Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көлік бакалаврларын даярлауда студенттердің кəсіби білімін арттырудың маңызы туралы

 Көлік — еліміздегі экономикалық байланыстардың ұйытқысы, ол сондай-ақ өндірістің барлық түрлерін қамти отырып, тауарларды айырбастау мен таратуда қажетті құрал болып табылады. Сауда мен өндірістің, экономиканың басқа да салаларының бірқалыпты жұмыс істеуіне көліктің нақты жəне тиянақты жұмысының тигізетін ықпалы орасан.

Бүгінгі күндегі автомобиль паркі санының өсуіне жəне сапасының өзгеруіне, еліміздің нарықтық экономикаға өту жағдайына байланысты көлікке деген көзқарас ерекше мəнге ие болып отыр. Өндіріс саласындағы көліктің өзіне тəн ерекшелігі — ол жаңа бағалы заттар шығармайды жəне қоғамның байлығын арттырмайды. Оның өнімі — жүктерді жəне адамдарды аймақтар бойынша тасымалдауды жүзеге асыру. Елімізде жүктер мен жолаушыларды тасымалдаумен көптеген көлік түрлері айналысады, бірақ олардың тасымалдау көлемін орындау көрсеткіштері əр түрлі. Ал жолаушы тасымалдау көлемі бойынша алдыңғы орынды автомобиль көлігі алады. Автомобиль көлігі əр түрлі климаттық жағдайда жұмыс істеу үшін бейімделген, өте икемді, жоғары сұраныстағы көпшілікке ортақ жəне ыңғайлы көлік түрі болып табылады.

Автомобиль көлігі əр түрлі климаттық жағдайда жұмыс істеу үшін бейімделген, жоғарғы қажеттілік пен үлкен икемділіктегі көпшілікке ортақ жəне ыңғайлы көлік түрі болып табылады. Сондай-ақ ол еліміздің бірыңғай көлік жүйесінің бір бөлігі болып табылады жəне қатынастың барлық түрінде жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырады. Көліктің барлық түрімен жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыруға қойылатын ортақ талаптар: олар жолаушыларды тиісті орнына мүмкіндігінше қысқа мерзімде жəне төмен шығынмен жеткізу, қозғалыс қауіпсіздігі мен жолаушыларға қызмет көрсетуде жоғары мəдениеттілік сақтауды қамтамасыз ету. Қазіргі заман талабына сай еңбекті, өндірісті, басқаруды ұйымдастырудың жаңаша түрлері кеңінен пайдаланылуы тиіс. Олар автокөліктік кəсіпорындардың материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалануды, оның əлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күнде еліміздегі жолаушылар автомобиль көлігі едəуір дамып жəне қалалық, қала маңында жəне қалааралық байланысты біртұтас көлік торабындағы маңыздылығы арта түседе. Оған тұрғындардың материалдық жағдайының жүйелі түрде өсуі, адамдардың көлікке деген талабының артуы, сондай-ақ автокөліктік кəсіпорындарға шетелдік маркада (MAN, Мерседес-Бенц т.б.) жолаушылар автобустардың əкелінуі əсер етеді. Бұл автобустар жоғары сенімді, климаттық жағдайға төзімді əрі жолаушылар үшін жайлы болып келеді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жəне жол көлік оқиғаларының санын азайту үшін қажетті дəрежеде профилактикалық шараларды қолдану қажет. ЖКО-ның алдын алу шараларын ұйымдастыруда басты мəселелер: техникалық құралдарды дұрыс пайдалану, жолаушыларды тасымалдау бағыттарындағы көшелерді жарықтандыруды күшейту, жолдың жүру бөлігін жақсарту, жаяу жүргіншілер үшін жер асты жəне жер үсті өткелдерін тиімді ұйымдастыру қажет [1].

Біздің Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 050901 — «Қозғалысты, тасымалдауды ұйымдастыру жəне көлікті пайдалану» мамандығы бойынша автокөлік саласы үшін көлік бакалаврларын дайындайды. Осы мамандық бойынша оқу үрдісінде болашақ мамандарға қозғалысты ұйымдастыру тəсілдері жəне техникалық құралдары, сонымен бірге шетел тəжірибелері жайлы кешенді мəліметтер беруді, осы жүйедегі нормативтік ережелер мен инженерлік есептеулерді, жол қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру техникалық құралдарының құрылысын жəне олардың даму тенденциясын, функционалдық жəне технологиялық мүмкіндіктерін, автокөлікте тасымалдауды тиімді ұйымдастыру тəсілдері мен автомобиль құралдарының қоршаған ортаға зиянды əсерін азайту жолдарын үйретуді жүзеге асырады.

Отанымыздың даму келешегін жоспарлау барысында автомобиль паркінің өсуін, жүк жəне жолаушы айналымының артуын қарастырумен бірге автомобиль көлігінің халық шаруашылығындағы орнын, қоғамға жəне адамдардың өміріне қауіп төндіретін жəне материалдық шығындардың артуына себеп болатын жол апаттарын қарастыру қажет.

Сонымен, көлік бакалаврлары іс жүзінде ғылымның əр түрлі саласын өз ішіне қамтитын көптеген сұрақтар мен мəселелерді шешуіне тура келеді. Яғни жол қозғалысын ұйымдастыру мəселелерін шешу үшін ғылымның: педагогика, психология, экономика салаларын жəне инженерлік ғылымдарды, оның ішінде «Көлік құрылғылары мен құрылыстарын жобалау негіздері», «Тасымалдауды ұйымдастыру жəне қозғалысты басқару», «Қалаларды көліктік жоспарлау»,«Көліктегі қауіпсіздік қызмет жəне жол полициясы қызметі», «Жол қозғалысын ұйымдастыру», «Жол қозғалысын ұйымдастыру техникалық құралдары», «Автокөлік құралдары», тағы басқа кəсіптендіру пəндерін меңгеруі қажет.

Мамандық аясындағы білім беру бағдарламасының тізбесін жоғары оқу орнының Кеңесі белгілейді. Түлектердің біліктілігі жəне лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002 ж. № 273-П бұйрығымен бекітілген «Жетекшілердің, мамандардың жəне басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сəйкес белгіленеді.

050901 — «Тасымалдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру жəне көлікті пайдалану» мамандығы бойынша жоғарғы кəсіптік білім беру бағдарламаларын табысты игерген түлектерге жоғары оқу орны Кеңесі белгілеген білім беру бағдарламаларына сəйкес «көлік бакалавры» академиялық дəрежесі беріледі [2].

Көлік бакалавры келесі қызметтерде жұмыс істей алады:

  • 1-ші категориялы техник;
  • 1-ші категориялы техник-конструктор;
  • 1-ші категориялы техник-лаборант;
  • аспаптар бойынша техник;
  • метрология бойынша техник;
  • жөндеу жəне сынау бойынша 1-ші категориялы техник;
  • стандарттау бойынша 1-ші категориялы техник;
  • еңбек бойынша 1-ші категориялы техник;
  • техник-технолог.

Берілген бағыттағы бакалавр көліктегі қозғалысты ұйымдастырумен байланысты кешенді мəселелерді шешуге бағытталған адамзат қызметінің əдістері мен тəсілдерін, құралдарын қамтитын материалды өндіріс саласында қызмет ету, көлік құралдары қозғалысын жобалау жəне модельдеу, қазіргі заманғы маркетинг пен менеджмент негізінде пайдалану жұмыстарының ұйымдастырушылық заңдылықтары мен процестерін зерттеу, логистика принциптерінің негізінде көлік түрлерінің өзара əсері мен тасымалдау процестерін жетілдіру жəне де нарықтық экономика жағдайында көлікті пайда- лану тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеу жұмыстары үшін дайындалады.

Көлік кəсіпорындары жəне олардың бөлімшелері, мемлекеттік көлік инспекциясы мен көлікті басқарудың аймақтық органдары, көліктік-экспедициялық кəсіпорындар мен ұйымдар бітірушілердің кəсіптік қызмет объектісі бола алады [3].

Қазіргі кездегі экономикалық қатынастарда өндірісті интеграциялау жəне жоғары білім мəселелері, олардың өзара əсері, қарым-қатынасы мен бір-біріне əсері бірінші жолға қойылады. Білім беруде ақпараттық технологияларды, ақпараттық жəне бағдарламалық құрылғыларды пайдалану оның тиімділігін арттыру жолдарының бірі болып табылады. Бұл көліктік-коммуникациялық кешен үшін мамандар даярлауда жалпы кəсіптік пəндер бойынша ақпараттық технологияны кеңінен қолдана отырып, компьютерлік бағдарламалар дайындауға негіз болып табылады.

 Сур. 050901 — «Тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру жəне көлікті пайдалану» мамандығы бойынша көлік бакалаврын дайындаудың моделі

Сур. 050901 — «Тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру жəне көлікті пайдалану» мамандығы бойынша көлік бакалаврын дайындаудың моделі

Суретте көлік бакалаврларын даярлаудың, білім берудің негізгі жалпыұлттық мақсаттары жəне пəндердің циклының мақсаттарына сəйкес моделі көрсетілген.

Білім берудің жалпыұлттық негізгі мақсаттары:

  • тəжірибеде білім беру процесін басқарудың демократиялық принциптерін іске асыру, жоғары оқу орнының академиялық еркіндігін жəне мүмкіндіктерін кеңейту;
  • ғылым жетістіктері мен қоғамның құбылмалы қажеттіліктеріне сəйкес ғылыми зерттеулер мен мамандық бойынша жоғары білімнің бейімделуін қамтамасыз ету;
  • мамандар дайындау деңгейін басқа елдердің мойындауын қамтамасыз ету;
  • еңбек нарқының құбылмалы шарттарына сəйкес түлектердің мобильділігін қамтамасыз ету.

Жалпы білім беру пəндері циклының (ЖБП) мақсаты — қоғамның əлеуметтік-экономикалық даму заңдарын, Қазақстан тарихын, қазіргі кездегі ақпараттық технологияларды, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қатынас құралы ретіндегі шетел жəне орыс тілдерін білу негізінде əлеуметтік- гуманитарлық білімді қамтамасыз ету [3].

Базалық пəндер (БП) циклының мақсаты — кəсіптік білім негізі ретіндегі табиғи-ғылыми, жалпы техникалық жəне экономикалық сипаттағы тереңдетілген білімді қамтамасыз ету.

Кəсіптендіру пəндері (КП) циклының мақсаты — көлікті пайдалану жəне тасымалдауды ұйымдастыру саласында терең теориялық білім мен тəжірибені қамтамасыз ету [3].

Түлектердің білім деңгейіне қойылатын негізгі талаптар: түлек ойлау мəдениетін, оның жалпы заңдылықтарын игеріп, жазбаша не ауызша баяндауға қабілетті болуы, сондай-ақ ғылыми зерттеулер нəтижелерін сауатты жəне логикалық тұрғыда баяндай білуі қажет [3].

Əлеуметтік-этикалық құзыреттілігіне қойылатын талаптар: түлектер адамның адамға, қоғамға, қоршаған ортаға деген қатынастарын реттейтін этикалық жəне құқықтық нормаларды білуі тиіс.

Кəсіби-экономикалық жəне ұйымдастыру-басқарушылық кұзыреттілігіне қойылатын талаптар: еркін кəсіпкерлік қызметте көлікті пайдалану жəне жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу жəне шешім қабылдау үшін берілген білімдерді қолдана білу.

Кəсіби-құзыреттілігіне қойылатын талаптар: түлек өз саласында кəсіби білімді болуы, өндірісті қатынастар негізінде техникалық, қаржылық басқару принциптерін білуі қажет.

Əлеуметтік, экономикалық, кəсіби жағдайлардың өзгерісіне, өтпелілік пен белгісіздік жағдайларының үдей түсуі жағдайында географиялық жəне əлеуметтік жұмылдыруға дайын болуға қойылатын талаптар: қазіргі жағдайда маман-бакалаврдың кəсіби мүмкіндіктері глобалды интернационалды еңбек нарқының талаптарына сай болуы тиіс. Маман-бакалавр үдемелі өзгерістер мен белгісіздіктердің молдығы жағдайында əлеуметтік жəне географиялық мобильді болуымен қатар, кəсіптік, экономикалық, əлеуметтік рөлдердің өзгеруіне дайын болуы қажет.

Оқу пəндерінің негізгі циклдары бойынша білімділік деңгейіне қойылатын талаптар: оқу пəндерінің негізгі циклдары бойынша білімге қойылатын талаптар мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарының мазмұнымен анықталады. Оқу пəндерінің негізгі циклі бойынша білімділікке қойылатын талаптар мамандықтың жұмыс оқу жоспарының нақты мазмұнымен анықталады. Кəсіптік, мəдениетаралық, коммуникативтік біліктілік кешенін игеру үшін түлек осы мемлекеттік стандартпен белгіленген жалпы білім (ЖБ), базалық (БП) жəне кəсіптендіру (КП) пəндерінің міндетті компоненттерінің жиынтығымен қатар, таңдаған білім траекториясына сəйкес білімдерді де толықтай игеруі керек. Еліміздегі жаңаша экономикалық жəне əлеуметтік жағдайларға сəйкес жоғары білімді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар мамандар даярлау сапасын арттыруды, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен үйлесімді білімді дамытуды, жоғары оқу орындардағы зерттеулердің əлеуметтік жəне экономикалық қажеттіліктермен тығыз байланысын орнатуды, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіруді, бірыңғай ақпараттық білім ортасын қалыптастыруды, білім беру процесін оқу-əдістемелік жəне ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұл көліктік-коммуникациялық кешен мамандықтары бойынша студенттердің кəсіби дайындығына жоғары талаптар қойып, оларды жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, оқытудың жаңа технологияларын игерген жəне қазіргі заманғы технологиялық процесті басқара алатын маман ретінде қалыптастыру мəселесін тудырады. Сондықтан жоғары оқу орындарында ақпараттық технологиялар арқылы білім беруді дамыту, студенттердің кəсіби жəне технологиялық даярлығын үнемі жетілдіріп отыру аса маңызды мəселе. Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесінің бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті, бəсекеге қабілетті мамандар даярлау болып табылады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Бекмагамбетов М.М. Автомобильный транспорт Казахстана: этапы становления и развития. — Алматы: Print-S,
  2. ҚР МЖМБС 07.302–2004. 090501 — «Тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру жəне көлікті пайдалану» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. — Астана, 2004.
  3. ҚР МЖМБС 3.08.367–2006. 090501 — «Тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру жəне көлікті пайдалану» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. — Астана, 2006.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.