Еліміздегі жоғары кəсіби білім берудің көп деңгейлі құрылымы жəне жоғары оқу орнының халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы, жоғары оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай басқару мəселелері жаңа тəсілдерді талап етеді. Болашақ мамандардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына, олардың білім беруде модульдік жүйені енгізу жағдайларында кəсіби хабардарлығының бейімделуі жоғары оқу орындарында оқу үдерістерін ұйымдастыруда сапалы өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді.
Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясатына, əлеуметтік жəне интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны жəне оны оқыту тəсілдері қайта жетілдіру, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мəселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.
Жеке тұлғаны тəрбиелеу мен оқытуда жоғары оқу орнының алатын орны ерекше. Оның қызметі үнемі дамуда. Жаңа заман талаптарына сəйкес жоғары оқу орнының дамуы көптеген қоғамдық- əлеуметтік мəселелерді шешуді қамтамасыз етуі керек. Заман талабына білім беру саласының алдына қойған мақсатының ең маңыздысы — қоғамға қажетті жоғары білімді мамандарды даярлау.
ХХІ ғасырдың басында ғылыми техникалық прогрестің жəне ақпарат көлемінің өсуі жоғары оқу орындарындағы алынған білім қорының белсенді кəсіби іс-əрекетінің барлық кезеңіне емес, тек қысқа уақытқа ғана оның мұқтаждығын қанағаттандыратындығын көрсетті. Болашақ білім беру саласындағы мамандардың кəсіби міндеттерді шешу үшін өз бетінше ізденуге жəне білімді игеруге даярлау қажеттігі туындайды.
Назар аударып қарасақ, Қазақстан Республикасы Президентінің əр жылдардағы Жолдауларының арасында өте тығыз байланыс бар. 2004 жылғы Жолдауында: «.... ұлтымыздың бəсекеге қабілеттілігі тікелей оның білім беру деңгейімен анықталады», — десе, 2005 жылғы Жолдауында бұл ойлары əрі қарай жалғасын тауып жатыр: «Білім деңгейін жетілдіріп, дамытпаған ел ХХІ ғасырда жоқ болып кетуі ықтимал». 2006 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы: «Білім беру реформасы — Қазақстанның бəсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі», — деп қадап айтса, 2007, 2008 жылдардағы Жолдауында бұл ойлары əрі қарай жалғасын тауып жатыр: «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі — тиісті білім мен іскерлік алған еліміздің əрбір азаматы əлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі» — деп атап көрсетсе, ал Президенттің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Халықаралық деңгейдегі сертификаттарды иеленген заманауи техникалық мамандықтарды, инженерлік білім беру жүйесін дамытуды қамтамасыз етуіміз керек», — деп, техникалық білім беруге қатысты нақты міндеттерді жүктеген болатын.
Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу орындары жаңа міндеттер мен уақыт талабына сай түбегейлі өзгерістерде болашақ мамандар даярлауда. Білгір мамандар даярлау мəселесі адамның жеке басының қабілеттілігін жетілдіріп, оның еңбек дағдысын қалыптастырумен тығыз байланысты. Адамның қабілеті іс-əрекет үстінде дамитыны мəлім, ал дағдының нəтижесінде ол жетіле түседі.
Жеке адамның қоғамнан тыс өмір сүруі мүмкін емес. Демек, оның дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Ендеше, адамның психологиялық ерекшеліктерін, өзіне тəн қасиеттерін оның əлеуметтік жағдайына, нақтылы кəсібіне, іс-əрекетіне, білім қабілетіне байланысты анықтайды. Жеке адамның психологиясы айналасындағы ортамен қарым-қатынас жасау, қоғамдық тəрбие мен білім алу, кəсіптік қызмет істеу арқылы қалыптасады. Адам əрекет жасау үстінде ғана өсіп жетіледі. Қызмет ету барысында оның қабілеті артады, дағдысы дамиды, кəсіптік іскерлігі молаяды, өмірлік белсенді позициясы қалыптасады жəне жетіле түседі.
Еліміздің жоғары оқу орындары қоғамда болып жатқан өзгерістерді ой елегінен өткізіп, сол қоғамдағы қозғаушы, жасампаз күш болуы үшін жəне интеграциялық үдерістерді, яғни бөлшектелген дүниені біріктіру, бір мақсатқа жұмыс істеу үшін біршама шараларды жүзеге асыруда.
Қазақстандағы жоғары оқу орындар сатылы білім беру жүйесіне өтіп, кезеңдік-модульдік оқыту технологиясы мен білімді бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізді. Себебі, əлемдік білім беру кеңістігінде өмір сүріп отырған білім беру жүйелерінің арасында көп сатылы білім беру жүйесі өз артықшылығын көрсетті жəне біздің жастарымыздың дамыған елдерде кедергісіз білімін жетілдіруге мүмкіндік беретін бірден-бір жүйе болып табылады. Бұл жүйенің Лиссабон келісіміне сай жоғары білім туралы құжаттардың танылуына жағдай жасалып жатқаны белгілі.
Өткен ХХ ғасыр əрбір ұлттың даму деңгейі мынадай мəселелерге байланысты екендігін көрсетті: жаңа ғылыми жаңалықтар, мамандардың сапасы жəне кəсіптік білімнің деңгейіне байланысты. Ал, енді бұл мəселелер де білім берудің ғылыммен, ғылымның өндіріспен интеграциясын талап етеді. Қазақстандағы жоғары кəсіби білім берудің көп деңгейлі құрылымы жəне жоғары мектептің халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы, жоғары оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай басқару мəселелері жаңа тəсілдерді талап етеді. Болашақ мамандардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына, олардың білім беруде дуалдық жүйені енгізу жағдайларында кəсіби хабардарлығының бейімделуі, жоғары оқу орындарында оқу үдерістерін ұйымдастыруда сапалы өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді. Дуалдық оқытудың негізгі артықшылықтарына ең алдымен, түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары пайызын қамтамасыз ететінін жатқызуға болады, өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді. Оқыту өндіріс қажеттілігіне барынша жақын. Есте қалатыны, дуалдық оқытудың қатысушысы ең кіші компания болуы мүмкін. Екіншіден, білім алудың жоғары деңгейіне жетеді, болашақ қызметкердің психологиясы қалыптасады. Дуалды оқыту жүйесі оқытудың барлық кезеңінде компанияда өндірістік оқыту мен оқу орнында теориялық оқытуды біріктіреді.
Қазіргі уақытта еліміздің инновациялық тұрғыдан дамуын басты назарға алып отыр. Яғни, барлық салада жаңаны енгізу, үздіксіз жаңғырту, жаңаша бастау деген сөз.
Техника ғылымына жəне көлік маманына деген көзқарас қазіргі күнге дейін толық қалыптаспаған. Бірақ кəсіби білікті көлік мамандарын даярлауды ертеңге қалдыруға болмайды. Сол себептен ғылыми-əдістемелік зерттеулер тұрғысынан көлік мамандарын даярлауға қажетті мəліметтерді жинақтап, оқытудың əдістемелік жүйесін жетілдіру қажет. Демек, заманауи көлік саласы маманының кəсіби іс-əрекеті техникамен, экономикамен, эргономикамен, психологиямен, кəсіпкерлікпен байланысты түрде дамытылуы тиіс.
Қазіргі кездегі жоғары білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары — өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мəдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, информатика ілімімен қаруланған адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады.
Ал, енді жоғары кəсіби білім берудің алдында тұрған неғұрлым маңызды, мəнді міндеттерге келсек, мыналарды атауға болады: біріншіден, білім жүйесін жетілдіру; екіншіден, оны үздіксіз əрі көпсатылы құрылым ретінде енгізу; үшіншіден, халықаралық білім кеңістігіне кіру.
Қазақстан Республикасында жоғары білімді реформалаудың басты бағыты болашақ мамандардың кəсіби білімінің бағдарын жетілдіру екені анықталды.
Бүгінгі таңда бұрынғы жоғары білім беру жүйелерін осы заманғы əлеуметтік, экономикалық даму тұрғысынан жетілдіру талап етіледі. Ең басты мəселе білімді жетілдіру, жаңа жүйеге көшу болып табылады.
Еліміздегі жоғары оқу орындарында білім мен ғылымдағы ең алуан түрлі жəне болашағы зор қазіргі заманғы білім беру технологиялары ендірілуде. Оқытудың модульдік жүйесін, дуалды оқыту жүйесін енгізуді, маман даярлаудың көпсатылы құрылымына көшуді, оқу үдерісінде қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен сабақ берудің озық əдістерін қолдануды атап айтуға болады.
Оқу үдерісін белсендендіруді оқылатын тақырып немесе зерттеу циклi шегінде жүзеге асыруға болады. Жоо оқу үдерісін белсендендіру дұрыс нəтиже беруде, барлық аталған факторлар білім беру сапасын жоғарылату кезінде дамиды. Жоо білім берудің мақсаттылығын жоғарылату үшін ғылыми- техникалық үдеріс нəтижелерін ескеру қажет. Сондықтан да оқу үдерісінде қоғамды жəне өндірістің барлық салаларын дамыту есебінен кəсіби білімдер мен дағдыларды дамытатын жаңа курстарды белсендендіру қажет [1].
«Көлікті пайдалану жəне жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша мамандарды даярлайтын академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің көлік жəне кəсіптік оқыту кафедрасының оқу жоспарына «Көліктегі еңбекті қорғау жəне эргономика» курсы енгізілген. Бұл курсты енгізуді уақыттың өзі талап етеді, өйткені еңбекті қорғау мен эргономика «адам-техника-орта» жүйесінде адамның еңбек қызметін қарқындату, адамға арнап қауіпсіз жəне қолайлы жағдайды құру, сонымен қатар осының есебінен өнімділігін жоғарылату, адам денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау үшін пайда болатын мəселелерді оқытады. Бұл курс еңбекті қорғаудың негізгі бөлімдерін қамтиды, жұмыскерлердің еңбекке жарамдылығын жəне денсаулығын сақтауда басты факторлары ретінде еңбекті қорғау мен эргономиканың өзара байланысын ашады.
Қазіргі кезде қоғамның дамуында еңбек қорғаудың ролі қарқынды ғылыми-техникалық прогресс пен жаңа техниканың пайда болуында біршама өсіп отыр, бұл адамның еңбек қызметінің біршама күрделі жəне шиеленісуде болады, ол өндірісте төтенше жағдайлардың, кəсіби аурулардың санының өсуіне, адамның жүйкелі-психологиялық жүктемесінің өсуіне əкеліп соғады.
Еңбек қорғау эргономикамен тығыз байланысты, пəн — адамның еңбек қызметі, зерттеу объектісі «адам–техника–орта» жүйесі болып табылады. Еңбектің қолайлы жағдайын құру, басқарудың ыңғайлығы, қажудың төмендігі, еңбекке тарту мен беделді көтеру əлеуметтік жəне эргономикалық маңызды міндеті болып табылады.
Пəнді оқыту мақсаты еңбекті қорғаудың негіздері бойынша білімді қалыптастыру болып табылады, оған келесі негізгі бағыттар енеді: еңбектің санитарлы-гигиеналық шарты, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау бойынша заңнамалар.
Еңбекті қорғау травматизм, кəсіби аурулар мен уланудың алдын алу бойынша профилактикалық шараларды өңдеу мақсатында адам ағзасына өндіріс құралдары мен қоршаған ортаның əсер етуін зерттейді. Ол мүмкін болатын барлық өндірістік жарақат, кəсіби ауру, апат, жарылыс, өрттің себептерін анықтайды жəне зерттейді, сонымен қатар осы себептерді жою жəне еңбек қызметінде адамға қолайлы жəне қауіпсіз жағдай жасау мақсатында талаптар мен шаралардың жүйесін дайындайды.
Теориялық білімнің мазмұнына жұмыс кеңістігін ұйымдастыру, еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру тақырыптары енгізілген, оған жұмыс орнының микроклиматы (температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы мен қысымы) немесе мекемеден тыс жұмыс істегендегі табиғи климат; ауадағы зиянды қоспаның құрамы мен шоғырлануы (шаң, газдар); жарық жəне өндірістік сəулеленулер; дыбыстық (шу, дірілдеу, жылдамдық) жəне электромагнитті тербелістер; жұмыс орны кеңістігінің габариті мен көрсеткіштері (психологиялық кеңістік өлшемдері); еңбектегі заттардың, оның ішіндегі жарақат пен апаттарға əрекет ететін тактикалы-техникалық жəне гигиеналық қасиеттер. Адам іс-əрекетін анықтайтын негізгі фактор жұмыс орнының жарықтандыру деңгейі, құралдары, машиналардың қауіпті бөліктерін шектеу мен қорғау деңгейі болып табылады. Сонымен қатар физикалық жəне жүйкелі-психикалық жүктемеге əсер ету, еңбек жəне демалыс тəртібі, əр түрлі автокөлік саласындағы жұмыстардағы қауіпсіздік техникасы, көлік техникасына, электр қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар қарастырылады.
Практикалық сабақтарда теориялық білімдерді бекіту үшін травматизмді талдау əдісі, өндірістік орындарды табиғи жарықтандыруды зерттеу, жұмыс орнында микроклиматтық жағдайларды бақылау, жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың шоғырлануын анықтау, еңбек жəне демалыс режимінің эргономикалық негіздеулерін зерттейді. Студенттер жұмыс қабілеттігінің деңгейін интегралды бағалауды анықтау əдістемесін, балдық жүйеде жүргізушілердің еңбек шартын интегралды бағалау, еңбек ауырлығының сандық бағалауын үйренеді; өрт болған жағдайда эвакуациялау жоспарын құрастыруды, өрт сөндірудің алғашқы құралдарын үйренеді.
Алынған білім инженерге кəсіптік шеберлігін жоғарылату, автокөлік құралдарын тиімді пайдалану үшін қажет, ол қазіргі күні көлікті пайдалану жəне тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру саласында болашақ маманның жалпы мəдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Көліктегі еңбекті қорғау мен эргономика курсы оқу жоспарындағы педагогика, психология, техникалық ғылымдар сияқты пəндерге негізделеді.
Автокөліктік эргономиканы қолдану саласы келесілер болуы мүмкін: еңбекті қорғау; экология; автокөлік кəсіпорындарының сапасын басқару мен жол көлік жүйесі. Берілген курс мемлекеттік жəне орыс тілдерінде оқылады, сабақтарда оқудың техникалық құралдарын, компьютерлік бағдарламаларды кең қолдануға болады. Оны енгізу көлік бакалаврларын кəсіби даярлау мақсаттарын толығымен қанағаттандырады. Берілген пəн бойынша алынған білімдер, ең алдымен, сенімді жəне қауіпсіз, яғни тек автокөлік жүйелерінің сапасымын ғана емес, сонымен қатар адам өмірінің сапасын да жоғарылату, болашақ мамандарға адам өмірін қолайлы, жоғары техникалы етіп жасау мүмкіндігін береді. Бұған қоса, мұндай курс студенттерге этикалық жəне эстетикалық нормаларды қалыптастыра отырып, тəрбие беру ролін орындайды. Бұл пəн студенттерде үлкен қызығушылық туғызады. Қарағанды қаласында автокөліктік эргономиканы дамыту жолдарын ашатын диломдық жоба қорғалды.
Көрсетілген курсты оқу жоспарына енгізу оқу үдерісін белсендендіру формаларының бірі ғана. Білім берудің барлық салаларында белсендендіруді қолдану жоғары білікті мамандарды даярлау сапасын жоғарылатудың негізгі факторы ретінде қызмет етеді.
Қоғамды алға сенімді жылжыту үшін əрбір жаңа буын білімділік пен кəсіби біліктіліктің жоғарырақ сатысына көтерілуі қажет, сондықтан оқу үдерісін белсендендіру жоғары білім беру салаларын қарқынды дамытудың маңызды бағытының бірі [2].
Қолданыстағы білім беру жүйелерінің əлсіз жақтары, ол теориялық білімдерді тəжірибе жүзінде беруге жеткіліксіз көңіл бөлу болып табылады. Осы мəселені шешу үшін болашақ мамандардың кəсіби қызметімен жоғары дəрежеде сəйкестендірілген оқыту əдістерін қолдану қажет. Олардың қатарына белсенді əдістер жатады, олар студентті жеке іздеу-зерттеу қызметіне келтіретін жағдайларды құру болып табылады. Оқытудың белсенді əдістерінің арасында келесілері ерекшеленеді: өндірістік жағдайларды талдау (кейс-əдістер); семинар сабақтары («дөңгелек үстел»); ролдік ойындар; тренингтер.
Кейс-əдістер белгілі бір уақытта нақты кəсіпорынның алдында тұрған мəселені талдауды білдіреді. Берілген əдістердің ерекшелігі — жалғыз дұрыс шешімнің болмауында. Бір немесе бірнеше тиімді нұсқаларды таңдау «фокус-топ» əдісімен топтық талқылау барысында жүзеге асырылады. Осыған байланысты коммуникациялық өзара əрекет ету дағдылары, негізгі мəселені ерекшелеу мен бірігіп шешім қабылдау дағдылары дамиды. Кейс-əдістерде нақты тақырып болады, сондықтан да нақты мысалмен өткен теориялық материалды қайталау мен бекіту ұсынылады.
«Дөңгелек үстел» əдістемесін қолданумен сабақ жүргізу алдын ала таңдап алынған бағдарлама бойынша қарастырылатын сұрақты жан-жақты талқылауға жол береді. Алдыңғылардан айырмашылығы, берілген əдістерді қолдану теориялық аспектілерді қарастыруға көңіл бөлуді болжайды.
Белсенді əдіс ретінде мамандарды даярлау үшін кең қолданылатын ролдік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойын қатысушылардың қарым-қатынас жасау дағдыларын, техникасы мен тəсілдерін жаттықтыруға бағытталады.
Ролдік ойындар жүргізу процедурасын келесі кезеңдер түрінде ұсынуға болады:
- ролдік ойын жүргізу бойынша нұсқаулықты ұсыну;
- тапсырманы түсіндіру;
- ролдік ойынға қатысушыларды анықтау;
- қатысушылар арасында ролдерді бөлу;
- қатысушыларды дайындау;
- «көрермендерге» нұсқаулықты түсіндіру;
- жағдайларды ойнап көрсету;
- ролдік ойынға қатысушылардың жағынан жəне «көрермендер» жағынан өздерінің алған сезімдерімен бөлісулері;
- ойынды талқылау.
Қазіргі кезде оқытудың тренинг деген белсенді əдісі кең таралған. Тренинг кезінде алынған білімдер оған қатысушылардың танымдық психологиялық үрдістерін белсендіреді. Нақты əрекеттер мен коммуникативті үрдістерді талап ететін тапсырмалар мен жаттығулар белсенді үрдіске адамның өзін-өзі ұстауын енгізуге көмектеседі.
Оқытудың осы əдісін қолдана отырып, тренер тұлғаның эмоциональдық жəне мотивациялық жақтарын дамыту мақсатын ұстанады. Бірақ əрбір нақты тренинг тұлғаның бір жағын емес, көбінесе кешенді түрде дамытуды ұстанады.
Эмоционалдық сатыда тренингке қатысушы мынандай дағдыларды игереді: əңгімелесушімен қатынас құру, оның эмоционалдық жағдайын анықтау, əңгімелесу үрдісінде қолайсыздықты жою.
Тұлғалық дəрежеде қатынас пен іске бағыттылық дамиды, өзіндік мотивтер танылады, əңгімелесушілердің мотивтерін түсініледі, өзіндік тұлғаны дамыту мотивациясы құрылады [3].
Оқытудың қарастырылған əдістері студенттерге теориялық алған білімдерін тəжірибе жүзінде қолдануға, шығармашылық қабілеттіліктерін, өзінділігін жəне жекешілігінің болуына жол береді, ойларымен бөліседі, сонымен қатар мəліметтерді талдау жəне шешімдерді дайындау дағдыларын алуға жол береді.
Сондай-ақ қазіргі уақытта білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен оқытушының, студенттің шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология — мұндағы интерактивті сөзі — inter (бірлесу), act (əрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында студенттің топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтырып, сабақ барысында барлық студенттердің қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Флипчарт — бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға жəне оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі.
«Активті экран» кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге жəне оны компьютермен басқаруға тағайындалған əмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
«Активті экран» бағдарламалық-техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі — жалпы ақпаратпен кəсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың студенттердің ойлау жəне ойын қысқа жəне түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатын белгілі болады.
Егер оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жоғары оқу орындарында сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, оқытушының ролі мен қызметінің артуына жағдай жасасақ, онда ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту əдістері арқылы студенттерді ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тəрбиелей аламыз [4].
Білім беру жүйесінің бəсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оны халықаралық стандарттар деңгейіне шығару қажет, бұл бүгінгі күннің өзекті мəселесі болып табылады.
Сонымен, қазіргі уақытта маман даярлау мен қайта даярлаудағы жаңаша көзқарасқа, білім берудің қазіргі заманғы жаңа технологиялары мен стандарттарына үлкен талап қойып отыр. Білім беру шеңберіндегі тасымалдау, көлікті пайдалану жұмыстарының жаңа мақсаттарын жəне оны меңгеруде қалыптасқан жүйенің жоқтығын ескере отырып, болашақ мамандарды даярлауды жеке мəселе ретінде тек практикалық қана емес, сонымен қатар теориялық тұрғыдан да айырып көрсету керек.
Білім мазмұнын, оқыту үдерісін, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жəне оқу құрылымын тиімділеу республика бойынша жоғары оқу орындарында мамандық бойынша жоғары білім жаңаша көзқарасқа ие болды. Білім берудің басты сипаттары — оның тұтастығы, оқытудың мазмұны мен сапасына қойылатын мемлекеттік талаптардың бірегейлігі, икемдігі мен көпсатылылығы, мазмұнын жақсарту мен білім жүйесін басқаруды демократияландыру болуға тиіс. Қорыта келгенде, республикамыздағы көлік саласы бойынша жоғары білімді мамандар даярлауда, жоғары кəсіби білімін реформалауда қаржыландырудың көпсалалы жүйесін қалыптастыру, аймақтық оқу-ғылыми- өндірістік кешенін құру, дүниежүзілік білім беру жүйесіне ену, оқытудың дəстүрлі технологиясын жетілдіре отырып, заманауи ақпаратты оқыту технологиясын енгізу жəне ғылыми жұмысты жүргізуге жағдай туғызу сияқты өзекті мəселелерді шешуді талап етеді.
Əдебиеттер тізімі
- Коджаспирова Г.М., Петров К.В. Технические средства обучения и методика их использования: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. зав. — М.: Академия, 2001. — 256 с.
- Мищук Л.М. Взаимосвязь интенсификации учебного процесса и повышения качества образования: Материалы науч.- практ. конф. «Проблемы и перспективы применения стандартов ИСО серии 9000 в системе менеджмента качества органи- заций образования. — Павлодар: Изд-во Павлодар. ун-та, 2004. — 130 с.
- Платонов В.Я. Деловые игры: разработка, организация и проведение: Учебник. — М.: Профиздат, 1991. — 192 с.
- Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. — СПб.: Питер, 2002. — 180 с.