Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дифференциалды оқыту əдістемесі арқылы кəсіптік мектеп оқушыларының экономикалық білдімдерін қалыптастыру

 Қазіргі əлеуметтік-экономикалық жағдай мұғалімдердің алдында тұрған оқу-тəрбие жұмысын жетілдіруде оқушының өзіндік, шығармашыл ойлауын дамыту жəне білім деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ету міндеттерін маңызды күрделендірді. Көп уақытқа дейін барлық оқыту жəне тəрбие əдістемесі оқушының орташа деңгейіне бағытталды. Онда оқушылар сыныбы жекелеген тұлғалардан тұрады, яғни олардың əрқайсысының өзіне тəн психологиялық жəне адамгершілік ерекшеліктері, өзінің қызығушылығы жəне бейімділігі, шындықты көруі болды. Мұндай құбылыстың себебі тəрбиелей жəне дамыта отырып оқыту тұлғаға тікелей емес, оның дамуында «ішкі жағдай» арқылы əсер етті.

Ішкі əлемнің əр түрлілігі əр баланың ерекшелігін анықтайды. Оқушылардың оқуын ұйымдастыруда мұндай факторларды жеткіліксіз есептеу «орташа оқушының» пайда болуына əкелді. Əрбір оқушының ішкі дүниесінің бірегейлігі, оның ерекше дүниетануы кəсіптік мектеп оқушысы танымдық мүмкіндіктерінің пайда болуын қамтамасыз етеді. Мектепте мұндай ерекшеліктерді ескеру оқытудың қызметтік жəне мотивациялық аспектілерін жоғарылатуда көрінетін əрбір оқушының дұрыс нəтижелерге жетуінде басты роль атқарды. Оқытуда оқушылардың барлық ерекшеліктерін ескеруді жүзеге асыратын құрал дифференциация болып табылады [1].

Дифференциацияның мəні — оқушыларды бөлу емес, оларды біріктіруде дер кезінде дифференциалды көмек көрсету.

Тиімділігі — мұғалім оқушылардың жұмысын бақылап қана қоймай, осы уақытта жеке оқушылармен жекеше жұмыс жасайды. Оқушылар үш режимде жұмыс істей алады: мұғаліммен бірігіп, жеке жəне өз бетімен мұғалімнің жетекшілігімен [2].

Кеңестік мектепте дифференциалды оқытудың алғашқы формасы дарынды дəрежесі бойынша дифференциация болып табылады. Дарынды балалармен жұмыстың тəжірибесінде əдебиеттер мен əдістемелер болмағандықтан, дифференциалды оқытудың аталған формасы баланың психикасына, яғни, тым ашушаң, қызбалы болуына əкелді. Бірақ оның жағымды да жақтары болды: үлгерімі нашар жəне даму жағынан кем балаларды есіркеу жəне соған байланысты əдістемелер қолданылды.

Дифференциалды оқытудың келесі формасы арнайы технология пəнін үйлестіруде кəсіби мектеп оқушыларының қабілеті бойынша дифференциациялау қолдану ұсынылады. Бұл тəсілдің негізгі кемшілігі — жалпы білімділігін бағаламау.

Бұл кезең дифференциалды оқытудың екі формасымен ерекшеленеді: а) дарынды дəрежесі бойынша дифференциация; ə) еңбекке баулу курсымен үйлестіруде қабілеті бойынша дифференциация.

Кеңестік үкімет кезінде барлық оқу-тəрбие процесінде қатаң тəртіп белгілеуді жою туралы қаулы қабылдайды. Барлық орта білім беру мекемелеріндегі оқушыларды жалпы білім беруге дайындауға жəне толық емес орта мектептер үшін бірыңғай талаптар бекітіледі. Бұл жылдарда мектеп қызметінің бірыңғай оқу жоспары бойынша оқу-тəрбие процесін құруға жəне оқу пəндерінің мазмұнын қалыптастыруға бағытталды.

Осыған байланысты дифференциалды оқыту пікірін өңдеу білім берудің регламенттік мазмұны негізінде жүзеге асты. Бірақ ғылыми көзқараста дифференциалды оқытудың шекарасын анықтау қажет болды. Осы мəселеге алғаш рет 1946 жылы Н.К.Гончаров назар аударды. Ол дифференциалды оқытудың шекарасын ғылымның екі тобы — табиғат жəне қоғам негізінде анықтау керек деді. 1950- жылдың ортасында орта мектепте дифференциалды оқыту бойынша эксперимент жүргізудің дайындық жұмысы басталады. Бұл жұмысты М.А.Мельников, А.М.Арсеньев, Н.К.Гончаровтар жүргізді. Дифференциалды оқыту бойынша жүргізілген экспериментті жұмысты ұйымдастырудың негізгі принципі келесілер болды: «мектеп үш бірыңғай міндетті шешу керек, яғни кəсіптік, политехникалық жəне жалпы білім беру, дифференциацияны жалпы білім берумен шектемеу керек» [3].

Авторлар дифференциалды оқытудың мақсатын үш бағытта қарастырады: психологиялық- педагогикалық, əлеуметтік жəне дидактикалық. Біз үшін дифференциалды оқыту мақсатының бірінші жəне үшінші бағыты қажет. Психологиялық-педагогикалық көзқараспен дифференциалды оқыту дифференциалды оқытудың мақсаты былай анықталады: «Əрбір оқушының қабілетін жəне қызығушылығын дамыту, келешегін анықтау үшін қолайлы жағдай жасауға негізделген оқытудың жекешеленуі».

Дидактикалық көзқараспен авторлар дифференциалды оқытудың мақсаты: «мотивациялық, принциптік ережеге негізделген жаңа əдістемелік жүйе құру жолымен мектеп мəселесін шешу» керек деді. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, авторлардың ойынша, оқыту процесін икемді оқу əдістемесімен қамтамасыз ету.

В.М.Монахов, В.А.Орлова, В.В.Фирсов дифференциалды оқытудың келесі формасын ұсынады:

  1. Ішкі (деңгейлік) дифференциация — барлық оқушылардың дайындықтық міндетті базалық деңгейін меңгеруге білімді қабылдауда əр түрлі деңгейдің бөлінуі негізінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, ұйымдастыруда оқытудың əдісі, формасы жəне тəсілінің жиынтығы.
  2. Сыртқы дифференциация — білім беру мазмұны жəне оқушыларға ұсынылған талаптар ескерілетін, белгілі принциптер негізінде (қызығушылық, қабілеттілік, нəтижеге жету, бейімделгіштік) тұрақты топ құру.

Авторлар алғаш рет ішкі дифференциацияны оқытудың нəтижесін жоспарлауда деңгейлік дифференциация жүйесінің формасында жүзеге асыру мүмкіндігін көрсетті [4]. Өңделген тұжырымдама оқу пəндерін оқытуда дифференциалды оқытудың əдістемелік принциптер жүйесін, оқу жоспарын қалыптастыру жəне білім беру мазмұнын сұрыптау принципін, қазіргі кезеңде дифференциалды оқытудың негізгі мəселесін шешуде жалпы амалды жəне дифференциация жүйесін мақсатты құруды анықтады.

Сонымен, үшінші, яғни дифференциалды, оқыту пікірін дамытудың қорытынды кезеңін мектептік білім беруді бұқарашылдандыру жағдайында дифференциалды оқытудың жүзеге асуы үшін, жаңа амалдарды анықтау кезеңі деп атауға болады жəне ол дифференциацияның сыртқы формасын əрі қарай жетілдіру жəне дамытумен сипатталады.

Дифференциалды оқытудың болашағы оның формаларының жаңа типологиясын жүзеге асырумен байланысты. Мəні келесі:

  • оқушылардың ерекшелігінің типологиясы негізінде тұрақты класс немесе топ құру;
  • оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, жан-жақты дайындықты жүзеге асыру.

Барлық оқушылардың оқуға қабілеттілігінің дамуы мен дайындық деңгейі бірдей болмаған жағдайда дифференциалды оқыту технологиясы қолданылады.

Сыныпты топқа бөлу бір-бірінің жұмысын өзара тексеруде жəне ұйымдастыруда көмектеседі. Сабақта сұрау топ бойынша жүргізілетіндіктен, тапсырманы орындауда өзара жауапкершіліктері жоғарылайды, тобына байланысты əрбір оқушыға шамаға шақ жеке тапсырмалар беріледі.

Осыдан дифференциалды оқыту үлгерімі нашар оқушыларды жаңа материалды қабылдауға, дайындауға, білімдегі кемшіліктерді уақытында жоюға, күшті танымдық мүмкіндіктерін кең қолдануға, біртіндеп пəнге деген қызығушылығын көтермелеуге мүмкіндік туғызады [5].

Дифференциалды оқыту процесі — бұл оқушылардың оқуға қабілетінің, бейімділігінің, қажеттілігінің, психологиялық-педагогикалық диагностиканың нəтижесінде, оқу əрекетін ұйымдастыруда əр түрлі формалар мен тəсілдерді кең түрде қолдану. Бұндай формалар мен əдістерді қолдану, соның ішінде дифференциацияны оқушылардың жеке қабілеттеріне сүйене отырып пайдалану, экономикалық білім беру процесінде тұлғаның дамуы үшін жақсы жағдай жасайды. Осыдан:

  • əрбір оқушыны   жеке   тұлға      ретінде      жəне      оның     өзіне     тəн    ерекшелігін   ескермей, дифференциалды оқыту процесін құру;
  • дифференциацияға негізделіп       оқытуда      мақсат      болмайды,       бұл     тұлғаның       ерекшелігін дамытудың тəсілі;
  • дифференциалды оқыту      процесінде   əрбір      оқушының    жеке    ерекшелігін   дамытуды экономикалық білім беру процесі кезінде жүзеге асыруға болады [6].

Кəсіптік мектепте оқу іс-əрекетін дифференциалды ұйымдастырудың негізгі міндеті — жекелік, даралық қасиетін ашу, оған экономикалық жағдайларды таңдауға, іріктеуге, байқауға, төтеп беруге көмектесу. Дифференциалды оқыту əрбір оқушының қабілеті мен талабын дамыту жəне арттыруға саяды. Осы негізде ауылдық кəсіби мектеп беру мектептерінің жалпы білім беру деңгейі барлығы үшін бірдей болу керек.

Дифференциалды оқыту шартына байланысты оқушының дербестігін дамытуда экономикалық білім беру мақсаты тұлғаның өзіндік ерекшелігін ескере отырып, білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру болып табылады [7].

Оқыту процесінің барлық кезеңдерінде оқушыларға «бірдей талаптарды» олардың ерекшеліктерін, жеке психологиялық дамуын ескермей жүзеге асыру, оқушылардың нормалы оқуына бөгет жасайды, оқуға деген қызығушылықтарын жоғалтады. Оқу қызметін дифференциалды ұйымдастыру, бір жағынан, оқушылардың ақыл-ойының даму деңгейін, психологиялық ерекшеліктерін, абстрактілі-логикалық ойлауын ескереді. Екінші жағынан — тұлғаның жеке мұқтаждығын, нақты білім беру аймағында оның қызығушылығы мен мүмкіндігін назарға алу. Оқу қызметінде бұл екі жағдай бір-бірімен қиылыспайды.

Экономикалық білім беруде дифференциациялық оқыту технологиясы жүзеге асыруды қажет етеді:

  • оқушылардың оқу мүмкіндігін жəне жеке ерекшелігін зерттеу;
  • оқушылардың топқа бөліну критерийлерін анықтау;
  • экономикалық білім беруді басқаруда оқушылардың дағдысын жəне қабілетін жетілдіре білу;
  • қиыншылықты байқай отырып, олардың жұмысын талдай білу;
  • оқу процесін басқаруға бағытталған оқушылардың болашақ əрекетін жоспарлау;
  • оқыту орынды болу үшін дифференциалдық тəсілдерін тиімді пайдалана білу [8].

Дифференциалды оқыту теориясына сəйкес оқушылардың оқу əрекетін дифференциалды ұйымдастыру əрекеттестікке жəне бірлестікке жақсы жағдай жасайды. Оқу қызметін дифференциалды ұйымдастыру бірыңғай білім беру кеңістігінде экономикалық білім беру процесінде оқушылардың тұлғалық дамуына байланысты.

Қоғамды қайта құру жағдайы, саяси жүйе жəне экономика реформалары халықтың руханилығын белсендіруде, адамның интеллектуалды дамуындағы рөлі мен маңыздылығы жоғарылайды.

Мектепте жəне жоғары оқу орнының процесін бұқараландыру жəне гуманизацияландыруды анықтайтын фактор — дифференциалды оқыту болады. Оның мақсаты — оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын дамытып, талабын анықтау үшін жақсы жағдай құру, жаңа ойларға жол бастаушы— мұғалім. Білім беру жəне басқа да облыстардағы реформаның жетістігі мұғалімге тəуелді.

Дифференциалды оқыту пікірі жақсылық емес. Ресейде алдыңғы қатарлы педагогтар баланың қабілеті мен талабын дамытатын жəне ескеретін мұндай оқытудың қажеттігін түсінді.

Қазіргі жоғарғы білім беру жəне ауылдық кəсіптік мектептерде дифференциалды оқыту жүзеге асыруда психологиялық-педогогикалық, ғылыми-əдістемелік сияқты мəселелермен ұштасады. Осындай мəселелермен Қазақстан Республикасының ауылдық кəсіптік мектептерінде экономикалық білім беруге оқытуда қақтығысады [9].

Кəсіптік мектептерде экономикалық білім беруді жақсарту əрбір оқушының қабілетін, ерекшелігін, талантын дамыту үшін тиімді жағдайлар жасау бағытында жүргізілуі керек.

Болашақта ауылдық кəсіптік мектепте білім беру жүйесін жоғары көтерудің негізгі бағыты деп аталатын болды. Шет мемлекет мектептерінде бұл бағыт тəжірибеге байланысты жүргізіледі.

Дифференциалды оқытуды ұйымдастырудың негізі — кəсіби мектеп оқушыларының оқу іс- əрекеттеріне əсер ететін жəне оқу нəтижесінде тəуелді психологиялық ерекшеліктерін ескеру. Оқушыға дифференциалдық мүмкіндігі оларда əрекет қабілетінің болуымен анықталса, қажетілігін- қабілетін арттыру үшін тиімді жағдайлар жасау міндетімен белгіленеді. Психологтар балалардың қабілеттері жасөспірім шағында байқалып, қалыптаса бастайтынын дəлелдеді. Осы жаста баланың терең, тұрақты қызығушылықтары пайда болады, айналасына көз жүгіртіп, белсенді, саналы қарым- қатынас қалыптасады, шығармашылық ойлауы дамиды.

Оқу əрекетіндегі жетістік оның мотивациялық тəуелді, ал себебінің бірі танымдық қызығушылық болады. Оқу процесінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ескеру мотивацияны жоғарылату, бар ынтасын тереңдету жəне жаңасын қалыптастыру мақсаты қажет. Осыдан оқушының танымдық қызығушылығына қатысты дифференциалдық қажеттігі мен мүмкіндігі байқалады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Копжасарова М. Развитие идей дифференцированного обучения в теории и практике общеобразовательной школы //Ізденіс. — 2001. — № 1. — С. 123–129.
  2. Зайберт Т. Дифференциация и индивидуализация как необходимые условия повышения эффективности обучения //Советская педагогика. — 1889. — № 3. — С. 56–59.
  3. Гончаров Н.К. Вопросы педагогики. — М.: АПН РСФСР, 1960. — 374 с.
  4. Унт И.Э. Индивидуализация и дифференциация обучения. — М.: Педагогика, 1990. — 192 с.
  5. Концепция дифференциации обучения в средней общеобразовательной школе / Под ред. В.М.Монахова, В.А.Орловой.— М., 1990. — 195 с.
  6. Монахов В.М., Орлов В.А., Фирсов В.В. Дифференциация обучения в средней школе // Советская педагогика. —— № 8. — С. 42–47.
  7. Новикова Л.И. Дифференцированный подход к учащимся в процессе обучения // Начальная школа. — 2002. — № 1. —С. 48–51.
  8. Вендровская Р.Б. Уроки дифференцированного обучения: из истории советской школы // Советская педагогика. — 1990. — № 11. — С. 78–86.
  9. Шахмаев Н.М. Учителю о дифференцированном обучении. — М.: Педагогика, 1988. — 140 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.