Қазақстанның əлемдік қоғамдастыққа қарқынды енуі — инновациялық-индустриалдық экономика, қоғамның ақпаратануы, білім кеңістігінің сəйкестілігі жəне халықаралық стандарттың енгізілуі адамның санасын жəне мінез-құлқын түбірінен өзгертеді, адам баласы осылардың көмегі арқылы өзін қоршаған ортаны өзгертеді жəне өзі де өзгереді.
Қоғам мен сананың қоғамдық қалпының əлеуметтік жəне тарихи қайта құрылуы жəне жалпы адамзаттық мəдени құндылықтарға бағыты, əлеуметтік-тарихи қажеттілік, ұлттың бəсекелестікке қабілеттілігі, мəдени уақыт талабы ретінде Президенттің «Үштұғырлы тіл» туралы мəдени жобасының өзектілігін көрсетті, жəне Қазақстан Республикасында қазақ — орыс — ағылшын: мемлекеттік тіл — ресми — əлемдік стратегиялық мақсаттылық болып табылады, үш тілдің артықшылығын бекітті [1].
2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың тұжырымдамасы əлемдік стандарт талабына сай білікті кəсіби мамандарды дайындаудың формасы мен əдістерін сапалы жаңартуға бағытталған. Бұл жерде осыған орай рөлі өсіп отырған, жəне жас ұрпақты өзара байланысты жəне өзара бағынышты əлемде өмір сүру жағдайына дайындаудың тиімді құралы ретінде қарастырылатын, көптілдік білім беруге басты назар аударылады.
Ағылшын тілі халықаралық қарым-қатынас жасау тілі ретінде республикалық мəндегі пəндер дəрежесіне көшірілді жəне жалпы пəндер қатарында мемлекеттік тіл (қазақ тілі), орыс тілі — ұлттар арасындығы қарым-қатынас тілі қатар тұрады. Осыған орай тілді меңгеру ғана емес, оны шынайы қарым-қатынас жасауда қолдана білу, яғни тілді практикалық тұрғыдан меңгеру, демек, «мəдениаралық біліктілік» туралы сөз болып отыр. Стратегиялық міндеттердің бірі ретінде мемлекеттік тілді оқыту, халықаралық қарым-қатынас ретінде орыс тілін, сонымен қатар шет тілдердің біреуін (ағылшын тілді) оқыту басқа мəдениетке, тарихқа, географияға, əдебиетке, өнерге, ғылымға бейімдеу арқылы білімдік мақсаттардың жетістігіне кепілдеме береді. Сонымен бірыңғай дүниежүзілік мəдениетке кіретін өз елінің мəдениеті туралы білімдерін тереңдету жəне туған тілін саналы жəне терең білу жүзеге асады [2].
Ғылыми зерттеулер жəне туған тіл мен шет тілді өзара байланыс арқылы оқыту практикасы тұлғаның жан-жақты дамуына тілдердің жақсы əсер ететінін жəне өзара байытатынын дəлелдейді.
«Пəндік білімді шет тілінде оқыту» түсінігі тілдерді шет тілі арқылы қандай да бір пəн бойынша нақты білімді меңгеру құралы ретінде қолдануды ұсынады.
Қоғамдағы əлеуметтік-экономикалық жəне саяси жағдай қазақ, орыс, жəне шетел тілдерін меңгерген мамандарды дайындауға байланысты əлеуметтік тапсырысты қалыптастырғаны белгілі. Осындай мамандарға деген қоғамдық сұраныс көптілдік білім берудің рөлін арттыруда. Қоғамда ғылымдағы, техникадағы, əр түрлі елдердің мəдениетімен танысудағы жетістікке байланысты, шетелдіктермен жаңа кəсіби, жеке, мəдени, ғылыми қарым-қатынас жасауға қызығушылық неғұрлым үлкен болса, кəсіби тиімді тəжірибе алмасу үшін, кəсіби қарым-қатынас жасауды реттеу құралы ретінде жəне осыған байланысты маманның жеке кəсіби тұрғыдан қалыптасуында көптілдіктің дəрежесі соғұрлым жоғары болады.
Осы кезеңдегі жоғары мектептің міндеті болашақ мамандарды көптілдік жəне көпмəдениеттік əлеммен өзара əрекет жасауға дайындау болып табылады.
Жаңа кезеңдегі білім берудің мақсаттары тек қана білім беру емес, сонымен қатар жас мамандардың болашақ қоғамдағы өмірлерінде көмек болатын негізгі құзыреттерді қалыптастыру болып табылады. Еуропа кеңесі бүгінгі таңда жас маманға қажетті болатын бес базалық құзыреттерді анықтады. Солардың арасында бірнеше шет тілдерді меңгеруді болжайтын — ауызша жəне жазбаша қарым-қатынас құру шеберлігі. Жоғарғы мектептің негізгі міндеті көптілді біліммен жəне көп мəдени дүниежүзімен өзара əрекеттесуге дайын болашақ полилингвалдық мамандарды дайындау болып табылады [3].
Демек, оқушылардың алдында шетел тілдерін (негізінде екі-үш тілді) меңгеру міндеті тұр, себебі жас маманның жеке тұлға ретінде жəне кəсіби өсуі көбінесе осыған байланысты болады. Жаңа міндеттердің қойылуы оқытушыдан шетел тілінде қарым-қатынас жасауға дəстүрлі оқыту түрінен еуропалық білім беру мен əлеуметтік мəдениет негізінде жүзеге асырылатын, мəдениаралық дидактика бойынша оқытуға көшуді талап етеді [4].
Шет тілін оқытуды студенттің өзінің жəне шетел мəдениетін толығымен оқи алатындай жүргізу керек. Осыған орай шет тілін оқытуға қатысты əр түрлі əдістер құрастырылған. Мақсаттың негізі ретінде мəдениаралық қарым-қатынасқа қажетті қарым-қатынастық құзыреттің жетістігін көрсетеді. Тілді жəне мəдениетті бір уақытта оқыту идеясы В.Г.Костомаровтың, Ю.Н.Караулованың, И.А.Халееваның, Г.И.Богинаның, В.П.Фурманованың, В.В.Сафонованың көптеген зерттеулерінің негізіне енді жəне зерттеушілердің құрған əдістемелік концепцияларында (лингвомəдени, əлеуметтік мəдени, мəдени аралық) жəне шет тілдерді оқыту əдістерінде практикалық тұрғыдан жүзеге асады.
Лингвистикалық елтанушылық əдіс нақты тіл иеленушінің мəдениетінің айырмашылықтарын анықтауға, əр түрлі мемлекеттердің халықтық мəдениеттеріне өзара сіңісу жəне халықтар арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз ететін дұрыс қарым-қатынас үшін жағдайлар туғызады. Лингвистикалық елтану өз елі мен оқып жатқан шет елінің халықтық-мəдени игіліктерінен ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Жоғары оқу орындарында жалпыеуропалық стандартқа жəне білім беру тұжырымдамасы мен тəрбие беруге көшу оқытудың кредиттік технологиясын, шетел тілдерін оқытудың деңгейлік үлгісін енгізумен, көптілдік білім беруді енгізуде жүргізілген тəжірибелерден басталды. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де жүргізілген тəжірибенің мақсаты көптілдік білім берудің үлгісін құруды қамтамасыз ететін жəне осы тəжірибені бақылайтын, педагогикалық құралдарды жетілдіру болып табылады. Үш тілді жетік меңгеру жеке тұлғаның көптілді меңгерудегі дамуына жетекшілік етеді, бұны біз адамның өзара əрекет жасауы үшін тілдік механизмдерді қайта құру процесі деп түсінеміз, ал кейінірек сонымен бірге үш немесе бірнеше тілдік жүйені қатарынан қолдану, алғашқы кезеңде тілді меңгеру бір тілден екінші тілге көшу дағдысын қалыптастыруды, ал кейіннен басқа жүйенің қызметіне анағұрлым жақсы жағдай туғызу үшін бір жүйені бейтараптандыруды талап етеді.
Қойылған мақсаты жеке тұлғаны дамытудың полилингвистикалық мазмұны мен оқыту стратегиясын анықтаудың тұжырымдамалық негізі болып көптілдік жағдайында тілді үйретудің əлеуметтік-мəдени əдістемесі қызмет етеді [5].
Дəл осы əдіс шетел тілін коммуникативтік-бағытталған халықаралық қарым-қатынас құралы ретінде оқытуды, оны əлемдік мəдениетті, ұлттық мəдениет пен əлеуметтік жəне жеке мəдениетті тану элементі ретінде тығыз байланыста тиімді пайдалануды жүзеге асырады; елдер мен халықтардың рухани мұраларын жəне олардың тарихи-мəдени ескерткіштерін танып-білу; мəдениаралық түсіністікке жету тəсілі; шет тілін оқытуды студенттің өзінің жəне шетел мəдениетін толығымен оқи алатындай жүргізу керек. Осыған орай шет тілін оқытуға қатысты əр түрлі əдістер құрастырылған.
Лингвистикалық елтанушылық əдіс нақты тіл иеленушінің мəдениетінің айырмашылықтарын анықтауға, əр түрлі мемлекеттердің халықтық мəдениеттеріне өзара сіңісу жəне халықтар арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз ететін дұрыс қарым-қатынас үшін жағдайлар туғызады. Лингвистикалық елтану өз елі мен оқып жатқан шет елінің халықтық-мəдени игіліктерінен ақпараттарды алуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың əлеуметтік-мəдени көптілдік дамуы оқу-тəрбие процесіне, барлық оқу пəндеріне тікелей қатысты жəне олардың дүниетанымын дамытуға, коммуникативтік мəдениеті мен рухани тілегін жетілдіруге, өздігімен білім алу жəне өздігімен даму қажеттігін дамытуға бағытталған. Көптілдік оқыту үлгісі қазақ, орыс жəне шетел тілдерін, интеграцияға орайлы мүмкіндік беретін оқыту тілдері ретінде қарастырады. Шетел тілі оқыту объектісі емес, білім алу, танып-білу құралы болып табылады. Үш жақты тиімділікке қол жеткізіледі: бір мезгілде жаңа білім игеріледі, дағдылар жетілдіріледі жəне шетел тілін меңгеру іскерлігі дамиды. Осы процесс кезінде барлық құралдар арқылы субординативтік типтегі тұлғаны көптілдік дамытуға қол жеткізіледі.
Қатар оқытылатын тіл құралдары арқылы əлеуметтік мəдени білім беру (мемлекеттік тіл, ұлтаралық қарым-қатынас тілі жəне шетел тілі) мəдениаралық қарым-қатынасқа дайындау үшін қажетті шарт болып табылады. Əлеуметтік-мəдени келісім аясында шетел тілдерін қарым-қатынас құралы ретінде оқыту дегеніміз — түрлі мəдениет қоғамдастық өкілдерінің жəне басқа адамдардың, сол сияқты əлеуметтік жеке мəдениет өкілдерінің функционалдық сертті коммуникативтік өзара əрекеті [6].
Қарым-қатынастық əдіс оқыту үрдісін қарым-қатынас үлгісі ретінде құрылуын ескереді. Басқа шет тілінде қарым-қатынасты ұйымдастыру кезінде жағдаяттылықты, тілдік іс-əрекеттің басқа іс- əрекет түрлерімен байланысын, дəлелдеушілікті, тілдік ойлау белсенділігін, мақсаттылықты, ақпараттылықты жəне басқа параметрлерді ескеру керек. Қарым-қатынастық əдіс идея көптілді білім беру идеясына жақын. Мəдениаралық əрекеттесудегі қарым-қатынастық міңез-құлық нақты халықтық-психологиялық ерекшеліктермен жəне осы қоғамда қабылданған салт-дəстүрлермен жəне ділмен қамтамасыз етіледі. Бұл өзінің лингвомəдени жəне халықтық-мəдени салт-дəстүрлерді жəне міңез-құлықтарды қолдана отырып, мəдениаралық қарым-қатынас субъектісі өзінің тілдік кодын ғана, сонымен қатар басқа салт-дəстүрлер мен мінез-құлықтарды, басқа əлеуметтік жүріс-тұрыстарды ескеру қажет.
Əлеуметтік-мəдени компонентінің идеясы шетел тілдеріне оқытудың мазмұнынан өз көрінісін табады. Оқытудың мақсаты, білетініміздей, оның мазмұнын анықтайды. Сондықтан қазіргі кезеңде көптілдік жағдайында білім берудің мазмұнын жаңарту, оқытудың технологияларын, жұмыстың формасын жəне əдістерін өзгерту негізгі міндет болып табылады [7].
Көптілдік білім беруді енгізуді бастаған факультеттер ұжымы қызметін эксперименталды талдау келесі мəселелерді анықтауға мүмкіндік берді:
- оқу пəндерінің ішінде ана тілімен қатар тұратын, мəдениаралық қарым-қатынас тілі болып табылатын шетел тілін оқыту пəні жəне білім құралы ретінде қолдануға болады (ағылшын тілінде оқу курстарын дайындау);
- оқыту технологиялары жəне тəсілдері (оқу процесінде шет тілінде білім берудің халықаралық стандарттарына сəйкес келетін, тілді оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиялары жəне дəстүрлі емес формалары мен оқытудың интерактивтік тəртібі арқылы оқытатын, əдістемелік кешендерді пайдалану);
- көптілдік негізінде оқытудың əр кезеңінің мақсаты (қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін 1-ші, 2-ші курстарда тереңдетіп оқыту, 3-ші курстан бастап арнайы пəндерді шет тілінде оқыту).
Көптілдік негізінде оқытуды ұйымдастыруға арналған оқытушылар дайындайтын шетел тіліндегі дидактикалық материалдар: көптілді білім беру мамандықтары үшін ағылшын тілінің негізгі курсы бойынша типтік оқыту бағдарламасы, көптілді білім беру мамандықтары үшін орыс тілінің негізгі курсы бойынша типтік оқыту бағдарламасы, көптілді білім беру мамандықтары үшін қазақ тілінің негізгі курсы бойынша типтік оқыту бағдарламасы, ОƏК (силлабустар), ағылшын-орыс-қазақ тілдерінің терминологиялық сөздіктері, грамматикалық анықтамалар, көптілдік білім беру жағдайында сабақты ұйымдастыруға арналған əдістемелік нұсқаулар беретін бағыт:
- студенттердің тілдік циклға жатпайтын нақты оқу пəнін жақсы сапалы дəрежеде меңгеруі;
- пəнді терең меңгеру жəне шет тілін пайдалану арқылы осы пəнді кеңінен қолдану;
- үш тілде терминологиялық білімнің белгілі дəрежесін қалыптастыру;
- жалпы оқу шеберлігін дамыту: арнайы сөздіктерді қолдана білу, баяндалу тіліне бағынышты болмай мəтінді оқудың бірыңғай стратегиясын меңгеру икемі, естіген жəне көргеніне байланысты өз ойын айта білу шеберлігі жəне т.б.;
- көптілдік тұлғаның жалпы мəдениетін көтеру жəне белсенді өміршең көзқарасы мен сыни ойлауын қалыптастыру;
- қазіргі көпмəдениетті əлемде оқытылатын тіл арқылы студенттерді белсенді жəне толық ынтымақтастыққа дайындау.
1-ші оқу жылына арналған ОƏК (силлабустар), берілген материалды кез келген оқытушыға қолдануға мүмкіндік беретін, бірыңғай құрылымнан тұрады. Екінші оқу жылынан бастап студенттердің сөздік қорын кеңейту жəне оларды мамандық пəндері бойынша дəрістерді тыңдауға дайындау мақсатында үш тілде арнайы терминологияны біртіндеп енгізілді. Жалпы алғанда барлық дидактикалық материал келесі принциптер негізінде құрылады:
- барлық пəндерді оқытуда интерактивті тəсілдерді қолдану;
- тілдік пəндерді меңгерудің бірыңғай тəсілдерін қолдану (қазақ, орыс жəне ағылшын тілдері): оқытудағы кредит/сағаттардың бірдей саны, студенттердің оқу деңгейіне қойылатын талаптың, оқу мерзімінің бірдей болуы;
- студенттерге білімнің түрлі саласында шетел тілін жеке маңызды қажетіне пайдалануға мүмкіндік беретін өздік жеке бағыттағы жұмыс;
- тілдік білім беруді əлеуметтік-мəдени тұрғыдан қарастыру;
- батыс еуропалық педагогика мен əдістемеде кеңінен таралған, студенттерді бір ортаға топтастыру тəсілі.
Оқытудың кредиттік технологиясы талаптарына сəйкес оқудағы жетістіктерді бақылау мақсатында үнемі өткізіліп тұратын мониторинг (тест жазу) көптілдік білім берудің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Қорытынды бақылаудың нəтижесі ағымдық, үй тапсырмасы жəне аралық бақылаулардың нəтижесіне байланысты болады.
Жалпы алғанда тілдерді өзара байланыста оқыту тəжірибесі студенттердің білімін кеңейтеді, көптілді жəне көпмəдениетті тұлғаның жан-жақты дамуына тиімді əсер етеді.
Көптілді білім беру жүйесінің бірыңғай сабақтастық мақсатында барлық үш пəн бойынша қорытынды бақылау білім берудің деңгейлі моделінің талаптарымен сəйкес жүргізілуі керек: сөйлеу əрекетінің төрт түрі бойынша ауызша. Мұндай емтихан жазуда, оқуда, тыңдауда жəне сөйлеудегі дағдыларын жəне қабілеттіліктерін дамыту мен жетілдіру деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жалпы тілдерді өзара байланыспен оқытудың практикасы студенттерді өзара байытады, көптілді жəне көп мəдени тұлғаның жан-жақты дамуына оң əсер етеді. Шет тілді оқыту үрдісінде пəнаралық байланыс орнату туралы көзқарас бар. Шет тілі, орыс тілі жəне қазақ тілі арасындағы мұндай байланыстың болғаны қарым-қатынастық мəдениетті шет тілінде, орыс тілінде жəне қазақ тілінде қалыптастыруға жəне дамытуға мүмкіндік береді. Туған тіл оқытудың қандай да бір деңгейінде шет тілді меңгерудің демеу ретінде қызмет көрсете алады. Оның көмегімен тек қана практикалық емес, сонымен қатар білім беру мақсаттарына жетуге болады. Бірақ экспериментті жүргізудегі нақты жетістіктерге қарамастан, көп уақыт талап ететін қиындықтар бар. Басты мəселе — ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі білім деңгейлерінің əр түрлігінде, студенттің жалпы тұлғалық мəдени дамуында. Берілген дидактикалық материалдардың талдауы олардың ағылшын, туған жəне туған емес орыс тілдері, туған тілі ретінде қазақ тілі (бірақ та қазақ тілі туған тіл емес ретінде ОƏҚ-да көрсетілгендей) бойынша көптілігін белгілеуге мүмкіндік береді. Шет тілінде оқытылатын тілдік емес пəндер бойынша оқулықтар жəне оқыту-əдістемелік құралдар аз. Сондықтан қазақ тілінде қазақ тілі бойынша, ағылшын тілі бойынша, арнайы пəндер бойынша ОƏҚ құрастыру жəне кезең-кезеңмен қолдануы тиіс. Арнайы пəндерді шет тілінде оқытудың əдісін оқыту керек. Шет тілінде негізгі жəне кəсіби циклдардың арнайы пəндерді оқыту əдістемесін оқыту қажет. Осы бағытта көптілді білім беру орталығы мен шет тілдері факультетінің жəне көптілді білім беру енгізілген факультеттерінің оқытушылары үлкен жұмыс жүргізуде.
Көптілді білім берудің ғылыми-əдістемелік қамтамасыздандыру оқыту іс-əрекетімен байланысты болғандықтан, оның негізгі бағыттарының дамуы келесіде:
- көптілді білім беруді іске асыру үшін педагогикалық кадрларды дайындау жəне қайта даярлау жүйесін жетілдіру;
- тілдерді оқыту (мемлекеттік, орыс, шет) жəне жеке пəндерді шет тілінде оқыту мəселелерін қамтитын оқыту бағдарламаларды жəне оқыту-əдістемелік құралдарды құрастыру жəне жетілдіру [8];
- білім беру үрдісінің барлық қатысушылары үшін сапалы пəндік ортаны құру;
- көптілді бағытпен білім берудің мазмұнын жаңарту; Жалпы көптілді білім беруді дамыту концепциясы ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың ұсынған «Тілдердің үштұғыры» атты мəдени жобасын жүзеге асыру үшін негіз болып табылады. Бұл жобаны күшейтілген халықаралық бəсекелестік есебімен Қазақстан дамуының ұзақ стратегиясының бағытының бірі ретінде есептеуге болады, өйткені оны жүзеге асыру бірнеше шет тілін меңгеріп, өзара даму жəне бəсекеге қабілетті жастарымыздың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Əдебиеттер тізімі
- Назаренко Г.А. Использование инновационных технологий обучения английскому языку в первом классе в системе по- лиязычия // Иностранные языки в школе. — 2008. — № 3. — С. 27–33.
- Жетписбаева Б.А., Аязбаева С.С. Лингводидактический аспект учебно-методических комплексов в полиязычном обра- зовании // Вестн. Караганд. ун-та. Сер. Педагогика. — 2011. — № 2. — С. 4–8.
- Ломакина И.С. Изучение иностранных языков в ЕС в контексте политики мультилингвизма // Иностранные языки в школе. — 2008. — № 3. — С. 101–108.
- Яковлева А.Д., Червонных А.В. Российский вариант билингвального образования европейской двуязычной школы. (Из опыта школы № 22 г. Перми) // Иностранные языки в школе. — 2006. — № 4. — С. 27–31.
- Баранова Н.В., Гусева С.Б. Социокультурный компонент в содержании обучения немецкому языку // Иностранные языки в школе. — 2001. — № 4. — С. 42–45.
- Сафонова В.В. Культуроведение в системе современного образования // Иностранные языки в школе. — 2001. — №— С. 17–23.
- Сысоев П.В. Языковое поликультурное образование: что это такое? // Иностранные языки в школе. — 2006. — № 4. —С. 2–14.
- Жетписбаева Б.А. О проекте Концепции развития полиязычного образования в Республике Казахстан: Материалы междунар. конф. «Полиязычное образование в системе высшей школы: проблемы и перспективы: Материалы между- нар. конф. — Астана-Караганда: Изд-во КарГУ, 2008. — С. 19–23.