Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ойындар арқылы шетел тілін оқытуды ынталандыру

Қазақстан — бүгінгі таңда өз алдына дербес мемлекет. Егемен ел ретінде шет елдермен қарым- қатынасы нығайып, беделі артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды, жақсартуды талап етеді. Ал оқытуды жақсарту дегеніміз — оқушылардың пəнге деген қызығушылығын ояту. Бұл мақаланың мақсаттары: тіл үйретуде ойындардың маңызы, тіл мамандарының ойын қолданысы туралы ой- пікірлерін салыстыру, мысалдар арқылы ойындардың тиімділігін анықтау.

Қазіргі кездегі мектептердің басты мақсаты балаларға заманға сай білім беруді ұйымдастыру жəне жүзеге асыру болып табылады. Яғни мұғалім оқушыға білім беру барысында оның кəсіби мəдениеті мəселені көру жəне оны шешу жолдарын таба білу, алдына қойған міндеттерді шығармашылықпен орындау қабілеттерін дамыту керек. Ол үшін білім беру процесі барысында ұстаздар қазіргі заманға сай педогогикалық технологиялар əдістер жəне оқу-əдістемелік кешендерді қолдана білу қажет. Əсіресе тілді үйрету барысында мұғалім оқыту процесін жетілдіру жəне дамыту мақсатында өзінің педагогикалық шеберлігін сабақ барысында қолданатын əдіс-тəсілдер, оқу- əдістемелік құралдар мен тағы да басқа білім беру процесінің элементтерін дамытып, балалардың шет тілін үйрену, білу деңгейін көтеруі тиіс.

Бүгін əрбір мектептің негізгі мақсаты — қоғамда қалыптасқан негізгі қажеттіліктерді жəне мемлекеттік бүгінгі заманға сай ұлттық тəрбиесі, жоғарғы кəсіби білімі бар, алдына қойылған мəселелерді шығармашылық пен əрі жанашылдықпен шеше білетін, жан-жақты білімі бар жəне шет тілдерін терең меңгерген ұрпақты қалыптастыру. Бұл орайда біздің қоғамымызда шет тілдерін үйрететін мұғалімдердің рөлі жоғары. Өйткені олардың міндеті оқушыға шет тілдері бойынша қазіргі заманға сай тіл білімдерінің негізін үйрету, шет тілінде еркін сөйлеп өз ойын білдіру қабілетін дамыту жəне тілін үйреніп жатқан елдің тарихын, мəдениетін қоса оқыту болып табылады. Əсіресе XXI ғасыр жаһандану жəне ел мəдениеттерінің интеграциялану жағдайында оқушыларға шет тілдері бойынша терең теориялық жəне практикалық негіздер қалыптастыру өте маңызды. Сондықтан да біздің мақаламыздың негізгі ерекшелігі — шет тілдерін үйрету бойынша оқушылардың білімдерін жəне сабақ барысында үйрену тетіктерін түрлі интерактивті, ақпараттық, мультимедиалық жəне тағы да басқа озық технологиялар, əдістер, педагогикалық технологиялар кешендері бойынша зерттеу жүргізіп, оның ғылыми негіздемесін көрсету.

Шетел тілін оқыту қоғамдағы сол тілге деген мұқтаждыққа байланысты өзгеріп отырады. Бүгінгі таңда орта мектепте шетел тілін оқыту төрт түрлі мақсатты дамытуды көздейді, олар: коммуникативті қарым-қатынас мақсаты, тəрбиелік, білімділік жəне жетілдіру мақсаты. Аталған мақсаттардың арасында коммуникативті қарым-қатынас мақсаты ең маңызды рөл атқарады, ал қалған мақсаттардың нəтижелері коммуникативті қарым-қатынас мақсатын орындау барысында жүзеге асады.

Орта мектептегі шетел тілін оқытудағы ең басты мақсат коммуникативті қарым-қатынас мақсаты болуы тиіс, өйткені орта мектеп түлегі пəн бағдарламасындағы белгіленген шетел тілі көлемін қатынас құралы ретінде меңгеріп, қолдана білуі тиіс. Яғни, сөз əрекетінің түрлерін: диалог жəне монолог түрінде сөйлеу, айтылған сөздерді түсініп тыңдау, жазылған мəтіндерді оқу жəне ондағы ақпаратты қабылдай алу іскерліктерін меңгеріп, қолдана білуі тиіс.

Орта мектепте шетел тілін оқыту жоғарыда айтылған практикалық мақсатпен қатар білімділік мақсатын да көздейді. Мəселен, шетел тілін оқытуда оқушылардың тілдік жəне сөздік білімін нығайтып, дамытумен қоса жалпы дүниетаным туралы ой-өрісін кеңейтеді. Шетел тілін үйрену барысында үйреніп отырған тілдің ел тарихымен, мəдени мұраларымен, əдебиетімен, көркем өнерімен, ғылымдағы жетістіктерімен танысады.

Қазіргі қоғамда болып жатқан терең əлеуметтік өзгерістер білім берудің дамуына жаңаша жағынан келуді, педагогикалық ғылымның əдістемелері мен парадигмасын өзгертуді талап етеді. Осыған байланысты өркениетті елдерде білім беруді ұйымдастыруда екінші жол пайда болды. Бұл əдістеме бойынша нақтылап айтатын «Не үшін оқытамыз?» деген сұраққа жауап алудан басталады. Бұл нəтижелерге жеке пəндер бойынша меңгерген білім, білік, дағды емес, өмірлік дағдылар жатады. Бұдан кейін шешілетін мəселе «Оқушыны қалай үйрету керек?» деген сұрақпен байланысты. Мұғалім оқушыларға жүйеленіп өңделген оқу материалын дайын күйінде ұсынбайды. Баланы өздігінен ізденіп, өзіне қажет білімді іздестіруге керекті қасиеттермен (білік, тəсіл т.б.) қаруландырады. Осындай негізде ұйымдастырылған оқу үдерісінің нəтижесінде оқушылар өмірге қажетті кең ауқымды дағдыларды, құзырлықтарды игеріп шығады.

Шетел тілін меңгеру барысында көзделетін ең маңызды жайт — оқушыларды өз бетімен жұмыс істеп, алған білімін əр түрлі жағдайларда шығармашылық жəне тапқырлықпен қолдануға машықтандыру. Оқыту процесінің мақсаты — оқушылардың дүниетанымын кеңейте отырып, оқытылып жатқан тілдің білімін арттыру. Сол себепті анықтама əдебиеттер пайдалану, мəтін мазмұнын өз бетімен түсіну жəне қысқаша айтып беру, хабарлар дайындап, сол туралы өз пікірін айтып, баға беру секілді əрекеттерге дағдыландыру қажет.

Шетел тілі пəні оқушылардың білім көтеруге ұмтылуына, дүниеге деген көзқарасын, сана- сезімін, рухани жəне эстетикалық көзқарасын қалыптастыруына, жан-жақты дамуына əсер етеді. Шетел тілін оқу процесінде оқушылар ойын жинақтап, сөйлейтін сөзін жоспарлауға икемделеді, əрі сөз əдебін дұрыс қолдануға дағдыланады.

Шетел тілі тек мектепте оқыту ғана емес, шарттарды ескере отырып, оқушылардың мектептен кейін де шет тілін оқу жəне түсіну қабілеттерін қалыптастыруға мəн берілуі керек. Сол себепті шетел тілін оқытудағы практикалық мақсатты жүзеге асырудың ең маңызды шарты — оқыту əдіс тəсіліне, коммуникативті қарым-қатынастық бағдар берілуіне назар аударылады.

Коммуникативтік лингвистика саласында қазіргі ғылыми зерттеулер нəтижелері, шетел тілдерін оқытуда көптеген теориялық жəне практикалық мəселелерін, дəлірек айтсақ, оқытудың мазмұны туралы мəселені жаңа əдістер қолдана отырып, жаңа тұрғыдан шешу керектілігін көрсетуде. Бүгінгі күнде шетел тілінің атқаратын ролі ерекше маңызды. Адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауында, мəн мағынасы бар міндеттерді ойдағыдай шешу жəне түсінісуде жəрдемге келетін əдіс- тəсіл жəне құралдар секілді мəселелерді дамытуға арнайы көңіл бөлуде.

Оқытушы оқушыларға шетел тілін үйретпес бұрын келесі сұрақтарға жауап беруі қажет: Не үшін керек? Қандай мақсатта қолданамыз? Қандай пайдасы бар? Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін оқытушы оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру жолдарын қарастыруы керек. Сабақтың қызықты, əрі əсерлі өтілуі мұғалімге, яғни, сабақтың тартымды жəне қызықты түсіндірілуіне байланысы зор. Сабақ барысында көрнекілік жəне техникалық құралдарды ұтымды жəне дұрыс пайдалану жоғарыда айтылған міндетті ойдағыдай шешуге үлкен үлес қосады. Оқушылар шетел тілін оқып, үйренумен қатар сол елдің тарихымен, əдебиетімен, мəдениет жəне əдет-ғұрпымен танысады. Оқушылардың жаңа тақырыпты жеңіл жəне түсіне меңгеруіне мүмкіндік туғызып, олардың қызығушылық пен ынтасын, тілге қызығушылығын арттыру жолдарының бірі — ойын.

Соңғы жылдары тіл білімінің ғалымдары жəне мамандары назарларын тіл үйретудегі жеке грамматикалық формаларды дамытуға емес, тілді белгілі бір мақсатқа жету үшін бір тұтас жүйе ретінде қолдануға жəне дамытуға бөледі. Коммуникативті біліктілік деп аталатын бұл жаңа салада оқушыларға, тілді қолданыс арқылы дамытатын, мақсатты тапсырмалар беріледі. Ойындар дəл осы мақсатқа жетудің бірден-бір жолы. Біріншіден, ойындар оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытады. Екіншіден, мұғалімнің бақылауымен тілді дұрыс қолдануды қамтамасыз етеді жəне, үшіншіден, оқушылар ойын болғандықтан, ынталана қатысады.

Көптеген тəжірибелі кітап жəне əдістемелік құралдар жазушыларының дауласуы бойынша ойындар тек уақыт өткізерлік іс-шаралар емес, сонымен қатар үлкен тəлімдік маңызы бар. В.Р.Ли тілге қатысты, «ойындардың көбі үйренушілерге тілдің дұрыс формаларын үйрену орнына тілді қолданысқа енгізеді» деген пікірді ұстанады. Оның айтуынша, «ойындар шет тілдік үйрету бағдарламасының аясынан тыс қалмай, керісінше, маңызды орын алуы керек» [1]. Дəл осы ойды қолдаған Ричард Амато, «ойындар — көңіл көтерерлік іс-шара, алайда тілдің педагогикалық маңызына, əсіресе шет тілін үйретуде немқұрайлы қарап кетпеу керек. Ойындарды қолданудың көптеген пайдалары бар. Ойындар дегбірсізденудің алдын алады жəне үйренуді жеңілдетеді» [2; 43]. Олар ұялшақ оқушыны өзінің сезімдері мен ойларын жеткізуде жігерлендіреді, себебі ойындардың адамның көңілін көтеруде, рух беруде маңызы зор. Сонымен қатар олар үйренушілерге өзіне тəн сабақтарда əрқашан мүмкін бола бермейтін шет тілімен бірге жаңа белестерді алуға мүмкіндік береді. Ричард Аматоның сөзіне назар аударсақ, «ойындар сынып жаттығуларынан аутқиды, бірақ тосқауылды бұзып, жаңа ойды таныстыруда қолданылады» [2; 50]. Жай сөздермен айтқанда, ойындар арқылы қалыптасқан атмосферада, оқушылар оқығандарын тезірек əрі жақсырақ сақтайды. А.Эрсоз да осы ойды қуаттап, «Үйренушілердің тілді болашақ өмірлерінде қолданулары үшін ойын арқылы тілді жаттықтырады» [3] деген.

Ойындар жігер береді, көңілді көтереді, үйретеді жəне жетік меңгеруді дамытады. Бұл айтылғандардың біреуі де көңіл толтырмаса да, ойындар шет тіліндегі проблемаларды ғана емес, сондай-ақ тілдің керемет сұлулығын сезінуге көмектеседі.

Ойындарды талқылағанда көңілге ой тастарлық факторлар өте көп. Солардың бірі — үйлесімділік. Үйрену процесіне пайдалы ойын таңдағанда мұғалімдер асқан сақтық таныту керек. Ойындардың жақсы көрсеткіш беруі үшін, оқушының деңгейі, жасы жəне оқыту бағдарламасымен үйлесуі керек. Жас ерекшелігіне байланысты кейбір ойындар оқушымен сəйкеспейді. Əр түрлі жас буындары əр қалай тақырыптарды, материалдарды жəне ойындардың да əр түрлі тəсілдерін талап етеді. Мысалы, жас бүлдіршіндер қимыл-қозғалысты қажет ететін, еліктіретін, бір-бірімен сайысқа түсетін ойындардан көбірек үйренеді. Сонымен қатар тілдің белгілі грамматикалық жақтарын жаттықтыратын немесе нығайтатын құрылымдық ойындар оқушының қабілетімен біліміне байланыстырылуы керек. Егер тақырыптар үйлеспесе немесе оқушының тəжірибе шеңберінің сыртында болса, ойын, біріншіден, қиындайды, екіншіден, маңызын жоғалтады.

Ойын əсерінің келесі факторы — ойынның ұзақтығы. Көп ойындардың уақыты шектеулі, алайда оқушының деңгейіне жəне біліміне байланысты ойын ұзақтығын ұзарту немесе қысқарту ұстаздың еркінде.

Ойындар көбінесе көңіл сергітерлік қысқа жаттығулар ретінде немесе сабақ соңында азғантай бос уақыт қалған кезде ойналады. Əйтседе, Лидің пайымдауы бойынша, «ойын оқушы мен оқытушының сабақ уақытында істейтін ісі қалмаған кезде қолданылатын тыс жаттығу ретінде бағаланбауы керек. Ойындар шет тілдік үйретудің жүрегі болуы керек» [4; 52]. Риксон «Ұқыпты əрі үйлесімді таңдалған ойындар дəрістердің барлық деңгейінде қолданылуы керек» [4; 54] деп, кеңес береді. Сабақтың əр түрлі кезеңдерінде ойынға байланысты мұғалімнің мақсаттары түрленуі мүмкін.

Ойындар көңілді, əрі ұнамды бағытта оқығандарын еске түсіру арқылы үйренушінің қайталау жаттығуларында жақсы қызмет атқарады. Аты аталған барлық авторлардың пайымдауы бойынша, ойындардың көрсеткіші тек айғай-шу мен көңілді оқушылар болса да, оқушыны жігерлендіретіндіктен, сөйлеу мəдениетін дамытатындықтан жəне жетік меңгертетіндіктен, көңіл бөлуге тұрарлық жайт екеніне еш қарсылықтары жоқ.

Сөз ойындарының жиынтығы — шет тілін үйретуде ұстаздар үшін өте құнды қор. Ең алдымен, жиі кездесетін сөздіктер мен құрылымдарды қолдану арқылы тілдің өркендеуіне негізделе отырып, олар сынып дəрістерін нығайтады, қосымша емле ережесі мен сөйлеу мəдениетін дамытады. Сонымен қатар тыңдауға да жаттықтырады.

Ең нұсқаулы тіл үйретуде ойындар — арнайы құрылымдарды айрықша екпіндейтін ойындар. Олар тек үйреншікті өрнектерді жаттықтырып қана қоймай, сонымен қатар жеңіл əрі ұнамды бағытта, грамматиканың қиындықтарын ұмыттырып, көңіл көтеруге маңыз бөледі. Мəселен, маңызына қарай Иə/Жоқ сұрақ ойыны, Wh-сұрақтар ойыны, салыстырмалы жəне күшейтпелі шырайлар ойыны, үстеулер ойыны т.с.с. ойындарды айтуға болады.

Шет тілін үйренуде грамматиканы меңгеру ең маңызды мəселе. Сол себепті оқушының назары мен күш-жігерін грамматикаға бағыттау үшін барлық жолдарды қарастыру қажет. Сол жолдардың бірі — балаларды емін-еркін атмосферада жаттықтыратын ойындар. Жасөспірімдер сыныптан, тақырыптан, бағдарламадан тыс емін-еркін сезінуді ұнатады жəне білім беру процесінің объектісі емес субъектісі болуды қалайды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ойын тудыратын қуат көзі үлкен мақсаттарға жеткізетін күш-жігерді қалыптастырады.

Мұндай ойындар оқу бағдарламасының нақты қай жерінде қолданылады? Грамматикалық ойындар үш түрлі бағытта қолданылады:

  1. Диагностикалық бағытта. Жаңа тақырып түсіндірместен сол тақырып бойынша оқушылардың білім дəрежесін анықтау үшін.
  2. Тақырып түсіндірілген соң, оқушылардың қаншалықты түсінгенін анықтау үшін.
  3. Грамматикалық тақырыптарды қайталау ретінде.

Грамматикалық ойындар немқұрайлы уақыт өткізу ретінде қаралмағаны жөн. Оқыту процесінде маңызы зор ойындар бастауыш дəрежеден жоғары дəрежеге қарай күрделеніп сараланған. Қысқасы, бұл белгілі бір ойынның грамматикалық мазмұнына жөн сілтейді. Бірақ, жоғарыда айтылып кеткендей, көптеген жаттығулар əр түрлі сыныптарға əр түрлі бейімделуі мүмкін. Грамматикалық мазмұнын өзгерту арқылы, оқытушы, əр түрлі жағдайда, қиындық дəрежесін түсіре немесе көтере отырып, ойын ережесін өзгерте алады. Негізінде, кез келген ереже қалаған құрылымға үйлесе алады. Ал оқушылар болса, ойын барысында грамматиканы түсіну үшін өзі жауапты болуы қажет. Өйткені ең маңызды жұмыс — ойын барысында тиянақты мазмұнын анықтау. Əрине, ойын басталып, тас тасталып, талас-тартыс жалғасып жатқанда оқушылар көбіне ойынды грамматикамен байланыстырмайды. Алайда «ойын» локомотиві грамматика пойызын өзімен бірге тартады. Ойынның уақыт шамасы 15–30 мин. Осы уақыттың ішінде барлық оқушылар белсенді қатысуы керек.

Шет тілін оқытуда ойындарды қолданудың басқа себептері төмендегідей:

  1. Оқушының назарын арнайы грамматикалық құрылымдарға аударады.
  2. Тілді жəне ойды нығайту, қайталау жəне байыту қызметтерін атқарады.
  3. Қабілеттері əр түрлі деңгейдегі оқушыларды қатыстырады.
  4. Үйренушілердің жасына жəне тілдік білім деңгейіне байланысты өзгертуге болады.
  5. Сыныпта қызықты тартысты атмосфера болуына ықпал етіп, тілді тиянақты, тапқыр, əрі емін- еркін қолдануды қалыптастырады.
  6. Кез келген тіл оқыту жағдайларында, дəлірек айтатын болсақ, оқу, жазу, сөйлеу жəне тыңдау бағыттарында қолданыла алады.
  7. Оқушының тақырыпты түсініп-түсінбегенін бірден анықтайды.
  8. Оқытушының көп еңбегін қажет етпей, бүкіл оқушылардың қатысуына кепіл болады.

Ойын оқытушының сабақ жоспарына жаттығулар жəне диалогтармен қатар алдын ала кіргізілуі қажет. Табан астында ойластырылған болмауы керек.

Ойындар тілге деген қызығушылықты оятатын маңызды жол. Қызықты жəне көңіл көтерерлік болғанымен, оқыту процесінің бір бөлігі. Сол себепті, оқушылардың бұған мұқият болуын талап ету керек. Сонымен қоса оқушылар ойын уақытының шегі бар екенін білгені жөн. Ойынды сабақтың соңғы 5 минутында бастаудың пайдасы жоқ. Ойынның бітуіне 5 минут қалғанда ескерту керек, себебі оқушылар соған қарай сөздерін аяқтайды.

Оқушылардың жасы өскен сайын, оқытушы ойналатын ойынды аса мұқият таңдау керек. Бүлдіршіндер қимыл, іс-əрекет ойындарын ұнатса, жоғары сынып оқушылары сөз жұмбақ, пазл, постер жарыстарын т.с.с. ойындарды ұнатады.

Жаңа технологиялармен жақын таныс заманауи оқушыларға сабақты қызықты етіп өткізу үшін заманауи тіл үйрету тəсілдері көп жұмысты қажет етеді. Жақын қарым-қатынас тек оқушылардың арасында ғана емес, оқушы мен оқытушының арасында да болуы керек. Бұл ересек оқушылар үшін өте маңызды, себебі олар көбіне мұғалімге сын тағуды ойлайды, яғни мұғалім қызықты əрі əдемі немесе мұғалім қорқынышты əрі қатал сияқты.

Оқытушының ақылға тоқу керек нəрсесі, оқушының қызығушылықтары істің, ойынның формасында, қалыбынды емес, мəнінде əрі мазмұнында.

Жоғарыда айтылған шет тілін үйрету тəсілдердің бəрі тек балалар үшін компетентті емес, сонымен қатар үлкен жастағы тіл үйренушілерге де арналған, өйткені заттарды тəжірибе арқылы үйрену адам табиғатында бар. Адамдар туған тілін есту, еліктеу, қайталау жəне өмірлік жағдайларда қолдану арқылы үйренеді. Дəл осы жол екінші тілді үйрену үшін де ең əсерлі жол. Сол себепті қазіргі тəжірибелі мамандар тіл мұғалімдеріне стандартты сөздік жазу, жаттығудан гөрі іс-əрекет, қимыл, ойындар арқылы үйретуге кеңес береді. Мамандардың айтуы бойынша, «ойын тəсілін қолдану арқылы үйретудің тамаша нəтижелерін бақылап жүріп, күндердің бір күнінде жаңа тілді қалайша жетік меңгергеніңе таңғаласың. Жəне де, өзіңнің жаңа идеяларыңмен тəсілдеріңді дамытып, оқушыларыңның оқу деңгейі жоғарлауына əсер бересің.»

Қорыта айтқанда, белгілі бір мақсатқа құрылған ойынның қашанда баланың жаңа сабақты терең меңгеруіне əсері күшті. Ойын баланы зерігуден, жалығудан құтқарады жəне сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Ли В.Р. Обучение языкам с помощью игр (Language teaching games and ). — Oxford: Oxford University Press, 1979. — С. 31.
  2. Ричард Амато. Игры в обучении языку (Games for Language Learning). — Cambridge: Cambridge University Press,
  3. Айдан Эрсоз. Обучение иностранному языку с помощью игровых моментов (ELT through games) // The Internet TESL — June 2000. — Vol. VI. — № 6. — С. 34.
  4. Риксон С. Как использовать игры в обучении языку (How to use games in language teaching). — London: Macmillan Pub- lishers Ltd, 1981.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.