Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесіндегі көптілді білім берудің өзектілігі

Қазақстандық қоғамда экономикалық жəне əлеуметтік жаңғыру кезінде аса маңызды аспектілердің бірі — тіл саясаты. Аталған ұлттық мемлекеттік тіл саясатына Елбасының үлкен назар аударғандығы белгілі жəне жан-жақты зерттеуге əрі сараптауға лайық, өйткені біздің республикада мемлекетіміздің Басшысының бастауымен «Үштұғырлы тіл» бірегей жобасы іске асырылуда. Көптілді жəне көпмəдениетті заманауи əлемде тілдердің түйіндестігі, қоғамдарды шоғырландыру бойынша тілдер аумағында тиімді жəне өмірге қабілетті бағдарламаларды іздеу мəселесі өткір тұр. Осыған байланысты Президенттің «Үштұғырлы тіл» идеясын жүзеге асыру нəтижесінде көптілді білімнің маңыздылығы мен өзектілігі ешқандай күмəн келтірмейді.

Н.Ə.Назарбаев өзінің сөйлеген сөздерінде көпұлтты қазақстандық қоғам үшін көптілді дамытудың мəні мен маңыздылығы туралы бірнеше рет айтқан. Қазақстандағы үштұғырлы тіл идеясын Президент алғаш рет 2004 жылы айтты, кейін бұл тақырыпқа бірнеше рет тоқталды. Ал 2007 жылы «Жаңа əлемдегі — жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Үштұғырлы тіл» мəдени жобасын сатылап іске асыруды ұсынды.

Міне, дəл сол кезден бастап тəуелсіз Қазақстанның жаңа тіл саясаты жүргізіле бастады, ол бүгінгі күні қоғамдағы мəлімділігі жағынан жəне өзінің нəтижелілігі жағынан əлемдегі басқа елдер үшін үлгі бола алады.

Халықтық рухани даму процесіне үйлесімді ене отырып, тілдік саясаты əлеуметтік жаңғырудың ауқымды жалпы саясатынан ажырамайды. Президент жаңғыру табысты болу үшін əрбір азамат өз еліне пайдалы болу керек деп есептейді. Жаңғыру барлық қазақстандықтар үшін қажет [1].

«Халқы үш тілді қолданатын: бұл қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі ғаламдық экономикада табысты ықпалдасу тілін меңгерген Қазақстан барлық əлемде жоғарғы білімді ел ретінде танылу керек деп», — Президент бірнеше рет атап көрсетті [2]. Ғаламдық экономикада белсенді ықпалдасушы, Елбасы атап көрсеткендей, қазақстандықтар үшін үштұғырлы тіл идеясы уақыт талабына сай аса маңызды. Қазақстанның əлемдік қауымдастыққа енуі бүгінгі күні мынандай қарапайым шындықты түсіну жəне жүзеге асыру: үстемдік тілдер арқылы білім алған адамға ғана əлем есігінің ашық екеніне көз жеткізу.

Президенттің бастамасымен біздің мемлекет білімде көптілділік тұжырымдамасын жүзеге асыруға кірісіп кетті, себебі Қазақстанның бəсекеге қабілеттілігін нығайтуға осы көптілділік қызмет етеді.

Қазақстандағы заманауи тілдік жағдай үштұғырлы тілді қоғамдық келісімді нығайтудың маңызды факторы ретінде айтуға болады.

Тілдер мен мəдениеттің əр алуандылығы, олардың тең дəрежеде бірлесе өмір сүруі, сөзсіз, біздің елдің байлығы ол жүргізіліп отырған тіл саясаты барлық ұлттар мен ұлыстардың тіл құқығының сақталуы, тілдесу үшін еркін тіл тандауы, білім алуы, шығармашылық қажеттіліктерді іске асыруды қамтамасыз етеді. Үштілділікті дамытудың айқындылығы қазақстандық қауымдастық үшін тек бірдей саяси, идеологиялық, мəдени тұғыр болғанда ғана мүмкін жəне бұл тұғырнама Президенттің «Үштұғырлы тіл» жобасының маңызын түсіндірген кезде берілген қазақ тілін — мемлекеттік тілі ретінде, орыс тілін — ұлтаралық қатынас тілі ретінде, ағылшын тілін — жаһандық экономикада ықпалдасудың табысты тілі ретінде үйрену. Аталған үш тілді меңгеру үшін жасалған тең дəрежедегі жағдайларды жасау, олардың қызмет көрсету дəрежесінің тең емес екенін, қызмет көрсету жүктемесінің тең емес екенін жəне, соңында, олардың мəртебесінің тең еместігін білдірмейді. Бұл жерде аталған мəдени жобаның педагогикалық құрылымына көп көңіл бөлініп, ауқымды түрде көптілді білім ретінде белгіленуі мүмкін. Сонымен қатар соңғы жылдардағы Қазақстандағы тілдік жағдайға байланысты айтылған сөздердің белсенділігі көптілділікпен байланысты, бұл дегеніңіз, тілдік білімнің жаңа қырлары туралы айтуға болатының көрсетеді.

Еліміздің тəуелсіздігі нығайып, қоғамдағы демократияның өрісі кеңейген шақта адамның қоғамдық та, тұлғалық та рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған орай рухани құндылықтар жаңарып, адамның зияткерлік əлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңыздылығы туралы қағидалар түбегейлі өзгерді. Жалпы білім беретін мектепте оқытылатын əрбір пəн оқушы тұлғасын жетілдірумен қатар оның шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Оқушының жан-жақты білім алуына бағыт-бағдар беруші мұғалім мəдениеттілік, шығармашылық, инновациялық тұрғыдан ойлай алатын жəне бірнеше тілді білетін маман болуы шарт.

Бүгінгі технология жəне жаһандану заманында өскелең ұрпақты көпмəдениеттілікке тəрбиелеу үдерісін іздестіру қарқынды жүргізіліп отырғанын байқауға болады. Қазіргі таңда өзара байланысы мен өзара тəуелділігі басым əлемде жас ұрпақты бəсекелестікке дайындаудың бірден бір жолы көптілділік болып табылады.

Қазір көптілді білім беру — мектептегі оқу пəндерін екі немесе одан да көп тілде оқыту, жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, əлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін ең басты қажеттілік. Көптілді білім беру — көптілді тұлғаны қалыптастырудың негізі. Қазіргі кезде қоғамдық қатынас жағдайында тұлғаның қалыптасу деңгейі көбінесе адамның өзін-өзі жүзеге асыра алуына, бəсекеге қабілеттілігіне жəне əлеуметтік ұтқырлығына тікелей байланысты.

Жаһандануға бет бұрған заманда көптеген ұлттық айырмашылықтар азайып, олар үшін аға буын аталарымыздың адамгершілік тəжірибесі мəнін жоғалта бастады. Сондықтан мұғалімнің алдында əр халықтың мəдени құндылықтарын, аға буынның барлық үздік тəжірибелерін пайдалану арқылы əлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолайлы білімдік ортаны құру сияқты маңызды міндет тұр. Яғни, көпұлтты жəне көпмəдениетті ортада белсенді, əрі тиімді өмір сүруге мүмкіндігі мол, өзге мəдениеттерге түсіністік жəне құрметпен қарай алатын, бейбіт жəне ынтымақтастықта өмір сүруге бейім, бəсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін көптілді білім беру қажет.

Көптілді білім мазмұны ана тілі мен мемлекеттік тілде, сонымен қатар бір немесе бірнеше шетел тілінде жүйеленген білім, білік жəне дағдыны қамтуы тиіс. Көпмəдениеттілік жағдайында көптілді білім беруді жүзеге асырудың негізгі идеясы оқушылардың қажеттілігі мен қызығушылығына сəйкес түрлі тілдерді пайдалануға ынталандыру, мəдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, өз халқының мəдени құндылықтарын жоғалтып алмай, өзге елдің де мəдени құндылықтарын бойына сіңіре алу болып табылады.

Елімізде үздіксіз жүргізілетін маңызды іс — тіл саясатын жүзеге асыру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, бəсекеге қабілетті тұлға тəрбиелеу, үш тілді — қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін — жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау жəне қолдау.

Ғылыми əдебиетте «көптілді білім беру — бұл мектепте оқу пəндерін екі немесе одан да көп тілде аудармасыз оқыту» деген ұғым қалыптасқан. Бірақ іргелі білім негіздерін меңгеру болашақтағы түбегейлі мақсат болғандықтан, көптілділіктің «туын» көтеріп, стандарт мазмұнын білім алушыларға толығымен жеткізу, одан оң нəтиже алу артқы шекте қалып қалмауы əдістемелік ізденістерді талап етеді. Олай болса, аудармасыз оқыту мəселесі тəжірибеде толығымен дұрыс нəтижеге жеткізіп жатыр деп айта алмаймыз. Қазақстанның бүгінгі жағдайында оқушылар білім мазмұнын жетік меңгеру үшін білімді оқыту тілінде қабылдауы тиіс. Соның негізінде екінші тілді меңгере алады. Ал аудармасыз оқыту — көптілділікті дамытудың келесі сатысы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына жүгінсек, бүгінгі мектеп түлегі — көптілді коммуникативтік жəне ақпараттық құзыреттілігі дамыған, көпмəдениетті, рухани-адамгершілік, ұлтаралық қатынастар мəдениетінің жоғары деңгейін меңгерген, қазақ елінің жəне жалпықазақстандық құндылықтарды қастерлейтін, тілдерді меңгеруге тұрақты қызығушылық танытатын, отансүйгіштік жəне азаматтық сана-сезімдері дамыған тұлға.

Еліміздің орта мектептеріндегі оқыту процесінде көптілділікті дамытудың басты тұжырымдары: тəуелсіз Қазақстанның үш тілді қатар пайдалана алатын мемлекет ретінде дамуы; «Үштұғырлы тіл» ұлттық жобасы — қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі факторы; көптілділік — тілдер мен мəдениеттер байланысын дамытушы құбылыс.

Тəуелсіз елімізде негізгі үш тілді дамытуға басымдық беріле отырып, мемлекетімізде өмір сүріп жатқан басқа халықтардың тілдері де назардан тыс қалған жоқ. Өйткені мəдениет мен тілдердің саналуандығы — бұл Қазақстанның ұлттық байлығы. Яғни, еліміздегі кез келген этностың өкілі қай тілде білім алатынын ерікті түрде таңдай алады. Қоғамымызда барлық этностардың мəдениеті мен тілін дамытудың бірегей формуласы жасалып отыр.

Қазақстан қоғамының əлеуметтік-экономикалық, рухани қалыптасуының жаңа міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тəрбиелеудің негізгі факторларының бірі — мектепте көптілді білім беруді жолға қою болып табылады.

Көптілді білім — көп мəдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мəдениетін, толеранттылығын жəне планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгертуді жолға қою — бүгінгі таңда орта білім жүйесіндегі педагогикалық үдерістің негізгі бағыттарының бірі.

Тілдердің үштұғырлығы туралы идея 2006 жылдың қазанында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында ресми түрде мəлімделді. Ол мемлекетіміздің əлемдік қоғамдастыққа енуіндегі өмірлік қажеттіліктерге негізделді. Дамыған əлемдік тілдер ішінде ағылшын тілі ел мен халықтың коммуникациялық жəне интеграциялық қабілеттерін кеңейтетін тіл ретінде таңдалды. Президент 2007 жылы «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» мəдени жобасын кезеңді жүзеге асыруды бастауды ұсынды [3].

«Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» іске асырылуы үш кезеңге бөлініп отыр. 2011–2013 жылдар аралығында (бірінші кезең) тілдерді дамыту мен қолданудың нормативтік-құқықтық жəне əдіснамалық негізін арттыруға арналған шаралар кешенін өткізу жоспарланған. 2014–2016 жылдарда (екінші кезең) мемлекеттік тілді оқыту мен қолдану технологиялары мен əдістерін енгізу практикалық шаралар кешенін жүзеге асыру жəне тілдердің көптүрлілігін сақтау жұмыстары көзделіп отыр [4]. 2017–2020 жылдар аралығында (үшінші кезең) өзге тілдердің қолданысын сақтаумен қатар, қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қажеттілік деңгейін, оның қолданылу сұранысының сапасы мен меңгерілуін жүйелі мониторинг арқылы нəтижесін шығару белгіленген. Бағдарлама бойынша мемлекеттік тілді қазақстандық өзге ұлт азаматтарының 2014 ж. — 20 %-ы, 2017 ж. — 80, 2020 ж. — 95 %-ы, сонымен қатар орыс тілін 2020 жылы қазақстандықтардың 90 %-ы, ағылшын тілін 2014 ж. — 10, 2017 ж. — 15, 2020 ж. — 20 %-ы меңгеру керек деген мақсат қойылуда. Үш тілді меңгерген халықтың бөлігі 2014 ж. — 10 %, 2017 ж. — 12, 2020 ж. — 15 % құрау керек деген міндет қойылып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті — Ұлт көшбасшысы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы аясында білім беру саласындағы стратегия мен саясатты қайта пайымдау жүргізілуде.

Елбасы «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс жəне ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз» деп, осы мəселеге орай белсенді түрде іс жүргізу қажеттігін белгілеп берді. Аталған үш тілдің əрқайсысының функционалдық мүмкіндіктері мен өзіндік орындарын барынша ашу қажет.

Ұлттық бірлік доктринасында мемлекеттік тіл негізгі басымдықпен, сонымен қатар рухани жəне ұлттық бірліктің басты факторы екендігі айқындалған. Тілдерді меңгеру — əрбір Қазақстан азаматының парызы мен міндеті, бұл олардың қоғамдық өмірде бəсекеге қабілеттілігі мен белсенділігін айқындайтын болуы тиіс.

Осы бағдарламаны іске асыруда отандық білім беру жүйесінің үлесі басым болмақ. Алдымен, қазақстандық білім жүйесі бəсекеге қабілетті болу үшін, мектеп түлектері кез келген шет елде оқуын жалғастыра алатын деңгейге жетуі қажет. Оның негізі — əлемдік тілді жетік білу. Қазақстан білімінің жақсы дəстүрін сақтай отырып, оқушыларды халықаралық біліктілік сапасымен қамтамасыз ету кейінге қалдырылмайтын мəселе.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» // Егемен Қазақстан. — 2007. —№ 55. — 11–13-б.
  2. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан. — 2011. — № 110. — 5–7-б.
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы. — — [ЭР]. Қолжетімді тəртібі: strategy2050.kz.ru.
  4. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы: Ресми басылым. — ҚР Заңы 01.2011 ж. — № 378-IV. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: kapshagay.gov.kz.news.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.