Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Автокөлік құралдарын ұрлау жəне құқыққа сыйымсыз иеленіп алу құқық бұзушылықтарың алдын алу мен ашуда ақпараттық технологияларды қолдану мəселелері жөнінде

 «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының талаптары аясында [1] ағымдағы кезеңде жəне жақын болашақта ішкі істер органдарының қызметі шоғырлануы тиіс, бəрінен бұрын терроризмге жəне экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау, оның ішінде сенімді құқықтық тəртіпті күшейту, бөтен мүлікті ұрлау құқық бұзушылықтарының алдын алу, болдырмау жəне күресті күшейту, заңдылық пен тəртіпті нығайту, сондай-ақ ішкі істер органдарына халықтың сену деңгейін арттыру мақсатында ауқымды шаралар атқарылуы қажет [2].

Соңғы жылдары тіркелген бөтен мүлікті ұрлау бойынша құқық бұзушылық санының өсуінің тұрақты үрдісі сақталуда. Бұл ретте жалпы қылмыстылық құрылымында ұрлықтардың үлес салмағы бұрынғысынша едəуір, ал құқық бұзушылықтың осы түрін ескерту жөніндегі шаралардың тиімділігі жеткіліксіз болып отыр.

Егер 2000 жж. полиция жыл сайын шамамен 55–60 мың ұрлықты тіркесе, 2011 ж. бастап 2014 ж. дейінгі кезеңде: 2011 ж. 121617-ден 2014 ж. 227411-ке дейін қылмыстар тіркелген.

Бүгінгі таңда ұрлықтар құрылымында 3,32 % автокөлік ұрлығы құрайды. Бұл көрсеткіш бір қарағанда аз болып көрінгенімен, құқық бұзушылықтан ірі зиян келтірілгендіктен, аталған құқық бұзушылық құқық қорғау органдарындағы өте өзекті мəселелердің бірі болып табылады.

Автокөлікті ұрлау жəне айдап кетудің саны азаймай отыр. Бір ғана мысал келтіретін болсақ, 2014 ж. 4625 автокөлік ұрланған, олардың іс жүзінде əрбір төртіншісі табылмай қалған. Автокөліктерді ұрлау фактісі бойынша тіркелген ауыр қылмыстық істердің сотқа небары 52-сі жолданған [3]. Ал автокөліктерді айдап кету құқық бұзушылықтарына келер болсақ, 2015 ж. 3785 құқық бұзушылық тіркеліп, 2047 тұлғаның үстінен қылмыстық іс қозғалған, небары 605 (29,56 %) қылмыстық іс сотқа жолданған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің [4] 35 жəне 36-б. 1-б. 3), 4), 9), 10), 11), 12)-тармақтарына сəйкес, 1439 (70,29%) қылмыстық іс, сонымен қатар аталған Кодекстің 518-б. сəйкес 3 (0,14%) қылмыстық іс қысқартылған [5].

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері (ҚСжАЕКЕ) мəліметтеріне жəне жүргізілген талдауға сəйкес, соңғы бес жыл ішінде автокөлік құралдарын ұрлау жəне айдап кету құқық бұзушылықтары бойынша келесідей көрініс айқындалады:

  • 2010 ж. — 59988 ұрлық, оның ішінде 2264 — ұрланған көлік құралдары, айдап əкетілгені — 2151;
  • 2011 ж. — 121617 ұрлық, оның ішінде 3122 — ұрланған көлік құралдары, айдап əкетілгені — 2930;
  • 2012 ж. — 178461 ұрлық, оның ішінде 5734 — ұрланған көлік құралдары, айдап əкетілгені — 4116;
  • 2013 ж. — 226450 ұрлық, оның ішінде 6719 — ұрланған көлік құралдары, айдап əкетілгені — 4461;
  • 2014 ж. — 227411 ұрлық, оның ішінде 7545 — ұрланған көлік құралдары, айдап əкетілгені — 3855;

2010–2014 жж. аралығындағы автокөлік ұрлығы мен құқыққа сыйымсыз иелену құқық бұзушылығының диаграммасы төмендегі (суретте көрсетілген).

 Сурет. Автокөлік ұрлығы мен құқыққа сыйымсыз иелену құқық бұзушылығының диаграммасы

 

Статистикалық мəліметтер көрсетіп отырғандай, аталған құқық бұзушылықтың жыл сайын қарқынды түрде өсіп отыру үдерісін бақылаймыз. Алайда бұл жерде тоқтала кететін тағы бір жағдай, өздеріңіз байқап отырғандай, көрсетілген диаграммада автокөлік ұрлығының 2015 ж. статистикалық көрсеткіші жоқ, мұның бірден бір себебі, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша, берілген мəліметтерде ұрлық құқық бұзушылығы (ҚР ҚК-нің 188-б.) жіктелмей, яғни бұрын автокөлік ұрлығы немесе мал ұрлығы, ұялы телефондар ұрлығы деп жеке-жеке жіктеліп жазылатын, ал қазір түрлері бойынша бөлінбей жалпылама түрде көрсетілуі, біз үшін қызығушылық туғызып отырған автокөлік ұрлығына байланысты 2015 ж. жəне 2016 ж. өткен айлары бойынша жасалған құқық бұзушылықтар жайлы толық мəлімет алу мүмкіндігінен айырып отырғандығын айтқымыз келеді. Біздің пікіріміз бойынша, құқық бұзушылықтар жайлы статистикалық мəліметтердің бұрынғы кестесімен жұмыс істеу өте қарапайым əрі түсінікті болатын. Сондықтан берілген диаграмма бойынша 2015 ж. автокөлік ұрлығына байланысты нақты мəліметтер беру қиындық туындатып отыр.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ тарапынан автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау жəне құқыққа сыйымсыз иелену құқық бұзушылықтарын болдырмау, алдын алу жəне ашу мақсатында көптеген ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Сол шаралардың бірі — 2015 ж. 2–3 қыркүйегінде Минск қаласында (Беларусь) ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің кезекті 43 отырысы. Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі мəлімдегендей, отырыс жұмысына ТМД елдері ішкі істер министрліктерінің, полицияларының басшылары, ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер аумағында Ұйымдасқан қылмысқа жəне қылмыстың өзге де қауіпті түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бойынша бюроның (ҰҚҚКҮБ) жəне ТМД Атқару комитетінің басшылық құрамы қатысты. Отырыс барысында делегация басшылары ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің ІІМ (Полиция) ынтымақтасу жəне өзара əс-қимыл жасасу болашағын, Достастық елдерінің жаңа қауіп-қатерлерге жəне қауіпсіздікке қатер төндіруге қарсы іс-қимылды, қылмысқа қарсы мемлекетаралық бағдарламалардың іске асыру барысын талқылады.

Ақпараттық технология саласындағы қылмыстарға қарсы күресте ТМД-ға қатысушы елдердің ынтымақтастығы туралы келісімі жəне осы қылмыстарға қарсы ТМД елдерінің ынтымақтастық бағдарламасының жобасы мақұлданды. ҰҚҚКҮБ мамандандырылған мəліметтер базасының жұмыс істеу тəртібі туралы Нұсқаулық бекітілді.

Сонымен қатар делегация басшылары автокөліктердің ұрлануы, жаңа психикалық белсенді жəне психотропты заттардың, есірткінің, сонымен қатар осыған ұқсас қауіпті химиялық заттардың айналымға түсу проблемаларын талқылады.

Отырыс барысында сондай-ақ халықаралық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу кезінде жанкүйерлердің бейресми топтары тарапынан құқыққа қайшы болдырмау мəселелерінде бірлесіп жұмыс істеудің перспективалары қарастырылды [5]. Барлық сұрақтар бойынша Ішкі істер министрліктері кеңесінің тиісті шешімдері қабылданды.

Аталған шешімдерге сəйкес, Ұйымдасқан қылмысқа жəне қылмыстың өзге де қауіпті түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бойынша бюро мен ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің ІІМ (Полиция) біріге отырып, ТМД елдерінің аумағындағы жоғалған көлік құралдарын іздеудің қазіргі кездегі қолданыстағы мемлекетаралық механизмінің тиімділігі сарапталысын, сонымен қатар автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау жəне құқыққа сыйымсыз иелену құқық бұзушылықтарына қарсы тұруға арналған мəлімет алмасу жүйесін жетілдіру мақсатында ұсыныс енгізілсін деген тапсырма берілген [6].

Заң шығарушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188- жəне 200-баптарды қылмыстық заңнамаға енгізудегі мақсаты осы бағыттағы құқық бұзушылықтың жолын кесу жəне ескерту болса, бұл мақсаттардың құқық қолдану тəжірибесінде тиімді нəтижелерін бермеудің себептерінің бірі кез келген құқық бұзушылық тек арнайы криминологиялық сипаттағы ескерту шарасынан ғана тұрмайтындықтан, бұл мəселені шешуде қоғам азаматтарының рөлін де арттыру қажет деп санаймыз. Осы мақсатта ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жедел- іздестіру қызметі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы тарапынан аталған құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізуде, олардың əрекеттерін жетілдіру жəне қылмыстылықтың алдын алу мақсатында www.ugonstop.kz доменінде тіркеліп, арнайы сайт құрылды, осы сайт негізінде кез келген смартфоннан қолдануға болатын www.ugonstop.kz атты мобильді қосымша (мобильное приложение) құрып жүзеге асыру көзделіп отыр. Сонымен қатар бұл сайт арқылы əр түрлі əлеуметтік желілерге мысалы: Агент Mail.ru, WhatsApp, Viber, ICQ, Twitter, Facebook, Instagram, VK т.б. желілерге қосылып, қылмыстылықтың алдын алу мақсатында халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге жəне ұрланған немесе айдап əкетілген көлік құралдарына іздеу жариялап, мыңдаған əлеуметтік желі қолданушыларына бір сəтте ақпарат таратып жəне олардың көмегімен кезекті тəулік ішінде құқық бұзушылықты ашуға немесе жоғалған көлік құралын табуға болар еді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, қоғам азаматтарының көмегінің рөлі артып, ІІО деген сенімсіздік көзқарастарынан арылудың бірден бір жолы болар еді. Сондай-ақ осы ұсыныс жүзеге асатын болса, іздеуде жүрген автокөліктің басым бөлігін тауып, ашылмай тұрған құқық бұзушылықтар да ашылар еді. Сонымен қатар бұл мобильді қосымшаны Интернет желісі қосылған кез келген жерде жəне орыс- қазақ тілдерінде бірдей пайдалану мүмкіндігі қарастырылғандықтан, ТМД-ға қатысушы- мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің мүшелігіне кіретін 11 мемлекет: 1) Қазақстан Республикасы; 2) Ресей; 3) Əзербайжан; 4) Армения; 5) Беларусь; 6) Молдова; 7) Тəжікстан;8) Түрікменстан; 9) Өзбекстан; 10) Украина; 11) Қырғыз Республикасы аумағында пайдалануға болады.

Сайттың жəне мобильді қосымшаның жұмыс істеу қағидаты өте қарапайым болады. Кез келген ІІО, кеден органдарының қызметкерлері немесе жеке тұлға Интернет желісіне қосылған компьютерден немесе смартфон арқылы кіріп, кеден аумағынан өтетін немесе сатып алайын деген, сонымен қатар күдік тудырған, иесіз тұрған автокөліктің мемлекеттік белгісі мен VIN кодын енгізу арқылы тексере алады. Егер автокөлік сайттың кримесеп базасында тіркелген болып шықса, жақын орналасқан ІІО жеткізіп, немесе 102 телефонына қоңырау шала алады, сонымен қатар сайттың өзіндегі кері байланыс рубрикасына хабарлама қалдыра алады, ІІО хабар беру жайында экран бетіне

«Ішкі істер органдарына хабарлау — Сіздің азаматтық борышыңыз» деген хабарлама шығады. Криминалды автокөлікті тексеріп, бірақ хабарласпаған немесе хабарласуға мүмкіндігі болмаған тұлғаны, тіркелген телефон номері немесе «ІР» адресі арқылы тауып, хабарласып, «Іздеуде жүрген автокөлік қандай жағдайда жəне қай жерде тексерілді?» деп сұрауға болады. ТМД-ға қатысушы- мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің мүшелігіне кіретін мемлекеттердің ІІО мен кеден орган қызметкерлерінің жұмысы едəуір жеңілдеген болар еді.

Қазақстан Республикасы ІІМ www.mvd.gov.kz порталының «Криминалды автомотокөлік» желісінде көлік құралын тексеру өте күрделі мəселе, себебі онда жалпы ІІМ өкілеттігіне енетін қоғамдық өміріміздің барлық саласы қамтылғандығымен, қарапайым халық үшін алдымен толық аты- жөнін, лауазымын, мекенжайын көрсетіп, тіркелгеннің өзінде порталға кіріп қандай да бір мəлімет алу əр уақытта көздеген мақсатыңа қол жеткізе бермейтіндігімен, əрі көп уақыт алатындығымен күрделі болса, ugonstop.kz деген сайттың мекенжайын теру жеңіл, сондай-ақ көп уақыт алмайтындығымен оңтайлы əрі тиімді деп санаймыз. 

Сонымен, қорытындыда келесідей ойлар түйінделеді:

  1. Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің 2015 жылғы 19 қыркүйегіндегі № 781 бұйрығының шешімдерін басшылыққа ала отырып, күнделікті қызмет барысында автокөлік құралдарын ұрлау жəне айдап кету құқық бұзушылықтарын алдын алу мен ашуда ақпараттық технологияларды қолдануды жүзеге асыру мақсатында өз ұсынысымыз осыған саяды. Қазақстан Республикасы ІІМ тарапынан ұсынысымыз қолдау тапса, еліміздегі қылмыстылықпен күресуде аз да болса өз үлесімізді қосқанымыз болар еді. Ақпараттық технологияларды қолдану қазіргі заманның талабы екені даусыз.
  2. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша берілген мəліметтерде 2015 жылдан бастап ұрлық құқық бұзушылығы (ҚР ҚК-нің 188-б.) жіктелмей, яғни автокөлік ұрлығы немесе мал ұрлығы, ұялы телефондар ұрлығы деп жеке-жеке жіктеліп жазылмағандығын жоғарыда атап өткен болатынбыз. Ал қазіргі таңда түрлері бойынша бөлінбей (жіктелмей), жалпылама түрде көрсетілуінен, автокөлік ұрлығына байланысты 2015 ж. жəне 2016 ж. өткен айлары бойынша жасалған құқық бұзушылықтар жайында толық мəлімет алу мүмкіндігінен айырып отырғандығымызды да айтып өткенбіз. Осы аталған кемшіліктірдің орын алуына байланысты 2015 жылғы автокөлік ұрлығына байланысты нақты мəліметтер табу қиындық туындатты. Сондықтан аталған кемшілікті түзету қажет деп санаймыз [7].

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. — № — 2015. — 1 желт.
  2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министірлігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 53 бұйрығымен бекітілген «Iшкi iстер органдарының 2015 жылғы жедел-қызмет жұмысының қорытындылары жəне «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының талаптары аясында басым міндеттері туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ Алқасының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 1 МА шешімін жариялау туралы бұйрығы // Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министірлігінің ағымдық іс жүргізу, 2016 ж.
  3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министірлігінің Бөтен мүлікті ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015–2017 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы ҚР ІІМ 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/MVD
  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ. Интернет ақпарат көздері: «Əділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000231
  5. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы ҚСжАЕКЕ қылмыстардың ахуалы жəне жай күйі туралы 2010–2015 жж. мəліметтері. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://service.pravstat.kz/portal/page/portal/POPageGroup/ Services/Pravstat
  6. Интернет ақпарат көздері: http://www.elarna.com/m/koru_kk.php?id=510110
  7. ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің шешімдерін жариялау туралы ҚР ІІМ 2015жылғы 19 қыркүйегіндегі № 781 бұйрығы // Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министірлігінің ағымдық іс жүргізу, 2016 ж.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.