Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Компьютерді пайдалана оқытуда жаңа буын оқулықтардың əлеуеті

Білім беру саясатының реформалануы дəстүрлі жүйенің диверсификациялануына, оның эконо- мика, əлеуметтік жəне қоғамдық өмірге тиімді екенін, сонымен бірге білім беру жүйесімен интегра- циялануына əкелді. Соның арқасында көп сатылы, үздіксіз жалпы (əркімнің қалауы бойынша қолы жететін), еркін жəне оқытудың плюрализмін қамтамасыз ететін қашықтықтан білім беруді қабылдадық. Бұдан сапалы оқу базасын сақтап, электронды окулықтар (ЭО) құру проблемасына келдік: ол дəстүрлі оқулықтар мен компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін біріктіретін жаңа ұрпақтың əдебиеті. Дəстүрлі оқулықпен салыстырсақ, электрондық оқулықтың көптеген ерекшеліктерін атап айтуға болады:

  • компьютерлік, ақпараттық ресурстарға байланысты білім қорының сақталуы;
  • педагогикалық еңбекті автоматтандыру мен интенсификациялау (оқыту жүйесін проектілеу, оқыту міндеттеріне орай оку материалдарын іріктеу жəне сабаққа дайындау);
  • оқыту формаларын іске асыру (іскерлік, тестік бақылау жəне т.б.);
  • эргономикалық талаптармен қамтамасыздандыру (алынатын білімнің бірлігіне нервтік энергияның аз жұмсалуы);
  • объектілердің (жүйелердің) машиналық имитациясы;
  • гипермəтінді жəне мультимедиалық көрсетілуі;
  • əр студенттің кабілетіне қарай интерфейс ұйымдастыру ерекшелігі мен комфорттылығы;
  • үлкен ақпараттық массивтерді сақтаудың карапайымдылығы (бірнеше энциклопедиялық томдардың бір компакт дискіде сақталу мүмкіншілігі);
  • экологиялық талаптардың іске асуы (орман массивін сақтау, қағаз, типографиялық бояуларды шығаратын өндірістің қысқаруы).

Электрондық тасымалдағыштарда сақталған ақпарат қаржы жағынан жəне тасу, сақтау сияқты іс-əрекеттердің ресурстарын үнемдейді. Сонымен бірге ЭО-ты құратын авторлық ұжым- кұрастырушылардың жұмсайтын интеллектуалды еңбектері дəстүрлі əдебиет шығармаларға жұмсалатын іс-əрекеттерден жоғары [1].

Оқыту процесінде оқытушы берген мəлімет ақпараттың жалғыз көзі болып табылмайды. Қазіргі кезде оқытушының адал көмекшісінің бірі — дербес компьютер. Программалық педагогикалық құралдардың дидактикалық жəне зор мүмкіндіктері оқудың ақпараттық көзінің бірі, оқушылардың интеллектісіне жəне эмоциясына əсер ететін мықты құрал болып табылады. Дербес компьютерді ғылым мен оқуда қолдану тəжірибесі оны оқыту процесіндегі ақпараттық технологияларды пайдалануды іске асырудың негізгі құралы деп есептеуге мүмкіндік береді.

Компьютер студенттің тек танымдық қызметімен саралау, бақылау жəне ақпаратты сақтауды ғана басқармайды, сонымен қатар дидактикалық құрал болып табылады, күшті «дидактикалық интерьер» құру қаруы болып табылады, яғни американдық психолог М.Чиксентмихайи «ағын» түйсігі деп атаған жағдайды құруға мүмкіндік беретін ортаны құрады [2].

Бүгінгі таңда кəсіби білім беру саласында электронды оқулық мақсаттан нəтижеге жетуде автоматтандырылған оқыту процесі ретінде, ал екінші жағынан — ашық əдістемелік жүйе ретінде қолданылады.

Біраз жылдар бұрын электронды оқулықтар педагогика ғылымында жаңа құбылыс болып есептелінген. Ал бүгінгі күні ақпараттық педагогикалық технологияларды оқыту процесінде пайдалану көптеген ғалымдардың зерттеу пəні болып, білім жүйесінде электронды оқулықтар, электронды-білім бағдарламалары, эелектронды-педагогикалық жүйелер кеңінен қолданылуда.

Электронды оқулық — бұл программалық-əдістемелік кешен, оқу курсын өзіндік меңгеруді немесе оқытушымен бірге меңгеруді қамтамасыз етеді немесе оның үлкен бөлігін компьютердің көмегімен меңгеруді қамтамасыз етеді. ЭО немесе курс үш компоненттен тұрады: презентациялық құрамында курстың негізгі ақпараттық бөлімі беріледі; жаттығулар алынған білімді бекітеді; тесттер студенттің білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді [3].

Дəстүрлі оқулық оқу ақпаратын берудің негізгі құралы жəне осылай ұзақ уақыт бола береді. Кез келген мəтінді компьютер экранымен емес, басылған күйі оқуға ыңғайлы. Электронды оқулықтар жасаған уақытта қазіргі компьютерлік технологиялар беретін құралдарды пайдалану қажет. Элек- тронды оқулықтың дəстүрлі оқулықтан артықшылықтары:

  • интерактивті, яғни кері байланыс қамтамасыз етеді;
  • ақпаратты тез іздеу құралдарымен қамтамасыз етілген, бұл өнімділікті көтереді;
  • гипермəтінді түсініктерді пайдалануға уақытты үнемдейді;
  • мəтінді экранға шығарып қана қоймай, түсіндіреді, көрсетеді, модельдейді жəне т.б., атап айтқанда, осы жерде мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктері мен жетістіктері көрінеді;
  • нақты білім бойынша білімді тез тексеруге мүмкіндік береді;
  • қажетті оқу ақпаратын жаңартып отыру мүмкіндігі.

Барлық электрондық оқулықтарды екі топқа бөлуге болады: локалды технологиялар үшін қосымшалар тобы жəне Интернет-технологиялар үшін. Осы топтардың ішінде ақпараттық, функционалдық жəне құрама электрондық оқулықтар бар. Локалды технологиялар тобын өзіндік қосымшалар жəне басқа қосымшалар ортасында жұмыс істейтін қосымшалар деп бөледі.

Барлық топтардың ішінен электронды оқулықтарды сызықтық, жанама жəне құрама программа- лау əдістерімен құрылатын оқулықтар деп бөлінеді.

Локалды технология деп бөлек компьютерде жұмыс үшін арналған қосымшаларды айтады. Ин- тернет-технология деп глобалды желі үшін құрылған қосымшаларды айтады, олардың өздері емес, көшірмелері қолданушыларға жұмыс істеуге мүмкін болады.

Электрондық оқулық ақпараттық, функционалды жəне құрама деп бөлінуі шартты болып табы- лады, ол қосымшаның студентпен байланысының деңгейін көрсетеді. Ақпараттық электронды оқулықтарға оқулықтар (мəтіндік материалдан тұратын оқу жəне əдістемелік құралдар) жəне анықтамалықтар (мəліметтер қоры) жатады.

Технологиялық көзқараспен қазіргі заманғы компьютерлік оқулық құру талабы — ол оқу ақпаратын интерактивті түрде мазмұндау, яғни оқулық материалының əр бөлігіне сілтемелерден тұратын гипермəтін оқытушыға студенттер үшін жекеше білім беру траекториясын құру мүміндігін береді.

Оқулықты жасау технологиясы бұрынғыдай. Ең алдымен мəтінді теріп, содан оны бөлек фраг- менттерге бөліп бөлек файлдар түрінде сақтау керек. Енді бұл файлдарды гиперсілтемелермен байла- ныстыру керек, бұл жерде пəннің оқыту мақсатына жететіндігін қадағалау керек.

Функционалды электронды оқулық — сұхбаттық жүйелер, тренажерлер немесе тексеру про- граммалары, олар арнайы программа-конструкторлар көмегімен сызықтық программалаумен немесе арнайы программалар мүмкіндіктері мен программалау əдістерін құрамдастырып құрылады. Жақсы электронды оқулық құру үшін оқытушы мен программалаушының бірігіп күш жұмсауы қажет.

Компьютерлік оқыту жағдайында оқу материалын мазмұндау принциптері үлкен мəнге ие болу- да, өйткені компьютер мүмкіндіктері өсуде жəне ақпаратты мультимедиалық түрде беру кеңеюде. Ақпарат берудің əр түрін тиімді пайдалану оқыту процесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Электронды оқулықтар білім беру мақсатында жасалған электронды құралдарға жатады. Білім беру мақсатындағы электронды құралдарға қойылатын негізгі педагогикалық талаптарды айтайық. Педагогикалық талаптарға дидактикалық, əдістемелік талаптар жатады, тақырыпты таңдауды негіздеу, оны қолдану тиімділігін тексеру жатады. Техникалық талаптарға жүйенің жұмыс істеуіне тұрақты жағдай жасау мен келеңсіз жағдайлардан қорғау жатады. Эргономикалық талаптар оқу мақсатының деңгейін көтеруді қамтамасыз етіп, ақпараттың кескіні мен жұмыс тəртібіне талаптар қояды. Эстетикалық талаптар оқу ортасының графикалық жəне көрнекі элементтерінің айқындылығы мен реттілігін жасайды. Құжатты дайындау талаптары қолданушыға əдістемелік нұсқаулар мен ережелерді сауатты түрде жеткізуді негіздейді. Атап айтқандармен қатар білім беру мақсатындағы электронды құралдарға мынадай талаптар қойылады: психологиялық-педагогикалық (тақырыпты таңдауды негіздеу, əдістемелік талаптар); техникалық (сенімділік жəне тұрақтылық, сипаттамасына сəйкес жұмыс істеуі, техникалық ресурстарын тиімді пайдалану, орамдылығы, мобильділігі); физиологиялық-гигиеналық (əртүстілігі, түстердің сəйкестігі, экранмен жұмыс; жұмыс ритмі); эргономикалық; программалық құжат (оқытушы үшін нұсқау, қолдануға арналған əдістемелік нұсқаулар).

Білім беру мақсатындағы электронды құралдар қызметіне қарай былай бөлінеді:

  • оқу ақпаратынан тұратын жəне жеке қажеттілігін жəне студенттің ерекшелігін ескере отырып, оқытуға бағытталған оқу бағдарламасымен сұхбат жүргізетін жəне ұйымдастыратын қолданбалы программалар;
  • студенттің қателік жіберуінің себебін көрсететін, оның білім, дағды, біліктілігін бағалайтын тестік саралау программалары; білімділігінің деңгейін көрсететін немесе интеллекті даму деңгейін көрсететін программа;
  • оқу мақсатындағы программалық құралдар (жүйелер) құрау үшін арналған, оқу-əдістемелік жəне ұйымдастыру материалдарын дайындап жинақтайтын, əр түрлі графикалық жəне музыкалық қосылғыштар дайындайтын аспаптық программалық құралдар;
  • оқытылатын объектілер мен жағдайларды модельдеуді іске асыратын пəндік-бағытталған программалық орталар;
  • оқу ісінің мəдениетін құруға, мəтін дайындау жүйесін, мəтін редакторларын, электронды кестелерді, графикалық жəне музыкалық редакторларды қолданғандағы ақпараттық мəдениетті құруға арналған программалық құралдар;
  • оқулық тəжірибенің нəтижесін өңдеу процесін автоматтандыру үшін арналған программалық құралдар;
  • нақты объектілердің, құрылғылар, роботтардың қимыл-қозғалыстарын басқаратын программалық құралдар;
  • программалау дағдысын оқыту үшін арналған программалау оқу орталары;
  • студенттің кейбір функцияларын орындауды іске асыратын программалық құралдар;
  • ақпараттық-əдістемелік қамтамасыз ету процесін автоматтандыру жəне оқу процесінде іс жүргізуге арналған программалық құралдар;
  • қолданушының жұмысына ыңғайлылықты қамтамасыз ететін (оқу жұмысының нəтижесін бақылау процесін автоматтандыру, ұйымдастыру-əдістемелік материалдарды тарату, сабақ барысын ұйымдастыру жəне басқару);
  • ойындық программалық құралдар.

Əдістемелік қызметі бойынша білім беру мақсатындағы электронды құралдар келесілерге бөлінеді:

  • үйрететін программалық құралдар — білімділікті жинап көрсетеді, оқулық немесе практикалық жұмыста дағды, біліктілік қалыптастырады, қажетті меңгеру деңгейін қамтамасыз етеді;
  • біліктілік пен дағдының əр түрін өңдеу үшін, өткен материалды қайталау немесе пысықтау үшін арналған программалық құрал-тренажерлар;
  • оқу материалын меңгеруін бақылау (өзіндік бақылау) үшін арналған программалар;
  • ақпараттарды жүйелендірудегі біліктілік пен дағдыны қалыптастыратын ақпараттық-іздеу программалық жүйелер, ақпараттық-анықтамалық программалық құралдар;
  • ұқсас программалық құралдар;
  • объектілерді, жағдайларды, процестерді зерттеу жəне оқу мақсатында оларды модельдеуге мүмкіндік беретін модельдік программалық құралдар;
  • оқытылатын объектілер, жағдайлар, процестерді визуалдандыратын, оқу материалын көрнекі түрде беретін көрнекі (демонстрациялық) программалық құралдар;
  • əр түрлі есептеулерді автоматтандыру үшін арналған программалар;
  • оқу-ойындық программалық құралдар;
  • бос уақытты тиімді пайдалануға, есті, ықыласты, реакцияны дамыту үшін арналған программалық құралдар.

Дидактикалық мақсатта келесідей бөлінеді:

  • білім қалыптастыру;
  • мəліметтерді қабылдау;
  • біліктілік қалыптастыру;
  • білімді бекіту;
  • меңгеруді бақылау;
  • жинақтау;
  • біліктілікті жетілдіру.

Сабақты ұйымдастыру түріне қарай былай бөлінеді:

  • дəрістер;
  • лабораториялық жұмыстар;
  • практикалық сабақтар;
  • өзіндік оқу жұмысы.

Оқу жүйесі бойынша білім беру мақсатындағы электронды құралдарды төмендегідей топтастыруға болады:

  • берілген пəн бойынша білім беру министрлігінің стандарттары мен программаларына сəйкес дəстүрлі оқу жүйесінде қолдану үшін;
  • пəн бойынша білімді тереңдету мақсатындағы факультативті жұмыс үшін;
  • үй репетиторлары;
  • оқу жұмысының нəтижесін бағалайтын, бақылайтын, оқуда алға жүру;
  • анықтамалықтар мен энциклопедиялар.

Білім беру мақсатындағы электрондық құралдарды жасаудың мақсаты жұмыстың танымдық дағдысын ғана емес, іс-тəжірибелік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Мұндай құралдар оқытушылардың еңбегінің өнімділігін айтарлықтай өсіреді жəне оқушылардың тобы да көбейеді.

Білім берудің негізгі элементі болып танымдық қызметті дамытудың басты факторы студенттің өз бетімен жұмыс жасауы болып табылады.

Студенттің оқу материалдарын өз бетімен белсенді жəне мақсатты түрде игеруі студенттердің өзін-өзі басқару мен бақылаудың қалыптасуы оқу қызметінің негізгі жəне жетекші формасы ретінде қарастырылады.

Осыдан үш жүз жылдан астам бұрын көрнекі педагог Я.А.Коменский оқушылар аз оқып, көп білетін дидактика əдісін табуды армандаған болатын. Коменскийдің негізгі ойы оқушылардың өз бетінше оқуына күш салу болатын, өйткені ең тəжірибелі деген оқытушының өзі оны алмастыра алмайды [4]. Бұл мəселемен таныстығын қазақстандық ғалымдар жаңа оқыту технологиялары, қашықтан оқыту əдістемесі негізінде айқын көрсеткен.

Оку-əдістемелік құралдар жасау технологиялары дамып отырғанда оны оқу процесіне енгізу басты шарттың бірі. Ғылыми əдебиеттерде «технология» түсінігіне уақыт өткен сайын əр түрлі анықтамалар беріледі. Оның ішінде «технология — бұл қоғамдағы практикалық процестердің техникамен реттеліп отыратын жəне материалдық дүниенің заңдылықтарымен анықталатын, техникалық құралдар мен түрлендірілетін объектінің өзара əрекеттесуінен туындайтын жағы» [5].

Шынында да, компьютерді қолданып оқытуда көрнекілік немесе абстрактілі мен нақтылының арасын толтыру принципі, дербестік, жүйелілік пен бірізділік, теория мен практиканың байланыс принципі, ұжымдық сипат пен оқушының дербес ерекшеліктерін ескеру принципі орын алады.

Білім беру мақсатындағы электрондық құралдар студенттердің білімін жетілдіру мақсатында мынадай қызметтерді атқарады:

  • ақпараттық — электронды оқулықта болашақ кəсіби қызметіне қажетті теориялық жəне анықтамалық материалдың жеткілікті көлемі болады;
  • бағалау — оқулықтарда студенттердің білімін бағалауға арналған арнайы тапсырмалар жүйесі, тесттер, бақылау сұрақтары болады;
  • құндылық-бағдар — электронды оқулықта материалдың құндылығына, мақсатқа лайықтығына жəне қажеттілігіне байланысты материалдар енеді;
  • интегративті — электронды оқулықтарда берілген материалдар оқушылардың пəндік, пəнішілік жəне пəнаралық білімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді;
  • креативтік — берілген теориялық жəне практикалық материалдар студенттердің шығармашылығын, кəсіби ізденімпаздығын, зерттеушілік қасиетін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға септігін тигізеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Мəлібекова М.С. Ақпараттық қоғам шартында студенттерді кəсіптік даярлаудың педагогикалық негіздері. —Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. — 213-б.
  2. Буякас Т.М. О феномене наслаждения процессом деятельности и условиях его возникновения (по работам М.Чиксентмихайи) // Вестник МГУ. — Сер 14. Психология. — 1995. — С. 53–61.
  3. Христочевский С.А. Электронные мультимедийные учебники и энциклопедии // Информационные технологии в образовании. — 2000. — № 2. — С. 74–76.
  4. Денисова А.Л. Микро-ЭВМ в системе самостоятельной работы студентов: Автореф. канд. дис. — М., 1992. — 29 с.
  5. Полякова Л.Н. Новые информационные технологии как средство обучения в решении управленческих задач // http://www.svuven.ru

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.