Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өзіндік жұмысты шығармашылық деңгейде ұйымдастырудың болашақ мамандарды оқыту мен тəрбиелеудегі ықпалы

Бүгінде қалыптасқан тарихи-əлеуметтік жағдай қоғамдық-саяси құрылым жан-жақты дамыған, білікті, нарық талабына шыдап бере алатын, талғамы, интеллектуалды деңгейі жоғары маманды дайындау бағытында педагогтарға үлкен талап қойылып отыр. Педагогтардың білім беру үрдісіндегі мақсаты — тек белгілі пəн бойынша білім беріп қана қоймай, осы жинаған білім қорын əр түрлі жағдайда орнымен қолдана білуге, мəнді қорытынды шығара білуге үйрету, өз бетімен байыпты, ұшқыр əрекет жасауға баулу.

Кредиттік оқу жүйесінде мемлекеттік стандарт бойынша студенттердің оқитын пəндеріне дəріс, зертханалық жұмыс, машықтану сағатымен қатар өзіндік жұмыс жасайтын уақытқа көп көңіл бөлінген. Пəнге берілген бар сағаттың 70 пайызға жуығы студенттің өзіндік жұмыс жасауына арнайы беріліп отыр.

Сондықтан да педагогтардан өзіндік жұмысты ұйымдастыруда ғылыми-практикалық тұрғыда ұтымды түрлері мен формаларын анықтап, жұмыс жоспарын тиімді құрудың əдістерін, оның қай жəне қандай дəрежеде іске асатындығына көңіл бөлген орынды [1].

Əрине, өзіндік жұмыс өзгенің көмегінсіз атқарылатын жұмыс екені белгілі. Дегенмен, ол өзіндік жұмыс пен оқытушының көмегімен жасалынатын өзіндік жұмыстың шекарасын ажырату қиын. Бірақ бұл іс жүзінде соншалықты маңызды рөл атқармайды. Қандай пəн болмасын біз оның пəндік ерекшелігіне, оқытылу əдісі мен формасына өзіндік жұмысты кіріктіре пайдаланудың мəнін білгеніміз жөн. Мысалы, химия пəнін оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырып өткізуде біз оны студенттің алған білімді игеріп, түсініп, оны түрлі жағдайда қолдана білу мүмкіндігін қаншалықты меңгергендігін тексеріп бақылау үшін қажет деп түсінеміз. Сондықтан студенттің өзіндік жұмысын жоспарлағанда оны белгілі бір үлгі арқылы тексеріп, сүлбесін жасауға жəне стандартты емес жағдайларда қолданудың бар мүмкіндігін қарастыруға тырысу қажет.

Студенттің білімін тексеру барысында белгіленген бір деңгейден екінші деңгейге өткенде білім жан-жақты барынша толығымен тексерілгені жөн, өйткені асығыстық жасауда кемшілікке, жетіспеушілікке орын беруіміз мүмкін. Өзіндік жұмыс берілген тақырып бойынша дайындалып, орындалу уақыты да тақырыптың мақсатына сай келгені жөн.

Студенттің өз бетімен жұмыс жасау қабілетін арттырып, дағдысын қалыптастыру мақсатына оқытушыға өзіндік жұмысты ұйымдастыруда аудиторияда немесе аудиториядан тыс жағдайда көп ғылыми-педагогикалық еңбек қажет. Бірақ біз қазіргі жағдайға қарайтын болсақ, онда оқытушылардың оқу жүктемесіндегі сағат көлемі өзіндік жұмыстарға берілетін тапсырмаларды, жұмыстарды шығармашылық деңгейде орындауға, əдістемелік нұсқаулармен жан-жақты толық қамтамасыз етілуін қанағаттандырмайды. Бұл əсіресе жалпы білім беретін пəндердің оқытушыларына тиісті, өйткені онда оқу жүктемесі тек аудиториялық сабақтарды құрайды. Күнделікті аудиториялық сағат саны өзіндік жұмыстарды шығармашылық деңгейде ұйымдастырып өткізуге толық мүмкіндік бермейді. Сондықтан химия, физика, математика пəндерін пəнаралық сабақтастықта мамандықпен байланыстыра оқытуды жетілдіріп қолға алу керек. Аграрлық-техникалық жоғары оқу орындарында көбіне мамандар ветеринария, техникалық ғылымдар мен технологиялар, ауыл шаруашылық бағытындағы мамандықтар бойынша даярланады. Олай болса, жалпы білім беретін пəндерден, мысалы, химиядан, физикадан, математикадан берілетін білім осы бағыттағы мамандықтар бойынша жасалатын дипломдық, курстық жұмыстардың бір тарауымен (химиялық эксперимент, математикалық есептеу) арнайы сабақтастырылатын болса, онда бізде өзіндік жұмыс шығармашылық деңгейде жан-жақты жасалуға мүмкіндік туар еді. Жоғарыда аталып өткен жалпы білім беретін пəндер барлық мамандықтар бойынша алғашқы 1–2-курстарда оқылатын болғандықтан, бізде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары сан түрлі тақырыптарда бір-бірімен байланыссыз жасалады жəне көпшілігі рефераттық түрде болып келеді. Сондықтан біз студенттердің толыққанды ғылыми-зерттеу жұмысының нəтижесін көргіміз келсе, жұмыстың жоспарлы нақты жолға қойылып белгілі бір деңгейден көрінуін қаласақ, алдағы уақытта студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыбын болашақ дипломдық, курстық жұмыстардың тақырыптарымен байланыстырып, кіріктіріп жасауға дағдыланып, қалыптастыруымыз тиіс.

Студенттің берілген тақырыпты түсінбеушілігіне немесе аудиториядан тыс берілген тапсырманың уақытында орындалмауына, уақыттың жоспарланбай тапсырма орындауға жетпеуіне əкеліп соғады.

Бірақ өзіндік жұмысты ұйымдастырудағы педагогикалық іс-əрекет жоспары болса, берілген тапсырмалар күрделілігіне қарай əр түрлі деңгейге бөлініп жіктелсе, орындалатын уақыты дұрыс белгіленсе ғана, оңды нəтиже болуы тиіс. Сондықтан да оқытушыға өзіндік жұмыстың формалары мен түрлерін біліп, оның оқу үрдісіндегі қолданудың мүмкіншілігін білген жөн.

Өзіндік жұмысқа қойылатын талаптарға сəйкес, біз оларды: үйретуші, жаттығу, бекітуші, қайталау, дамытушы, шығармашылық, бақылау өзіндік жұмыстары деп бөлуімізге болар еді [2].

  1. Үйретуші өзіндік жұмысы — оқытушының жаңа тақырыпты түсіндіру арқылы студенттің жасайтын өзіндік жұмысы. Бұл студенттің жаңа тақырыпты қаншалықты түсініп отырғаны жөнінде мəлімет бере алады. Мұндағы басты мақсат — тексеру емес, үйрету.
  2. Жаттығу өзіндік жұмысы белгілі бір заңдарға, заттардың қасиеттеріне, ережелерге сүйенетін бір типті тапсырмалар жиынтығынан тұрады. Бұл тапсырмаларды орындауда түрлі оқу құралдары, тірек материалдар пайдаланылады. Үлгерімі нашар студент үшін бұл өте қолайлы.
  3. Бекітуші өзіндік жұмыс студенттің логикалық ойлауын жəне түрлі ережелер мен заңдарды мəселелі жағдайларға тиімді қолдану қабілетін дағдыландырады. Бұл студенттің оқу материалын қаншалықты игергендігін көрсетеді. Тақырып бойынша қосымша дайындалудың қажеттілігін немесе білімінің жеткілікті екендігін анықтайды.
  4. Қайталау өзіндік жұмысы (жалпы немесе тақырып бойынша) оқытушы жаңа тақырыпты түсіндіріп бастар алдында жүргізіледі. Оқытушы бағдарламаға сəйкес жаңа материалды түсіндіру кезінде студенттің алған біліміндегі олқылықты, өзінен жіберілген кемшілікті анықтайды.
  5. Дамытушы өзіндік жұмысы тапсырмалары белгілі бір тақырып бойынша баяндама дайындау, пəндік олимпиадаға дайындау, ғылыми-практикалық конференцияға дайындау, т.б. зерттеу, оқытушыға да студентке де ізденісті қажет ететін бағыттағы жұмыстарды жүргізетіндей жинақтық, ізденгіштік, зерттеушілік дағды қалыптастырады.
  6. Шығармашылық өзіндік жұмысы — өзіндік жұмыстың ең жоғарғы деңгейі. Студенттің жинақтаған білімін түрлі мəселелі жəне əдеттегі қарапайым жағдайларға қолдана білуі өзінің білімінің сан қырлы жағын жан-жақты аша отырып, сапалы қолдануды көрсетеді.
  7. Бақылау өзіндік жұмысы жоспарлы оқыту үрдісінің ең қажетті шарты жəне оқыту мақсатының негізгі формасы болып табылады. Өйткені оқыту жəне тəрбиелеу үрдістері үнемі қоғамның бақылауында болады. Адам қоғамда өмір сүретіндіктен, өзінің бар тіршілігінде қоғамдағы басқа адамдардың бақылау объектісіне айналады. Бақылау арқылы біз іс-əрекетімізді жоспарлаймыз, ұйымдастырамыз, түзетулер енгізіп ретке келтіреміз, алынған нəтижені талдап, болашақты болжаймыз, басқамен салыстыра отырып дамытамыз, нəтижесін тексеріп бағалаймыз, өзімізді де, өзгені де тани аламыз, салыстыра отырып сынаймыз.

Өзіндік жұмыстың негізгі формаларына кітаппен, оқу құралдарымен арнайы жұмыс, жаттығулар орындау, практикалық жəне зертханалық жұмыстарды орындау, семинарға қатысу, өзін тексеру, бақылау, диктант жұмыстары, баяндама, реферат дайындау, тəжірибе, сынақ т.б. жатады. Соған орай өзіндік жұмыстың түрлері үнемдемелі, реконструктивті, эвристикалық, шығармашылық т.б. деп бөлінеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. — Алматы: Фолиант, 2002. — 265 с.
  2. Галиев Т.Т. Системный подход к интенсификации учебного процесса. — Алматы: Ғылым, 1998. — 289 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.