Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі заманғы жоғарғы білімнің тиімділігін арттыруға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі — білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіл əлемдік коммуникация желісіне шығу. Қазіргі таңда ақпараттандыру үрдісі адамзат өркениетінің дамуының жаппай жəне қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылуда. Оқытудың ақпараттық технологиясы — бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тəсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық жəне техникалық құралдар (кино, аудио- жəне бейнеқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) жəне білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-əрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тəрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік — жалпы білім беру мақсатындағы басты басымдықтардың бірі. Өмірдің өңі өзгеріп, ақпараттық іс-əрекеттің рөлі артады, соның ішінде адам ақпаратты өз бетімен белсенді түрде өңдеп, технологиялық құралдардың көмегімен күтпеген жағдайлардан оңтайлы шешім табуға тырысады.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мəлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері — жастардың бойында ақпараттық мəдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Ақпараттық мəдениеттi дамыту дегеніміз — өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану; жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру процесiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық программалық құралдарды қолдану жəне оларды өз қызметтерiмiзге сəйкес бейiмдеп пайдалану. Оқытушы — ақпараттанушы емес, студенттің жеке тұлғалық жəне интел- лектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл оқытушыдан жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, студенттерді қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi.

Ақпараттық мəдениетті сауатты адам ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға жəне тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дəстүрлі жəне автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.

Ақпараттық мəдениеттi дамыту қазiргi педагогтың ақпараттық құзырлығына қойылатын талаптарына сай анықталады:

  1. Қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру (бүкiл əлемдiк ақпараттық ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды iздеу алгоритмi мен ақпараттарды талдау синтетикалық тұрғыдан өңдеу əдiстерiн меңгерту).
  2. Ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-əдiстемелiк, озық тəжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нəтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қолдану əдiстерiн меңгерту; қолданбалы бағдарламалық құралдарды меңгерту; жаңа бағдарламалық құралдарды меңгерту.
  3. Өз қызметтерiнде жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру үдерісінің ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық бағдарламалық құралдарды қолдану жəне оларды өз қызметтерiмiзге сəйкес бейiмдеп пайдалану.

Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) пайдалану пайдалылығының критерийі келесідей: компьютерлік технология осы технологияны қолданбаған жағдайда алынбайтын оқу нəтижелеріне қол жеткізу үшін тиімді. Ол оқу нəтижелеріне дағдыларды əдеттенгенше машықтандыру, студенттердің қызығушылықтарын, ой белсенділігін жəне жұмысқа қабілеттілігін арттыру, студенттердің əрекеттену жылдамдығын жəне күрделілік деңгейін бақылау, түпкілікті жəне аралық нəтижелерді бақылау болып табылады.

Компьютерді оқу əрекетінде қолданудың негізгі нұсқалары: дидактикалық материалды жасақтау, дайын бағдарламалық құралдарды қолдану, оларды студенттер мен оқытушылардың өздері дайындауы.

Сонымен қатар ақпаратты технологияларды меңгеру деңгейі əр түрлі: оқытушының жай жұмыс дағдыларынан бастап, жоғары дəрежелі тұтынушының деңгейіне дейін. Меңгеру деңгейі неғұрлым жоғары болса, педагогтың түпкілікті өнімге қосатын үлесі соғұрлым жоғары болмақ, яғни ақпараттық құзыреттілігі өскен сайын оқытушы дайын электронды өнімді «тұтынушы» деңгейінен «жасақтаушы» деңгейіне көшеді.

Электронды материалдарды пайдаланудың əр түрлі тəсілдерін қарастырып көрейік.

  1. Электронды кестелерді қолдану. Атап айтқанда, информатикамен кіріктірілген сабақтарда электронды кестелерді пайдалана отырып, Excel электронды кесте редакторының көмегімен графиктер тұрғызуға болады.
  2. Интерактивті тақтаны қолдану. Оның көмегімен оқыту əдеттегі білім беру əдістеріне ұқсамайды, алайда сабақты оңтайлы өткізу негіздері бір. Интерактивті технологияларды пайдалану тиімділігі оқытушының өзіне, оның тақта мүмкіндіктерін қалай пайдаланатынына, студенттер мен өзіне қалай жол ашатынына байланысты.

Оқытушының сабақта ИТ (интерактивті тақта) қолданып, жұмыс істеуінің негізгі формалары: дайын материалдарды көрнекі түрде ұсыну немесе толықтыру, студенттердің өзіндік жұмыстарының нəтижелерін көпшілік талқысына салу, алдын ала дайындалған материалдар (тест, сызбалар, суреттер) бойынша бақылауды ұйымдастыру.

  1. Таныстырылымдар жасау. Бұл студенттер мен оқытушының арасында ақпараттық технологияны қолданудың кең таралған тəсілі. Сабақта оны қолдану артықшылықтары мынадай: студенттерге алдын ала тексерілген мəтін беріледі, оған сызбалар, суреттер, фотосуреттер, анимация əсерлері оңай кіріктіріліп отырады. Сауатты құрылған таныстырылым сабақты өнімді өткізуге мүмкіндік береді. Алдын ала дайындалған бірізді қадамдық материал сабақтың жылдамдығына əсер етіп, əрбір аралық қадамға оралуға мүмкіндік береді. Егер таныстырылымға бірегей, стандарт емес материал енгізілетін болса, ол студенттер үшін қосымша білім көзі болып табылады, оларды өз бетімен зерттеулер жүргізуге, жаңа ақпаратты іздеуге итермейлейді.
  2. Электронды оқулықтар, құралдарды пайдалану. Электронды оқулық оқу ақпаратының мультимедиалық қайнар көзі болып табылады, ол оқытушыны толығымен немесе жартылай алмастыра алады. Компьютерлік оқулық студенттің əр «жетістігі» мен «олқылығын» есінде ұстайды.

Тестпен жұмыс істегенде дұрыс жəне бұрыс жауаптар белгіленеді, тақырыптарды өтуді автоматты түрде қадағалау мен тексеру жұмыстарының қызметі іске қосылған.

Электронды оқулықты үйде де қолдануға болады: өз бетімен тақырыпты талдап, материалды бекітіп тапсырма жаттықтырғышымен жұмыс істеп, өзін-өзі тексеруге мүмкіндік береді.

АКТ қолдану арқылы пəнді оқыту тиімділігі артады. Ақпараттық технологиялар ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетіп қана қоймай, оқу іс-əрекетінің нұсқалылығының мүмкіндіктерін кеңейтіп, студентті белсенді жəне тең құқылы қатысушы деп қарайтын білім беру жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Мұның мынадай қосымша артықшылықтары да бар: уақыттың үнемделуі, көрнекілігі, бейнелілігі, материалды ұсыну түрлерінің тез алмасып отыруы, олардың электронды түрде жинақталып, сақталуы.

Ақпараттық технологияларды қолданып өтетін сабақтар саны артқан сайын студенттердің ақпараттық мəдениеттілігі жоғарылап, АКТ білім беруші жəне кіріктірушілік маңызын түсіне бастайды, оқуға түрткі болады. Бұл студенттердің танымдық үрдісін белсендіріп, ойын (кеңістіктік, алгоритмдік, түйсіктік, шығармашылық, теориялық) дамытады, оңтайлы шешім табу, эксперименттік-зерттеушілік іспен айналысу біліктілігін қалыптастырады, оқу үрдісінің нəтижелілігін көтереді.

Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Болашақ мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:

  • вариативтiлiк — əрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сəйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;
  • болашаққа негiзделген — күтiлетiн нəтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың бағытын орнықтырады жəне жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;
  • рефлексивтi-креативтi — жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;
  • эргономикалық — нақтылы мəселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;
  • iзгiлiктiлiк — бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нəтижесiн анықтау;
  • тəжiрибеге бағытталған — оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тəжiрибесiн қолдану ой-пікірі жүзеге асырылады жəне нақтылы iс-əрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық үдерістерінің өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;
  • жекелеген кеңес беру — тыңдаушыларға кеңес беру ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: əрбiр тыңдаушының өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып, қойылған нəтижелерге жетуге байланысты игерiлетiн мəселелердiң мазмұны мен оған қолданылатын тиiмдi əдiс-тəсiлдердің болуы.

Жалпы алғанда ақпараттық технологиялар «адамның компьютер жүйесіне интеллектуалдық кірігуі кезіндегі ақпаратты өңдеудің модельдері, əдістері мен бағдарламалық құралдарының жиынтығы» деп қарастырылады [1].

Елдің кадрлық өзегін қалыптастырып, дамытатын маңызды іргелі салаға білім саласы жататыны белгілі, олай болса оны ақпараттандыру бірнеше жылдар қатарынан қарқынды жүріп келеді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

  • қолданыстағы білім беру технологияларының (мысалы, бейнелі дəрістер, компьютерлік практикум, виртуалдық семинарлар, тақырыптық желілік форумдар, конференциялар технологиялары, электронды тест т.б.) жетілген аппараттық-бағдарламалық қамсыздығы болып табылады;
  • қолданыстағы білім беру технологияларының жаңа сапалы деңгейге көшуін қамтамасыз етіп, жаңа формалардың дүниеге келуіне түрткі болады (мысалы, кіріктірілген электронды курстар, қашықтан оқыту);
  • студенттер келешек кəсіби іс-əрекеті үшін жаңа ақпараттық технологияларды меңгерудің қаншалықты маңызды екенін түсініп, оқу-білім саласындағы оқу іс-əрекетінің эмоциялық- құндылықты бағасы артады;
  • болашақ мамандардың кəсіби жəне ақпараттық құзыреттілігін кешенді түрде қалыптастырып, қоғамның дамуындағы қазіргі заманға лайық кезеңді қамтамасыз етеді.

Ақпараттық қоғамға көшу кəсіби білімнің жаңа модельдерін құрумен байланысты, яғни АКТ құралдарын белсенді пайдалану көзделеді. Ақпараттық қоғамдағы оқу — бұл белсенді үрдіс, ондағы білім алушылар оқытушы ұсынған білім ақпаратын өз беттерімен ұғынып алады, оқыту «білім алушылардың мықты тұстарына», яғни олардың қасиеттеріне, қызығушылықтары мен мəдени деңгейіне, негізделеді.

АКТ құрамды бөліктері мыналар: ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялар, жергілікті жəне жаһандық электронды білім ресурстарының желілік қорлары, білім алушылардың жеке АКТ-ресурстары, əр түрлі тасымалдағыштардағы сандық сипаттағы білім ресурстары (соның ішінде кең жолақты арналар, сандық ТВ, жер серік жəне DVD), таныстырылым технологиялары, қашықтан оқыту технологиялары.

Осымен қатар электронды білім беру тұжырымдамасы (elearning) жасақталуда, ол білім алушылардың жаңа біліммен танысу жəне практикалық маңызы бар кəсіби дағдыларды қалыптастыру барысында АКТ қолдану арқылы əр түрлі əрекет түрлерімен айналысуын қарастырады [2].

Ақпараттық технологияларға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, дыбыстық-бейнелі ақпаратты қолдану құралдары, жергілікті есептеуіш желілер, ақпаратты енгізу-шығару құрылғылары, қазіргі байланыс құралдары т.б.

Ақпараттық технологияларды қолдану жəне олардың дидактикалық мүмкіншіліктерін жүзеге асыру төмендегідей жаңа оқу əрекеті түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді:

  • тұтынушының диалогтық, мəтін, бұйрық (сұраныс) алмасу жəне жауаптарды (шақырулар) жүзеге асыратын қарқынды диалогымен салыстырғанда компьютермен интерактивті түрде өзара əрекеттесуі;
  • нақты нысандарды (оқу роботтарын, имитациялық ақпараттық жүйелерді т.б.) басқаруы;
  • экранда көрсетілетін əр түрлі нысандардың, құбылыстар мен үрдістердің модельдерін басқару;
  • студенттердің дайындық деңгейiн, ынтасын жəне қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру жəне оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
  • оқытудың жаңа əдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-əрекеттiк компьютерлiк ойындар жəне т.б.);
  • проблемалық, зерттеу, аналитикалық жəне модельдеу əдiстерiн қолдану арқылы классикалық əдiстердi жетiлдiру;
  • жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта жəне мультимедиатехнология) пайдалану арқылы оқу үдерісінің материалдық- техникалық базасын жетiлдiру;
  • оқу іс-əрекетінің нəтижелерін автоматты түрде бақылау (өзіндік бақылау), бақылау нəтижелері бойынша түзетулер жасау, тестілеу.

Жаңа ақпараттық технологиялар негізінде əрекет ететін электронды оқу құралдарына жататындар: оқу мақсатындағы электронды құралдар, оқыту бағдарламалары, электронды тест жүйелері, ақпарат іздеу жүйелері, имитациялық жүйелер, модельдеуші бағдарламалық құралдар, көрнекілеуші жəне оқу-ойындық бағдарламалық құралдар [3].

Осы электронды құралдарды пайдаланғанда келесі дидактикалық мүмкіншіліктер ашылады: тұлғаның кəсіби маңызы бар қасиеттерін қалыптастыру, оқу материалын меңгеру деңгейін бақылау (өзін-өзі бақылау); анықтамалық материалдарды ұсыну, зерделеу мен ойлау жүйелері мен қабілеттерінің қалыптасуы, қоршаған орта үрдістерін бажайлауы, жобалай білуі, нақты кəсіби іс- əрекет кезінде туындайтын мəселелерді шешу дағдыларын қалыптастыру.

Қазіргі таңда білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың келесі бағыттары тиімді деп саналады:

  • жоғарғы білім берудегі оқу үрдісіне сарапшылық оқыту жүйелерін қосу (СОЖ);
  • білім субъектілерінің жергілікті жəне жаһандық компьютерлік желілердегі ақпараттық кеңістіктегі өзара əрекеттесуін ұйымдастыруға арналған телекоммуникация құралдарын қолдану.

Білім саласында АКТ құралдарын қолдану негізі жүйелік көзқарас болып табылады, ол осы негіздегі білімнің ақпараттық міндеттерін шешу тиімділігін анықтайтын барлық маңызды факторларды табуға сүйенеді. Бұл көзқарастың арқауы сол — АКТ қолдану арқылы бір мақсатқа бағынған жəне бір ой жетегіндегі əрекеттердің келісімді жиынтығы қалыптасуы тиіс.

Жүйелік көзқарас, бір жағынан, АКТ негізінде қызмет ететін барлық ресурстарды кіріктіруді қарастырады. Екінші жағынан, АКТ білімді ақпараттандыру жағдайында болашақ маманның тұлғасын кешенді дамыту құралы ретінде қабылдануы тиіс.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты — білім алушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер студент үшін оқу құралы, ал оқытушы үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нəтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде оқытушының жəне студенттің алдына қойған мақсатына жетуін жəне шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

Бүгінде біз жоғары білім беруді одан əрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады жəне компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мəдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда əрбір студент ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, Интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.

Алайда білім беру жүйесінде білімдік жəне ақпараттық технологияларды іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне ақпараттық технологияның тез жаңаруы мəселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым- қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда оқытушы өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен əркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тəуелді болады.

Компьютер жəне ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үдерісі студенттің жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нəтижесінде — өздерінің кəсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы студенттердің ойлау қабілетін қалыптастыратын жəне компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.

Жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығын зерделей отырып, төмендегі нəтижелерге қол жеткізуге болатындығына көз жеткіземіз:

  • жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
  • жаңа ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
  • жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
  • бiздiң елiмiздегi жəне шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
  • мультимедиалық электрондық оқулықтарды, виртуалдық зертханаларды жəне бақылау бағдарламаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
  • отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас əлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру жəне т.б.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Открытое образование — объективная парадигма XXI века / Под общ. ред. В.П.Тихонова. — М.: МЭСИ, — 288 с.
  2. Романов А.Н. Технология дистанционного обучения в системе заочного экономического образования. — М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000. — 303 с.
  3. Яковлев А.И. Информационно-коммуникационные технологии в дистанционном обучении: Докл. на круглом столе «ИКТ в дистанционном образовании». — М.: МИА, 1999. — 148 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.