Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Білім берудегі электрондық оқулықтарды қолдану қажеттілігі

Бiлiм беруде ең алдымен оқу жоспарларын, бағдарламаларды, оқулықтарды, көрнекi оқу құралдардың əлеуметтi-экономикалық жəне ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сəйкес жетiлдiру көзделедi. Жаңа оқу бағдарламаларында оқытылатын пəндердiң сұрақ тiзбелерi мен материал көлемi айқындалады, шамадан тыс күрделi жəне қосалқы материалдар алып тасталынады. Сонымен қатар бiлiм мазмұнының ғылымилылығы мен практикалық мəнi күшейтiледi. Оқу жоспарына жаңа пəндер енгiзiледi жəне оқыту формасы өзгертiледi.

Қазiргi кезде нақты айқын болып отырған жайт, бiз жоғары оқу орындарында қаншама қажеттi жəне пайдалы бiлiм бергенiмiзбен, адам оны үнемi толықтырып отыруға тура келедi; сондықтан да қазiргi педагогикалық жəне қоғамдық-саяси əдебиеттерде «кредиттік түрде білім алу», «мамандықты үздіксіз жетiлдiру», «электрондық кітапхана», «электрондық оқулық» ұғымдары кездесетiнi тегiн емес.

Оқу-əдiстемелiк құралдар жасау технологиялары дамып отырғанда оны оқу үрдiсiне енгiзу басты шарттың бiрi. Ғылыми əдебиеттерде «технология» түсiнiгiне уақыт өткен сайын əр түрлi анықтамалар берiледi. Оның iшiнде «технология» — бұл қоғамдағы практикалық үрдiстердiң техникамен реттелiп отыратын жəне материалдық дүниенiң заңдылықтарымен анықталатын, техникалық құралдар мен түрлендiрiлетiн объектiнiң өзара əрекеттесуiнен туындайтын жағы жəне «технология» терминi үш түрлi аспектi бередi: технология — материалдық игiлiктер өндiрудiң тiкелей үрдiсi; технология — технологиялық үрдiс; технология осы үрдiстiң заңдары туралы ғылым [1].

Автоматтандыру адам еңбегiнiң басым көпшiлiгi өндiрiстiң дайындық сатысына, айталық, техниканы басқару, бағдарламалау, жобалау, конструкциялау, зерттеу жəне басқа салаларға өтуiне байланысты. Қазiргi уақытта автоматтандыруды жүзеге асыруда мультимедиaлық технологиялар қолданылады. Əрине, бұл технологиялар адамды өндiрiстiк үрдiске қатысудан толығымен босатады деген сөз емес. Бұл жерде мəселе техникалық прогрестiң өсуiне байланысты адам физиологиялық мүмкiндiгi шектеулi физикалық дене ретiнде, өндiрiстiң технологиялық үрдiсiнен босатылатыны жөнiнде болып отыр. Бұл фактiнiң өзi ҒТП мүмкiндiгiнiң аса кеңейiп, қоғамның тiршiлiк əрекетiнiң барлық салаларында адамды ауыр дене жұмыстарынан, қатты қалжырататын, жалықтыратын бiркелкi ақыл-ой қызметтерiнен босатады. Функциялардың осылай қайта бөлiнуiне байланысты материалдық өндiрiсте шешушi рөлдi адамның физикалық қуатын жұмсау емес, күрделi өндiрiстiк мiндеттердi шешуде адамның шығармашылық қабiлетi басты рөл атқаратын болады. Бұл ұғымында өндiрiстi автоматтандыру, ең алдымен, «адам – техника» жүйесiнiң шегiндегi технологиялық қатынастардың өзгеруiнiң сипаттамасы есебiнде байқалады. Əрине, адам рөлiнiң қоғамдық өндiрiстiң өзгеруi технологиялық қатынастардың қайта құрылуымен шектелмейдi. Оның терең əлеуметтiк мəнi бар. ҒТР мəнi оны əлеуметтiк процестермен өзара байланысында қарағанда ғана түсiнiктi болуы мүмкiн.

 Баспа негізіндегі дəстүрлі оқулық төрт жүз жылдай қолданылуда жəне білім беру процесінде орны бөлек. Бірақ қазіргі кезде электронды оқулықтың маңызы өсіп жатыр.

Электронды оқулықты құру үрдістері дербес компьютерлер шыққаннан бастап жүргізілді, бірақ алғашқы дербес компьютер мүмкіншіліктері тек жеке оқу-əдістемелік жəне дидактикалық тапсырмаларды жүзеге асырды. Мысалы, ХХ ғасырдың 90 жж. жеке мектеп пəндері бойынша педагогикалық бағдарламалық құрал пакеттері жобаланды. Олар тренажерлер, репетиторлар, модельді эксперимент, тестілеу, шешімдерді интерактивті қабылдау жəне т.б. қызметтер атқарды. Аппараттық жəне бағдарламалық қамтамасыз ету дамыған кезде баспа негізіндегі оқулыққа ұқсас электронды оқу құралын құру мүмкіндігі пайда болды. Бірақ мұндай электронды версиялардың дəстүрлі оқулықтан ешқандай айырмашылығы жоқ, керісінше, дисплей экранынан мəтінді оқу көздің тез шаршауына əкелді.

Электронды оқулық ерекшеліктері. Қазіргі кезде компьютердің аппараттық жəне бағдарламалық қамтамасыз етуі үлкен деңгейлерге жетті. Олардың негізінде баспа оқулықтарының алдында бірнеше артықшылықтары бар электронды оқулықты жүзеге асыруға болады. Бұл артықшылықтар электронды оқулықта мультимедиа, гипертекст, интерактивтілік қолдануға негізделді [2].

Мультимедиа — бұл əр түрлі формада (мəтін, график, дауыс, бейне, анимация) көрсетілген ақпаратты біріктіруге жəне олармен интерактивті режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін компьютердің аппараттық жəне бағдарламалық құрал кешені.

Қарапайым оқулықта барлық ақпарат мəтін жəне график түрінде көрсетіледі. Электронды оқулықта барлық мультимедиалық технологияларды тиімді қолдануға болады.

Біріншіден, электронды оқулық мəтінін түрлі-түсті ерекшеленген шрифтімен (жартылай қалың, курсив, асты сызылған) жазуға болады. Арнайы символдарды, пиктограммаларды көптеген əр түрлі əліпбилерді (кириллица, латиница жəне т.б.) қолданумен математикалық формулаларды жəне мəтіндерді бір тұтастыққа қалыптастыру мүмкіндігі бар.

Екіншіден, əр түрлі графикалық бейнелерді (суреттерді, фотоларды, кестелерді, гистограммалар мен үш өлшемді бейнелерді) жеңіл құруға болады. Осының барлығын қозғалысқа келтіруге болады.

Үшіншіден, нақты ақпарат, сурет, басқару батырмалары блогына жəне т.б. қатынау барысында жаңа дауыстық бейнелерді немесе дауыс сигналдарын қолдануға болады. Автономды режимде дауыстық клиптарды қоюға, динамикалық процестерді дауыстауға болады.

Төртіншіден, білім беру қажеттілігіне дайындалып, магнитті тасымалдаушыларда жəне фотопленкада сақталған бейнематериал, бейнебаяндарды қолдануға болады.

Бесіншіден, мультимедиалық технологиялар анимацияларды, суреттерді «шығаруға», мəтінді жəне оқулықтың басқа да объектілерін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл технология эксперименталды жұмыстарды визуалды түрде көрсетуге, қауіпті тəжірибелерді жүргізуге мүмкіндік береді.

Электрондық оқулықтың құндылығы. Электрондық оқулықтың ең басты құндылығы — жай оқулықтағы қамтамасыз етілмеген жоғары дəрежедегі көрнектілік мүмкіндігі.

Электрондық оқулықтың құндылығын белгілей отырып, мынаны ескеру керек: электрондық оқулық материалды өте ұқыпты, оны маңызды ерекшелікпен үйренуге мəжбүр етеді.

Электрондық оқулықты құру кезіндегі ең маныздысы, ол оқытудың активизациясында қорытылады, үлкен көлемді символдарды бейнелерді құруға мүмкіндік туады, олар конспектінiң тірегі болады. Сонымен қатар ол бейнелер анимациялық болуы мүмкін, жай кітапті құрғанда ондай мүмкіндік жоқ.

Қозғалатын (анимациялық) бейнелердің барлығы оқушының жанында тұрақты «тірі» оқытушы бар сияқты елес құрылады, оқып-үйрену процесінде «бірге болу» кезеңі пайда болады, ол да материалды меңгеруді оңайлатады [3].

Электрондық оқулық келесі мүмкіндіктер арқылы оқытудың максималды жеке даралығына жетуге мүмкіндік береді:

  1. Электрондық оқулықтың жалпы көлемінен əр оқушынын өзі материалды жеке көлеммен іріктеу.
  2. Өзіне қиын сұрақтарға қайта қайтып келуі.
  3. Əр бөлек сұраққа жеке дара уақыт бөлу.
  4. Оқушының оқып-үйренгеннiң дəрежесiн тексеруi.
  5. Оқыту кезеніңде оқушыға «көмек» көрсету мүмкіндігі, ол оқушыларды психикалық қалға келтіреді (ол біледі, қиын кезеңде «машина көмектеседі»).
  6.  Егер мультимедиалық технологияда калькулятор режимінде жұмыс істесе, электрондық оқулық есеп шығару кезіндегі есептеу көлемін қысқартады.
  7. Сырттай оқитын тындаушыларға жəне сабаққа əр түрлі себеппен келгенмен жағдайда электрондық оқулық таптырмайтын оқулық болып табылады.
  8. Сонымен қатар электрондық оқулық сабақты жеке дара оқитындарға тамаша тəсіл болып табылады, өйткені оқулықтың құрғақ беттерін «жандандырады».

Логикалық-құрылымдық үлгісінің маңызы:

  • мультимедиалық технологияның спецификалық мүмкіндігін қолдану, максимум көрнектілігі(мысалы, анимация құру);
  • оқушының жəне компьютермен (оқытушы мəнінде) кері байланыс болуы, яғни көмек беру мүмкіндігі;
  • компьютерлік тест ретінде жеке дара білімді бақылау, оқудың əр кезеңінен бастап ол оқушының басталу дəрежесінен бақылау жəне білімді қорытынды бақылаумен аяқтау;
  • электрондық оқулықтың негізі болатын диск жəне басқа да ақпаратты тасушыларды қолданбай, оқытудың мəтіндік бөлімінде ақпаратты қағаз түрінде оқыту;
  • оқулықты əр түрлі қиындық деңгейімен, яғни жеке дара оқытуды құру мүмкіндігі;
  • электрондық оқулықты жаңадан өндіру керек кезіңде оқушылардың тілек білдіру мүмкіндігі.

Жалпы электронды оқулықты автоматтандырылған оқыту құралы ретiнде құрылымын былайша негiзгi бөлiктермен көрсетуге болады (сур. қара):

  Сур. Автоматтандырылған оқыту құралының жалпы құрылымы

Дəстүрлi оқулықпен салыстырсақ, электронды оқулықтың көптеген ерекшелiктерiн бөлiп аламыз:

  • педагогикалық еңбектi автоматтандыру мен интенсификациялау (оқыту жүйесiн жобалау, оқыту мiндеттерiне орай оқу материалдарын iрiктеу жəне сабаққа дайындау);
  • оқыту формаларын iске асыру (iскерлiк, тестiк бақылау жəне т.б.);
  • эргономикалық талаптармен қамтамасыздандыру (алынатын бiлiмнiң бiрлiгiне нервтiк энергияның аз жұмсалуы);
  • объектiлердiң (жүйелердiң) машиналық имитациясы;
  • гипермəтiндi жəне мультимедиалық көрсетiлуi;
  • əр тəлiмгердiң қабiлетiне қарай интерфейс ұйымдастыру ерекшелiгi мен икемділігі;
  • үлкен ақпараттық массивтердi сақтаудың қарапайымдылығы (бiрнеше энциклопедиялық томдардың бiр CD-дискiде сақталу мүмкiншiлiгi);
  • экологиялық талаптардың iске асуы (орман массивiн сақтау, қағаз, типографиялық бояуларды шығаратын өндiрiстiң қысқаруы).

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің қазіргі басты талабы — электрондық оқулықтардың құрылуы мен мазмұнға сай болуын қадағалау мен сапасына көңіл аудару — басты міндеттердің бірі. Осы тұрғыдан алып қарағанда электрoндық оқулық пен электрондық каталогтың кез келген мамандықтың студенттері үшін берер пайдасы көп болары сөзсіз.

Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарына қойып отырған талабы қанағаттандырылып жатыр деуге əбден болады. Электрондық оқулық пен электрондық каталог құрудың немесе оны қолданудың студент үшін берер пайдасы мол. Соның ішінде «Дизайн» жəне «Бейнелеу өнері жəне сызу» мамандықтары студенттері үшін жасалған электрондық каталог студентке 1-курс пəндері бойынша бір жерден ақпаратты алуға көмегін тигізеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Закирьянов Н.К. Методологические и педагогические основы процесса профессионального становления студентов уни- верситета в условиях многоступенчатой системы образования. — Алматы,
  2. Қараев Ж.А. Оқытуда компьютерлiк технологияны пайдалану // Информатика. Физика. Математика. — — № 3.— 3–6-б.
  3. Мəлiбекова М.С. Ақпараттық технологиялар: Оқу құралы. — Қарағанды, 2000. — 60-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.