Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Диалогтық оқыту əдістемесін жоғары оқу орындарында қолдану ерекшеліктері

Жоғары оқу орындарында өзгерістер болып жатыр, əрине, ол өзгерістер білімнің жаңа, инновациялық тұлғалық-дамушылық парадигмасы бағытына қарай жүргізілуде. Бұл өзгерістер адамның интеллектуалды-шығармашылық əлеуетін тиімді қолдану қажеттілігінен туындайды.

Қазіргі таңда оқытушыға тек өз пəнінің жетік маманы болып қана қою жеткіліксіз, əрбір оқытушы өзінің оқу үрдісін ұйымдастыруға деген көзқарасына жаңашыл өзгерістер енгізуі қажет болады. Мұндай өзгерістер практика жүзінде кеңінен орын алу үшін, жоғары оқу орындарында оқу үрдісінде студенттерді оқытудың интербелсенді əдістерін кеңінен қолдану қажет. Оқытудың интербелсенді əдістері жоғары оқу орындарында студенттерді кəсіби даярлау үрдісін жетілдірудің ең басты құралы болып табылады.

Жоғары оқу орындарында оқытудың түрлері көбіне дəстүрлі түрде жүргізіледі, яғни оқытушы білімді жеткізеді, ал студент есте сақтайды. Осы орайда Л.С.Выготский: «Оқытушының дайын білімді жеткізілген дəрісі студентті əлбетте көп нəрсеге үйрете алады, бірақ студент бойында ешқандай əрекет жасамай, жеткізілген ақпаратты тексермей, бөтен адамның қолынан алынған дайын ақпаратты қолдануға ғана тəрбиелейді», — деген [1]. Дəрісті дəстүрлі тəсілдермен жүргізу мен интербелсенді əдістерді пайдаланып жүргізу арасындағы айырмашылықтың бірі, оқытушы мен студенттің өзара əрекеттестігінің өзгеруінде, яғни оқытушы белсенділігі студент белсенділігімен алмасады, мұнда оқытушының міндеті студенттердің белсенділігінің артуына жағдай жасау болып табылады.

Интербелсенді əдістер дегеніміз не? Интербелсенді əдістер (ағыл. interaction — өзара қатынас, бір-біріне əсер ету деген мағынаны береді) — білім алушылардың өзара қарым-қатынасына негізделген оқыту əдістері.

Интербелсенді əдістердің ең басты мақсаттарының бірі — оқытуда қолайлы жағдайлар жасау, яғни студент оқу барысында өзінің жетістігін, өзінің интеллектуалды маман бола алатындығын сезіну, бұл оқу үрдісінің өнімділігін арттыра түседі. Оқу үрдісін ұйымдастыруда барлық студенттердің таным үрдісіне тікелей араласа алуына мүмкіндік жасалады, нəтижесінде студент өзінің не білетіндігін жəне не ойлайтындығын түсінуіне, сондай-ақ рефлексия жасауына мүмкіндік алады.

«Рефлексия — қарастырылатын əрбір мəселе бойынша ой толғатып, жан-жақты зерттеп, өз түсінігіңді қалыптастыру, өзіңді тану мен түсіну, ішкі жан дүниеңе үңілу, өзіңмен сырласу, өзіңе есеп пен баға беру дегенді білдіреді. Осындай рефлексиялық жұмыс санада жаңа ұғымдар мен түсініктерді құрастырады, жаңа білім қалыптастырады, сол себепті де оқу/оқыту үрдісіндегі барлық іс- əрекеттердің негізін рефлексия құрауы керек. Үйрену үрдісінің мақсаты ойшыл тұлға қалыптастыру болғандықтан, оның мазмұнын рефлексиялық іс-əрекеттер құрауы керек» [2].


Интербелсенді оқытудың нəтижелілігі мен тиімділігі мынада [3]:

  • оқытудағы интербелсенді əдістер практикалық мəселелерді шешуде ұғыну, меңгеру жəне білімді шығармашылықпен қолдану үрдісін қарқынды етеді. Студенттердің оқу үрдісінде тек дайын білімді ғана алып қана қоймай, білімді белсенді қолдану есебінен оқыту тиімділігі қамтамасыз етіледі. Егер де оқытудың интербелсенді əдістері мен стратегияларын сабақта үнемі қолданып отырса, онда студент бойында ақпаратты тиімді меңгеру дағдысы қалыптасады жəне ойын айтуда қателесуден қорықпайтын болады да нəтижеде оқытушымен қарым-қатынаста сенімділік пайда болады;
  • интербелсенді əдістер мəселені талқылауда студенттердің уəжін арттырады, ол өз кезегінде олардың ізденіс белсенділіктеріне эмоционалды түрткі болады, нақты іс-əрекетке итермелейді, нəтижеде білім алу үрдісі саналы түрде жүреді;
  • интербелсенді əдістер бірегей ойлау мүмкіндігін қалыптастырады, проблемалық жағдайларға өздігінше үңілуге мүмкіндік береді, одан шығу жолдарын іздестіруге талпындырады; өз ұстанымы мен өмірлік құндылықтарын дəлелдеуге талпындырады; басқа да көзқарастарды тыңдай білуге үйретеді; толеранттылық пен кішіпейілділікті сақтай отырып, қарым-қатынас жасай білуге үйретеді;
  • оқытудың интербелсенді əдістері қызметті ұйымдастыру тəсілдерін алмастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, қызметтің жаңа тəжірибесін алуға, оны ұйымдастыруға, өзара əрекеттестікке түсуге үйретеді. Интербелсенді қызмет — білім, білік — дағды, қызмет — коммуникация тəсілдерінің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймайды, студенттердің жаңа мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі, дара жəне ұжымжық қызметті саналы түрде сезіне отырып, тəжірибе жинақтау үшін, құндылықтарды сезіну жəне қабылдау жолында құзыреттіліктерін қалыптастыру жəне жетілдірудің басты шарты бола алады;
  • оқытудың интербелсенді əдістерін пайдалану білімді меңгеру жəне оны қолдану біліктілігін, білік жəне дағдыларын түрлі жағдайларда икемді жəне адамгершілікпен қолданылуын бақылауға мүмкіндік береді.

Интербелсенді оқытуды ұйымдастыру дəстүрлі оқытуды ұйымдастырудан өзгешелігі бар. Бұл мəселеде А.Қ.Əлімов [2] интербелсенді оқытуды ұйымдастырудың мынадай ережелерін ұсынады:

  1. Аудиторияны жұмысқа даярлау. Тиімді жұмыс жасау үшін аудиторияда компьютер, LCD- проектор, тақта (жылжымалы тақта) немесе интербелсенді тақта, бор, флип-чарттар (плакаттар), маркерлер, A4 форматындағы қағаз болғаны дұрыс. Студенттердің еркін түрде жұмыс жасауына аудитория қолайлы болуы тиіс. Себебі сабақта студенттерден тұратын шағын топтар құрамы бірнеше рет өзгеруі ықтимал, сол себепті парталар студенттердің емін-еркін қозғалуына кедергі болмауы тиіс. Əдетте студенттер аудиторияда партаға екеуден отырып, жүздерін оқытушы жаққа бұрып отырады. Бұлай отыру олардың бір-бірімен өзара араласып, тиімді қарым-қатынас орналастыруына көмек бермейді, сондықтан студенттер бір-бірлерінің жүздерін көріп отырғандары дұрыс, себебі белгілі бір мəселені топтасып талқылағанға қолайлы жағдай жасалынуы тиіс.
  1. Топқа бөлу. Əр сабақта (əсіресе семинар жəне практикалық сабақтарда) студенттерді шағын топтарға бөліп, сол арқылы олардың бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасау қажет. Студенттерді 4 адамнан шағын топтарға бөлген тиімді, олар партаны жағалай бір-біріне қарап отырады. Топқа бөлу кездейсоқ түрде жасалынады, алайда семестр бойы əрбір студент барлық топ студенттерімен топ құрамында жұмыс жасап шығуы тиіс. Мұндағы мақсат — студенттердің бір- бірімен тиімді қарым-қатынас құрып, ортақ тіл таба білулеріне ықпал жасау.
  2. Мақсаттарды жəне күтілетін нəтижелерді айқындау. Əр сабақтың басында бүгін қарастырылған тақырып бойынша оқытушы өз тұрғысынан сабақтың мақсаттарын айқындап, студенттерден қандай білім, білік, дағды, əрекеттер күтетіндігін жеткізеді. Сонан соң студенттердің өздерінен сабақтан қандай нəтиже күтетіндерін құрастыруды талап еткен орынды болады. Бұл əрекет əрбір студентте өзінің сабаққа тікелей қатысы бар екендігі туралы ойды нақтылап, оларды «Сабақта мен қандай білім ала аламын? Ол үшін мен қандай жұмыс мен əрекеттер атқаруым керек? Бұл білім маған қандай пайда бермек?» деген сұрақтар төңірегінде ой-толғаныс жасауға шақырады.
  3. Жұмыс ережелерін қабылдау. Сабақ басында жұмыс ережелерін қабылдап (силлабуста келтірілген ережелерден басқа), оларды əрі қарай қатаң ұстану студенттерді тəртіпке шақырып, тиімді əрі үнемді түрде жұмыс жасауға қолайлы. Ол үшін əрбір шағын топ бұл мəселені 1–2 мин талқылап алғаннан кейін, олардың ұсыныстарын көлемді параққа (флип-чарт, плакат) түрлі-түсті маркерлермен жазып, аудиторияның көрнекті жеріне іліп қоюға болады.

 Ережелер сан алуан болуы мүмкін, мысалы, жұмыс регламенті, реті мен тəртібін анықтайтын, алайда олар бірлескен жұмыста сыйласымды қарым-қатынас құруға бағытталғаны дұрыс. Мысалы:

«Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік! Тұлғаның жеке басын сынамай, көзқарас пен пікірді сынайық! Қысқа да нұсқа сөйлейік! Уақытты үнемді əрі тиімді пайдаланайық! Берілген тақырыптан ауытқымайық! Біз үшін əрбір пікір құнды! Жекелей жұмыс жасағанда, бір-бірімізге бөгет жасамайық! Тыңдай білейік! Берілген тапсырманы мүлтіксіз орындайық!», тағы сол сияқты.

  1. Сенім жəне жұмыс атмосферасын қалыптастыру. Студенттерді психологиялық тұрғыдан интербелсенді оқуға дайындау қажет. Əдетте сабаққа келгендердің барлығы бірдей оқуға белсене араласып кетуге дайын бола бермейді, өйткені оларда өздерін қолайсыз сезіну жағдайлары да болуы мүмкін. Мұның бірнеше себептері болады, мысалы, «өзіне үлкен жауапкершілік жүктелуден қашуы немесе жүрексінуі мүмкін. Оң нəтиженің шығуына күмəндануы мүмкін. Жазалаудан немесе күлкі- мазаққа қалудан қаймығуы мүмкін. Еріншектік немесе шаршағандық болуы мүмкін. Назарын жинақтай алмау (мысалы, үзіліс кезіндегі оқиғалардың немесе алдыңғы сабақтың əсерінде болуы)».

Студенттердің сабақ барысында барлық шарттылықтардан арылып, ойлау қабілеттерін белсендендіріп, жұмысқа толық ниеттеліп, қызу кірісіп кетуін ой сергітетін жаттығулар арқылы жүзеге асыруға болады.

  1. Барлық студенттер қатысады. Интербелсенді əдіс аумағында өтетін сабақ мақсаттарының бірі бірлесе жұмыс жасау болғандықтан, əр қатысушының жұмысқа белсене қатысқандығы керек. Студенттердің білім игеру жұмысының, оның ішінде əсіресе бірлескен жұмыс əрекеттерінің қызықты əрі тартымды екендігіне көздерін жеткізгені дұрыс.
  2. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалады. Топтық талқылау кезінде барлық студенттердің өзіндік пікірлерін айтып, басқалары оны мұқият тыңдап, айтылған пікірді сыйлап, онымен санасатындай қолайлы жағдай жасап отыру қажет болады. Мұндайда барлық студенттердің пікірлері тыңдалуы қажет. Топтық бірлескен жұмыстан соң (талқылау, пікірлесу, ой қозғау, тапсырманы бірлесе орындау т.б.) əр топқа өз пікірі мен қөзқарасын жариялау мүмкіндігін беру керек.
  3. Жазбаша жұмыстар. Үйренудің басты мақсаты — тұлғаның дамуы, оның ішінде əсіресе ойлау қабілеті мен шығармашылық дағдылардың өркендеуі. Ал жазу (жазба жұмыстары) — ойлаудың шырқау биігі, сондықтан да əрбір сабақта жазба жұмыстарын жиі қолданып отырған орынды. Жазба жұмыстары — студент білімін бағалаудың дəлелді нысаны.
  4. Кері байланыс. Кері байланыс — сабақтың мазмұны немесе əдіс-тəсілдері, оның тиімділігі мен қандай дəрежеде өткендігі туралы студенттердің ой-пікірлері мен эмоциялары, олардың болашақтағы (келесі сабақтардағы) өз мұқтаждарын келтіруі. Кері байланыс арқылы алынған пікірлер оқытушыға өткізген сабағына баға беріп, оның ұтымды жақтары мен кемшіліктерін анықтап, келешек жұмысына өзгерістер енгізу мүмкіндігін береді.

Студенттерге «Сабақ қалай өтті: қызық өтті ма? Сіз үшін сабақтың құнды жақтары нелер болды? Бүгін не үйрендіңіз (білдіңіз)? Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін келешекте керек болады деп ойлайсыз ба? Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді? Сабақтың өту барысы туралы қандай пікірлеріңіз (ұсыныстарыңыз) бар? Келесі сабақта қандай мəселелерге назар аудару қажет деп ойлайсыз?» деген сұрақтарды ауызша талқылау немесе жазбаша жүргізілуі тиіс. Осылай кері байланыс бағалаумен бірігіп, оны орындауға студенттерге жеткілікті уақыт беріледі (мысалы, 5– 10 мин).

Демек, интербелсенді деген өзара əрекеттестік жасау немесе əңгімелесу дегенді білдіреді десек (затпен, мысалы, компьютермен сұхбаттасу немесе адаммен сұхбаттасу), онда интербелсенді оқыту, ең алдымен, диалогтық оқыту, оның көмегімен өзара əрекеттестік орнату болып табылады.

Диалогтық оқыту, өз кезегінде, оқыту мен оқудағы ұстаным, ол оқытушының оқу материалын даярлаудағы қолданатын ережелері мен студенттердің меңгеру барысындағы қолданатын ережелері болып табылады.

Диалог термині сөздіктерде түрліше түсіндіріледі, мысалы:

  • «Тіл білімі сөздігінде»: «Диалог (сұхбат) (гр. dialogos — əнгіме, сұхбат). Диалогтық сөйлеу — (сұхбаттасу) өзара тілдесу негізінде ауызша сөйлеу формасы [4].
  • «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»: «Диалог — екі немесе бірнеше адам арасындағы əңгіме», делінген [5].
  • Қазақ тілі энциклопедиясында: «Диалог (гр. dialogos — сөйлесу, əңгімелесу) — екі адамның тіл қатысуы», деп көрсетілген [6].


Адамдар кез келген жағдайда өз ойын біреуге түсіндіріп, білдіруде, пікірлермен алмасу үшін тілдік қарым-қатынасқа түседі, демек, диалог құрып сөйлеседі.

Зерттеушілердің пікірінше, адамның бір-бірімен қарым-қатынас жасауының үштен бір бөлігі тілдік сөйлесу қарым-қатынасына түсуден тұрады, яғни адамдар арасында үнемі диалогтық сөйлесу жүріп жатады.

Диалог ғылыми-зерттеулерде мынадай негізде қарастырылады:

  • тұлғаның жаңа мəдениетін құру əдісі (М.М.Бахтин, С.Ю.Курганов, Р.Ф.Литовский);
  • ерекше қызмет үрдісі, онда түсінісу, ұғыну, субъектілердің бір-біріне эмоционалды əсер етуі (З.А.Васильева, В.С.Ильина);
  • ерекше коммуникативті орта (Г.С.Батищев, М.М.Бахтин);
  • сөздік қарым-қатынас (коммуникация), оның негізін сөздік қызмет құрады (Г.М.Андреева,Л.С.Выготский);
  • пікірталас (В.Н.Курбанов, Л.Б.Туманова).

Зерттеуші-ғалымдардың пікірлері бойынша, диалогтық сөйлесудің негізгі бөліктерін: сөйлеу оқиғасы, сөйлеу жағдайы, айтушы мен тыңдаушының диалогтық сөйлесу барысында бір-біріне əсер етуі деп бөліп көрсетеді. Осылайша бөліктеу сөздің тууы мен оның қабылдануынан, сөйлесетін серіктестер қолданған сөйлемдер мен сөйлеу жағдайлары арасындағы байланыстардан, диалогтық сөйлесуді қиындататын факторлардан, оны түсінуді жеңілдететін факторлардан тұруы мүмкін.

Сабақты ұйымдастыруда мынадай кілттік идеяларды ұстануға болады:

  • əңгіме негізгі құрал болып саналады, оның көмегімен оқытушы студенттердің оқу үрдісін қолдап жəне дамытып отырады;
  • оқытушы диалогты қолдану көмегімен студенттердің білім сапасына тиімді əсер ете алады;
  • диалогтық оқыту идеясына сəйкес, анкета жəне топтық жұмыстар студенттердің білімдерін жетілдіре алады.

Бірлескен əңгіме тиімді нəтиже береді, яғни:

  • əңгіме-тақырыпты кім қалай түсінгендігін анықтауға мүмкіндік береді;
  • түрлі студенттерде түрлі ойлар болатындығын анықтауға мүмкіндік береді;
  • идеялар мен ойлар дəлелдемелеріне аргументтер табуға көмектеседі;
  • əрбір студенттің қабілетін анықтауға көмектеседі.

Сондай-ақ дəстүрлі сабақта əңгімедегі жетекші рөлді оқытушы атқарады.

Диалогтық оқыту барысында студенттер сын тұрғысынан ойлауды үйренеді, мəн-жайды жəне қажетті ақпаратты талдау негізінде күрделі мəселелерді шешуге, балама пікірлерді таразылауға, ақылға салынған шешімдерді қабылдауға, пікірталастарға қатысуға, басқа адамдармен қарым- қатынас жасай білуді үйренеді. Ол үшін дəрісте топтық жұмыстар ұйымдастырылады, зерттеу жобалары қолданылады, рөлдік ойындар ойнатылады, түрлі құжаттармен жəне түрлі ақпарат көздерімен жұмыстар жүргізіледі, шығармашылық жұмыстар да қолданылады. Студент оқу үрдісінің толық мүшесі болады, мұнда оқытушы дайын білімді бермейді, студенттердің өз беттерінше ізденулеріне түрткі болады жəне студенттер жұмысында көмекші қызметін атқарады.

Диалогтық оқытудың мынадай стратегиялары мен əдістерін қолдануға болады, атап айтқанда:

  1. «Доп беру» стратегиясы. Топта белгілі бір тақырыпта допты бір-біріне кезектесіп бере отырып, берілген тақырып көлемінде əңгіме құрады. Бір студент бір сөйлем құрастырып айтады, одан соң допты екінші студентке береді. Нəтижесінде топта аяқталған əңгіме құрылады. Оны бір студент қағазға түсіріп жазып отырады да, топтан ортақ бір ой шығады.
  2. «Оки токи» стратегиясы. Стикерге əрбір студент берілген тақырып көлемінде ойларын жазады. Топ арасында əркім өз ойын айтады. Содан кейін екі адамнан əңгімелесіп стикерлерінде жазған ойларымен бөліседі.
  3. «Тоса тұр» стратегиясы. Стратегия шарты бойынша əрбір топ мүшелері өз ойларын осы тақырып аясында пікір бөлісіп, стикерге əркім өз ойларын жазып шығады да, ойларын ортаға салып əңгіме құрып бір-бірін тыңдайды. Əрбір студент өз ойын 1 мин ішінде айтады, шатасып кетпеуі, пікірлер қайталанбауы тиіс, егер бір студент сəл кідіріп қалса, онда сөз кезегі келесі топ мүшесіне беріледі. Тапсырма мазмұны толығымен ашылған соң ортақ тұжырым шығарылады.

Студенттермен əңгімені ұйымдастырудан бұрын кеңесу арқылы, барлық негізгі кілт идеялар анықталып алынғаннан кейін студенттердің қызығушылықтары мен даму бағыттары айқындалады. Нəтижесінде кеңесудің оқу үдерісі үшін өзектілігі, маңызды екендігі нақтыланады.

Нақты бір жүргізілген сабақтың үзіндісінен мысал келтірсек, 5В010900 — «Математика» 4-курс студенттерімен өткізілген сабақта келесі сұраққа жауап алуға тырыстық: «Диалогтық оқыту жəне топтық жұмыс арқылы оқушылардың геометрияға деген қызығушылықтарын қалай арттыруға болады?». Осы сұраққа жауап алу үшін «Куб тұрғызу» тапсырмасын орындадық.

Рефлексия. Куб тұрғызу тапсырмасынан бұрын студенттермен «Тоса тұр» стратегиясы қолданылды. Тапсырма мазмұны толығымен ашылған соң ортақ тұжырым шығарып, əрбір топ өздерінің кубтарын жасауға кіріседі. Бір ауыздан кубты тұрғызудың табыс критерийлері анықталып алынды да аудиторияда көрнекі жерге іліп қойдық.

Бұл стратегияны сабақта қолдану нəтижесінде студенттер сабаққа жақсы уəжделіп, белсенділіктері жоғарылады (сур. қара).

 Сурет. «Тоса тұр» стратегиясы

Одан кейін 10–15 мин көлемінде теория түсіндірілді де, тағы бір стратегия қолданылды, ол «Оки токи» деп аталады. Бұл стратегияны қолдану барысында студенттердің бүгінгі тақырыпты қалай түсінгендерін анықтау, байқау əрі пысықтау қажет болды. Осы мақсаттарда бұл əдісті қолдану өте тиімді нəтиже беретіні анық.

Топтағы бір студент дəстүрлі тəсілмен сабақ өткенде, көбіне үндемей, ешқандай белсенділік танытпай, құлағына құлаққап тағып алып, өзінің басқа жұмыстарын жасап отыратын. Ол студентті бұзық, сабаққа ықыласы жоқ, мамандығын ұнатпайтын студент деген ой қалыптасқан еді. Интербелсенді оқыту əдістемесін қолдану барысында ол студенттің көбірек пікірталасқа қатынаса алатын, өз ойын жыйнақты əрі нақты айта алатын, тереңінен ойлана алатын қабілетінің бар екендігін байқап, өзімізге жаңалық ашқандай болдық. Сабақтан ол студенттің көңілінің толып, қуанып шыққаны байқалды. Нəтижеде ол студентке деген көзқарасымыз да өзгерді. Ол студент бұдан кейін де сабақта белсенділік танытуын одан əрі жалғастырып отырды. Оның сабақты оқуға деген құлшынысы байқала бастады, тіптен интернетке кіріп, жан-жақты материалдар қарастырып, пікірін тереңінен түсіндіріп, жаңа мағлұматтар беруге тырысып отыратын болды.

Топ студенттері «куб тұрғызу» жəне оның қасиеттері мен мүмкіндіктері, қолданылатын салалары туралы кең көлемде ақпарат жинай алды.

Топта тағы бір байқалған ерекшелік, бұрын жақсы бағалар алып жүрген студенттер бұрын сабақта белсенділік танытпай жүрген студенттердің мұндай қабілеттерінің барлығына таң қалып, кішкене сасқалақтап қалды. Олардың дəстүрлі əдістер аясында студенттердің тек кітапта ғана жазылғанды жаттанды айтып үйренгендіктері байқалып қалды. Келесі сабақта олар жаттанды айтқанның дұрыс еместігін байқап, сабаққа жан-жақты дайындалып келуге тырысты.

Сабақ соңында «Доп беру» стратегиясы қолданылды. Бұл стратегияны қолдану себебіміз, əрбір студенттің сол күні өтілген тақырыпты қаншалықты түсінгендерін анықтауға мүмкіндік беретіндігінде. Топта əрбір студент осы тақырып бойынша не түсінгенін əңгіме құрып, ойын толық жеткізуге тырысады, одан кейін допты келесі студентке береді. Осылай доп студенттен студентке ауыса отырып, топта айналып қолдан қолға өтіп отырады. Топ ішінде бір студент əркімнің ойын жазып отырады, кейін топтан қағазға тұжырымдап жазып, топ атынан екі баладан ортаға шығып сол күнгі сабақты қалай түсінгендерін қорытындалайды.

Студенттердің тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау үшін диалогтық оқыту əдістемесін оқу үрдісінде қолданудың тиімді екендігіне көз жеткіздік.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Выготский Л.С. Педагогическая психология / Под ред. В.В.Давыдова. — М.: Педагогика, 1991. — 480 c.
  2. Əлімов А.Қ. Интербелсенді əдістемені жоо-да қолдану мəселелері: оқу құралы. — Алматы, 2013. — 448-б.
  3. Панина Т.С. Современные способы активизации обучения: учеб. пособие / Под ред. Т.С.Паниной. — М.: Академия, 2008. — 176 с.
  4. Тіл білімі сөздігі / Жалпы ред. басқ. проф. Э.Д.Сүлейменова. — Алматы: Ғылым, 1988. — 540-б.
  5. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. — 3-т. / Жалпы ред. басқ. А.Ы.Ысқақов. — Алматы: Ғылым, 1978. — 735-б.
  6. Қазақ тілі энциклопедиясы / Қазақстан даму институты. — Алматы: Жедел басып шығару баспаханасы, — 508-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.