  жылы  28  ақпанда  Қазақстан  халқына  арнаған жолдауында «Мемлекет те, қоғам да ешқандай ымыраға жол бермейді. Қоғам қаншалықты мейірбанды, адамгершілігі болса да, қылмыстық іс-қимылға, әсіресе, жоғарыда аталған адамдардың қылмыстық әрекетіне жайбарақат қарап отыра алмайды, қайта оларға қатысты мемлекеттік  мәжбүрлеудің ең қатал шараларын қолдануы тиіс» , - деп, қылмыстың алдын-алу шараларының маңызына тоқтала кеткен болатын.
2009

Өзінің құқықтық табиғатында жәбірленушінің жауап беруі куәгердің жауап беруіне өте жақын келеді. Куәгердің жауап беруі тәрізді, оның да азаматтың өзіне белгілі болған іске байланысты дерек пен іс-әрекет туралы ауызша түрде заңмен белгіленген процессуалдық тәртіпте тергеу мекемесіне, тергеушіге, прокурорға немесе сотқа жауап береді және жәбірленушінің жауап беруі, оның өкілі адвокаттың қатысуымен болғаны дұрыс. Себебі, жәбірленуші өзі таңдаған сенімді өкілінің көзінше өзін еркін сезініп, шындықты айтуға ұмтылады.
2009

Құқық теориясының, оның ішінде еңбек құқығы теориясының қазіргі даму деңгейінде құқық қағидасына деген жалпы, өзара келісілген, бір ортақ көзқарас әлі де қалыптаспаған. Кездесетін тұжырымдамаларды негізгі үш топқа бөлуге болады: біріншілері, құқық қағидасының құқық нормаларында белгіленгеніне немесе белгіленбегеніне қарамастан негізгі бастапқы идея болып қала береді дейді[1]. Екіншілері, құқық қағидасының идея арқылы анықталуына, белгіленуіне қарсы екенін білдіреді[2]. Ал үшінші топ зерттеушілерінің көзқарасына сәйкес, құқық қағидасы – бұл қоғамдық қатынастарды реттеудің жалпы бағыты мен мазмұнын анықтайтын, заңнамада бекітілген негізгі бастама, идея[3].
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.