Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шетел тілін оқыту үдерісіндегі студенттердің оқытушымен сабақтан тыс өздік жұмысын ұйымдастыруы

Қазіргі уақытта еліміздің білім беру жүйесінде білім беру құрылымын оңтайландыруға бағытталған жəне нарықтық қоғам құру талаптарына толық сəйкес келетін өзгерістер болып жатыр. Қазақстандағы ондаған жылдар бойы қалыптасқан дəстүрлі білім беру үлгісі елімізде жəне бүкіл əлемдегі болып жатқан аса зор жəне шапшаң коғамдық-экономикалық өзгерістерге ілесе алмауының мүмкіндігі күн өткен сайын ерекше сезілуде. Бүгінгі күні коғам білім беру жүйесінен жан-жақты дамыған, өздігінен жұмыс істей алатын, ерекше жағдайларда əрекет жасай алатын жəне үздіксіз білім алуға талабы бар жастарды дайындауды талап етуде.

Қазакстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың халыққа жолдауында (Қазақстан – 2030) мемлекетіміздің стратегиясының аса маңызды бағыттарының бірі бүкілəлемдік қоғамдастықта Қазакстанның орнын анықтайтын білімді кадрлармен камтамасыз ете алатын білім жүйесі екенін жəне оны жан-жақты дамыту керектігін атап өтті. Елбасы 2010 жылғы Жолдауында заманға сай білім алуға жəне озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтау керектігін баса айтты. Демек, жоғары мектеп алдында үздіксіз білім алу жағдайында шығармашылықпен жұмыс істей алатын жастарды тəрбиелеу мəселесі бірінші кезекте тұр.

Белсенді жəне шығармашылықпен жұмыс жасайтын болашақ маманды жан-жақты даярлау мəселесін шешудің тиімді жолдарының бірі жоғары оқу орындарында студенттің өзіндік іс-əрекетін жетілдіру жəне тұлғаның өздігінен шығармашылықпен жұмыс жасай білу қабілетін дамыту болып отыр. Білім aлy үдерісіндегі дербестікке жəне өздігінен оқу іс-əрекетімен айналысу мəселесіне Я.А.Коменский, Ж.-Ж.Руссо, ұлы Абай Құнанбаев, Шəкəрім, қазақтың педагогтары Ыбырай Алтын- сарин, Мағжан Жұмабаев сияқты халқымыздың зиялылары назар аударды. А.И.Герцен жəне Н.Г.Чернышевский оқу үдерісіндегі өзіндік іс-əрекеттің рөлін атап өткен. Ғылыми əдебиеттердің қорытындысына сүйенер болсақ, студенттердің өздік жұмысының басты мəні өздік жұмыстарды басқару жолын анықтау, сабақтың дидактикалық мақсатын анықтау арқылы анықталады екен. Осы жерден бастап өздік жұмыстың түрлі тұжырымдамасы анықталады. Кейбір авторлар оны аудиториялық сабақтарда қолданылатын оқытудың əдісі немесе жолы деп қарастырса, кейбір авторлар оны оқыту сабақтарын ұйымдастырудың түрі ретінде қарастырады, ал үшінші бір авторлар тобы оны оқу қызметінің түрі деп қарастырады [1].

И.А.Зимняя шетел тілдерін оқыту əдістемесінде өздік жұмыстың үш түрін бөліп алып қарастырады: аудиториялық сабақ уақытында, лабораториялық жұмыс барысында жəне университеттен тыс уақытта. Аталған өздік жұмысының тек соңғы түрін ғана аудиториядан тыс жұмыс ретінде өте жиі қарастырады. Шетел тілдерін оқытудың көзқарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, ұсынған түсініктің анықтамасын атап өту керек. Зимняяның айтуы бойынша, кең мағынадағы оқытушымен бірлесе отырып ұйымдастырылған өздік жұмысы дегеніміз — бұл студентке оқытушымен берілген немесе студент өзі өңдеген бағдарлама бойынша аудиторияда жəне аудиториядан тыс жұмыстармен қатар ұйымдастырылатын қызмет түрі [2].

«Аудиториядан тыс өздік жұмыс» түсінігіне неғұрлым толық анықтама берген В.М.Шур болатын, оның тұжырымдамасы бойынша: «аудиториядан тыс өздік жұмысы дегеніміз — бұл, бір жағынан, студенттердің өздігімен үйде немесе оқытушының басқаруынсыз лабораториялық жұмыс барысында орындалатын жəне, екінші жағынан, оқытушының қадағалауымен немесе оның үнемі кеңес беруімен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы» [3].

Сонымен, жоғарыда аталған түсініктерге жəне өздік жұмысының көшірме, жартылай шығармашылық жəне шығармашылық деп аталатын үш деңгейіне сүйене отырып, оқытушының басқаруымен шетел тілдерін оқытатын жоо студенттерінің өздік аудиториядан тыс оқу жұмыстары дегеніміз — бұл өз бетімен жұмыс жасаудың өте жоғарғы деңгейінде оқытушының қатаң басқаруымен университетте жүргізілетін оқытудың бір түрі. Бұл жерде ең басты шартты қарым- қатынас жəне қарым-қатынасты сипат назарға алынады.

Студенттердің оқытушымен қатар, сабақтан тыс өздік жұмысының аудиториядағы сабақпен өте тығыз байланысын да атап өткен жөн, себебі бұл байланыс студенттерді аудиторияда тіл бойынша берілген тапсырмаларды өте жоғарғы деңгейде орындауға дайындайды.

Қорытындылай келгенде, студенттердің оқытушымен қатар, сабақтан тыс өздік жұмысы да, аудиториялық сағаттарда да бір ғана тапсырманы шешуге бағытталған, яғни студенттерді қарым- қатынасты тіл қызметіне үйретуге байланысты, тапсырмаларды шешуге үйрету.

Өздік жұмысты зерттеген ғалымдардың өздері-ақ бұл үдерістің мұғалімнің жетекшілігімен құрылуы қажет екендігін анықтайды. Олар А.А.Алхазшвили, Т.Л.Батура, А.Л.Бердичевский, Г.И.Гонтарь, Л.А.Грачева, Л.И.Деревская, И.А.Зимняя, Н.И.Корчак, А.А.Леонтьев, А.С.Лурье, Р.К.Миньяр-Белоручев, О.З.Михайлова, Г.В.Рогова, Е.П.Кириллова, Ф.М.Ролкова, Л.А.Спиридовская, Н.В.Чайковская, С.Ф.Шатилов сынды ойшылдар. Атап айтсақ, оларда психологиялық-педагогикалық, əдістемелік сипат болады жəне олар бір-бірімен өте тығыз байланысты. Сондықтан оларды өзара қатынас жағынан қарастырған жөн. Сол кезде оларды үлкен екі топқа біріктіру мүмкіншілігі болады.

Бірінші топқа психологиялық-педагогикалық жəне əдістемелік жоспардағы жағдайлар, яғни, тікелей студенттердің оқу үрдісімен байланысы жатады. Ол мынадай: коммуникативті бағыт, яғни шетел тілін оқу қарым-қатынас құралы, соның ішінде педагогикалыққа; С.Ф.Шатилованың концепциясы бойынша, жаңа материалдармен жұмыс кезеңін есепке алу, оқу материалдарының бағдары негізіңде шетел тілін меңгеруге арналған жаттығулар, ауқымды қолданысқа ие болған педагогикалық түр «өзін дайындау» секілді жеке жəне ортақ кеңес, сұхбаттама мен сынақ тұлғалықтың орындалуы мен оқудың дифференциациясына себепкер, оқытылушы өзінің бейіміне, тəжірибесіне жəне өзіндік ерекшеліктеріне тəн ұжымдық жұмыста өз орнын табады. Сонымен қатар көшбасшы студенттің өзіндік жұмысына деген қызығушылық қарым-қатынас бірте-бірте сай қызметке жəне оқып үйренуі белсенді емес студенттерге көңіл аударуға мүмкіндік береді.

Екінші топ студенттердің оқытушымен қатар сабақтан тыс өздік жұмысы шартына сай мұғалімнің спецификалық қызметінің ашылуына бағытталған рөлі тек берілген қызмет материал түріне сəйкес іріктеумен ғана шектелмейді, сонымен қатар студенттердің басқару ұйымы қызметі өзіндік жұмыс ахуалы үшін жағымды жасалған. Оқытушы кеңесші жəне байланыс кезінде əріптес болуы мүмкін, əсіресе жағдайлық-рөлдік жəне іскерлік ойындар кезінде ерекше көрінеді. Ол студенттерге толық өзіндік жұмысты игеруге көмектеседі (ақпараттық, танымдық, коммуникативтік жəне ұйымдық).

Негізінен студенттердің өздік жұмысы, яғни оның бастапқы ұйымдастыру сапасы, оқытушы мен студент арасындағы сан алуан түрлердегі əрекеттестіктерде көрініс алады, ол ұйымдасқан- педагогикалық нысанда жүргізіледі. Осыдан жеке, қос жəне ұжымдық нысандағы жұмыстардың құрамы мен мүмкіндіктері, оның өзара көмектесу мүмкіндігін туғызатын көрсеткішті, сонымен қатар өзіндік аудиториядан тыс типтік нұсқа құрылымының сабақтары анықталады.

С.Ф.Шатилованың көзқарасы бойынша, студенттердің оқытушымен қатар сабақтан тыс өздік жұмысындағы жаңа материалды өту барысын 3 кезеңін қарастыруға болады: ұйғарынды-таныс, ахуалды-стереотиптік, стереотиптік-нысанды. Негізі осы кезеңнің барлығы студенттердің оқытушымен қатар сабақтан тыс өздік жұмыстарда қолданады. Ол сөйлеу іс-əрекетінің түріне немесе тілдің аспектісіне байланысты. Негізі болып атқарушы кезеңі маңызды болады, ол мақсатқа, əдіске, оқытуға, ұйымдасқан-педагогикалық нысанға, тəртіптік жұмысқа жəне түрлі амалдарға тəуелді болады. Студенттердің оқытушымен қатар сабақтан тыс өздік жұмысының жетекші оқытушысына 3 үлгілі амалы бар: лингвистикалық (ұйғарынды карточканы құрау, жаңа сөздер негізінде сөздікте құралған; коммуникативтік сөйлеу) жатталған сөздерді қарым-қатынас үдеріс қолдану, лингво- əдістік) оқушыларға қандай бір құбылысты түсіндіру. Олардың шешімі əр түрлі қарым-қатынас тəртіпте бола алады: О-Т-С; С-С; С-Т; С ¹-С ²-С³; ОТ¹-ОТ², яғни О — оқытушы; С — студент; Т — топ.

Аудиториядан тыс оқыту кезіндегі студенттің қызметін 3 кезеңге бөлген: таныстыру, жаттығу жəне қолдану. Солардың əрқайсысына бақылау қажет. Студент өзара əрекеттесуді қай тəртіппен жəне сөйлеу қызметінің қай түрі немесе тіл тұрғысы студенттердің оқытушымен қатар сабақтан тыс өздік жұмысына басым болады; студенттер тиімді қабылдаулар əдісін шетел тілді оқуда қолданады [4].

Студенттердің оқытушымен қатар сабақтан тыс өздік жұмысының тапсырмалары дифференциалданған, олар шетел тілдерді оқитын студенттердің дайындықтарын əр түрлі дəрежеде есепке алады жəне оқыту құралдар көмегімен беріле алады.

Студенттердің оқытушымен қатар сабақтан тыс өздік жұмысы кезінде студенттер тек жеке түрде емес, сонымен қатар қос, яғни екеуі бірігіп, сол сияқты кішігірім топта жетекшімен жəне оқытушымен өз білімдерін, тəртіптерін көздете алады, мəселен, өз істерін қадағалай білу жəне өз жора-жолдастарының білулерін ұйымдастыра алу жəне түзете білу, білімдерін бағалай алу жəне т.б.

Студенттердің оқытушымен атқаратын жетекші өзіндік жұмысында сөйлеу іс-əрекеттерінің айтылым сияқты түрлері жəне де оқылым, оның лексикалық сөйлеу аспектісімен, орфографиялық жазудағы (диалог, монолог) жүзеге асады. Білімділік дағдыларын арнайы талдау сөйлеу іс- əрекеттерімен тіл аспектілерінің меңгеруге бағытталу жаттығулар жеке дара жүзеге аспайды. Бұл зерттеу көрсетіп отырғандай, осы сұрақтарға жауапты студенттердің оқу үрдісінен тыс атқаратын өздік жұмыстары қамтамасыз етеді.

Студенттердің оқытушымен атқаратын жетекші өзіндік жұмысымен байланысты оқытушының студенттермен жүргізетін сабақ кіріспе дəріс түріндегі əңгіме арқылы басталады. Оқытушы білім алушылардың назарын алдағы тұрған жұмыстарын аудара отырып, сол пəнге деген мотивациялық ынтасын оятады. Бұл студенттерді алдағы атқарылатын іс-əрекетпен қарапайым таныстыру емес, тілді жоғары деңгейде меңгеру үшін оның мəнін тереңірек түсіндіру болып табылады [5].

Бұдан кейін студенттердің аудиториядан тыс білім алуы өздік жұмысын жалғасын тауып сол материалдарды аудиторияда өткізілетін сабақтарды пайдалана бастайды.

Студентттер лексиканы дамыту сабақтарында дербес түрде жаңа материалды қабылдайды, тілдік, контекстік сөздік немесе арнайы оқу құралдардың көмегімен жаңа материалды ұғынып, талдайды, семантика жағынан қиын сөздерді сөздік дəптерге жазып алады. Олар өзбетінше ұсынылған оқыту əдістерін пайдаланып, жаттығулар орындайды, кілттердің негізінде өзін-өзі түзеу мен бақылау жүргізеді, кішігірім топтарға бөлінеді, топтың көшбасшылары жаттығуларды орындауға жолдастарын бағыттап, өзінің жəне олардың қателерін түзейді.

Диалогтық тіл бірінші курста жетекші болғандықтан, сөйлеуден студенттердің оқытушымен қатар сабақтан тыс өздік жұмысы негізінен диалогтық сөздің дамуына бағытталған. Оқудың бұл түрін сөйлеудің жаттығу деңгейіне арнауға болады (диалогты фразалық бірлік ретінде үйрету жəне əр түрлі типтегі бүтін диалогтарды үйрену). Бір сөзбен айтқанда, бұл жұмыс жүйелендірілген жəне шартты үйретілмеген тілдермен жұмыс істеуге бағытталған.

Өз сөзінде фразаларды қолдану үшін, студенттер дербес түрде мəтіндерден ақпаратты алады; диалогты сахналау мақсатында дербес түрде оның сызба нұсқасын салады; кейбір сөздерге сүйеніп, тілдік жəне сөздік материалды активтендіру, сонымен қатар қарым-қатынас формуласымен диалог- сұрауды өзбетінше өткізу мақсатында диалогтарды құрайды; өзбетінше тақырыпқа сай суреттерді іздестіреді, тірек сөздердің тізімін құрап, солардың көмегімен суреттерді сипаттайды, өзбетінше жұптағы студентпен сөйлеп, оның сөзін бағалайды. Осы сабақта студенттер рөлдік ойындарға дайындалады. Бір-бірімен ғана емес, сонымен қатар оқытушымен бірге əрекеттесіп, кейіпкерлердің атын ойдан шығарады, болашақ əрекеттін негізі болатын рөлдерді микробөлшектерге бөледі [6].

Сөздік диалог (монолог) түріндегі айтулардың дамытудағы өз бетінше сабақтан тыс оқулардың жетекші факторы осы жұмысты жүргізетін диалогтық тілді құрастыратын деңгей мен жұмыс формалары болып табылады. Осыған орай осындай сабақты өткізудің үш түрін ажыратады (дыбыс жазудың негізінде, баспа өндеуінің көмегімен, экрандық құралдардың көмегімен).

Тыңдау студенттердің оқытушымен қатар сабақтан тыс өздік жұмысында бірінші курс студенттерге сөйлеу мен тындаудағы қиындықтарды жоюға мақсатталған арнайы жазуларды қосу қажет. Бұндай аудиомəтін арнайы жазылып, белгілі бір нақты оңдеулерден өтеді, лексикалық қиындықтың кейбір бөлшектері ғана сақталып, тілдік дамуына бағытталады. Аудиомəтіндер əр түрлі сипаттағы əңгімелерді қамтиды. Техникалық құралдарды қолдану жағынан тыңдаудағы студенттердің оқытушымен қатар сабақтан тыс өздік жұмысының екі түрі ажыратылады: біріншісі — дыбыс жазулардың негізінде, екіншісі — экрандық құралдардың көмегімен. Осындай сабақтың негізі тындауды дамыту мақсатын (тыңдауға дайындық, оны дамыту дағдылары), типтік жаттығуларды, педагогикалық-ұйымдастыру түрлері, жұмыс тəртібін есепке алу болып табылады.

Типтік сабақты аудару кезіңде студенттер өзіндік жазба енгізе отырып, керекті ақпараттар іздеумен айналысады, сондай-ақ сөздікпен жұмыс істейді. Аталмыш тапсырмалар өзімен бірге дифференциалды түрдегі тілдік дайындықты қоса алады. Топтың ішіндегі студенттердің нашар естудің қабілетіне байланысты аударылатын мəтін оларға баспа түрінде беріледі. Мəтінде тілдік мақсаттық түрде индивидуалды, жеке дара, өзіндік жұмысынан кейін кішкене топтық мəліметпен айырбас мақсатына сүйене отыра, оқытушы үлгерімі жақсы студенттермен өзекті мəселе төңірегінде кішігірім отырыс ұйымдастыруына болады. Дəріс оқыту залында жүретін сабаққа студенттер жаңа ақпараттарды қолданумен ғана қоймай, студенттердің оқытушымен қатар сабақтан тыс өзіндік жұмысы түрінде сөйлеудегі материалдық құндылықтарды алу, олар «репортаж, хат, сұхбат» болып табылады.

Оқу бойынша өзіндік дəріс залынан тыс оқуға қатысты белгілі бір тарапта қызығушылық танытылады, уақыт факторын ескере отыра, рационалды танымдық оқытуға баулу. Бұл оқытудың түрі əрі қарай алдына өзіндік əдебиет оқытуға дайындық ретінде қаралады. Өйткені бұл əрекет болашақ өз ісінің мамандары — мұғалімдерге жəне əлеуметтік-мəдени тарапта қажет. Студенттердің оқытушымен қатар сабақтан тыс өзіндік жұмысы бойынша объектісі кіріспе оқуынан басқа орта мектептерге арналған оқу-əдістемелік кешеннің мəтіндері де болуы мүмкін. Дəріс залынан тыс оқыту сабақтарын жүргізу екі нұсқа бойынша жүзеге асырылады:

  1. Баспа түрдегі мəтіннің арнайы дайындалған оқытушының шығармасы.
  2. Оқу-əдістемелік кешен мəтіндерінің орта мектеп оқушыларына қатынасуын қарастырады (дұрыстай келгенде, кəсіби бағдардағы тапсырмаларды дұрыс орындау).

Бір жылдық оқытудың аяғына қарай олар каллиграфиялық түрде дұрыс жаза білулері тиіс, əдістеме бойынша дұрыс дəптерлеріне жаза білу, көру қабілетімен қателіктерді қабылдап, оларды жөндей білу еріксіз қабылданады.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін əр түрдегі диктант түрі жүргізіледі, сонымен қатар тапсырмалар дайындалады. Тексеру əрекеті — өзін-өзі бақылау, кілтті сөздер бағыты бойынша өзін- өзі тексеру. Студенттің қызметі баспа түріндегі экрандағы мəліметтер жоо мен мектепке қатысты тақырыптағы фотожазбалары осы бағыттарда ағып өтуі мүмкін. Үш түрлі бағыт ұсынылған:

  • оқу баспа түріндегі жұмыстар;
  • фото-жазбалардың көмегімен іске асатын студенттердің оқытушымен қатар сабақтан тыс өзіндік жұмысы;
  • жұмыс экрандағы мəліметтермен бейнелеудің көмегімен іске асатын жұмыстар.

Бұндай жұмыстар жазба жұмысының дұрыс іске асуына, яғни, студенттердің оқытушымен қатар сабақтан тыс өзіндік жұмысының графика жəне орфография бойынша дұрыс ұйғара білуін алға қояды.

Тақырып бойынша барлық жұмыс студенттердің оқытушымен қатар сабақтан тыс өзіндік жұмысының сынақпен қорытындыға келеді, студенттерге бұл тарапта оқытудың əрбір тақырыбын өте келе ескеріледі. Тақырып барысында студенттердің алға қойған мақсаттары коммуникативті сфера бойынша жұмысты тақырыптың сонына дейін толық меңгеру (жоғарыда айтылған əдісті І-курсқа арналған жаңа «Неміс тілі» оқулығының авторы А.Л.Бердичевский пайдаланған) болып табылады.

Сынақ кезінде студенттер өзін жəне өзінің жолдастарын бағалай отыра, жеке, жұптарда жəне көшбасшысы бар кішігірім топтарда жұмыс жасайды. Олар екі түрлі бағаны қолданады:«қанағаттанарлық» жəне «үздік» (тапсырманың күрделілігіне байланысты) [7].

Теориялық мағлұматтарды негізге ала отырып, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің шетел тілдер факультетінің I-курсының 2009/2010 оқу жылындағы тəжірибелік оқыту негізінде жасалған өңделген əдістеменің тексерісін жорамалдадық.

Негізгі тəжірибелік оқытудың алдында барлайтын оқыту болды, оның мақсаты — кейбір оқытудың əдістері, формалары мен құралдардың қолданылуының тиімділігін анықтау. Сонымен қатар студенттермен, оқытушымен қатар сабақтан тыс өздік жұмысын ұйымдастырудың ауызша жəне жазбаша тəжірибе кезінде I-курс студенттерінің əрекетін тексеру болып табылады.

Барлау оқыту кезінде 10 адамнан тұратын екі топта үш сабақ өткізілді: тыңдалым, сөйлеудің лексикалық аспектісі, диалогтік жəне монологтік сөйлеудің дамуы бойынша. Бейнефильмінің түсірілімімен қоса өзге де материалдарды оқытушы дайындады. Бұның нəтижелерін талдау I-курс студенттері оқытушымен басқарылған, студенттермен оқытушымен қатар сабақтан тыс өздік жұмысын ұйымдастырудың берілген жүргізу əдіснамасына оң көзқарас танытқанын көрсетті, кейбір жеке мəтіндердің оңайлатуына мамандандырылған жаттығуларының қосылуымен, оқытудың ең тиімді əдістерін жəне студенттердің өзара ықпалдастығының тəртіптерін анықтау бойынша ескертулер есепке алынды.

Оның ұйымдастырылуы үшін студенттердің еске сақтау типтерін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы тестілеу өткізілді (К.И.Бычкованың əдістемесі бойынша) жəне де оқу деңгейін анықтады (Ю.А.Веденяпиннің əдістемесі бойынша).

Қазіргі таңда Қазакстанның көпшілік жоғары оқу орындарында жаһандану үдерісінің талаптарына лайық пайдаланылып жүрген ереженің мазмұнын талдай келе, біз мынадай корытындыға келдік.

Біріншіден, жанр оқу жүйесінің демократизациялану мен гуманизациялануға бағытталғандығын көрсетеді. Екіншіден, несиелік оқу жағдайындағы оқу үрдісінің бұрынғы дəстүрлі жүйеден педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарағанда ұйымдастырылуы, оқу-əдістемелік, бақылау жəне қадағалау жүйесінің мүлдем басқаша екендігін байқатады. Үшіншіден, оқу үрдісінде бұрын-сонды аса мəн берілмеген оқытушы мен студенттің, студент пен студент арасында сенім мен ынтымақтастық, диалогтық жəне мəдени қарым-қатынастың қажеттілігін анғартады. Төртіншіден, оқу үрдісінде студенттерге қойылатын талаптардың жан-жакты екендігін байқауға болады, атап айтқанда, студенттерді өздігінен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыратын жүйе болып табылады. Бесіншіден, оқу үрдісінің субъектілерінің атқаратын қызметіне байланысты жаңаша атауларын көрсетеді (мысалы, оқытушы-тьютор, эдвайзер, офис-регистратор жəне т.б.).

Несиелік оқыту жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары проблемасы төмендегідей қорытынды мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:

  • бүгінгі қоғамның əлеуметтік-саяси, экономикалык жəне рухани дамуы болашақ мамандардың білім сапасын түпкілікті өзгертіп жақсартуды талап етеді;
  • зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми еңбектерге, оқу-əдістемелік əдебиеттерге жасалған талдаулар «өзіндік жұмыс» ұғымының мəні мен мазмұнын анықтауға септігін тигізіп, өздігінен орындалатын жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық негіздерін айқындайды;
  • студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының педагогикалык жүйесін оқу іс-əрекетінде арнайы ұйымдастыру кредиттік оқыту үдерісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Əмірова Ə.С. 12 жылдық орта білім беруге көшудің кейбір мəселелері // Бастауыш мектеп. — 2007. — № 5. — 12-б.
  2. Темербаева Н.А. Кредиттік оқу жүйесінде студенттерді модульдік технология арқылы оқыту. — Астана: Атамұра,— 25 б.
  1. Арапова К.М. Кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары. — Алматы: Əрекет–Принт, 2007. — 33-б.
  2. Бердібаева С.Қ., Əділова Э.Т. Студенттердің өздігінен білім алуы // ҚазҰУ хабаршысы. Психология жəне социология сер. — № 2. — 2008. — 54 б.
  3. Кенжебаева Г.С. Кредиттік жүйедегі оқыту технологияларының қолданылуы // Ұлағат. — 2009. — № 3. — 6-б.
  4. Тлепина Ш.В. Студенттердің өзіндік жұмысы мəселесі // Білім–Образование. — 2009. — № 2. — 24 б.
  5. 2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі. — — № 15. — 3–5-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.