Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары мектептің оқу-тəрбие процесіне педагогикалық инновацияны ендіру жолдары

Мемлекеттің экономикалық жəне əлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтардың білім деңгейімен анықталатыны белгілі. XXI ғасыр — жаһандық жаңалықтар мен білімнің дəуірлеу ғасыры, өйткені ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде, сондай-ақ əлемдік нарықтағы, əлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруде айырықша маңызды рөл атқарады.

Жоғары білімді дамыту процесі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің əлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру жəне ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады. Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесінің бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау болып табылады.

Жоғары оқу орындарының білім деңгейін көтеру үшін оқу процесінде педагогикалық инновацияларды кеңінен енгізіп, барлық ұйымдастырушылық, білімділік, дамытушылық сапасын көтерудің тың жолдарын, əдіс-тəсілдерін қалыптастыру қажет. Ол үшін білім беру жүйесінің мазмұны жаңа міндеттермен толықтырылып, өмір талабына сай жаңаша саналы тəрбие, сапалы білім берілуі керек.

Осыған орай педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тəрбие үдерісінде тиімді пайдалана алатын мұғалімдерді дайындау оларды кəсіби дайындаудың ең көкейкесті аспектісінің бірі жəне педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудағы іс-əрекеттің нəтижесі болып табылады.

Осы айтылғандардың барлығы жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлауда инновацияны пайдалану ерекше мəнге ие болып отырғандығын байқаймыз.

Жоғары оқу орындарында инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқыту — таным əрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Инновациялық технологияларды тіркесі бүгінгі күні педагогикада, оқу-тəрбие үрдісінде ең жиі қолданылатын ұғым болып отыр.

Жаңа енгізілген, немесе инновация, адамның кəсіптік қызметінің бəріне де тəн болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың жəне тəжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Ииновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми əдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тəжірибесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан, ол басқаруды қажет етеді. Педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде жоғары оқу орындары, оқытушылар, мектеп директоры, мұғалімдер мен тəрбиешілердің рөлі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан, дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдік жəне жетекші педагогикалық қызметті іске асыру оқытушының еншісінде қалып отыр. Оқу-тəрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тəрбиеші кеңесшінің, ақылшының жəне тəрбиешінің қызметін одан əрі игеруде. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау жəне іске асыруға дайындық қалыптасады.

«Инновация» ұғымы ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық», «жаңашылдық», «өзгеріс» деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал жəне процесс ретінде əлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тəрбиенің тəсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен студенттің бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Білім берудегі инновациялық процестердің мəнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды, олар: озық педагогикалық тəжірибені зерттеу, жинақтау жəне тарату проблемасы жəне педагогикалық- психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сəйкес инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нəтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық жəне практикалық жаңалықтарды қолдануы қажет. Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру жəне пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Себебі оқытушы жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы жəне насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару оқытушының өз қызметінде əріптестерінің тəжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, əдістемелерді дұрыс тандап, бағалау жəне қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық жəне мəдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.

  1. Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан əлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, əдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тəрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру жəне пайдалануға негізделген мұғалім мен тəрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.
  1. Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пəндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пəндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр [1].

Бұл проблеманың көкейкестілігі, əсіресе кəсіби əрекеті тікелей шығармашылықпен байланысты болашақ маманды даярлау барысында арта түседі.

Жоғары мектеп педагогикасының күрделі маңызды мəселесі — студентті келешек мамандығына жақындату, іскер маман даярлау, оның өзіндік жəне шығармашылық қабілетін арттыру, қажетті біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Осындай жан-жақты жетілген маман даярлау үшін оқыту, білім беру процесін жетілдіру, жаңа педагогикалық технологияларды, оқытудың жаңа формалары мен əдіс-тəсілдерін енгізу керек. Сонымен бірге оқу процесін қарқындату, белсендіру, ақпараттандыру да көзделді.

Инновациялық проблемасын қарастыратын қазақстан ғалымдарының зерттеу еңбектері қызығушылық тудырады:

  • ақпараттық технологиялар   дамуы    (Д.Д.Джусубалиева,   Е.О.Жұматаева,    Ж.А.Қараев, Г.К.Нұрғалиева, Г.О.Тəжіғұлова, Л.А.Шкутина, М.С.Мəлібекова жəне т.б.);
  • педагогикалық инновациялардың дамуы (Б.Ə.Əбдікəрімов, С.Ə.Əбдіманапов, Е.З.Батталханов, С.Н.Лактионова, Ш.Т.Таубаева жəне т.б.);
  • мұғалімнің инновациялық іс-əрекеті (М.Ж.Жадрина, С.Ж.Пралиев, Қ.М.Нағымжанова жəне т.б.).

Жоғарыда аталған ғалымдардың зерттеу еңбектеріне жасалған талдаулар авторлардың өздерінің зерттеу объектісіне қарай педагогика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан. Педагогикалық инновация жеке тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде оқушының жан-жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ойын, ерік-жігерін, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын білдіретін интеллектуалдық іс- əрекетінде көрініс береді. Сонымен қатар педагогикалық инновация жеке тұлғаның танымдық мүмкіндіктерін жəне қоғамдық бағытын, болмысқа деген көзқарасын қалыптастыратынын ескерсек, зерттеу проблемасының көкейкестілігі нақтылана түседі.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың 80-жылдары кеңінен тарала бастады. Əдетте инновация бірнеше өзекті мəселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. «Жаңару» (новшество) дегенімізді былай деп түсіндіреді: «Жаңару — белгілі бір адам үшін əділ түрде жаңа ма, əлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея».

Соңғы кездерде педагогикалық практиканың жаңаруы мəселесімен байланысты педагогикадағы педагогикалық инновациялық білім саласы мен қызметіне деген қызығушылық арта түсті.

Педагогикадағы инновацияның маңыздылығы жөнінде мына ғалымдардың еңбектерінде талданған: М.С.Бургин, В.В.Горшков, С.Д.Поляков, В.И.Загвязинский, М.М.Поташник, Г.П.Щедро- вицкий, Н.Р.Юсуфбекова, Н.Нұрахметов жəне тағы басқалар.

Н.Нұрахметов [2] инновацияны мынадай топтарға бөледі:

  • білім мазмұнындағы инновация;
  • оқу-тəрбие процесінің əдістемесі,    технологиясы,  түрі, əдістері жəне құралдарындағы инновация;
  • оқу-тəрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;
  • мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.

Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:

  • жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;
  • модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пəндерге жəне жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тəрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;
  • жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.

Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі. Модификациялық инновация

  • педагогикадағы əдіс-тəсілдерді жетілдіру. Мысалы, А.С.Макаренконың қиын балаларды тəрбиелеу əдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды [3]. Комбинаторлық инновация — белгілі əдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту əдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекеттік стандарттарының енгізілуі. Инновациялық іс-əрекет — қоғамның əлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер əкелетін іс-əрекет. Əрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс-əрекетін саналы түрде өзгертеді. Инновациялық процестің кезеңдері:
  • иновацияның себептері;
  • жаңалықты жобалау;
  • жаңалықты жүзеге асыру.

Инновациялық іс-əрекетке орта да əсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дəлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн.

Педагогикалық инновациялардың жаңаруы білімнің қалыптасуындағы процесс ретінде анықталады. Ол материал идея, əрекет, форма, əдіс, концепция, қайта құру бағдарламасы ретінде пайдаланылады. Жəне де материалды қолдану жолдары, қазіргі замандық шарттардағы енгізулер үшін таңдау арқылы жүзеге асырылады.

Алайда педагогикалық инновацияларды жаңалықтардың оқу-тəрбие процесіне ену ретінде қарастыруға болады. Бұл жаңалықтың енгізілуі немесе жақсарту мақсатындағы өзгерісте болуы мүмкін. Мұндағы жаңалықтың енгізілуі мүлдем жаңа нəрсе болуы шарт емес, бірақ бұл қазіргі заман жағдайындағы жақсы нəрсе болуы тиіс, яғни қазіргі заманға сай алдыңғы қатарлы жаңалық болуы керек. Мысалы, Н.Г.Осухова мен В.А.Рахматшаеваның [4] пікірлері бойынша, «инновация» термині тек жаңа нəрсе ғана емес, сонымен қатар көкейкесті ұғымы енгізілу керек. Бұл өзгерістердің белсенді, əрі жағымды сипатын ғана емес, олардың əлеуметтік қажеттілігін де білдіреді.

Белгілі И.М.Паталиник [5]: «Инновация — оқу бағдарламасын меңгертуде мұғалімнің оқытудың жаңа əдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі», — деген, ал Н.Ф.Талызина [5]: «Иновациялық технологияларды қолданудың негізгі міндеті — сабақ үрдісінде белгіленген мақсатқа жетуде ең тиімді əдістерді таңдай білу» деген анықтама береді.

Ал М.С.Бургин [6] педагогикалық инновациялардың мынадай бес түрін көрсетеді: жаңа, локальдi мүлдем жаңа, шартты жаңа, нормативті жаңа жəне субъективті жаңа түрі. Бұл ғалым жаңалықтың мынадай келесі сипаттарын көрсетеді: нəрсенің басқада қайталануы, нəрсенің мəнсіз өзгерістерімен қайталануы, нəрсенің нақтылануы мен жаңа элементтерімен толықтырылуы жəне жаңа сапалы объектінің пайда болуы.

К.Ангеловски [7] өз зерттеулерін француз, америка ғалымдарының еңбектеріне сүйеніп жүргізеді. Біз автордың бұл көзқарастарын жақтаймыз. Мысалы, автор өз еңбегінде француз ғалымы Э.Брансуик [7] еңбегін талдап, оның инновацияны мынадай үш түрге бөліп қарастырғанын көрсетеді:

  1. Жаңалық ретінде, білім беру жүйесіндегі толығымен жаңа, бұрын мүлде белгісіз болған идеялармен іс-əрекеттер болады.
  2. Ең көп кездесетін бейімделуден өткен, кеңейтілген жəне қайта өңделген, белгілі ортада, белгілі кезеңде өте қажетті идеялармен іс-əрекеттер.
  3. Педагогикалық жаңалықтар мынадай жағдайда дүниеге келеді: мақсатты қайта қоюға байланысты бұрын болған істер қайта жаңарады. Өйткені жаңа жағдайлар бұлардың нəтижесін жəне белгілі жағымды идеялардың нəтижелеріне келу болады.

Сонымен, жаңа жағдайда пайда болатын педагогикалық инновациялар мақсаттардың қайталануына қарамастан, ертеректегі кейбір оларға кепілдік беретін əрекеттерді тудырады.

А.О.Мұхаметжанова [8] берген мақаласында: «Жоғары оқу орнынан бастауыш сынып мұғалімі рухани дамыған, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, кəсіби дағдыларды, педагогикалық дарындылықты бойына сіңірген жəне жаңашылдыққа құштарлығы басым маман болып шығуы тиіс; əлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу мақсаты қойылып отырған қазіргі кезде білім беруші, пəнді оқытушы бастауыш сынып мұғалімінің орнына жаңа педагогикалық технологияларды, оқытудың ақпараттық құралдарын, тəрбиенің жаңа нысандарын, зерттеушілік жəне ізденушілік қызмет дағдыларын меңгерген кəсіби білікті педагог келуге тиісті», — деп атап өткен. Автор болашақ мұғалімдерді педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау жолдарын, əдістемесін көрсетіп, педагогикалық инновацияны игеру жолдарын былайша талдаған.

I-үлгі:

  1. Педагогикалық инновациямен танысу.
  2. Ауыл мектептерінде пайдаланылатын педагогикалық инновацияны талдау.
  1. Педагогикалық инновацияның шешілу жолының анализі.
  2. Педагогикалық инновацияны игеру жолын таңдау, ұйымдастыру.
  3. Шешімнің салдарын болжау.
  4. Сынақ (қабылданбауы мүмкін). II-үлгі:
  5. Педагогикалық инновациямен танысу (алғашқы ақпарат).
  6. Педагогикалық инновацияға қызығушылықтың пайда болуы. Қосымша əдебиеттерді, жаңа технологияларды, жаңа əдіс-тəсілдерді, жаңа идеяны іздестіру.
  7. Ауыл мектептерінде пайдаланылған педагогикалық инновацияны бағалау жəне шешімін шығарып көру.
  8. Сынақ (қабылданбауы мүмкін).

Автордың берген талдауымен келісіп, мынадай ой түюге болады. Жалпы болжам бойынша, бұл өзгерістер қазіргі замандық жағдайлардағы жаңалық болуы тиіс. Бірақ ол əрқашанда толығымен жаңа идеялар немесе формалар бола бермейді. Кейбір мақсаттық түрде бағытталған өзгерістер жөнінде инновациялар деп айта алмаймыз. Егерде олар бір кездері бір жерде пайда болып, бірақ дəл қазіргі сəтте берілген ортада олар ерекше мəнге ие болып, оқу-тəрбие процесіндегі субъектілердің тұлғалық дамуын қалыптастыра алады.

Ғалым Ш.Т.Таубаева [9]: «Югославия ғалымдарының келтірген үлгілерінен жаңалықты оқыту формасына, əдістемесіне, білім беру құралдарына, оқыту мазмұнына, алған білімді бағалауына, білім беру мақсаты мен міндетіне, тəрбие жүйесіне, мұғалім мен оқушы қатынасына байланысты жіктеуге болатындығын айқын көруге болады», — деп көрсетеді.

Ғылыми шығармашылық ізденістің тек басында не аяғында немесе ол тұтас педагогикалық процеске толығымен енеді. Сондықтан педагогикалық инновация үздіксіз ғылыми-зерттеу қызметін талап етеді.

Мұғалімнің инновациялық іс-əрекетке даярлығын қалыптастырудағы инновациялық білім мазмұны жаңа білімді меңгерудің, оқытуды ұйымдастырудың əр түрлі формалары мен əдістері арқылы жүзеге асырылады.

Мұғалімдерге педагогикалық инновациялық білім берудің формаларына: арнайы инновациялық курстар, семинар-конференциялар, педагогикалық тренингтер, инновациялық педагогикалық оқулар мен форумдар, ғылыми жобаны қорғауға арналған əр түрлі байқаулар мен жарыстар жəне т.б. жатады. Инновациялық білім беру əдістеріне: əңгімелесу, пікірлесу, талқылау, жаттығу, сұрақ-жауап, миға шабуыл жəне т.б. эвристикалық əдістер жатады. Инновациялық білім беру құралдары: аудио-, бейнеқұралдар, компьютер, интерактиві тақта, Интернет, компьютерлік-мультимедиалық құралдар, электрондық оқулықтар мен оқу-əдістемелік кешен, медиатека, инновациялық ақпараттық қор, инновациялық веб-сайт жəне т.б.

Озат тəжірибені зерттеу жəне оны тұтас педагогикалық процеске енгізу қажырлы еңбекті, терең сауаттылықты, өз пəніне еркін иелік етуді, теория мен практиканың дамуында үнемі жаңалықты біліп отыруды талап етеді. Мұғалім озат педагогикалық идеяларды жəне жаңашыл мұғалімдердің тəжірибесін игеру үшін оларды өзінің педагогикалық жүйесінің құрамдас бөлігі етіп, жетілдіріп дамытады.

Осы айтылғандарды қорыта келе, біз алдыңғы қатарлы тəжірибе педагогикалық қызметте бағдарланған, тиімді тəжірибесі деген ойға келдік. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тəжірибе оқу- тəрбие процесіндегі кейбір ескірген дəстүрді ұйымдастыру түрлеріне сын көзбен қарап, тəжірибе қажеттілігіне сəйкес жаңа мəселелер тудырып, үйреншікті тəжірибенің шеңберін кеңейтіп, тереңдетіп отырады. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тəжірибе — бұл прогрессивті тəжірибе. Яғни, оның болашағы зор.

Педагогикалық жаңалықты практикаға енгізу қызметін басқару бұл жұмысқа автордың қатысуын жоққа шығармайды, қайта оның дербес шығармашылық мүмкіндіктеріне ынталандырып, қабілетін дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Осылайша жоғары оқу орындарына жағдайында педагогикалық инновацияны жасаушылар мен насихаттаушылардың күші біріктіріледі. Нақты практикада инновациялық процестердің сипаты алынған нəтиженің мазмұнымен, енгізілуге тиісті жаңалықтың күрделілік деңгейімен, сол сияқты практиктердің инновациялық қызметіне дайындығының деңгейімен ерекшеленеді.

Инновациялық бағыттылық белгілі бір жаңа енгізілімнің тиімділігіне баға беретіндей нақты критерийлерді пайдалануды қажет етеді. Педагогика бойынша зерттеу тəжірибелеріне сүйене отырып, педагогикалық жаңалықтың мынадай критерийлер жиынтығын анықтауға болады: жаңашылдық, тиімділік, жоғары нəтижелік, бұқаралық тəжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі.

Инновацияның негізгі критерийі ғылыми педагогикалық тəжірибеге де баға беруде басшылыққа алынатын жаңашылдық деп білеміз. Сондықтан инновациялық процеске араласқысы келетін оқытушы қолға алған жаңалығының мəнін, оның жаңашылдығының деңгейін анықтап алуы қажет. Біреулер үшін жаңалық болып табылатын құбылыс екіншілер үшін олай болмауы мүмкін. Осыған байланысты оқытушыларды инновациялық процеске тартқанда олардың еріктілігін, тұлғалық ерекшелігін, дербестік-психологиялық мінездемелері ескерілуі тиіс. Жаңашылдықтың бірнеше деңгейін бөліп көрсетуге болады. Олар: абсолютті, локальді-абсолютті, шартты, субъективті, танымалдық деңгейі жəне қолдану аймағы бойынша. Критерийлер жүйесіндегі оптималдық нəтижеге қол жеткізу оқытушы мен студенттің жұмсаған күшінің шығыны мен қолданған тəсілінің тиімділігін айқындайды. Əр түрлі оқытушылар əр түрлі еңбек жағдайымен бөлек студенттер ортасында бірдей жоғары нəтижеге қол жеткізеді. Оқу процесіне педагогикалық инновацияны енгізіп, барынша аз дене, ой еңбегін жəне аз уақыт жұмсап жоғары нəтижеге қол жеткізу оның тиімділігін білдіреді. Нəтижелік инновацияның критерийі ретінде оқытушы қызметіндегі оң нəтижелердің барынша тұрақтылығын білдіреді. Өлшемдегі технологиялық, нəтижені бақылау мен белгілеудегі, түсіну мен баяндаудағы тұтастық бұл критерийді, жаңа əдістің маңыздылығын, оқыту мен тəрбиелеудің тəсілдерін бағалаудың басты құралына айналдырады. Инновациялық бұқаралық тəжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі педагогикалық инновацияны бағалаудың критерийі ретінде қарастырылады. Шындығында, құнды педагогикалық идея немесе технология шартты ерекшеліктерімен, күрделі техникалық жарақтандырылуымен немесе мұғалім қызметінің ерекшеліктерімен тар шеңберге тығылып, қолдану мүмкіндігі шектеулі болса, онда біз педагогикалық жаңашылдық туралы айта алмас едік. Инновацияны бұқаралық педагогикалық тəжірибеде қолданудың бастапқы кезеңі жекелеген оқытушылар мен тəрбиешілердің қызметіне негізделгенімен олар сыннан өтіп, объективті баға алған соң ғана жалпыға бірдей қолдануға енгізуге ұсынылуы мүмкін. Жоғарыда аталған критерийлерді білу жəне педагогикалық инновацияны бағалауда қолдана алу педагогикалық шығармашылыққа негіз қалайды.

Арнайы əдебиеттерді жəне мектеп қызметінің тəжірибесін талдағанда оқу орнының жұмысында педагогикалық жаңалықты практикада қолдануға белсенділіктің төмен екендігін аңғарамыз. Ал осындай педагогикалық инновациялардың іске асырылмай қалуының ең кем дегенде екі себебін атауға болады. Бірінші себеп, инновацияның қажетті сараптама мен сыннан өте бермейтіндігі. Екінші себеп, педагогикалық жаңалықты көбіне ешқандай алдын ала ұйымдық, техникалық, ең бастысы тұлғалық, психологиялық қатынастар тұрғысында дайындықсыз енгізіледі. Педагогикалық инновацияның мазмұны мен критерийлерін тап басып тану, оларды қолданудың əдіс-тəсілін меңгеру жеке оқытушының бірге оқу орнының жетекшісіне де оны енгізуді объективті бағалау мен болжамдауға мүмкіндік береді.

Жоо-да жоғарының нұсқауымен енгізілген инновациялық жаңалықтар қысқа мерзімде ұмытылып кетеді немесе бұйрықпен тоқтатылады. Осы сияқты жағдайлардың негізгі себептерінің бірі — жоғары оқу орындарында инновациялық ортаның белгілі бір ұйымдық, əдістемелік, психологиялық сипаттағы оқу процесінде инновацияны енгізуді қамтамасыз ететін кешенді шаралардың болмауы. Бұндай инновациялық ортаның болмауы мұғалімдердің əдістемелік тұрғыдан дайындықсыздығын, оларда педагогикалық жаңа енгізілімнің мəні туралы мағлұматтың аздығынан байқалады.

Психологиялық-педагогикалық əдебиеттерді талдауда педагогикалық инновация бүгінгі күнде бірліктегі түсініктің болмауы жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Бұл термин əр түрлі мəндерде қолданылады. Біз педагогикалық инновацияларды əр түрлі бастамалар мен жаңалықтардың негізінде пайда болатын көкейкесті мəнді жəне жүйелік ұйымдастырушы жаңалықтары деп түсінеміз. Бұл білім эволюциясы үшін болашағы мол жəне оның дамуына, мультимəдениеттік кеңістіктің кеңінен дамуына жағымды əсерін тигізеді деп айта аламыз.

Бүгінде педагогикалық ой-пікірдің даму қарқынына орай адамға қажетті білім деңгейінің де артқаны анық. Сондықтан ең маңыздысы оқушылардың өздігінен дамуын, шығармашылық деңгейінің артуын, тұлғалық сапаларынының қалыптасуын қамтамасыз етуі керек. Сондықтан педагогикалық инновацияны сұрыптап, таңдап алу жəне оның мəнін терең түсініп, оқу процесінде пайдаланған жөн.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Сəбденова Г. Инновациялық технология — оқу үрдісінде // Қазақстан мектебi. — 2009. — № 7. — 62–64-б.
  2. Əуезов Б. Болашақ мұғалімдерді кəсіби дайындауда инновациялық оқытудың мəні // Білім берудегі менеджмент —Менеджмент в образовании. — 2009. — № 1. — 91–94-б.
  3. Бұлақбаев М.К. Инновациялық технологияларды болашақ мұғалімдердің шығармашылық əлеуетін дамытуда қолданудың маңызы // Білім берудегі менеджмент — Менеджмент в образовании. — 2009. — № 2. — 66–69-б.
  4. Осухова Н.Г., Рахматшаева В.А. Проблемы функционирования педагогических инноваций // Инновационные процессы в образовании. — 1990. — С. 25–29.
  5. Сарбасова Қ.А. Инновациялық педагогикалық технологиялар: Оқу құралы. — Алматы: Атлас баспасы, 2001. — 175-б.
  6. Бургин М.С. Инновации и новизна в педагогике // Советская педагогика. — 1989. — № 12. — С. 36–40.
  7. Ангеловски К. Учителя и инновации // Книга для учителя. — М.: Просвещение, 1991. — 158 с.
  8. Мұхаметжанова А.О. Мұғалімді даярлаудағы педагогикалық инновациялар // Жаһандану жəне қазіргі замандағы университеттер: Халықарал. ғыл.-практ. конф. материалдары. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. — 76–78-б.
  9. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образова- ния: Научный фонд и перспектива развития. — Алматы: Ғылым, 2001. — С.

  

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.