Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

 Бүгінде рухани жəне адамгершілік мəселелері əлемдік қоғамның басты назарында, себебі адам- дардың санасында рухани жəне адамгершілік құндылықтардың дамуынсыз бір де бір қоғам өзінің əрі қарай дамуын көре алмайды.

Бұл жөнінде Елбасы Н.Ə. Назарбаев өзінің «Қазақстан — 2050»: мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясы (14.12.2012 ж.) атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Əлем дүниетанымдық жəне құндылықтар дағдарысын бастан өткеруде. Біз қазір экономикалық мəселелерден гөрі, рухани мəселелерге басым назар аударылатын мемлекетіміздің дамуы кезеңіне қадам басудамыз», — деген болатын.

«Жер бетіндегі адамдардың, алғашқы кезекте үлкендердің басты міндеті — рухани білімді ілгерлетуде өзіне жəне басқаларға көмек көрсету, оны өскелең ұрпаққа жеткізу», ¾ деп Республика- лық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы жəне Президенті С.А. Назарбаева Дүниежүзілік рухани мəдениет форумында баса айтқан болатын (Астана, 2010) [1].

Бүгінгі күні ұлттық білім беру жүйесі өскелең ұрпақтың дамуына, балалар мен жастарда адам- гершілік сенімдердің жəне де махаббат, мейірімділік, шындық, əдемілік, адамгершілік сынды жалпы адами құндылықтармен адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру арқылы жеке тұлғаны дамытуға бағытталған. Осыған орай заманауи педагогиканың маңызды міндеттерінің бірі балаларды жалпы адамгершілік құндылықтар негізінде тəрбиелеу болып табылады. Бұл міндеттің отыз жыл бойғы тəжірибелік шешімі болып, елімізде өскелең ұрпақты дамыту жəне рухани адамгершілікке тəрбиелеуде белсенділік танытқан, Қазақстан Республикасының бірінші ханымы Сара Алпысовна Назарбаева авторы болатын «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік рухани-адамгершілік білім жобасын жүзеге асыру болып табылады.

«Өзін-өзі тану» курсы – бұл, ең алдымен жаһандану кезеңінде бақытты өмір сүре алатын, қоршаған ортаны сақтай алатын, өмірлік ұстанымы басқа адамдарды түсіне алатын, өз əлемінің ұлттық бейнесін қорғай отыра, түрлі мəдениет пен өмірлік тəжірибелерге құрметпен қарайтын рухани ағарған адамды, Ғаламшар азаматын жəне бір мезетте Қазақстанның азаматын қалыптастыру, жеке тұлға ретінде дамыту жүйесі. «Өзін-өзі тану» философия жəне психология, педагогика жəне тарих, дінтану жəне мəдениеттану, əдебиет, ұлттық психология, этика, эстетика, əлеуметтану сияқты гуманитарлық жəне жаратылыстану ғылыми пəндерді байланыстырған жұмылдырылған база тəріздес [2].

«Өзін-өзі тану» курсы білім беру орындарында оқу-тəрбиелеу қызметі жүйесінде жетіспеушіліктің орынын толтыруға мүмкіндік беретіндігімен жəне оқытуға, тəрбиелеуге дəстүрлі жəне жаңа қадамдардың мазмұнын ашуға көмек көрсететіндігімен анықталды. Руханилық басымдығы оқытудың жаңа мазмұндағы əдістері мен қадамдарын таңдауды анықтап берді.

«Өзін-өзі тану» курсының мазмұны Қазақстанда өмір сүретін ұлттар мен ұлыстардың дəстүр- лерін ескере отырып, жалпы адами құндылықтарды: махаббат пен бақытты, кеңпейілділік пен жанашырлықты, шындық пен мейірімділікті, өмірдің мəні мен əділеттілікті, шыдамдылықты тануға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев халыққа өз Жолдауында: «Біз əрбірінің ар-ожданын, беделін құрметтейтін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттар жəне рухани құндылықтары бар қоғам құруымыз қажет», — деп атап айтқан болатын. Осы талаптармен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының мақсаты астарласып жатыр.

Балалардың рухани-адамгершілік дамуы, оларды өз еркімен өмір сүрулеріне дайындау барлық ғасырларда қоғам мен мемлекеттің дамуындағы маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Балалардың, жасөспірімдердің жəне жастардың жеке тұлғаларын қалыптастыру заманауи қоғам- да экономикалық жəне саяси реформада жүзеге асатындықтан, жастардың құндылық бағыт-бағдар- ларының өзгеруіне, бұрыннан келе жатқан ұстанымдары мен көзқарастарының ауытқуына əкеліп соқтырды. Бұл міндеттің тəжірибелік шешімі болып «Өзін-өзі тану» жобасын жүзеге асыру болып табылды. Балаларды, оқушыларды, жастарды адамгершілік білім беру бойынша қоғамдық- педагогикалық бастама қоғам мен адамның қарым-қатынасын үйлестіруге қабілетті білім берудің жаңа үлгісінің сызбасын айқындады жəне педагогтар мен қоғам тарапынан ауқымды қолдау тапты.

Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарындарының оқу жоспарларына жаңа «Өзін-өзі тану» пəнінің енгізіліуінің мақсаты — жалпы адами құндылықтарға жəне адамгершілік идеалдарға жүгінуілері арқылы студенттердің жеке тұлғалық дамуына үлес қосу. Бұл курстың мазмұны жастарға өзіне, өзгелерге, қоршаған ортаға құндылық қатынастарын дамытуға көмек көрсетуге, кəсіби өсуіне бағытталған. Адамгершілік кəсіби мəдениеттің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Заманауи қоғамда бүгінде түрлі кəсібиліктің сипаттамасында аса маңызды жауапкершілік ұғымы бекерден маңызды ұғым болып қалыптасқан жоқ.

Жеке тұлғаның өзін-өзі тануында жəне рухани əлемінің құрылуында өнер маңызды құрал болып табылады. Өркениеттің дамуы тарихы адам ойының қоршаған ортаны тануға, сол қоршаған ортада адамның алатын орнын түсінуге ынталанғанын куəландырады.

Қазақстандық білім беру, қоғамның модернизациялануы үдерісінде бола тұра жоғары адамгершілік мінез-құлқы бар бəсекеге қабілетті мамандарды даярлау мəселелерін өзектендіреді.

Бүгін қоғам алдында «руханилықты қайта тірілту» міндеті тұр. Интеллектуалдық, эстетикалық, еңбек, дене шынықтыру, рухани-адамгершілік тəрбиелеу мəселелері аса өзекті бола түсуде.

Кіші мектеп жасында мінез-құлықты қалыптастыратын жеке тұлғаның жалпы мəдениетінің негізі құралады, баланың жеке өзі дамиды, өзін-өзі тануға қызығушылығы пайда болады. Мұның бəрі мамандардың рухани-адамгершілік саласында жоғары білімді мамандарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін мақсатты, бағытталған жұмысты талап етеді [3]. 2001 жылдан бастап «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру курсы мен бағдарламасы мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде жəне еліміздің жоғарғы оқу орындарында оқытылды. 2005 жылы ҚР Білім жəне министрлігі жəне облыстық басқармалар жанында «Өзін-өзі тану» Рухани-адамгершілік білім беруді республикалық үйлестіру кеңесі құрылды.

Тəжірибе 175 білім беру ұйымдарында жүргізілді: 60 – мектепке дейінгі мекемелерде, 75 – жалпы білім беретін орта мектептерде, 10 – жетім балаларға арналған мектеп-интернатта, 1 – колледжде, 29 – жоғарғы оқу орындарында, оның ішінде академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да.

Тəжірибе барысында «Өзін-өзі тану» курсын оқыту əдістерін жəне мазмұнын, рухани- адамгершілік білім беру мəселелерін талқылау бойынша, оқыту семинарлары, халықаралық, республикалық, аймақтық конференциялары жүйелі түрде жүргізіліп тұрды. Тəрбиешілер, мұғалімдер үшін «Өзін-өзі тану» пəні бойынша оқу құралдары, оқу-əдістемелік кешендер əзірленді. Ұстаздар, ата-аналар, студенттер жəне оқушылар арасында жүргізілген əлеуметтану сауалнамасы бұл бағдарламаның қажеттілігін көрсетті. Көп жылғы тəжірибелерден кейін «Өзін-өзі тану» бағдарламасы қоғам, ғалымдар, жас зерттеушілер тарапынан қолдау тапты.

«Өзін-өзі тану» курсын жүргізу бойынша ғылыми-зерттеу қызметін, мониторингті адамның үйлесімді дамуының ұлттық ғылыми-тəжірибелік «Бөбек» орталығы институты басшылық етеді.

Жоғары оқу орындарында педагогикалық факультеттерде балаларды өзін-өзі тануға оқытатын мұғалімдерді дайындау қажеттілігі туды. «Бөбек» орталығының ұсынысы бойынша бакалавриат, магистратура жəне докторантура (PhD) мамандықтарының классификаторына 2009 жылы

«Əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану» жаңа мамандығы енгізілді. Осыған байланысты Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 2010–2011 оқу жылдарында «Əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану» жаңа мамандығы ашылды.

 Қазақстанда алғашқы мамандандыру 2010 жылы ашылды жəне бұл бағыттағы мамандандарды дайындауға еліміздің жоғары оқу орындары үшін 300 грант бөлінді. Заманауи қазақстандық қоғамда өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік білім беруді жəне тəрбиелеуді басымдылық маңызын нығайту үшін көп мүмкіндіктер жасалуда. Бұл бағытта білім беру мекемелерінің қызметінде «Өзін-өзі тану» оқу пəнінің алатын орны ерекше. Адамгершіліктің дамуы, адамды тəрбиелеу мəселелері қоғамды əрдайым толғандырған. Бүгінде əлем жалпы адами құндылықтарды дамыту бойынша жаңа білім беру бағдарламалар іздестіру үстінде. Жаңа ұрпақты адамзаттың рухани мəдениеті құндылықтары мен жетістіктеріне үйрету заманауи қоғамның өзекті мəселесі болып табылады.

«Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясында «толыққанды адамгершілік дамуға құқығы» көрсетілген. Адамгершілік ¾ бұл адамның бала жастап бастап этикалық нормалармен, тəртіп ережелерімен басшылық ететін ішкі рухани сапасы.

Бала тəрбиесіне ықпал ететін мүмкіндігі бар мүғалім өз қызметінде осы мəселеде маңызды роль атқаратынын білуі тиіс. Осы себепті педагогтың міндеті баланы ар-ождан принциптерімен, этикамен таныстыру, адамгершілік ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру болып табылады.

Заманауи қоғамда өскелең ұрпақтың рухани жəне адамгершілік дамуының қалыптасуы, азаматтардың жаңа типін тəрбиелеу, шынайы патриоттарды, өзіндік ой пікірі бар, белсенді, интеллект мүмкіндігі мол жəне адамгершілік принциптері бар азаматтарды тəрбиелеу мəселелері маңызды болуда.

Заманауи білім берудің, қоғамның жəне мемлекеттің маңызды мақсаты болып, жоғары өнегелі, жауапты, шығармашылықты, ынталы, бəсекеге қабілетті Қазақстан азаматының қалыптасуына жəне дамуына педагогикалық қолдау көрсету, тəрбиелеу болып табылады.

Патриотизм, адамгершіліктік нормасы, ұлтаралық келісім, толеранттылық тəн жəне рухани даму, заңға бағына білу. Бұл құндылықтар жеке меншік нысанына тəуелсіз барлық оқу орындарына енгізілуі қажет.

«Өзін-өзі тану» пəнінің əзірленуінің басты идеясы ¾ оқу жəне тəрбиелеу үдерісі барысында балаларға, жасөспірімдерге рухани-адамгершілік құндылықтарын сіңіру.

«Өзін-өзі тану» бала мен жасөспірімнің рухани-адамгершілік мəдениетінің дамуына, өз өмірінің мəнін түсінуге, өзінің «Менін» түсіну арқылы адамның жоғары болмысын, өзін-өзі тануға бағытталған пəн. «Өзін-өзі тану» пəні мəдениеттің, жалпы адами құндылықтың, адамның шығармашылық қабілеттілігін дамыту, өзінің қайталанбас даралығын ұғыну, əрбір оқушы өзінің табиғи қабілеттілігін ашуды дамытуға бағытталған. «Өзін-өзі тану» пəнінің негізін құрайтын руханилық-зияткерлік, этикалық жəне эстетикалық негізгі үш өлшемнің бірлігінде дəлелденеді. Пəннің базалық мазмұны төрт негізгі бөлікті қамтиды: адамның өзін-өзі тануы; адам жəне қоғам; адам жəне қоршаған орта; адамзаттың рухани тəжірибесі. Өзін-өзі танудың пəндік аймағы əрбір оқушының өзінің табиғи қабілеттілігін ашуға жəне өзінің ішкі əлемін ашудағы шығармашылық шамасына, өзінің қайталанбас даралығын ұғынуға бағытталған мақсатты оқыту барысын ұйымдастыруға болжанған.

Сабақтар адамзаттың рухани мұрасының жақсы үлгілеріне жүгінеді. Оларды жиі «Халық даналығы» сабағы деп атайды. Оқушылар өздерінің ішкі əлеміне талдау жүргізеді жəне өзінің жеке əрекетіне баға береді, өзінің жеке «Менінің» сыртынан жолдар іздейді, ұғынады, үйренеді, өзінің ойын, сөзін жəне əрекетін талдайды, өзінің жағымсыз қасиеттерін жеңіп, жағымды қасиеттерін жетілдіреді [4]. Өзін-өзі тану сабақтарында оқытушымен ашық диалог жүргізіледі, əлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде адамдардың өзара қарым-қатынас əлемі зерттеледі, өмірлік бақылаулары бойынша пікір алмасады, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдылары дамытылады. Өзін-өзі тану ерекшелігін есепке ала отырып, денсаулық сақтау əлеуетіне ие əр түрлі стандартты емес сабақ түрлері пайдаланылады. Осы бағытта басты рөл оқытудың жəне тəрбиелеудің заманауи əдістерімен, психологиялық біліммен, балалардың жас ерекшеліктерінің есебімен педагогикалық барысты өз бетінше құрастырудағы ептілікті білетін мұғалімге бұрылады. Өзін-өзі тану мұғалімі сабақта жеке тұлғаның шығармашылық шамасын ашуға, оның қабілеттілігіне жəне мүмкіншілігіне көмектесетін əртүрлі дəстүрлі жəне дəстүрлі емес интерактивті нысандар жəне оқытудың əдістерін пайдаланады. Рухани адамгершілік білімінің ерекшеліктеріне сəйкес, оқушылардың саны емес, олардың оқудағы жетістіктерінің сапалы бағалары маңызды. «Өзін-өзі тану» пəні өзін-өзі дамытудың жəне өзін-өзі жеке тұлғаландыруды актуализациялаудың, оқушылардың маңызды өмірлік ептілікке жəне кеңінен шоғырланудың дағдыларына ие болуларына көмектесу жəне қолдау көрсетуге қажетті жағдай болып табылады.

 Білім – қазіргі заман əлеміндегі ұлы құндылықтардың бірі, себебі жеке тұлғаның рухани- адамгершілік дамуы үшін жағдай туғызады. Егер немқұрайды білімге мамандар емес, ал нағыз, сенімді кəсіпқой, шығармашылық, жасампаз адамдар ие болса, қоғам ұтады, ал осы міндеттерді шешуде басты рөлді, атап айтқанда, «Өзін-өзі тану» пəні атқарады.

Жоғары білім əр түрлі гуманитарлық ғылым өкілдерінің арнаған жұмыстарының маңыздылығын қарайтын əлеуметтік институт тəріздес. «Өзін-өзі тану» оқыту тəртібінің орны жəне рөлі жоғары білім жүйесінде маңызды. Осы тəртіп жас адамға қоршаған ортаны түсіну, өзін ұғыну жəне соған өзін арнау, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауда, өзінің қоршаған ортаға дұрыс жалпы адами құндылықтармен көзқарасын жүйелеуде көмекке келеді. «Өзін-өзі тану» жаңа пəні он жыл бойы дүниежүзілік білім жүйесінде, жалпы адами құндылық-тарға, оқыту тəжірибесінде ұйымдастыру кестесін құру жəне өзгертуде жаһандық өзгерістер қатарын-да интегративті инновациялық курс сияқты жасалды. Білім берудің жаңа үлгісі адамның шығармашылық қабілетін дамыту жəне барлық көп білім беру қызметін жаңғыртуға толық деңгейде бағытталған.

«Өзін-өзі тану» пəнінің рухани-адамгершілік тереңдігін ашу адамзаттың ұлы оқытушыларының ілімдері жəне өмірбаяндарында шоғырланатын өркениеттің рухани тəжірибесіне артусыз болмайды. Ұлы адамдардың өмірбаяндары кемел өмірді бастаудың, ойлардың, сөздердің істердің бірлігінде, сонымен қатар барлық жастағы оқушылар үшін көтеріңкі ойлардың таусылмас қайнар көзі жəне шабыт беруші болып табылады.

Шынында, біз сыртқы əлемді түсіну жəне меңгеруді үйрендік, алайда өзіміздің ішкі əлемімізді зерттеуді жəне түсінуді ұмыттық, яғни өз-өзімізді. Қазіргі заманғы адамзат кең байтақ бүкіл əлемді жаулап алып жатқанын мақтан тұтады, алайда біз өз өзімізді жаулай алмағанымыз анық.

Ілгерілеу мен білімнен қандай пайда, егер адам ызадан, ашкөздіктен, қызғаныштан, қайғы- қасіретпен жəне өзгелерге қайғы-қасірет келтіріп өмір сүруден құтыла алмай жүргенде. Осы туралы қазақтың ұлы классиктері де айтқан. Мысалы, Шəкəрім Құдайбердиев ғалымдарға барлық білім беру мекемелерінде міндетті «Ар-ұждан ғылымын» жасау жəне енгізуді ұсынған болатын. Қазақтың аса көрнекті ақыны жəне ойшылы: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады. Олар: барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тəрбиелейді».

Өзін-өзі тану сабақтарын ар-ұждан сабақтары деп атауға болады, себебі ар-ұждан барлық рухани-адамгершілік құндылықтарын айқындаушы болып табылады. Бүгінгі күні Шəкəрім Құдайбердиевтің арманы орындалды деуге болады, себебі өзін-өзі тану сабақтары Қазақстанның барлық жалпы білім беретін мектептерінде жүргізіледі. Руханилық ¾ бұл «адамның сол немесе басқада жоғары құндылықтарға ұмтылуы, адамның өзін өзгертуге талпынуы, өзінің өмірін сол мақсатқа жақындатуы жəне ішкі үйреншіліктен босатылуы» (В.И. Даль).

Ғасырлар бойы адамдар рухани-адамгершілік құндылықтарды жоғары бағалады. Қазіргі заманғы қоғамда пайда болған əлеуметтік-экономикалық терең жаңғырту бізді Қазақстанның болашағы, оның жастары туралы ойлануға мəжбүрлейді. Қазіргі уақытта адамгершілік бағдар алынған өскелең ұрпақты руханисыздықта, нанымсыздықта, қатыгездікте кінəлауға болады.

XXI ғасырдағы адамның руханилығы, оның шығармашылық ой өрісі, инновацияларға ашылуы қоғамның негізгі капиталы болып есептеледі. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сəйкес, адамның тұлғалық биіктігі мен кəсіби артуына жету мақсатында білімге құзыретті көзқарасты жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы жүйесі адамгершілік пен руханилықты дамытуға бейімделгені анық көрінеді. Төмендегі түсініктер қарастырылып, мағынасына келесі мəн беріледі:

  • жалпыадамзаттық, ұлттық, этномəдени жəне тұлғалық құндылықтарды үйлестіру;
  • бірыңғай дүниетанымды дамыту;
  • азаматтық сана;
  • өмірлік дағды;
  • оқушылардың шығармашылық белсенділігі.

«Өзін-өзі тану» жобасы баланың жалпы дамуына, рухани əлемді жəне жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. Басты мақсат ¾ баланы өзімен, қоғаммен жəне қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге үйрету.

  

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания: собр. соч. ¾ М.; Л.: Изд-во АПН РСФСР, ¾ Т. 8. ¾ С. 11-28.
  2. Антология педагогической мысли Казахстана / Сост. К.Б. Жарикбаев, С.К.Калиев. — Алматы: Рауан, 1995. — C.
  3. Нысанбаев А.Н., Соловьева Г.Г. Изменимся вместе с детьми (философское обоснование предмета «Самопознание»).
  4. Алматы: Компьютерно-изд. центр Ин-та философии и политологии МОН РК, 2002. ¾ С.
  5. Государственный общеобязательный стандарт по предмету «Самопознание». ¾ Алматы: ННПООЦ «Бөбек»,¾ С. 74.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.