Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары мектепте қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің жетілдіруі

Бүгінде ғылымның дамуында антропоцентристік парадигма басымдық танытуы — ғылымның қолданбалық сипатының күшейе түскенінің айқын дəлелі. Адам жетістіктің иесі жəне тұтынушысы ретінде алдыңға орынға шығу арқылы ғылым жетістіктерін күнделікті қажетіне жаратуға мүдделі. Əдебиеттану ғылымының да игілікті ізденістері мен іргелі зерттеулері əдеби қауымға, əдебиеттану саласының ертеңгі тізгінін ұстар жас буынға, жоғары мектепте əдебиет пəні маманы ретінде даярланушы шəкірттердің құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталатыны мəлім.

Əдебиетті оқыту əдістемесінде əлі де түрен салынбай келе жатқан тың сала — жоғары мектепте əдебиетті оқыту əдістемесі. Жасыратыны жоқ, жоғары оқу орындарында əдебиет арнаулы пəн ретінде оқылғанына бір ғасырға жуық уақыт болды. Осы жылдар ішінде қазақ əдебиетін пəн ретінде жоғары мектепте оқыту əдістемесінен қорғалған ғылыми еңбек жарық көрмеді десек, қателеспейміз. Оның өзіндік себептері де жоқ емес. Біріншіден, əдебиет пəн ретінде оқытылатын оқу орындары орта мектепке əдебиет пəнін оқытушы маман даярлау мақсатын көздейді. Ал ондай оқу орындарының негізгі нысаны орта мектеп болғандықтан, оқу-əдістелемік ізденістер мұғалім мамандығын алушылардың кəсібін шыңдауға бағытталады. Сондықтан орта мектепте əдебиетті оқыту əдістемесіне көбірек ден қойылды. Екіншіден, тəуелсіздік алған кезеңнен бері (кеңес кезеңінде де) 13.00.02 —«Оқыту теориясы мен əдістемесі (бастауыш, орта, жоғары білім жүйесіндегі қазақ əдебиеті)» диссертациялық кеңесін құру ісі осы саладағы ғылыми əлеуеттің жетімсіздігіне байланысты кешеуілдеумен болды. Аталмыш салада азды-көпті ғылыми дəреже қорғағандар бір мəрте жұмыс бағытындағы ғылыми кеңеске жүгінді.

Дегенмен жоғары мектепте қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі сүрлеусіз тың жолға түрен салғандай қарға адымдап болсын қалыптаса бастады. Қазақстандағы ең бірінші ашылған оқу орнының (1928 ашылған, қазіргі Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті) лингвистика- педагогикалық факультетінде (кейінірек филололгия факультеті болған) қазақтың зиялы əдебиетші- ғалымдары еңбек етті. Кейін ашылған басқа жоғары оқу орындарында да осы үрдіс қалыптасты. Қазақ зиялылары ақын, жазушылар, оқытушылар, білім беру саласының алғашқы қайраткерлері С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, Т.Шонаұлы, М.Жұмабаев, Ғ.Болғанбаев, М.Жолдыбаев, Қ.Жұбанов, Қ.Тоқтыбаев, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ө.Тұрманжанов, М.Əуезов, Т.Нұртазин, М.Ғабдуллин, М.Мағауин, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Н.Ғабдуллин, Н.Келімбетов, тағы басқа тұлғалар білім саласында еңбек ете жүріп, Қазақстанда ашылған бастауыш, орта мектептерге оқулықтар, оқу құралары, əдебиет-хрестоматияларын жазды.

Оның айқын дəлелі ретінде М.Əуезовтің «Əдебиет тарихы» оқулығы, І.Жансүгіров, С.Сейфоллаұлы, Ə.Мəметкелінінің «Əдебиет құралы» оқулығы (1932), С.Сейфоллаұлы, Ө.Тұрманжанұлының «Көркем əдебиет» (1934), М.Жолдыбайұлы, Ə.Қоңыратбайұлы, М.Қаратайұлының төрт жылдық мектепке арналған «Əдебиет хрестоматиясы», Е.Исмайылов пен Қ.Бекхожиннің 5-сыныпқа арналған хрестоматиясы, 1937–1938 жылдары М.Əуезовтің 6-сынып үшін,  Д.Əбіловтің 7-сыныпқа арналған, С.Мұқанов пен Қ.Бекхожинңің 8-сынып үшін, Е.Исмайылов пен Қ.Бекхожиннің 9-сыныпқа арналған əдебиет хрестоматиялары, тағы басқа авторлардың осыған жалғасты оқулықтарының кейін де жарық көруін айтсақ болады.

Қазақ əдебиетінің қалыптасуы мен оның орта жəне жоғары мектепте арнайы пəн ретінде оқылуына ықпал еткен əдебиеттанушы-ғалымдарымыз өздері де жоғары оқу орнында дəріс оқыды. Жоғары мектепте əдебиет пəнінен дəріс сабақтарын өткізе жүріп, əдебиетті жоғары мектепте оқытудың міндетін пайымынша шешіп жүрді.

Қазақ əдебиетін мектепте оқыту əдістемесінің қарқынды дамуы 60-жж. бастау алады. Ендігі жерде арнайы қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімін даярлайтын оқу орындарында қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі дербес пəн ретінде оқытылып, оқулық жазу ісі қолға алынды. Ə.Қоңыратбаевтың «Əдебиетті оқыту методикасының очерктері», «Қазақ əдебиетінің методикасы», А.Көшімбаевтың «Қазақ əдебиетінің методикасы», «Орта мектептің қазақ əдебиетін оқыту методикасының мəселелері» деген еңбектерінің жарық көруі əдебиетті оқыту əдістемесінің дербес ғылым саласы ретінде дамуының айқын дəлелі еді. Осыған дейін орыс əдіскерлерінің еңбектерін қуаттап, центристік бағыт ұстанып отырған қазақ əдебиеті əдістемесінің ендігі бағыты қазақ əдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін тыныта оқытудың өзіндік əдіс-тəсілдер жүйесін жасау болды. Сондықтан аталған еңбектер қазақ əдебиеті əдістемесінің іргелі мəселесін көтергендігі жағынан бағалы деп білуге болады.

Осы бір кезеңдерде жеке ақын-жазушылар шығармаларын дербес талдау да көбірек қолға алынды. Ə.Дербісалиннің «С.Мұқанов творчествосын оқыту үшін көмекші құрал», Ə.Дайырованың «Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту», С.Қалиевтің «Ғ.Мүсірепов шығармаларын қазақ орта мектебінде оқыту», Қ.Тасболатовтың М.О.Əуезовтің творчествосын орта мектепте оқыту мəселелерін талдаған «Əдебиет сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін артыру жолдары» деген мұғалімдерге арналған көмекші құралдар жарық көрді.

Жоғары мектепте əдебиеттің тарихи курсы, əдебиет теориясы, сыны — тұтас алғанда əдебиеттану салаларынан толық білім қалыптастыру көзделетіні мəлім. Əдебиеттану саласында ғалымдардың қол жеткізген табыстары: монографиялар, ғылыми зерттеулер, əдебиет тарихы, теориясы, сынынан жазылған оқулықтар əдебиеттану саласын дамытумен қатар, филология мамандығында оқитын болашақ мамандардың оқу құралы ретінде де қызмет атқарып келеді. Əдебиеттану саласының зерттеу арналары кеңейе түсуде. Əдебиеттің тарихы, теориясы, сыны жаңа ізденістермен толығу үстінде. Кейінгі жылдары жоғары оқу орындарында қазақ əдебиетінің теориясы, тарихы мен сынынан арнаулы курстар бойынша оқу құралдары мен оқулықтар жазу үрдісі қалыптасып келеді. Бұл қатарда біраз авторларды атауға болады. Ж.Дəдебаевтың «Қазақ тарихи романы, дəстүр мен жаңашылдық» атты оқу құралын (1988); «Қазақ əдебиеті (1960–1990)» атты лекциялар курсын (Н.Сағындықовпен бірігіп жазған, 2002); Т.Есембековтің «Көркем мəтін поэтикасы» оқу құралы (2012); А.Ісмақованың «Қазақ көркем прозасы» еңбегін (1998); Г.Пірəлиеваның «ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеттануы (1920–2005 жж.)» атты оқу құралын (2010), С.Ержанованың «Қазақ поэзиясы тəуелсіздік тұсында» атты оқу құралы (2010) т.б. əдебиетші- ғалымдардың жоғары оқу орындарына арнап жазған оқулықтары мен оқу құралдарын атауға болады.

Дегенмен жоғары оқу орындарында əдебиетті оқытудың əдістемесі бойынша іргелі зерттеу еңбегі, жоғары мектепте əдебиетті оқыту əдістемесін жүйелеген оқулық, оқу құралын жазу ісі, əдебиетті жоғары мектепте оқытудың əдіснамалық негізін саралау қолға алынбай келе жатқанын айтқан орынды.

Ал əдебиет теориясының жоғары мектепте оқытылу жайына тоқталар болсақ, байқауымызша, бұл салада қазақ тілінде жазылған оқулықтар санаулы. Көш басына А.Байтұрсынұлының «Əдебиет танытқыш» еңбегін сала отырып, З.Қабдоловтың «Сөз өнері», Р.Нұрғалиевтің «Əдебиет теориясы» (2003), С.Мақпырұлының «Адамтану өнері» (2009), М.Шабжанқызының «Əдебиет теориясы» (2002), К.Ахметовтың «Əдебиеттану əліппесі» (2000), «Əдебиеттануға кіріспе» (2004) т.б. оқу құралдарын айтуға болады.

Ал осы пəндерді, яғни, əдебиет тануға кіріспе, əдебиет теориясын жоғары мектепте оқыту əдістемесінен де ғылыми еңбек қолға алынбай келеді. Əдебиетті жоғары мектепте оқыту əдістемесі тың сала екендігін мойындай отырып, əдебиет теориясын оқытудың мақсат, міндеті мен жауапкершілігін түсінуге болады.

Əдебиетті оқытуға тікелей қатысы болмаса да, жоғары мектеп оқу үдерісінің азды-көпті нысанға алынуы, оқу-əдістемелік еңбектердің жарияланымы жаңа оқыту технологияларының білім жүйесіне жол тартуына байланысты болды. Қазақстандағы инновациялық экономиканың құрылуынан туындаған жоғары оқу орындарына қойылып отырған жаңа талаптар жоғары мектепте ғылыми- инновациялық ортаны кеңейте түсті. А.Əлімовтің «Интербелсенді əдістерді жоғары оқу орындарында қолдану» (2011), Е.Жұматаеваның «Жоғары мектепте əдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту» (2012), А.А.Вербицкийдің «Активное обучение в высшей школе: Контекстный подход: методическое пособие» (1991), С.И.Архангельскийдің «Лекции по теории обучения в высшей школе» (1995), А.Г.Тряпицынаның «Компетентностный подход в высшем профессиональном образовании» (2005), Д.В.Чернилевскийдің «Дидактические технологии в высшей школе» (2001), Ж.А.Кулекееваның редакциялық басқаруымен «Основы кредитной системы обучения в Казахстане» (2004) т.б. оқулық, оқу құралдарының жазылуы білім саласында жоғары мектептегі оқу үдерісін жаңа технологиялар көшіне ілестіру мақсатының басымдығын танытады.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бастамасымен Назарбаев университеті мен Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп əзірлеген деңгейлі бағдарламасы негізінде республиканың педагог-қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы əзерленуі, жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне осы бағдарламаның негізінде қосымша кəсіби білім беру əдіснамасы мен технологиясының қолға алынуы да игілікті шараның міндеттерін жүзеге асыру жолдары ретінде қарауға болады.

Жоғары мектеп дидактикасының дамуында ресей ғалымдарының үлесі зор. Осы саладағы дидактика мен инновациялық технологиялардың дамуының қозғаушы күші ретінде танылған ресей ғалымдары өткен ғасырдың 60-жылдарының өзінде жоғары мектептің оқыту əдістемесіне жаңа технологияларды енгізе бастады. А.В.Коржуевтың «Вузовский учебный процесс: состояние, проблемы, решения» (2001), С.И.Архангельскийдің «Учебный процесс в высшей школе, его закономерные основы и методы» (1980), Ю.Г.Фокиннің «Образование и воспитание в высшей школе» (2002) еңбектері жоғары мектептегі дидактиканың жекелеген мəселелерін қарастырды.

Ал сонау орта ғасырдағы Болонья жоғары мектептерінен бастау алып, Я.А.Коменскийдің идеясымен кеңестік кезеңде ірге жайған сыныптық оқыту үдерісіне 90-жылдары жаңа дəстүр ене бастады. Педагогикада білімнің жаңа парадигмасы қалыптасу үстінде болды. Оқыту процесін дамытудың жаңа тенденциялары бой көтеріп, білім алушыны дамыту мақсаты оқытуды тұлғаға бағыттау қажеттігін айқындай түсті. 1960-жылдардың өзінде оқытудың жаңа бағыттары бой көтеріп, ішінара зерттеу жұмыстары жүргізіле бастаған болатын. Жаңа идеяның тірегіне айналған психолог- ғалым Л.С.Выготскийдің зерттеуі десек қателеспейміз. Ол тұлғаның дамуындағы өзекті деңгей мен жақын даму аймағы деп атаған объектісін ерекше бөліп қарастырып, «даму алда жүретін оқыту түрі ғана ең жақсы оқыту бола алады, тек дұрыс ұйымдастырылған оқыту ғана ақыл-ойды дамыта алады» деген тұжырым жасады [1]. Оқытудың тұлғаға бағытталған технологияларын Ш.А.Амонашвили, Е.В.Бондаревская, Ю.И.Турчанинова, тағы басқа ғалымдар қолдады. Нəтижесінде педагогикада «жаңа технология» ұғымы туды. Білім беру жүйесіне «педагогикалық технология» терминінің еніп, түрлі технологиялардың қатыптаса бастауына түрткі болған шетел ғалымдары болды. Олар оқыту технологиясын жалпы дидактиканың бір бөлігі ретінде, оқытудың оңтайлы жолын анықтайтын оқу үдерісі ретінде қарастырды.

Ресей жəне отандық əдіскер-ғалымдардың педагогикалық технология туралы талдамалары əралуандығына қарамастан, барлығында ортақ бір жүйе қалыптаса бастады. Ол тұлғаны дамыту мақсаттарынан туындайтын оқу іс-əрекеттерінің ойластырылған құрылымдық жүйесі еді. Ойымыздың дəлелі ретінде бірер мысал келтірер болсақ: В.П.Беспалько «практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба» деген анықтама бере отырып, педагогикалық жүйені «тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланыстағы əдіс-тəсілдер» деп қарастырды [2].

Осылайша педагогикалық технология — оқыту үдерісін түгелдей қолдану жəне бағалау, сондай- ақ адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, білім берудің тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі əдісі ретінде түсіндірілді.

Бүгінде білім беру жүйесінде өзінің тиімділігімен ерекшеленген бірнеше инновациялық технологиялар мəлім. Олар:

  1. Дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Л.В.Зенков).
  2. Проблемалы оқыту технологиясы (М.И.Махмудов).
  3. Саралап оқыту технологиясы (В.В.Фирсов, Н.П.Гузик).
  4. Оза отырып оқыту технологиясы (С.Н.Лысенкова).
  1. Оқу материалдарының белгі жəне сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов).
  1. Топтық жəне ұжымдық оқыту технологиясы (И.Д.Первин, В.К.Дьяченко).
  2. Дидактикалық бірліктерді ірілендіріп оқыту технологиясы (П.М.Эрдниев).
  3. «Əдебиетті адам қалыптастырушы пəн ретінде» оқыту жүйесі (Е.Н.Ильин).
  4. Жобалау технологиясы.
  5. Модульдік оқыту технологиясы (М.Чошанов, П.И.Третьяков, К.Вазина).
  6. Ақпараттық, коммуникативтік технология, тағы басқалар.

Осы аталған технологиялар республикамыздың білім беру саласына еркін ене бастады. Жаңа оқыту технологияларының республика аймағында таралуына елеулі үлес қосып, ғылыми-əдістемелік негізінің қалыптасыуына ықпал еткен отандық (А.Қараев, М.Жанпейісова, С.Мирсейітова, А.Əлімов, Ə.Жүнісбек, А.Сатбекова, Н.Оразақынова, тағы басқалар) əдіскер-ғалымдар екені белгілі.

Жоғарыда аталған технологиялардың оқу сапасын атттыру мен тұлғаның дамытуға игі ықпалы бар екенін тəжірибе көрсетіп отыр. Дамыта оқыту технологиясының авторларының (Л.С.Выготский, Л.В.Зенков, В.В.Давыдов, тағы басқалардың) пікірінше, бұл технология — жеке тұлғаның барлық сапаларын тұтас сəйкестікте дамытуға бағытталған жүйе. Оның нəтижесінде білім алушы əр тұлға өзін-өзі өзгертуші субъект дəрежесіне көтерілуі көзделіп, соған лайықты жағдайлар жасалады.

Орыстың ағартушысы К.Д.Ушинский де өз дидактикалық еңбектерінде балаларды оқыта отырып дамыту мəселелеріне ерекше тоқталып, арнайы əдістеме жасаған.

Дегенмен, «дамыта оқу» деген терминге көзқарастар мен пікірлер əр түрлі жəне «дамытпайтын оқыту бола ма?» деген сұрақ жиі қойылады. Дəстүрлі оқыту тұлға дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы əсер етсе, яғни «дамудың соңында жүрсе», ал екінші жағдайда «оқыту дамуды өзімен бірге алып жүреді» деген Л.С.Выготскийдің пікірінен көп нəрсе аңғаруға болады [1]. Осы тұрғыдан білім алушы толық жеке тұлға ретінде нені білдіреді? Оны субъектілік тұрғыдан қандай құрылымдар анықтайды? Қандай қасиеттерін дамыту қажет? деген сұрақтарға жауап беру қажеттігі туындауда.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға білім алушының білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы тұлғалық дамуын, қалыптастыратын құзыреттілігін қойып отыр.

Осы жылдары оқытудың жаңа технологияларын жекелеген пəндерді оқыту мен пəннің танымдық, мазмұндық сапасын дамыту мақсатында қолдану жүзеге асырыла бастады. Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, Е.Н.Ильин, И.П.Волков сияқты педагог-новаторлар жаңа идеялар мен тұжырымдарды практикада қолдану арқылы жақсы нəтижелер көрсетті. Ал əдебиет пəнінің орта мектепте оқытылуын тұлғаның тынымдық, тиімді дамуына бағыттау идеясын көтерген əдіскер-ғалым Е.Н.Ильин болды. Ол шығарма өзегіндегі түйінді ойға, басты мəселелерге көркем детальді құрал ете отырып, диалогтік оқыту барысында жетуге болатынын нақты мысалдармен дəйектейді. Сол арқылы əдебиетті адамның рухани болмысына, адамгершілік ұстанымдарына ықпал ететін қарқынды күш, тиімді құрал ретінде қолдануға болатынын айтады.

Жоғары оқу орындарына кредиттік технологиялардың енуі, оқу үдерісін модульдеу, білім беру жүйесінде белгілі білім, білік, дағды (ББД) ұғымдары құзыреттілікпен алмастырылуы да білім беру үдерісінің мақсат, мүддесіндегі жаңа сипатты айқындай түсуде. Білім беруге құзыреттілік тұғырынан қарау, маманның құзыреттілігін арттыру мақсаттары құзыреттіліктің концептуалдық мəнін танудан басталатыны мəлім.

Ғылыми зерттеулерде құзыреттілік ұғымын танудағы ой-пікір алуан түрлі. Атап айтсақ:

Құзыреттілік — адамның алған білімі мен білігін тəжірибеде қолдануға қабілеттілігі жəне дайындығы; сөздіктерде құзыреттілік (лат. competentis) — сəйкестік, сай болу, қабілетті) немесе құзырлылықты игерген, білетін, белгілі бір сала бойынша білетін деген мағынада жұмсалады.

А.К.Шапошников «кəсіби құзыреттілік категориясы: қоршаған ортамен өзара əрекет етуінде адамның кəсіби іс-əрекетін жобалау жəне жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттері, білімі, іскерлігі жəне тəжірибесінің біріккен жиынтығы» десе [3], Д.И.Ушаковтың редакциясымен жарық көрген түсіндірме сөздігінде «құзыреттілік» — хабардар болушылық, абыройлық; «құзырет»— жеке тұлғаның кəсіби қасиеті жəне қызметтік сипаттардың нақты жиынтығы» деп түсіндіріледі. Ал С.М.Вешнякованың «Кəсіптік білім беру» сөздігінд: «кəсіби құзыреттілік competenens — қабілетті, белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тəжірибесінің сəйкестігінің мөлшері», деген анықтама берілген [4].

 Дж.Равен «Қазіргі заманға қоғамдағы құзыреттілік» атты еңбегінде «кəсіби құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деп түсіндіреді [5].

Байқап отырғанымыздай, құзыреттілік ұғымына берілетін анықтамалар бірдей емес. Бірақ барлығына ортақ бір түсінік құзыреттіліктің іс-əрекеттің көрінісі екендігінде. Яғни құзыреттілік белгілі бір білім нəтижесін жарыққа шығара алу, қолдана алу қабілеті дегенге саяды.

Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты: еңбек нарығында бəсекеге қабілетті, құзыретті, əлемдік стандарт деңгейінде нəтижелі жұмысқа, кəсіби өсуге, əлеуметтік-саяси оңтайлы тез əрекет жасауға, өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті жоғары білімді, шығармашыл маман даярлау екендігі жиі айтылып жүр. Ал педагог-маман даярлайтын жоғары оқу орындарын арналған білім стандарттары мен білім бағдарламалары белгілі бір құзыреттіліктерді қалыптастыруды мақсат етеді. Ендеше, оқу мақсаттары жоғары оқу орындарында əдебиеттану ғылымының салаларын оқытуда ғылыми- əдістемелік негіздерді басшылыққа ала отырып белсенді жүргізу талабын алға тартады.

Осындай дидактикалық мақсаттардың өзгерісі қазақ əдебиетін жоғары мектепте оқытудың əдіснамалық негізін қайта саралап, білім берудің парадигмасына сəйкес жұмыс жүргізуді талап ететіні сөзсіз.

Тұжырымдай келе, жоғары мектепте қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің бүгінге дейінгі қалыптасу тарихына шолу жасағанда байқайтынымыз: жоғары мектепте əдебиеттану салаларын оқытудың дəстүрлі жүйесі уақыт үдесінде игілікті оқу-танымдық істі атқарғандығы анық. Ол, бір жағынан, бүгінгі талап-сұраныс мүддесінде жаңа ізденістер мен бағыттардың арналарын айқындауға мүмкіндік берді. Жоғары оқу орындарында қалыптасқан дəстүрлі оқу жүйесі жаңа оқыту технологияларына қондырғы тұғыр ретінде қызмет етері сөзсіз. Дегенмен, уақыт көші алға сүйреген білім мазмұны жоғары мектепте əдебиетті оқытудың жаңа əдіснамалық негізін қалыптастыруды талап етеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Выготский Л.С. Психология искусства. — М.: Педагогика, 1987. — 344 с.
  2. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. — М.: Педагогика, 1989. — 192 с.
  3. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. — М.: Народное образование, 1998. — С. 19–25.
  4. Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения / Человек как предмет воспитания. Опыт педагогической антропологии (1861). — М.: Изд-во АН РСФСР, 1945. — 475 с.
  5. Шапошников А.К. Этимологический словарь современного русского языка. — Т. 2. — М.: Наука, 2010. — 575 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.