ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, Интернет, компьютерлік желі, электрондық жəне телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Білім жүйесінің сапасын арттыру, бүгінгі болашақ жастардың оқу орындарының қабырғасынан бастап бəсекелестікке белсенді, өз бетімен шешім қабылдай алатын, өз тағдырына жəне отбасымен қоғамның алдында жауапкершілікті сезінетіндей тұлғаны дайындап шығару болып табылады.
Бүгінгі бітіруші түлек — ол құзыреттілік кілтіне ие тұлға. Олардың құзыреттілігін қалыптастыру кез келген оқу орнының басты тапсырмасы.
Сондықтан тек қана дəстүрлі оқыту тəсілдерін қолдану арқылы бұл мəселені шешу мүмкін емес. Оның шешімін табуда оқыту барысында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану болып табылады.
Құзыреттілік — бір нəрсені меңгерген білімімен, жан-жақты ойлауымен таразылау. Бұл тұлғаның бірнеше сұрақтарға өмірлік ұстаныммен жетістікке жетуді меңгертеді.
Құзыреттілік кілті — кəсіби жəне кəсіби емес саладағы адамның жан-жақты қажеттілігін шешудегі жаңаша заманауи көзқараста оның «жетістікке жету кілті».
Сызу сабақтарында оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруда мынаған көңіл бөлу керек: Əлеуметтік құзыреттілік — қоғамның даму стратегиясын қалыптастыруда тұлғаның білімін, дағдысын, іс-əрекеттерін күнделікті жеке жəне кəсіби-əлеуметтік тапсырмаларды тəсілдерін қолданып шешу.
Ақпараттық құзыреттілік — бұл ақпараттық технологиялардың көмегімен өз бетімен іздену, сараптау, таңдау, өңдеу жəне қажетті ақпаратты беру.
Өзін-өзі дамыту құзыреттілігі — бұл тұлғаның өзін-өзі басқару, дайындау қабілеттілігі.
Жеке тұлғаның білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек.
«Технология» гректің «teche» — өнер, шеберлік жəне «logos» — ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Оқыту технологиясы мен əдістеме ғылымы бір- бірімен тығыз байланысты. Əдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нəтижелі оқытуға болады?» деген мəселенің шешімін іздейді [1].
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пəнді мультимедиалық технологияны пайдалана отырып оқыту — тиімді ұғындырудың бірі. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмысістей білуіне назар аударған жөн. Мультимедиалық оқыту технологиясының мақсаты: əрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі əдістерімен қатар оқытудың жаңа əдістері, яғни инновациялық əдістері де, жиі қолданылады. Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану — бүгінгі күннің өзекті мəселесі. Сондықтан да мектептің мұғалімдері үнемі ізденіс үстінде болуы тиіс. Олар заман талабына сай оқушылардың білімін тереңдету үшін, сызу пəніне қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуі керек.
Техника тілін түсіну — қазіргі заман талабы. Заман талабына сай білімнің сапасын арттыру үшін, алға қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Қазіргі нарықтық экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, əлем деңгейінде бəсекеге қабілетті жаңа мамандарды дайындай білуіміз керек. Осы тұрғыда біліктілікті заман ағымының жаңа технологияларын белсенді түрде жете меңгерсек, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нəрімен сусындатып, саналы тəрбие, сапалы білім алуына айқара жол ашамыз [2].
Сызу пəні сабағының басты талабы — сабақтың сапасын арттыра отырып, сабақ түрлері мен əдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта сызу пəні мұғалімдері сабақ өту əдістерін толықтырып, əр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мұғалімдер мультимедиалық көрсетіліммен сабақтарды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отыру керек. Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тəрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру əдісінің тиімді түрлерін пайдалану керек.
Бейнелеу өнері жəне сызу сабақтарын компьютер көмегімен оқытуда дүние жүзілік халықтардың салт-дəстүрін жəне көрнекті суретші, инженерлердің өмір жолдарын мультимедиалық презентацияға қолдану баға жетпес дүние. Сабақта бейнефильмдер, көркем фильмдердің фрагменттері, боялған кестелерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға болады.
Сызба графикалық кескіндердің бір түрі ғана болып табылады. Графикалық кескіндерге суреттер, сұлбалар, карталар, диаграммалар жəне шартты белгілер де жатады. Қазіргі кезде өзінің кəсіби іс-əрекеті барысында графикалық кескіндерді пайдаланбайтын маманды атау қиын. Мəселен, дəрігердің өзі атласта келтірілген немесе əр түрлі медициналық аппаратураның экранында пайда болатын адамның ішкі органдарының кескіндерін түсінуі, рентген сəулесі арқылы алынған суреттерді талдай білуі керек.
Егер сызу пəнін оқытуды қалыптастыру бұған дейін дəстүрлі қолмен сызуда тек плакаттар, əдебиеттермен негізделіп келсе, курсты қазіргі заман технологиялары тұрғысында дамыту үшін оқушыларды мультимедиалық көрсетілімдерді қолдану бойынша оқытуды ұсынамыз.
Мультимедиалық көрсетілімді қолдану əдістері пəн салалары бойынша нақты жəне жалпы мəліметтерді ұсыну конструкциялық құралы ретінде қарастырылады.
Мектепте сызу пəнін оқыту үрдісінде мультимедиалық құралдарды қолдану негізінде кəсіби оқыту іс-əрекетінің мазмұны оқушының графикалық танымдық жəне кеңістіктік іс-əрекетінің бөлінбейтін компоненті, ол мынадай іс-əрекеттің жинағы:
- заттардың жазықтықта орналасуын анықтау;
- заттарды оқу жəне құрастыру;
- графикалық жұмысты орындауда қойылған мақсатқа жетудің көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;
- тапсырманың əрбір кезеңінде сызбаны орындау түрлерін тиімді жəне жүйелі қолдану.
Сызу сабағында мультимедиалық құралдарды қолдану негізінде оқушылардың кəсіби-техникалық білімге бейімдей оқыту əдістемесінің негізгі мақсаты — олардың ақпараттық мəдениетін дамыту, мектеп бітірушілердің техникалық даярлығының кəсіби деңгейге жетуін қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда сызу пəнін оқытуда мұғалімнің оқушыларға түсіндіретін тақырыбының толық меңгерілуінде мультимедиалық көрсетілімнің нақты деңгейін анықтау мақсатында сызу пəні оқулықтарына, оқу-əдістемелік құралдарға, мектепте сызу пəнін оқыту жүйесіндегі пəндердің бағдарламалары мен оқу, оқу-əдістемелік құралдарына талдау жасай отырып, слайдтық тұрғыда сабақтың бірізділікпен көрсетілуіне негізделген.
Сонымен, сызу сабағында мультимедиалық көрсетілімнің қолданылуын анықтау кезеңінде мына міндеттердің шешімі іздестіріледі:
- тапсырманың мақсатын анықтау;
- тапсырманың тақырыбын таңдау жəне оны жүргізуді теориялық тұрғыда негіздеу;
- теорияда алынған мəселені графикалық сызба жұмыстарын орындауда практикамен ұштастыру;
- мультимедиалық көрсетілім арқылы оқушылардың тақырыпты түсінуін қадағалау;
- оқушылардың білім деңгейін анықтауға қажетті əдістемелерді таңдау жəне оның тиімділігін тексеру;
- оқушылардың графикалық білім деңгейлерін жетілдіруге байланысты дидактикалық кешенді мультимедиалық көрсетілім арқылы дайындау;
- сызбаның толық жетістігін беру нəтижесінде оқушылардың кезең бойынша графикалық сызбаларды меңгеруде болған өзгерістерді, дəстүрлі оқыту түрімен салыстыра айырмашылығын анықтау.
Презентацияны ұйымдастыру қызметі келесідей болады.
Оқытушы сабақ тақырыбын презентацияны қолданып түсіндіреді. Көбінесе презентация сабақтың тақырыбынан басталады, мысалы, «Сызбаларды безендіру», «Аксонометриялық проекциялар» жəне т.б. Көбінесе басты əріптер қолданылады. Сонымен қоса слайдтың фонын бір немесе екі түсті, фотографияларды, суреттерді, схемаларды, компьютерлік бағдарламалар көмегімен, кезең бойынша орындалған сызбалармен анықталған қатармен орналастырып құрастырады.
Презентацияны құрастыруда оқытушы сабақтың материалының сапасының өте жоғары талғамда болуын қадағалау керек. Сонымен қоса əр түрлі анимациялық эффектілерді қолдануға болады. Бұл оқушылардың көздеріне қуаныш сыйлап, олардың зеректілігін жоғарылатады. Сонымен қоса презентация оқушыларға өткенді қайталау фрагменттерін еске түсіру, мысалы, тоқсан бойынша сабақ тақырыптарын қорытындылауда, слайд бөліктері сурет түрінде сақталады, оларға əр түрлі тапсырмалар беріледі, мысалы, «Проекциялау», «Перспектива» тақырыптарын меңгеруде қолданылады.
Мультимедиалық құралдарды компьютерлік техникамен сызуды оқыту үдерісіне пайдалануда оқытудың мынадай жалпы ұстанымдарын қолдануға тура келеді:
- өзара тығыз байланыстағы материалдарды кезеңдерге бөлу (қадамдарға). Ал мұғалімнің оқу материалдарын тиянақты талдауды, кезең бөліктері арасындағы өзара байланыстың ерекшеліктері мен мазмұнын анықтауды талап етеді;
- заттардың сызбасын тұрғызу кезінде оқушылардың белсенділігін арттыру, яғни оқушылардың терең де, жан-жақты талдаулар машығын қалыптастыруға бағытталады;
- оқушының əрбір жауабына мұқият баға беру жəне ол жауаптың бағасын тез хабарлап, дұрыс жауап берген болса, келесі қадамға көшу;
- оқудың қарқыны мен мазмұнын арттыру, яғни оқу қарқынын дараландырып отыруды қамтамасыз ету;
- оқушылардың кезең бойынша кеңістік графикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сенімділігін тексеру, яғни əрбір оқушының мүмкіндігіне қарай тапсырманың қиындық дəрежесін реттеуді қарастыру.
Сызба жұмыстарын орындауда слайд-презентацияны қолдану оқушылардың білім сапасын арттырады, көрнекі құралды пайдалана отырып, мұғалімнің жетегімен, оқушылар өздігінен оңай қорытындылар жасай алады.
Оқылатын материалды слайд-презентацияны қолдану арқылы иллюстрациялау, баланың санды үйренудегі бірінші адымы сурет қараудан басталғандай, оқушылардың көз алдынан заттардың сызбасын бірізділікпен орындай отырып, логикалық ойлауларын дамытумен қатар, графикалық білімдерін, дағдыларын, іс-əрекеттерін қалаптастырады [3].
Сызу — графикалық кескіндерді рəсімдеу, орындау жəне айырып тану теориясының негізгі қағидалары жəне практикалық амалдары оқылатын оқу пəні. Сондықтан сызуды техника тілі ретінде ғана анықтау жеткіліксіз. Сыза білу, жаза жəне оқи білуден кейінгі екінші сауаттылыққа айналды. Олай дейтініміз, сызуды меңгерудің нəтижесінде ғана адам қағазда немесе дисплей экранында өз ойын (ойлап тапқанын) дұрыс кескіндей алады жəне басқалар орындаған немесе əр түрлі техникалық қондырғылар экрандарында пайда болған кескіндерді түсіне алады.
Оқушының ақпараттық құзыреттілік қабілеті дегеніміз — оның педагогикалық ықпал аясында білім алу əрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту əдістері оның шығармашылық қабілетінің дамуына əсерін тигізеді.
«Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі — жоғары интеллектуалды жастарды жан-жақтылыққа тəрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу [4]. Сондықтан осы ұстаным ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндеті ретінде жүктелді. Мультимедиалық оқытуды дамыту үшін оқытушылардың біліктілігін көтеру, ақпараттық кеңістікті құру, оқу үрдісіне жаңа ақпараттық оқыту технологияларын интеграциялау, мультимедиалық оқыту курстарын жасау мəселелері шешілуі тиіс.
Сонымен, мультимедиалық оқыту пəн тақырыптарының материалдарын игеру үшін ыңғайлы, уақытты ұтымды пайдалану үшін қажет. Мультимедиалық оқытудың шетелдік жəне отандық тəжірибесі көрсеткендей, бүгінде оқыту сапа жағынан дəстүрлі оқытудан кем түспейтіні белгілі болып отыр.
Мультимедиалық оқытуда білім беру тиімділігі педагогикалық, экономикалық жəне əлеуметтік аспектілеріне ие. АКТ-ның ішінде ақпаратпен ашық жұмыс жасау үшін, мультимедиалық оқыту жүйесіне оңтайлы қол жеткізу үшін интерактивті технология пайдалынылады. АКТ құралдардың бірінде мультимедиалық оқыту бойынша тиімді кері байланысты интерактивті ұйымдастыру болып табылады.
Жалпы қорытындылай келе, мультимедиалық оқытуда əлемдік бəсекелестік мəселелері жəне ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардың үнемі дамуы мультимедиалық білім беруді педагогикалық, психологиялық жəне техникалық тұрғыда енгізу өте тиімді.
Мектептердің білім деңгейін көтеру жəне онда мультимедиалық құралдарды пайдалану арқылы оқу-тəрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Мультимедиалық құралдарды қолдану негізінде мектепте сызба-графикалық бағытының пəндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Əдебиеттер тізімі
- Педагогика: Дəріс курсы. — Алматы: Нұрлы Əлем,
- Потемкин А.Е. Твердотельное моделирование в системе КОМПАС — 3D. — СПб.: БХВ-Петербург, 2004. — 512 с.
- Гершунский Б.С. Компьютеризация в сфере образования: Проблемы и перспективы. — М.: Педагогика, — 264 с.
- Роберт И.В. Новые информационные технологии в обучении: дидактические проблемы, перспективы использования // Информатика и образование. — 1991. — № 4. — С. 18–25.