Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Коммуникативтік айтылымдарды оқыту мəселесі

 Əр ғылым сияқты, əдістеме ғылымы да бір орында тұрмайды. Оқыту мақсатының жəне оқыту тəжірибесінің дамуы əдістемеде жаңа үрдістердің пайда болуына жəне бекітілуіне, сол жəне басқа да тəсілдердің жүзеге асырылуына, нақты мақсаттардың енгізілуіне апарып соғады. Сондықтан да, шетел тілін оқыту əдістемесінде негізгі кезең — коммуникативті тəсілдің бекітілу мəселесі əбден заңды болып табылуында. Қазіргі оқыту үрдісінің ерекше белгісі жəне онымен жетекші бағыт беретін қағидалары қатынас мақсатында, жазбаша жəне ауызша білім алмасуда, хабарламаларда жəне т.б. тілді белсенді қолдану болып табылады. Қарым-қатынас қағидасы əр түрлі мақсатта шетел тілін меңгерудің тəжірибелік дағдыларын дамытуды жəне тіл үйренушілердің пəнге деген қызығушылықтарын арттыруды қамтамасыз етеді. Коммуникативтілік қарым-қатынастың нақты мақсаттары мен міндеттерінде оқытудың ең бастапқы сатыларынан бастап үйреніп отырған тілді қолдануды болжайды.

Коммуникативті сөйлеу, яғни ойды айту, денесіз емес, ол нақты материалдық сөз саптаудан тұрады. Сөз мазмұны көрсетілген форма қатынасқа қатысатындар үшін бəрібір емес. Сондықтан тілдік құралдар мен коммуниканттардың оларға бет бұруының өзі сөз болатын нысанға жиі айналады. Мысалы: Айтқаныңды қайтала! Осы жайында үндемей-ақ қояйын. Үндеме! Айтуға мұрсат бер! Сөзімді бөлме! Жай сөйле! жəне т.б. Бұл метакоммуникативті сөйлеу. Метакоммуникация — бұл коммуникация туралы коммуникация, яғни ойды айтудың тəсілі туралы сөйлеу, баяндау түрі туралы, таңдалған сөзді көркемдеуге əңгімелесушінің қарым-қатынасы, əңгіме тақырыбы туралы, өзара түсінушілік жетістіктері туралы жəне басқалар да жайында [1].

Метакоммуникативті сөйлеу өзара түсінушілік жетістіктері үшін, хабар алмасу кезінде үздіксіздікті, сенімділікті жəне дəлдікті қамтамасыз ету үшін керек. Олардың мағынасы мынада: тілді меңгеру үшін, мəдени тіл үшін, адамшылық əрекеттің толып жатқан алуан түрлеріндегі практикалық мұқтаждықтары үшін.

Метакоммуникативті сөйлеу меңгеруде үлкен қиындық туындайды. Метакоммуникативті сөздің тұтас немесе оның элементтері болуы мүмкін. Осы түрдің мысалдары: Жалғастыр! Келесі сұраққа көш! жəне т.б.

Метакоммуникативті сөйлеуге оқыту кезінде сөйлеу түріне сəйкес оларды нақты топтарға бөлу орынды. Мысалы, метакоммуникативті сөйлеу ортасында мынадай түрлерін атап кетуге болады: күмəнді, бағалауды, дəлелдеуді, тағайындауды жəне т.б. Неміс тілінің күнделікті сөйлеу материалдарында метакоммуникация ерекшеліктерін қарап шығайық. Көбінесе қолданыста жүрген мынадай пікірлер:

  • күмəнді білдіру үшін:

Hätte ich keine Zweifel, würde ich mich schon dazu äußern. — Мен күдіктенбесем, бұған өз ойымды білдірер едім.

Warum so unsicher? — Неге бұлай болды?

Du schweigst, weil du zweifelst? — Сен күдіктенгендіктен үндемей тұрсың ба?

Kaum zu glauben, dass es seine Schuld ist. — Оның кінəсі екенін түсіну өте қиын жəне т.б.;

  • бағалауды, дəлелдеуді білдіру үшін:

Was ich zu sagen habe, ist nicht neu (ist schon bekannt, habe ich schon vorher erwähnt, will betonen..., beweisen..., zeigen..., deutlich machen..., klären...). Менің айтайын дегенім жаңалық емес (мəлім, алдында атап өттім,... білдіргім,... дəлелдегім,... көрсеткім,... түсіндіргім,... анықтағым келеді).

Ich möchte eine Bemerkung machen. — Мен ескерту жасайын деп едім.

Ich müsste noch eigentlich dazu Stellung nehmen. — Бұған мен де шынында өз пікірімді білдіргім келіп еді.

Ich weiß, du wirst dagegen sein, aber trotzdem erwähne ich.... — Мен сіздің қарсы болатыныңызды білемін, бірақ бұған қарамастан... еске саламын.

Unter uns kann ich das offen sagen. — Мұны өз арамызда ашық айта аламын. Was ich jetzt sage, bleibt unter uns. — Қазір айтатыным өз арамызда қалсын.

Kannst ruhig weiter erzählen, was ich jetzt sage, ist kein Geheimnis. — Қазір айтатыным құпия емес, ары қарай асықпай əңгімелей аласың жəне т.б.;

Сөйлеу ережесінің дəлелділігі, олардың дəлелдемелері, яғни сөздің мазмұнды жағына қарай қатысы бойынша бағалау, сол сөздің фактісіне əр түрлі субъективті қатынастар таныту қарама-қарсы қойылған (тілегін айтуға, əңгімелесушінің үндемеуіне, екеуара сөйлесу барысында бастаманы қағып əкетуге, əңгімеден шығуға жəне т.б.):

Ich kann mich auch kürzer fassen, wenn du das willst. — Егер қаласаң, қысқарақ айта аламын. Ich mische mich ein, weil.... — Мен сөзге араласамын, өйткені....

Entschuldigung, aber ich muss Stellung dazu nehmen. — Кешіріңіз, бірақ менің бұған өз пікірімді білдіргім келеді.

Verzeih bitte, zu diesen Vorwürfen kann ich nicht weiter schweigen. — Кешір, бұл кінəға мен əрі қарай үндемей қала алмаймын.

Du schweigst auch auf diese Frage, aus Angst, Höflichkeit? — Сен бұл мəселеге ешнəрсе айтпай тұрсың ғой, қорыққаннан ба, сыпайылықтан ба?

Wenn ich so was höre, dann verstumme ich. — Мен сол іспетті бірдеңе естісем, лəм демеймін.

Du redest große Worte, Böses, Schlechtes, Gutes über ihn. — Сен ол туралы бөсіп, ашулы, жаман, жақсы айттың.

Du redest Unsinn, Quatsch. — Сен қайдағы жоқты, бос сөз айтып кеттің.

Du hast heute überlegt, klug, überzeugend, dumm, wie ein Kind, wie ein Papagei gesprochen. — Сен бүгін орынды, көңілге қонымды, орынсыз, бала сияқты, тоты құс сияқты сөйледің.

Оқыту процесінде тіл үйренушілер өз ойларын қолда бар материалмен (мəтінмен, диалогпен, жаттығулармен жəне т.б.) ғана шектеліп жиі салғырт білдіреді. Сондықтан оқытушыға оларды метакоммуникативті сөйлеуге итермелеуге тура келеді. Бұл ретте сөйлеуге итермелеу жанама, ерік білдірмейтін түрлерімен, қарапайым фактіні анықтау көмегімен болуы мүмкін: Естілмейді (Қайтадан айтыңызшы). Тақырып үшін бұл ұзақ (тұжырымдаманы қысқартуға ынталандырма) жəне басқалары.

Метакоммуникативті сөйлеу коммуникативті мақсаттардың жетістіктері үшін олардың рөлі маңыздылық дəрежесі бойынша бөлінеді. Функционалдық біршама жүктелген метакоммуникативті сөйлеу мынадай тақырыптарды сөз қылады:

а) тақырыптың мақсаттылығын:

Dieses Problem ist längst diskussionsfrei. — Бұл мəселе бұрыннан еркін пікірталаста.

Man darf nicht länger darüber schweigen. — Бұл жайында ұзақ уақыт ешнəрсе айтпай қалмау керек.

Reden wir über.... -... жайында айтайық. Klären wir.... -... анықтайық.

Es ist gut, dass wir auf... zu sprechen gekommen sind — Біз... айта бастағанымыз жақсы;

ə) сөз сабағына əңгімелесушінің қатысын:

Das ist dein Lieblingsthema. — Бұл сенің сүйікті тақырыбың.

Dazu hast du bestimmt viel zu sagen. — Бұған сенің айтатының көп екені анық.

Ich weiss, du sprichst über... nicht gern, aber.... — Сенің … туралы айтқанды ұнатпайтыныңды білемін, бірақ....

Die anderen interessiert das kaum — Басқаларын бұл түк қызықтырмайды;

б) əңгіме кезіндегі қызығушылығын:

Dein Standpunkt interessiert mich sehr. — Сенің көзқарасың мені қатты қызықтырады. Das betrifft uns alle. — Бұл бəрімізге қатысты.

Darüber lässt sich reden. — Бұл туралы айту керек. Das geht mich nichts an. — Мұнда менің шаруам жоқ.

Ich will davon nichts wissen. — Бұл жайында ештеңе білгім келмейді;

в) берілген жағдай үшін əңгіменің орындылығын:

Nun ist es höchste Zeit, darüber zu sprechen. — Енді осы жайында айтудың нағыз уақыты келді. Hier ist es so gemühtlich, zu sitzen und zu plaudern. — Мұнда отырып сұхбаттасу ыңғайлы екен. Reden wir darüber ein anderes Mal. — Осы туралы басқа кезде айтайық;

г) əңгіме ахуалына сөздің физикалық параметрлерінің сəйкестігін:

Sprich bitte lauter! — Қаттырақ сөйлеші!

Schrei nicht so, wir sind doch nicht taub! — Керең емеспіз, айғайлама! Sprich bitte deutlicher! — Анық сөйле!

Bitte etwas langsamer, ich dir kaum folgen. — Ілесе алмай қалдым, кішкене жайырақ айтыңызшы. Wozu diese Aufregung? — Не үшін толқып тұрсыңдар?

ғ) сөйлеу мəнеріне жəне эмоциялық күйге қатысы:

Verschluck nicht die Worte. — Сөзіңді күмілжімей айт!

Ich bin zu aufgeregt, das Reden fällt mir schwer — Мен қатты толқып тұрмын, маған сөйлеу қиынға соғады;

д) мəлімет дерекнамаларын:

Das stand doch in der Zeitung. — Бұл тіпті газет бетінде жарияланған. Im Rundfunk war die Rede davon. — Радиода осы жайында сөз болды.

Alle reden darüber. — Барлығы осы туралы айтып жүр. Gerüchte sind im Umlauf. — Лақап (қаңқу сөз) тарап кетті. Ich weiß, dass von... -... туралы... білемін;

е) құпиялылығын сақтау:

Das bleibt unter uns. — Бұл арамызда қалсын.

Wir können auch hier darüber sprechen, ich habe keine Geheimnisse. –Мұнда біз осы жайында айта аламыз, менің құпия сырым жоқ.

Hier können wir belauscht werden. — Осы жерден бізді тыңдай алады.

Du darfst aber niemandem etwas davon erzählen! — Бірақ сенің осы туралы ешкімге ештеңе айтуыңа болмайды!

Екеуара   сөйлеуді   басқару   сөйлеуге   қозғау    салатын,   əңгімелесушінің   сөзін    бөлетін, коммуникация бойынша серіктесін белсендіретін метакоммуникативті сөйлеудің болуын болжайды:

Schweig doch nicht! — Шығар үніңді!

Willst du dazu äußern? — Бұған ойыңдағыны айтқың келеді ме?

Bitte, ich kann sagen, was ich dazu denke. — Бұған мен өз ойымды айта аламын.

Moment mal. Entschuldige, dass ich dich unterbreche. — Бір сəтке. Сөзіңді бөлгеніме кешір. Nun hör aber, was ich dazu zu sagen habe. — Ал осыған не айтатынымды тыңда.

Ist das alles, was du davon weißt? — Осы жайында бар білетінің осы-ақ па? Die Antwort fällt mir schwer. — Жауап маған қиынға соғып тұр.

Frag lieber jemand anders. — Басқа біреуден сұрашы.

Мəлімдеменің маңыздылығын реттейтін метакоммуникативті сөйлеу:

Darüber bitte ausführlicher. — Осы жайында толығырақ айт.

Das brauchst du jetzt nicht zu erwähnen. — Қазір мұны еске түсірудің қажеті жоқ.

Was extra hervorgehoben werden muss, ist.... — Нені ерекше көрсету керек болса, сол... болып табылады.

Diese Einzelheiten interessieren uns nicht. — Мұның егжей-текжейлілігі бізді қызықтырмайды.

Айтушы мен тыңдаушы жағынан коммуникативті ниет немесе қарым-қатынасы бар сөз саптау:

  1. a) Ich möchte dich etwas fragen. — Сенен бір нəрсе сұрайын деп едім. Was würdest du dazu sagen? — Сен бұған не айтасың?

Wie wäre hier deine Meinung? — Бұған сенің пікірің қалай болар еді?

Ich erkläre dir, wie ich dazu stehe. — Мұны қандай қатысымның барын түсіндірейін.

ə) Du hast mich totgefragt. — Сұрақтың астына алдың ғой.

Bitte frag weiter, wenn du willst. — Егер сұрағың келсе, əрi қарай сұрай бер. Ich will davon nichts wissen. — Бұл жайында ештеңе білгім келмейді.

Bist du aber neugierig? — Сен əуесқой адам ба едің?

Коммуникативті ниет жариялануы, нақтылануы, толықтырылуы, бағалануы, қабылдануы, жоққа шығарылуы жəне т.б. мүмкін. Арнайы қайта сұрау, дəлсіздік, шегіну, түсіндірме, толықтыру, үлгі, дəлелдеме, контраргумент, ойды жеткізуді түрлендіру жəне т.б. енгізілуі жəне ескертілуі мүмкін:

Bitte? Wie war es? Genauer gesagt.... Präziser ausgedrückt.... das bringt mich auf den Gedanken.... Darüber lieber ein andermal. Das sei nur am Rande erwähnt. Um es kurz zu sagen.... Mach es kurz. Hinzu- gefügt wäre... dazu wäre noch... zu erwähnen. Und das will ich beweisen. Anders gesagt...Mit anderen Wor- ten. Damit ist nichts Neues gesagt. Das bringt uns weiter. Im Grunde genommen... Besser ausgedrückt....

Метакоммуникативті сөйлеусіз қиынға түсетін мынадай кезеңдер сөйлеудің тілдік құралдарын қозғауы мүмкін:

а) этикалық нормаларды сақтау:

Das klingt beleidigend. — Бұл тіл тигізгендей естіледі. Du bist aber grob. — Бірақ сен дөрекісің.

War das ein Kompliment? — Бұл комплимент пе?

Darf man denn so eine ältere Dame anreden? — Егде жастағы əйел сияқты сөйлесуіме болады ма? Deine Ausdruckweise ist sehr vulgar. — Сенің айтқаның өте ерсі.

Das ist nicht für zarte Ohren. — Бұл нəзік жандарға арналмаған.

ə) сөйлеу мəнері:

Du beschreibst das sehr bildlich. — Сен мұны тым көркем суреттедің.

Du sprichst aber heute so gewählt! — Сен бүгін сондай талғап сөйлеп тұрсың.

Wie kann man nur über diese Schönheiten so trocken reden? — Қалай ғана осы сұлулық жайында қызықсыз айту мүмкін.

б) сөздің əдебилігі жəне дұрыстығы:

Gebrauche lieber keine Fremdwörter, die du schlecht kannst. Nicht «Strase», sondern «Straße». —

Өзің білмейтін басқа сөздерді қолданба. «Жаза» емес, «көше».

в) суреттеу құралдарының тапшылығы: Wie hieß er gleich? — Оны қалай атап еді? Wie war Ihr Name? — Аты-жөні кім еді? Wie war es? — Қалай болып еді?

Jetzt habe ich es! — Менде қазір ол бар.

Das wäre nicht passendes Wort dazu. — Бұл осыған келісті сөз емес еді. Lieber würde ich es... nennen. — Ең жақсысы мен оны... атар едім.

Was bedeutet dieser Terminus? — Бұл термин нені білдіреді?

Метакоммуникативті сөйлеуді белгілеу баяндаудың ойға қонымдылығымен, дəйектілігімен жəне айқындылығымен, ойды білдірудің анықтығымен жəне түсініктілігімен толық ақталды:

Du widersprichst dir selbst.

Deinen Ausführungen kann ich nicht folgen, du bringst alles durcheinander. Ohne Belege diese Ausdrucksweise nicht zugänglich.

Das klingt zu abstrakt.

Метакоммуникативті сөйлеу əлеуметтік сипатта болады:

Wie die Jugendlichen das heute nennen... Wie die Journalisten sich ausdrücken... Im Funktionär deutsch heißt es...

Um mit Kraftfahrern zu sprechen....

Міндеті аз метакоммуникативті сөйлеу хабарланатын тақырып атауына, хабарды берудің жоспарланған құрылысына, маңыздылығына көңіл аударуды ұстанады. Ұсынылған тақырыпты былайша енгізуге болады:

Ich erzähle über... Jetzt erfahren sie...

Habt ihr schon gehört... Kennst du den Witz?

Weiter im Text.

Дегенмен хабарды осы іспетті алдын ала ескертілген сөз орамынсыз бастауға болады. Құрылымына қарай бастамаға, аяқтауға, баяндаудың жүйелілігін қамтамасыз етуге, ілікпе сөздердің дайындығына жəне енгізілуіне байланысты метакоммуникативті сөйлеу жатады [2]. Айтушы өзінің негізгі хабарын өзіндік жоспар-бағдарламасымен алдын алуы жоқ емес.

Hat euch meine Freundin von... schon erzählt? Nein?

Dann beginne ich mit..., weiter kommen..., dann... und schließlich...

Angefangen von... Gemessen an... Ausgehend von... Verglichen mit... Zusammenfassend....

Əңгімені аяқтау ерекше «ақтық ілікпе сөзбен» белгіленуі мүмкін.

Das wäre es.

Soweit zur ganzen Sachlage. Das wäre alles.

Ich habe nichts weiter zu sagen. Zusammenfassend....

Сөйлеудің коммуникативті-мағыналы бөліктеріне көңіл бөлу дауыс ырғағының, сөз тəртібінің, етістің түрінің, демеулік шылаулардың, ерекше лексика-грамматикалық құралдардың көмегімен болады:

Ich möchte besonders betonen, hervorheben...

Besonders beachtet werden muss... was dürfen wir keinesfalls vergessen? — Das ist... Nun was muss dazu gesagt werden? — Es sind...

Тұжырымдаманы өңдеу жəне қатені түзету жақсартылған нұсқада айтылған сөзге жай қабысу жолымен немесе түсіндірме жолымен болады.

Genauer gesagt... Lieber... Wissenschaftlich gesehen, müsste dass... heißen. Mit anderen Worten... Jün- gere Generation würde das... nennen. Ach so — das hätte ich bald vergessen. Kurz gesagt... Anders gesagt... Im Großen und Ganzen gesehen... Von außen gesehen....

Осындай метакоммуникативті сөйлеу факультативті. Көбінесе түсінгенін тексеретін қауіпсіздендірілген сөз орамдары мазмұндылау:

Hast du mich verstanden? Ist es klar?

Hast du das begriffen?

Habe ich das deutlich genug ausgedrückt?

немесе назарын қолдайтын:

Siehst du. Verstehst du. Nicht wahr?

Ich rede ja in den Wind.

Ich habe es doch deutlich erklärt, wo hast du denn deine Ohren?

Метакоммуникативті сөйлеудің əдеттегі жеңілдетілген хабарландыратын құндылығының жанында олардың кейбіреуі əшейін артық:

Sag mal... Weiß´t du... Kannst du mir sagen... Wie meinst du... Ich will dich fragen.

Олар тыңдаушыны жауап беруге, назарын аудартуға, екпін алуға дайындайды. Монолог түрінде сөйлеуде сұрақ-жауап түрі де жоқ емес.

Wie ich dazu stehe? Ganz negativ. Was bleibt uns in dieser sachlage? Warten und Tee trinken.

Бұл асқан тапқырлықтан немесе ойлау үшін уақытты ұтамын деген тілекпен дайындықсыз жауаптан шыққан пайымдаудан болады. Артық деп танылған ich glaube, meine, denke, bin der Meinung, weiß сөзді модальді көмкеруге пайдаланылады, тиянақтылықты жұмсартады, өзіндік пен ептіліктің аздаған дəрежесін береді. Ұқсас offen, ehrlich gesagt, Hand aufs Herz жəне т.б. мəні аз модальдік жүйе реңкін түзеді. Метакоммуникативтерді бүкпе мəнді ұғыну сиректік болып табылмайды. Unter anderem, übrigens кейде мынаны тұспалдайды: ескер, біл, ұмытып қалма, тап басқасы маңызды; ойлама. Мен нені ескермедім...; мен саған осы жайында жай болмашы ретінде хабарлаймын, саған маңызды екенін біле тұра, менің сөздерімнің кекесінін үдейту үшін жəне т.б.

Ең ақырында барлық метакоммуникация мазмұнға əрекет етуі жəне сөздің ақпараттылығын жетілдіруге қызмет етуі керек. Безендіру рөлінен мағыналы рөлге ауыспалы метакоммуникативті сөйлеу де бар:

  • sag, was du willst, er ist doch talentiert (мүмкін қарсылықты болдырмау, өз ойының əділеттігіне назар аударту).
  • Mir fehlen die Worte! (Мүмкін емес, ғажап).
  • Dein Wort in Gottes Ohr! (Сеніңше болсын, қалауың білсін).
  • Hast du da noch Worte! (Ерсі, өрескел).
  • Du hast mir das Wort aus dem Munde genommen (əңгімелесушімен толық келісім: сен мені басып оздың, мен де соны айтпақшы едім).
  • Ich habe noch ein Wörtchen mit ihm zu reden! — Ол маған осы үшін жауап береді.
  • Er lässt mit sich reden — Оны көндіруге болады.
  • Das spricht für sich selbst — Өзі айтқандай, бұған қосарымыз жоқ.

Аталған жағдайда коммуникация ішіндегі ақпараттың негізгі бөлігіне сөзсіз енгізу өрбиді.

Тіл зерттеу əдебиеті бойынша қаншалықты пікір айтуға болады, метакоммуникативті сөйлеу көбінесе құрылымдық жағынан емес, функционалдық жағынан сипатталады. Метакоммуникацияның кейбір өзіндік ресурстары: құрылымдық стереотиптер жиынтығымен, перформатипті етістіктермен, олардың синонимдарымен жеке функционалдық арнайы бірліктермен орналастырылады [3]. Негізінде метакоммуникативті сөйлеу сөздің құрылысының жалпы заңдылықтарына бағынады. Метакоммуникативті сөйлеуді бөлу сөз сөйлеу мақсаты бойынша, құрылымы бойынша тиісті сипат бойынша немесе семантикалық синтаксис ережелері бойынша тиесілі түрлерді береді.

Метакоммуникативті сөйлеу ынталылыққа жəне əрекетке бөлінеді. Əрекет өз кезегінде жаңа ынталылық болуы мүмкін. Синтаксистік, сонымен қатар басқа да — констатация, пиғыл, мəселелер. Осы коммуникативті түрлер əрекетке қарағанда стимул үшін сипаттырақ.

Сезінетін ілікпе сөз не ауызша құпталған сұралған орындауды:

Was sagst du dazu? — Ich sage folgendes…

не стимулды қабылдамауды, бас тартуды, ауытқуды, дəлелдемені, «кейінге қалдыруды» жəне басқаларды қамтиды:

Dir bin ich keine Antwort schuldig. Das ist meine Sache.

Das muss ich mir überlegen.

Warte mal. Das hört sich wie ein Krimi an.

Метакоммуникативті сөйлеудің əр түрлі бағыты бар: өз ойын білдіру, тұспалдау, əңгімелесушіні бағдарлау, үшінші адамға, əңгіме ахуалына жəне т.б. Oсыған сəйкес тепе-теңдік жауап түрленеді: Ich rede ganz durcheinander.

Айтушының өзіне қатысты метакоммуникативті сөйлеу коммуникативті ниетті, түзетуді, ұмытшақтық, аңғырттық, дəлсіздік туралы өзіндік сынды қамтиды [4]. Шетел тілін оқыту əдістемесі бағытымен метакоммуникативті сөйлеу олардың жан-жақтылығының арқасында едəуір қызығушылықты көрсетеді. Олар кез келген тақырыптағы əңгімеде жəне кез келген ортада, сонымен қатар əр түрлі қолданыстағы жазбаша тілде кездеседі. Мысалы, телефонмен сөйлескенде:

Hier ist Meier — Майер сөйлеп тұр. Gib mir mal Uwe! — Увені шақыр!

Ich verstehe dich schlecht. — Сені нашар естіп тұрмын. Bist du da? –Тыңдап тұрсың ба?

Was darf ich ihr ausrichten? — Оған не айтайын?

Метакоммуникация аса маңызды мағынаға ие болатын тілді қолданудың салалары бар: лингвистика, тілді оқыту, тілдік байланыстар, заңтану, дипломатия, əкімшілік-төрешіл тəжірибе, баспа ісі, драма театры жəне т.б. Бұған қоса метакоммуникация əсіресе тілдің қызмет етуінің ерекше аясы үшін маңызды, оның рөлі маңызды болатын кейбір нақты жағдаяттар бар: емтихан, тергеу, анықтау, нұсқау, түсінік.

Тиісінше жоғары айтылғандардан, метакоммуникативті сөйлеу типологиясы мынадай: міндеттілік жəне мамандандырылған дəреже сияқты, функционалдық бағытты тағайындау, коммуниканттардың рөлінің өзара əрекеттестігі сияқты, синтаксистік жəне ырғақтық құрылым сияқты, стилистикалық, этикалық жəне эстетикалық тіркелім, тақырыптық-жанрлық тиістілік сияқты жəне кейбір басқа да фактілерге байланысты көп қалыпты жəне бөлшектелген болып көрінеді.

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Девкин В.Д. Метакоммуникация. Теоретические вопросы обучения иностранным языкам // Иностранные языки в школе. — 1988. — № 5. — С. 31–36.
  2. Леонтьев А.А. Принцип коммуникативности сегодня // Иностранные языки в школе. — 1986. — № 2. — С. 22–24.
  3. О дифференцированном подходе при обучении говорению на немецком языке // Иностранные языки в школе. —— № 3. — С. 35–37.
  1. Попряник Л.В. Практикум по переводу с немецкого языка на русский текстов экономического содержания. — М.: НВИ- Тезаурус, 2000. — С. 19–20.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.