Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бастауыш сыныптарда ана тілін оқытуда оқушылардың шығармашылық іс-əрекетін қалыптастыру мəселелері

Еліміздің болашағы ұрпақ тəрбиесінде, оқу-тəрбие процесінде өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің, нарықты экономика кезеңінің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мəдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылық, кəсіби біліктілігі мен білімділігін керек етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауының он жетінші бағытын — Бастауыш жəне орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін əлемдік стандарттарға жақындату деп атап, онда бүкіл еліміз бойынша əлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың əр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек, — деп көрсетті [1].

Осы бағытты жүзеге асыру үшін 12 жылдық орта білім беруде 1 сыныпқа 6 жастан қабылдау мəселесі шешілді. Бұған, əрине, ресей ғалымдары П.И.Гальперин, Д.В.Выготский, В.В.Давыдов, Л.В.Занковтың жəне тағы басқалардың бастауышта оқыту жөніндегі еңбектерімен бірге республикамыздағы əдіскер-ғалымдардың Қ.А.Аймағамбетова, С.Р.Рахметова, В.К.Павленко, Ұ.Бота- баева жəне тағы басқаларды айтауға болады.

1980 жылдардан бастап алты жастағы балаларды мектептің 1-сыныбына қабылдауға байланысты жүргізген зерттеу жұмыстары негіз болды.

Алты жасар баланың негізгі іс-əрекеті ойын екендігі ескеріліп, оларға оқушының ойын дамыту мақсатымен нақты зат арқылы əрекет ету тұстары жүзеге асырылды. Сондықтан алты жастағы балаға білім беру сабақтарында негізінен дидактикалық ойындар пайдаланылды.

Белгілі педагог М.Жұмабаев: «Ойын — бала үшін өмірлік тəжірибе. Ойын барысында бала өзін қоршаған орта туралы алған білімін пайдаланады. Ойын кезінде бала терең əсер алып, үлкен белсенділік көрсетіп, қисынды ойлау қабілеті күшейеді, ойынды баланың тілін дамыту үшін де пайдалану керек», — деп бекер айтпаған.

Сонымен, ғалымдардың пікірінше, ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:

  • еркін дамытушы іс-əрекет, ол əрекет белгілі бір нəтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты;
  • ойынның мазмұнын сипаттайтын жағдайлар;
  • ойынның қарым-қатынас қызметін атқарып, тілін дамытудағы маңызы;
  • əрекеттің эмоционалды жағына көтеріңкі болуы, яғни жарыстың орын алуы, деген қағидаларға сүйендік.

Психологтардың зерттеулері ойын арқылы бала өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры байитындығын дəлелдеп отыр. Сондай-ақ ойын үстінде балалардың тілін дамытып, ойын жүйелі айта білуге үйрету мұғалімнің басты парызына айналмақ. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері дамып, қабілеттері мен белсенділіктері артатындығы олардың психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерінің өзі, сабақты ойын түрінде ұйымдастыруды керек ететіндігі белгілі.

6 жастан 1 сыныпта оқытудың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту үрдісін бұл жаста негізінен ойын түрінде жүргізілу ұсынылды. Балалардың психологиялық ерекшелігіне сəйкес, сабақта ойын элементтерін көбірек пайдалану қажет. Кіші мектеп оқушыларының ойлау жəне танымдық іс-əрекетін жандандырудың, дербестігін дамытудың маңызды шарты қызықты материалдар мен ойындар. Ойын оқушының белсенділігін оятады, қабілеттерін іске асыратын əсерге бөлейді. Ойын əрекеті зейіннің, естің, ойлаудың, қиялдың бүкіл танымдық процестердің дамуына əсер етеді. Сабақты ойын түрінде ұйымдастыруда төмендегідей талаптардың орындалуы қажет:

  • құрбыларымен бірлескен ойында дамып отыратын сюжетке байқампаз болуы;
  • аяқ астынан күтпеген жағдайға тап болған сəтте не істеуі керек екенін тез байыптауы;
  • ол қиялындағы затты, жағдайды көз алдына елестете отырып, ойынға қатысушы балалардың мұның ұсынысын қабылдап, қанағаттанатындай əрекет ете білуі.

Сонда ғана бала ойын үстінде өзін-өзі жеңуге дағдыланып, шынайы қанағат сезіміне бөленіп, жеке тұлға ретінде қалыптасады. Ойын баланың ақыл-ойын дамытуға үнемі ықпалын тигізеді. Ойды дамытудың мəні балада тікелей қабылданатын көрнекі жағдайда да, зат арқылы əрекет етуді үйренумен сипатталады. Сөйтіп, ойын баланы түсініктер жоспарына сай ойлауға баулиды. Алты жастан оқытуда сабақта негізінен дидактикалық ойындар пайдаланады.

Педагогика жəне психология қазақ тілі терминдерінің салалық түсіндірме сөздігінде: дидактикалық ойындар дегеніміз — оқыту мақсатын жүзеге асыруға арналған ойындар. Олар оқушының байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарды дамытады деген анықтама берілген [2].

12 жылдық білім беруде оқу жүктемесін азайтып, оқушының бос уақытын жеке қабілеті мен ізденуге жұмсауға мүмкіндік туғызу көзделеді. Ал мұның өзі білім беру парадигмасының пəндік білім беруден тұлғалық-бағдарлы бағытқа көшуінен туындап отыр.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту парадигмасының негізінде əрбір оқушының бірегей мəнін жəне оның оқу өрісінің даралығын тану ниеті жатыр. Мұғалімнің рөлі білім беру, біліктіліктер мен дағдыларды сіңіруде ғана емес, оқушы өзінің жеке əлеуетіне сүйенетін жəне оқытудың жаңа технологиясын пайдаланатын тиісті білім беру ортасын құруда болып табылады.

Оқушы жеке тұлғаға бағдарланған білім беру жүйесінің субъектісі ретінде көрінеді. Сондықтан да педагогикалық үрдістің технологиясын үлкен жауапкершілікпен жасау қажет. Мұнда əрбір оқушының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескеріліп, оның дамуына жағдай жасалуы тиіс. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту үрдісінде оқушының өзін іс жүзінде көрсетуіне жəне оқытылатын пəндерді меңгеру барысында өзінің жеке қасиеттерін дамытуға арналған оқушы мен мұғалімнің бірлескен, ынтымақтастық іс-əрекеті түрінде көрінеді. Ынтымақтастықтағы оқыту үрдісі əрбір оқушының өзінің даму деңгейіне сəйкес оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұғалім өзінің іс-əрекеті арқылы педагогикалық үрдісті шығармашылықпен түрлендіре алады. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту процесінде мұғалім жетекші, қуат беруші, жігерлендіруші рөл атқарады.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың басты мақсаттарының бірі оқушылар білімінің дербес модельдерін іске асырудың бір мезгілде жүргізілуі бұл кезде əрбір оқушыға барлық оқу пəндерін меңгеруде өзіндік білім алу өрісін жасау мүмкіндігі беріледі. Оқушы оқытудың дара мақсаты мен мазмұнына оқытылатын пəндерді таңдауға, оқу материалдарынан озып кетуге жəне оны тереңдетуге, оқытудың қарқынын, нысандары мен əдістерін таңдауға құқылы болады. Білім берудің жеке өрісі оқушыдан тиісті іс-əрекет түрлерін жүзеге асыруды талап етеді. Жеке тұлғаға бағдарланған оқытуды ұйымдастыру мұғалімдерден төмендегідей міндеттерді іске асыруын көздейді:

  • əрбір пəн бойынша сабақта, тақырыпта мақсатты нақты таңдай білу;
  • əрбір пəннен меңгертілетін ұғымдар мен түсініктерді жете білуі;
  • білім берудегі міндеттерді шешуде əдістерді, рефлексия тəсілдерін, өзінің іс-əрекетін шығармашылықпен ұйымдастыру;
  • жекелеген пəндер бойынша ізденімпаздық, шығармашылық жұмыстарды жүйелеп пайдалана білуі.

Бастауыш сынып оқушыларына меңгертілетін білім мазмұны оқулықта баяндалатыны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда тұлғалық-бағдарлы білім берудегі негізгі құрал оқулық десек, оның сапасы мен атқаратын қызметін жете түсінуге көңіл бөлу қажет. Оқулықтар қай заманда да сол тұстағы ғылым жетістіктерін, мəдениет жəне əдебиет деңгейі мен халқының салт-дəстүрін оқушыларға жеткізетін, білім беретін негізгі құрал. Оқулыққа нақтыланған, айқындалған, қоғам талабына сай, зерттеу талқысынан өтіп, ғылымға айналған шындықтар ғана енгізіледі. Оқулық мазмұны тікелей сол пəнді оқытуға қойылатын талаптан туындайтын белгілі. «Əдебиеттік оқу» пəнінен білім беру үрдісінде келесі мақсаттар көзделеді:

  • көркем шығармашылық арқылы ұлттық жəне жалпыазаматтық құндылықты, ұлттық салт- дəстүр мен əдет-ғұрыпты құрметтейтін, рухани-адамгершілік қасиетті, көркемдік талғамы, ұлттық сана сезімі, отаншылдығы, қазақстандық патриотизмі қалыптасқан тұлға тəрбиелеу;
  • «Əдебиеттік оқу» пəнінен меңгерген білімін, білігі мен іскерлігін, дағдысын оқу мен тəрбие үрдісінде шығармашылықпен пайдалана білуін дамыту;
  • меңгерген білім, білік, іскерлік, дағдыны өмірде іс-тəжірибеде қолдана білуге үйрету. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда келесі біліктіліктер айқындалады:
  • оқу-интеллектуалдық біліктілік — оқу үрдісінде мақсаттылық, жоспарлық, жүйелілік, шығармашылық сипаттардың ұштасуы;
  • əдебиеттілік біліктілік — əдебиет теориясынан қарапайым түсініктердің берілуі;
  • танымдық-тəрбиелік біліктілік — көркем шығарманың қоршаған ортаны танып-білуге жəне оған мəдени қатынас жасауда дұрыс бағдардың берілуі;
  • эмоционалды-эстетикалық біліктілік — шығарманы эмоционалды көркемдік тұрғыдан меңгеріп, соның негізінде оқушылардың сезімдік, көркемдік талғамының қалыптасуы.

Барлық пəнге арналған оқулық мазмұнының өзіндік ерекшелігі бар. Олар:

  • I ерекшелігі — оқушылардың жас ерекшелігіне сəйкес материал көлемінің шағындығы;
  • II ерекшелігі — берілетін мəтін көлемі шағын болғанмен тақырып мазмұнының ғылымилығы, этикалық, эстетикалық жақтарының ұстанымдылығы;
  • III ерекшелігі — оқулық тілінің түсініктілігі, нақтылығы, тұжырымдылығы;
  • IV ерекшелігі — берілген мазмұны оқушылардың ойын, тілін дамытуға, олардың сабақ барысында өздігінен жұмыс орындауына жағдай туғыза алатындай болуы;
  • V ерекшелігі — оқулыққа енген мəтін мазмұны оқушыларға берілетін білімнің олардың өмір тəжірибесімен байланыстылығын қамтамасыз етуге қолайлығы.

Оқулықта міндетті түрде ғылыми мағлұматтар беріледі, оны оқушыларға дұрыс жəне тиянақты түсіндіру үшін мұғалім тақырып мазмұнын айқындай түсетін қосымша ақпараттар іздестіреді. Олар оқулықтағы тақырыпқа байланысты берілген суреттер, сұрақтар мен тапсырмалар, сызбалар. Осы аталған əдістемелік аппараттар тақырыпқа байланысты жеткілікті болған жағдайда ғана тақырып мазмұны сол пəннің мақсатына сай болатыны ескеріледі. Жоғарыдағы аталған ерекшеліктерді ескере отырып, 12 жылдық орта білімнің бастауыш сатысының əдебиеттік оқу пəніне арналған оқулығының сапалы жазылуына назар аударған авторлардың басты ұстанған принципі тұлғалық-бағдарлы, нəтижелі-шығармашылық қызмет, кіріктіру, пəнаралық байланыста оқыту жəне т.б. нəтижеге бағдарланған білім жүйесін құру болды. Оқулық — нақты пəн бойынша берілетін негізгі оқу кітабы. Оқулықта пəннің бағдарламасы толық ашылады. Оқулық — бұл оқушы мен оқытушының бірлескен əрекеттерінің құралы. Бұдан оқулықтың білім берудің құралы екені жөнінде дəлелді қорытынды шығады.

Қай оқулық болса да, ғылым негіздерін баяндап, сол ғылымның зерттеу əдістерінен, ұстанымдарынан, заңдылықтарынан мағлұмат береді. Жылдық білім беруде əдебиеттік оқу пəні бойынша бастауыш сыныптарда оқушыларға білім берудегі басты құрал оқулық екенін ескерсек, оның мазмұны балалардың ғылыми дүниетанымын дамытудағы білімін кеңейтуге, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға ықпалын тигізері сөзсіз. Əдебиеттік оқу пəнінің жалпы мақсаты — оқушылардың дұрыс, түсініп, мəнерлеп, шапшаң оқуын жетілдіру, əдеби сауатын ашу. Сауатты оқушы кітап оқуға əдеттенген, кітапты өзін қоршаған əлемді білуге жəне өзін-өзі танудағы құрал ретінде пайдалана алатын, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыруға, ізденімпаздыққа үйретуге, шығармашылық іс-əрекетті қалыптастырып, жоғары сыныптардағы əдебиеттің жүйелі курсын оқып білуге дайындайды.

Ана тілінің қоғамдық-əлеуметтік мəні туралы Ж.Аймауытов: «Ана тілі — халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мəңгі құламайтын бəйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дəуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі», — деген [3].

Біз ресейлік белгілі психологтар Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, Д.В.Эльконин, Н.Ф.Талызина, Л.В.Занковтардың тұжырымдамаларындағы ортақ қағидаларды ескере отырып, профессор С.Р.Рахметованың жетекшілігімен 2–4 сыныптардағы «Əдебиеттік оқу» пəні бойынша оқулықтарда төмендегідей мəселелерге назар аудардық:

  • оқушылардың оқу əрекетін қайта құрудағы мақсатымыз олардың үлгерім деңгейін көтеру ғана емес, интеллектуалдық күшін, мүмкіндіктерін дамытуды практикалық əрекеттен ақыл-ой əрекетіне айналуына;
  • басты назарды оқушылардың белсенділігіне аударып, ойлау процесімен бірге таным процесінің ішіндегі ең жоғарғысы қиялды қозғауға көңіл бөліп отырмыз. Өйткені шығармашылық жұмыстардың барлығына дерлік шығармашылық немесе қайта жасау қиялы жатады. Жаңа бейне жасау — қиялдың жұмысы. Сондықтан да біздің оқулықтарымыздағы əдістемелік аппарат оқушыны салыстыру, жалпылау, нақтылау, талдау, жинақтау, дерексіздендіруге үйрету ғана емес, онан əрі балаға елес туғызу, шығармашылыққа үйрету болып табылады. Оқу əрекетінде проблемалық міндет қоя білу, оны шешуге қажетті ұғымдар мен ережелерді табу, нəтижеге жету, тағы басқалар оқушының ойлау əрекетінің іске асуына жоғары талаптар қояды. Мұның өзі оқушы қиялын қозғап, ақыл-ой еңбегінің бір түрі зейін-зерденің ойдағыдай дамуын қамтамасыз етеді;
  • оқу мен дамудың ара қатынасы жөніндегі қағида бойынша балалардың теориялық білімдерінің деңгейін көтеруді 1-ші сыныптан бастау қажет. Оқушының алдына қойған проблемалық жағдаяттар мен тапсырмаларды шешуде күш жұмсауға мəжбүрлеу жолдары қарастырылды. 1-ші сыныпта «Сауат ашу» пəні деп аталып, ол «Əліппе» жəне «Оқу кітабы» деген екі оқулықтан тұрса, 2– 4 сыныптарда «Əдебиеттік оқу» деп аталатын пəнмен жалғасады. Оқулықта берілген материалдар, яғни білім мазмұны, сыныптан сыныпқа өткен сайын біртіндеп күрделеніп, тереңдеп, сабақтастықта жалғасып отыруына назар аудардық.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-əрекетін ұйымдастыру оқыту процесінде төмендегі дидактикалық принциптерді басшылыққа алып, жүзеге асырылады.

Оқытудың ғылымилығы принципі маңызды болып есептелінеді, себебі ол ғылым мазмұны мен оқу пəнінің байланыс заңдылықтарына сүйенеді. Бұл принцип оқу пəні мазмұнының ғылыми таным, пайда болу, өзгеру жəне даму моделіне сəйкес жəне ғылыми фактілермен, ұғымдармен, заңдармен, теориялық дəлелденгенін талап етеді.

Мұның барлығы логикалық ойлау қабілетін дамытады, танымдық ғылыми принциптеріне сүйенеді. Ғылымилық принципті іске асыру оқу пəнінің (тіл) қазіргі жағдайлардағы, болашақтағы орны жайлы ғылыми түсініктерді қалыптастырады, шығармашылық іс-əрекеттің көрінуіне ықпал етеді.

Жанрлық жəне авторлық принциптерді пайдалану əр түрлі жанрда жазатын бір автордың бірнеше шығармасын бір уақытта қарастыру, мысалы, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, М.Əуезовтардың көркемдік сюжеттік əңгімелері, өлеңдері, ертегілері. Түрлі авторлардың бір жанрда жазған шығармалары салыстырмалы түрде қарастырылады.

Көркемдік-эстетикалық принцип 1–4 сыныптар оқулығы мен хрестоматиясына енген шығармаларды оқу мақсатында таңдап алуға негіз болды. Ол ғасырдағы қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин, Ж.Жабаев, А.Құнанбаев, қазақ əдебиетінің классиктері І.Жансүгіров, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, О.Сүлейменовтардың шығармалары.

Халық ауыз əдебиеті оқушылар алдына қоршаған дүниенің байлығын жəне адамдардың қарым- қатынасын ашады, эстетикалық сезімдерін ұштайды, болмысқа деген өзіндік көзқарасын қалыптастырады.

Балалардың көңілі, олардың алдына тек қарапайым танымдық мəтіндер емес, қоршаған дүние жəне адамдар қарым-қатынас байлықтарын ашатын, үйлесімділік сезімдерін болмысқа деген өзіндік қарым-қатынасын қалыптастыратын сөз өнері шығармалары екендігіне аударылады. Бұл принцип өнердің барлық басқа түрлерінің арасындағы байланыстың белсенді тұрақтылығын қарастырады.

Əдебиеттану принципі əдеби шығармамен танысып, оны талдағанда іске асады. Сөзге ерекше көңіл бөлінеді, себебі ол көркемдік бейне жасаудың құралы, оның арқасында автор өзінің ойын, сезімін, көңіл-күйін, көзқарасын жеткізеді. Оқушылардың көркемдік бейнені түсінуі ана тілінің бейнелік құралдарын талдау арқылы іске асады, көркем шығарманы талдау барысында онда көтерілген проблемалар, адамгершілік жəне эстетикалық идеялар көркемдік формалар, отан, бейбітшілік, дүние туралы оқушылардың түсінігі толығады.

Əдебиеттану принципі оқытудың бастапқы кезеңінің ерекшеліктерін ескере əдеби шығарманы талдағанда іске асады, көркем образды жасаудың құралы ретінде қабылданады, сөз арқылы автор өзінің ойын, сезімін, идеяларын жеткізеді.

Көркемдік шығармамен жұмыс көркемдік мəнерлік эпитет, теңеулерді талдаумен шектелмеуі тиіс. Бастауыш мектепте тілдің бейнелік құралдарын талдау балаларға көркемдік образдың бүтіндігін сезінуге көмектесуі керек.

Бағдарламаларда əдебиеттану принципі негізгі əдеби жанрларды қамтиды: ертегілер, өлеңдер, əңгімелер, мысалдар, драмалық шығармалардан үзінділер. Оқушылар адамгершілік-эстетикалық идея, «көркем форма», «композиция» сияқты ұғымдардың алғашқы түсініктерін меңгереді.

Қарым-қатынастық тілдік принципі — оқушылардың сөйлеу мəдениетін дамыту, кіші мектеп балаларының оқу дағдыларын ұйымдастыру. Əдебиеттік оқу сабақтарының міндеттері сөйлеу əрекетінің түрі оқу дағдыларын тездетуді дамыту: ақыл-ой əрекеті болып есептелінетін дауыстап оқудан, іштей оқуға дейін жеткізу.

Оқу дағдыларын дамыту мыналарды қамтиды: 1-сынып — сөзді құрыстырып оқу тəсілдерін ұйымдастыру, сөзді сөз тіркестеріне, сөйлемдерге біріктіру, жүгіртіп оқудың қарқынын арттыру; 2- сыныпта — іштен оқуды бірте-бірте енгізу; 3–4-сыныптарда — жүгіртіп оқу қарқынын ұлғайту жəне тиімді оқу тəсілдерін меңгеру.

Бастауышта жүгіртіп оқуды ұйымдастырумен қатар, оқығанды түсіну жалпылау жəне негізгіні бөліп алу біліктерін дамытуға байланысты жұмыстар жүргізіледі. Оқу дағдылары мен тілтану біліктерінен (мəтінді бөлімдерге бөлу, тақырып қою, жоспар құру, оқығанды қысқартып жəне толық айтып беру) басқа, оқушылар оқығанда кездесетін əр түрлі қарым-қатынастық міндеттерді шеше отырып, мəнерлеп оқу тəсілдерін меңгереді, шығарманы талдай отырып, олар ауыз екі тілдегі мəнерлік тəсілдерді мəтінді оқығанда пайдалануға дағдыланады.

Нəтижелі шығармашылық принципі. Білімді меңгерту оқушылардың шығармашылық əрекетін дамытуға бағытталады. Сабақта алған кез келген білім мұғалім ұйымдастыратын жəне бағыттайтын балалар шығармашылығы тұрғысынан қарастырылады. Мұғалім білімді меңгерту процесінде баланың эвристикалық қабілеттерін дамыта отырып, оқу іс-əрекетін, оқушының қызығушылығы мен бейімділігін дамыту, ойлан-тап, ойдан шығар, орында, қиялда, құрастыр, дайында жəне т.б. сияқты жаңа нəтижелер жасауға бағыттайды.

Даралап оқыту дегеніміз — оқу материалын саралау қиындығы жəне көлемі əр түрлі деңгейдегі тапсырмалар жүйесін жасау, оқу топтарындағы оқу үрдісін ұйымдастыру іс-шараларының жүйесін жасау, əр оқушының жеке бас ерекшелігін ескеру, яғни «ішкі саралау» жəне «даралау» ұғымдарының мəні өте жақын, бір деуге болады. Мұғалімнің міндеті — оқыту процесінде əрбір оқушы ішкі мүмкіншіліктерін пайдалана алу үшін жағдай туғызу. Бұл практикалық міндетті шешу саралап жəне даралап оқытумен тығыз байланысты.

Ана тілінде даралап оқыту маңызды принциптердің бірі ретінде қарастырылады. Əр оқушының жеке тұлғалық қайталанбайтын ерекшеліктерін жүйелі түрде ескеруді қажет етеді. Даралап оқыту — белсенді ұйымдастырушы, дамытушы принцип, баланың өзіндік шығармашылығын тез түрде дамытады.

Сонымен, ана тілін меңгеру жаңа технологияларды енгізуді, оқушы мен мұғалімнің арасындағы дұрыс білімдік қарым-қатынасты қажет етеді.

Енді осы оқулықтағы білім мазмұнын оқушыға меңгертетін басты тұлға мұғалім десек, оның еңбегі жөнінде Мағжан Жұмабаев: «Баланы тəрбие қылу — тұрмыс майданында ақылмен, əдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Қалса өзін, асса барлық адам баласын əділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мəселелерді тез шеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару. Баланы мұндай адам қыла алу үшін тəрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білуі керек», — деген [4].

Бүгінде педагогикалық жоғары жəне орта кəсіптік білім беретін оқу орындарының қабырғасындағы студенттер — ертеңгі 12 жылдық білім беруді жүзеге асыратын мұғалімдер. Демек, мұғалімдер еңбегі туралы Ж.Аймауытовтың пікіріне жүгінсек: «...Сабақ беру — үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер», — деп мұғалімдерге үнемі ізденімпаздықпен, шығармашылықпен атқаратын қызмет екенін айтып кеткен [5]. Ғалымның өз заманында айтып кеткен құнды ой-тұжырымдары бүгінде XXI ғасырдың басында мұғалімдерге қойылып отырған талаппен үндесіп отырғанын айқын көруге болады.

Жаhандану кезеңінде халықаралық бəсекелестіктің күшеюі қазіргі таңда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға жаңаша тұрғыда қарауды қажет етіп отыр. Бұл мəселе Елбасының Еуразия ұлттық университеті студенттері мен бүкілқазақстандық жастарға арналған «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы» атты дəрісінде жаhандану дəуіріндегі бəсекелестіктің басты көрсеткіштері ретінде білім беру деңгейі мен адами капиталдың дамуы жайында айтқан қағидасынан туындап отыр. Мұның өзі болашақ мұғалім мамандарын 12 жылдық орта білім беруге көшуді ескере отырып, дайындау мəселесінде кезек күттірмейтін талаптар қоюмен ұштасып отыр. Бүгінгі студенттерді 12 жылдық орта білім беруге көшудегі оқу-тəрбие үрдісінің қалай ұйымдастыруға болатын, оның 11 жылдық орта білімнен айырмашылығы қандай деген мəселені жете талдап түсіндіру керектігі оқу орындарының оқытушыларына жүктеледі. Жалпы орта білімде 12 жылдыққа көшуге байланысты үздіксіз білім беру жүйесінде бұл мəселе өз орнын алуда. Осы мəселені шешу жоғары оқу орындарында білім беруді кредиттік жүйеге көшумен байланыстыра қарастырып отыр. Соған сəйкес соңғы жылдары жоғары кəсіптік білім стандарттары қайта қаралып, тəжірибеге енгізілуде [6].

Кредиттік жүйенің айырмашылығы студенттің белсенділігін арттырып, шығармашылық пен ізденімпаздыққа баулып, мамандығына деген қызығушылығын тудырып, алған білімін жаңа жағдайда біліктілікпен қолдана білуге, ой қорытындысын жасап, өз пікірін дəлелдей білуге үйретеді.

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптарда оқушыларға білім беру мен жалпы мақсатты жүзеге асыруда бірқатар педагогикалық талаптарды орындау қажет деп санаймыз:

  • педагогтар мен балалардың өзара əрекеттерінің жеке тұлғаға бағдарлануы;
  • бірінші сыныпта оқу қызметін ұйымдастыру кезінде ойындарды сабақтың тақырыбы мен мақсатына қарай қолдана біліп, сабақты ойын түрінде өткізе білу;
  • əрбір оқушыға іс-əрекет түрін, қажетті құрал-жабдықтарды, жұпты немесе топты таңдау мүмкіндігін беру;
  • педагогикалық бағалауда оқушы жетістігіне қатысты мəліметті ескеру;
  • оқушының тұлғалық, жеке бастық, эмоционалды-сезімдік, эстетикалық дамуында оның даралығын сақтауға ықпал ететін білім алу ортасын құру;
  • бала дамуының аса маңызды факторы ретінде жетекші іс-əрекетті қалыптастыру;
  • көшірмелік (дайын үлгіні жаңғырту) жəне зерттеушілік шығармашылық іс-əрекеттің, белсенділіктің бірлескен жəне дербес түрін пайдалану.

Педагогикалық жоғары оқу орындарында педагогикалық процесті тұлғалық-бағдарлы бағытта ұйымдастырса, аталған оқу орындарын бітірген (бастауыш сынып мұғалімдері) мамандар 12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарында ұсынылған бағдарламалық материалдарды еркін игерте алатын, оқу əрекетін оқушының қызығушылығы мен бейімділігіне қарай шығармашылық іс-əрекет тұрғысынан ұйымдастыра білетін, оқушылардың білімі мен қабілет деңгейін бағалай алатын, баланың жеке тұлғасын іс-əрекет субъектісі ретінде қалыптастыра алады деп санаймыз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. — 2007. — 1 наурыз. — 13-б.
  2. Педагогика жəне психология қазақ тілі терминдерінің салалық түсіндірме сөздігі. — Алматы, 2002. — 77-б.
  3. Аймауытов Ж. Психология. — Алматы, 1995. — 78-б.
  4. Жұмабаев М. Педагогика. — Алматы, 1992. — 154,155-б.
  5. Аймауытов Ж. Сабақтың комплекстік жүйесінің əдістері. — Қызылорда, 1929. — 58-б.
  6. Рахметова С.Р. Бағдарламалар. 12 жылдық мектептің 1–4 сыныптары (байқау нұсқасы). — Алматы: Атамұра, 2004. — 19-б.

 

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.