Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру ерекшеліктері

«Нəтижеге бағдарланған білім беру жүйесі» ұғымының Қазақстан Республикасындағы білім саласына енуіне байланысты «білім», «білік», «дағды», «білімділік», «дайындық» сияқты ұғымдары автоматты түрде «құзырет», «құзыреттілік» ұғымдарымен алмастырылып, қазіргі уақытта практиктердің кеңінен қолданылып жүрген үйреншікті сөзіне айналып кетті. Сондықтан «құзыреттілік» пен «кəсіби құзыреттілік» түсініктерін анықтауда салыстырмалы түрде талдау жасап, олардың мəнін ашып көрейік.

«Құзыреттілік» ұғымының кең таралымына қарамастан, бұл ұғымның мəні терең ғылыми талдауларды жəне оны негіздеуді талап етеді. Сондықтан да талдау ең алдымен, қолданыстағы ұғымның не екендігіне жауап іздеуден басталады. «Құзырет» пен «құзыреттілік» түсініктерін анықтауда салыстырмалы түрде талдау жасалған, оларды көптеген ресейлік жəне шетел зерттеулерінен (И.А.Зимняя, В.И.Байденко, Н.А.Гришанова, Д.А.Махотин, О.Е.Лебедев, С.Адам, У.Клемент жəне тағы басқалардың еңбектерінен) көруге болады.

Қазіргі уақытта жеке тұлғаның психологиялық, теориялық жəне практикалық дайындық сұрақтары, педагог бойындағы кəсіби қасиеттер мен қабілеттердің қалыптасуы, оның беделі мен кəсіби шеберлігі, педагогикалық ойлауы, ғылыми еңбекті ұйымдастыру мен біліктілікті жоғарылату мəселелері бойынша кең түрде əдебиеттер қоры құрылды. Оларға С.И.Архангельский, Ф.Н.Гонобалин, Н.В.Кулюткин, И.Т.Огородников, А.И.Пискунов, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков, Н.В.Кузьмина, Н.Ф.Талызина, В.В.Краевский, Н.Д.Хмель, С.Т.Каргин, А.К.Маркова, К.С.Оспанов жəне тағы басқалардың ғылыми еңбектерін жатқызуға болады.

Бұл зерттеу жұмыстары педагогтардың кəсіби дайындық мəселесін өңдеуге неғұрлым салмақты үлесін қосты, сонымен бірге қоғамдық жəне педагогикалық тəжірибенің маңызды қажеттіліктері арасындағы қайшылықты шешу мүмкіндігін береді.

Бүгінгі күнде «құзыреттілік» түсінігі тек қана негізгі педагогикалық категориялардың бірі ретінде ғана емес, сонымен бірге пəнаралық зерттеудің, яғни, «педагогтың кəсіби құзыреттілігі» түсінігінің мəнін анықтау мəселесі психологтардың, педагогтардың, маман-практиктердің жəне т.б. арасындағы дау мен қайшылықтардың объектісі болып табылады.

Жаңа психологиялық-педагогикалық əдебиеттерді талдау қазіргі уақытта «құзыреттілік» түсінігінің мəнін анықтау процесінде, оның құрылысы мен мазмұнын толықтыруда бірліктің жоқтығын белгілеуге мүмкіндік береді. Көп жағдайда бұл түсінік біліктілік пен кəсіпқойлықтың жоғары деңгейін көрсету үшін қолданылады. Кейбір авторлар «кəсіби құзыреттілік» ұғымын түсіндіруде кəсіби іс-əрекетке дайындық түсінігімен (В.А.Сластенин, Н.Н.Лобанова, А.И.Панарин жəне тағы басқалар), сондай-ақ педагогикалық кəсіпқойлық (А.И.Пискунов, В.В.Косарев жəне тағы басқалар) түсінігімен өзара байланыстырады.

Егер де құзыреттілікті кəсіпқойлық жүйесіндегі орнын анықтауға тырыссақ, онда ол мамандықты меңгерудің неғұрлым жоғары деңгейін көрсететін орындағыштық пен жетілгендік арасында; көптеген авторлармен белгілі бір іс-əрекетті орындауға дайындық ретінде жеке тұлғаның «тұлғаның ішкі дайындығы», өзгеше «алдын ала дайындық» жағдайы мен шеберлігі арасында болады [1]. Педагогтың кəсіби құзыреттілігі туралы барлық түсініктерді оқу барысында оның бірқатар маңызды өзгерістерге ұшырағандығын анықтауға болады: мұғалім жеке тұлғасының педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру негізін өңдеуден бастап (С.Т.Каргин, А.А.Орлов, И.Я.Фастовец жəне тағы басқалар), сонымен қатар жеке тұлғаның толығымен жəне оның бойындағы кəсіби маңызды қасиеттердің                  дамуы                     (Р.Ж.Əубəкірова, Е.П.Белозерцев,    И.А.Колесникова,      А.Е.Кондратенков, Н.В.Кузьмина, Н.Д.Левитов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, В.А.Сластенин, К.С.Оспанов жəне тағы басқалар),                     педагогикалық     шығармашылық          көздерінің         мəнін       анықтауға     (В.И.Андреев, В.И.Загвязинский, Ю.Н.Кулюткин, М.М.Поташник жəне тағы басқалар), мұғалім кəсіби іс-əрекетінің психологиялық негізін талдауға (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, А.М.Матюшкин, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин жəне тағы басқалар) жəне педагогтың кəсіпқойлығын қалыптастыру (Е.В.Андриенко, К.А.Абульханова, В.В.Косарев, Н.В.Кузьмина, А.И.Пискунов жəне тағы басқалар) сұрақтарына дейін өзгеріп отырды.

Ғылымдағы кəсіби құзыреттілік мəселесін зерттеуге деген қызығушылық бір өшіп немесе бір жаңа күшпен қайта жандана түседі. Құзыреттілікті теориялық қамту жəне оларды тəжірибе жүзінде қалыптастыру сияқты сұрақтарға зерттеушілердің назарын аудару əдетте экономикамызда, мəдениет пен білім беру саласында болып жатқан дағдарыстық жағдайларға сай келеді. Осы кезеңдері зерттеушілер жеке тұлға құрылысындағы ерекше компоненттерді шығаруға көп көңіл аударды. Бұл компоненттер жеке тұлғаға əлеуметтік өзгерістерге бейімделуге, білімін толықтыру үшін ішкі ресурстарды табу, кəсіби іскерліктерін қазіргі жағдайға сəйкес өзгертуге, жаңартуға мүмкіндік беруі тиіс.

ХХ ғасырдың 70–90-жылдары отандық ғалымдардың Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, И.А.Зимняя жəне тағы басқалардың зерттеулерінде құзыреттілік педагогикалық үрдісті басқару мен педагогтың кəсіби іс-əрекетін қамтитын білім берудің жаңа мақсаты, маңызды компоненті ретінде қарастырылды. Кəсіби-педагогикалық құзыреттілік пен оның жеке түрлері В.А.Адольфтың, Е.В.Бондарев- скаяның, Н.В.Кузьминаның жəне тағы басқалардың ғылыми жұмыстарында, сонымен бірге педагогтың кəсіби  құзыреттілігінің   басқа   ба аспектілерін К.А.Абульханова, Н.В.Кузьмина, Л.М.Митина, Л.И.Мищенко, М.В.Прохорова, Е.И.Рогов, Д.С.Савельев, В.А.Сластенин, Н.Ф.Талызина, А.И.Щербаков жəне тағы басқалар зерттеген.

Ғалымдар көбінесе кəсіби құзыреттіліктің жеке жақтарын оқуға көп көңіл бөледі. Мысалы, Н.В.Кузьмина əлеуметтік-педагогикалық, ғылыми-педагогикалық, əдістемелік жəне құзыреттіліктің басқа да түрлеріне [2].

М.В.Прохорова — басқару құзыреттілігіне [3], Е.В.Нəбиева университет студенттерінің педаго- гикалық зерттеу құзыреттілігіне [4] назар аударады.

Compete — негізгі латын термині, ол «білу», «істей білу» жəне «табысқа жету» дегенді білдіреді. Бұл мағыналар жалпы түрдегі құзыреттіліктің мəнін ашады. Кəсіби құзыреттілік категориясын əрі қарай өңдеу үшін, берілген мағыналарды нақтылап, ашып қарастыру қажет жəне оларды жалпы логикалық бір жүйеге біріктіру керек.

Білу кəсіби функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті объективті дұрыс жəне нақты білімді ғана емес, сонымен бірге білім мен іскерлікті қолдануға бағыттап, объективті маңызды болып саналатын құндылықтарды білдіреді.

Істей білу педагогикалық үрдісті жүзеге асыруда операциялы түріндегі əдістерді орындауды ғана емес, сонымен қатар субъект болатын адамның негізгі іскерлігі, өзінің ішкі, рухани тəжірибесінде қалай болса, тура солай сыртқы кəсіби (педагогикалық) болмысында да өз бетінше жəне саналы түрде өз тағдырын өзі анықтай білуі.

Табысқа жету белгілі бір заңдылықтар, өнегелілік пен мəдениет аумағында өзінің алға қойған мақсаттарына жете білу іскерлігін білдіреді [5].

Н.В.Кузьмина еңбектің нəтижесі мен оның кəсіби құзыреттілігіне əсер ететін, педагогикалық қызметкерлердің маңызды сипаттамасының қатарында педагогтың кəсіби іс-əрекетінің сапасы, оның шеберлігі мен кəсіпқойлығы, педагогикалық қабілеттер мен педагогқа қойылатын талаптар бойынша сұрақтарды зерттеп қарастырады. Ол педагогикалық құзыреттіліктің негізгі элементтері ретінде келесілерді атап көрсетеді: оқытылатын пəннің аумағындағы арнайы құзыреттілік, оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдысының қалыптасу əдістерінің аймағындағы əдістемелік құзыреттілік; оқыту аймағындағы психологиялық-педагогикалық құзыреттілік; оқушылардың қабілеттері, бағыт-бағдары мен себептері аймағындағы дифференциалды-психологиялық жəне аутопсихологиялық құзыретті- ліктерді қарастырады.

Арнайы құзыреттілік оқыту жүргізілетін белгілі бір мамандық немесе оқытылатын пəн бойынша терең білімдерді, біліктілік пен өндірістік іс-əрекет тəжірибесін; нақты бір өндіріспен байланысты техникалық шығармашылық есептерді шешу əдістерін білуді қарастырады.

Əдістемелік құзыреттілік оқытудың алуан түрлі əдістерін меңгеруі, дидактикалық əдістер мен тəсілдерді білуі жəне оқыту үрдісінде оларды қолдана білу іскерлігі, оқыту үрдісінде білім мен іскерлікті меңгерудің психологиялық механизмдерін білуді қарастырады.

Психологиялық-педагогикалық құзыреттілік педагогикалық диагностиканы меңгеруді, оқушылармен педагогикалық мақсатқа сəйкес қатынасты құра білу іскерлігі, педагогикалық диагностика нəтижелерінің негізінде жеке жұмыстарды жүзеге асыруды жобалайды; сонымен қатар жас ерекшелік психологиясын білуі, педагогикалық жəне жеке тұлғалар арасындағы қатынас; оқытылатын пəнге немесе оқушылардың таңдаған мамандығына тұрақты қызығушылықтарын туғыза білу жəне оларды əрі қарай дамыту іскерлігі жатады.

Дифференциалды-психологиялық құзыреттілік — оқушыларға нұсқау жəне бағыт-бағдар беру, олардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін көрсете білу іскерлігі, адамдардың эмоционалды жағдайын анықтай білуі; оқушылармен, ұжыммен жəне басқарушылармен сауатты қарым-қатынасты құра білу іскерлігі жатады.

Аутопсихологиялық құзыреттілік өз əрекетіндегі өз қабілеттерінің деңгейін саналы түрде меңгеру іскерлігін; кəсіби өздігінен жетілу əдістері туралы білуді; өзінде жəне өзінің жұмысында жіберген кемшіліктердің себептерін көре білу іскерлігін; өздігінен жетілуге ұмтылуды жобалайды [2].

Жоғарыда аталған құзыреттіліктердің барлығы, біздің пікірімізше, болашақ маманның кəсіби құзыреттілігін қалыптастырудың негізі бола алады. Себебі арнайы құзыреттілік бойынша студенттердің пəн бойынша білімі, білігі қалыптасады; əдістемелік құзыреттілік процесінде дидактикалық əдіс-тəсілдерді меңгереді; психологиялық-педагогикалық құзыреттілік негізінде қарым-қатынас мəдениетін игеріп, мамандыққа деген қызығушылықтары артады; дифференциалды- психологиялық құзыреттілік — студенттердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін көрсетіп, оларға бағыт- бағдар беруіне ықпал етеді; ал аутопсихологиялық құзыреттілік өздігінен білім алу нəтижесінде студенттердің кəсіби өзіндік жетілуіне, дамуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар кəсіби құзыреттіліктің əр түрлі аспектілерін зерттеу де жүргізілді. Мысалы, М.И.Лукьянова кəсіби құзыреттілікті жоғарылату мəселесін белсендіре отырып, онда психологиялық- педагогикалық құзыреттілікті атап көрсетеді. Себебі, оның пікірінше, білім берудегі ізгілендіру идеяларының таралуына байланысты, оны неғұрлым маңызды жəне жалпы кəсіби құзыреттіліктің салыстырмалы дербес құрылысы деп санайды. Болашақта маңызды жəне кəсіби құзыреттіліктің құрылысындағы салыстырмалы дербес жүйесі ретінде психологиялық-педагогикалық құзыреттілік ерекше түрдегі қабілеттілік ретінде көрсетеді жəне ерекше жағдайларда басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасау мен педагогтың мүмкіндіктерін білдіреді. М.И.Лукьянова психологиялық- педагогикалық құзыреттілікті педагогикалық іс-əрекетке кəсіби дайындығының жоғары деңгейі ретінде жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің жиынтығы жəне білім беру үрдісінде оқушылармен тиімді өзара қарым-қатынас деп түсінеді. Оның негізгі компоненттері ретінде психологиялық- педагогикалық бейімделудің үш блогын көрсетеді:

  • сауаттылық, яғни жалпы кəсіби деп қабылданған білімдер;
  • іскерлік, педагогикалық іс-əрекетінде жəне өзара əрекеттестікті ұйымдастыруда мұғалім өзінің бойындағы бар білімді қолдану қабілеті;
  • жеке тұлғалық кəсіби маңызды қасиеттер, педагогикалық іс-əрекет үрдісінің өзінен ажыратылмайтындай болуы. Берілген түрдегі құзыреттіліктің мəндік сипаттамасын, автордың пікірі бойынша, өз еңбегінің негізгі құндылығы ретінде оқушыға бағыттылық, сонымен бірге өзін-өзі тану мен өзін-өзі өзгерту қажеттілігі, оқыту-тəрбиелеу əрекетінің тəсілдері, жеке тұлғаның даму заңдылықтарын ескеріп, оқушыларға əсер ету əдістері құрайды. Ал құзыреттіліктің жүйені құраушы элементі ретінде мұғалімнің жеке тұлғалық кəсіби маңызды қасиеттері алға шығады [6].

Біздің пікірімізше, автор құзыреттілікті белгілі бір жүйені құраушылардың негізгі элементтерінің бірі ретінде қарастырады. Сонымен қатар мұнда мұғалімнің кəсіби маңызды жəне жеке тұлғалық қасиеттері алға шығады.

Г.А.Трофимованың зерттеу мақсаты педагогикалық тəжірибе шартында болашақ мұғалімдердің коммуникативті құзыреттілігі болып табылады. Автор оны педагогикалық қатынас барысындағы жағдайларға бейімделу қабілеті ретінде гуманистік құнды мұғалімнің диспозициясы негізінде тиімді өзара əрекеттесу қабілеті деп түсінеді [7].

Е.В.Нəбиева университет студенттерінің зерттеу іс-əрекетіне дайындығын анықтап, педагогикалық зерттеу құзыреттілігін көрсетеді жəне оны күрделі педагогикалық құбылыс ретінде қарастырады. Ол үш функционалды компоненттердің жиынтығымен сипатталады жəне зерттеу əрекетінің жағымды себептеріне негізделген, ол нақты білім мен іскерлікте байқалады [4].

Болашақ шет тілдер мұғалімдерінің кəсіби құзыреттілігінің қалыптасу ерекшелігін С.А.Панина қарастырады. Автор оны кəсіби құзыреттіліктің жеке түрі, білім, іскерлік пен дағды жүйесі ретінде қарастырып, мұғалімнің кəсіби əрекеті үшін қажетті педагогикалық объектерді пайдаланудағы əдістердің сəйкес келуі деп түсіндіреді [8].

Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мен оның жеке тұлғаның дамуына əсері тұрғысындағы оқытуды компьютерлендіру мəселесін зерттеуде П.В.Беспалов «құзыреттілік» түсінігін қолданады. Автор адамның белгілі бір есептерді шеше білу қабілеті ретінде жəне оның бойында бірқатар жеке тұлғалық қасиеттердің бар болуы деп түсіндіреді. П.В.Беспаловтың пікірінше, құзыреттілік — бұл күрделі психикалық пайда болу, жекеленген білім мен іскерлікке əкелмейтін, ал, керісінше, жеке тұлғаның интегративті сипаттамасы ретінде алға шығатын, оның бағыттылығын, сəйкес білім мен іскерлікті меңгеру себептерін, оқу мен кəсіби іс-əрекетіндегі ойлау есептерін шешу қабілеттерін болжайтын, жеке тұлғаның жетілу шекараларының бірі жəне тиімді оқытудың нəтижесі болып табылады [9].

В.П.Пугачев кəсіби құзыреттілікті мамандарды дайындау сапасының сипаттамасы, еңбек əрекетінің тиімділік потенциалы ретінде қарастырады. Мұнда автор кəсіби құзыреттілік ретінде мамандандырумен байланысты кəсіби функцияларды орындауда жұмыскердің «техникалық» дайындығын түсінеді [10].

О.В.Симен-Северская əлеуметтік жұмыс мамандарының педагогикалық құзыреттілігінің қалыптасу процесін зерттейді. Ол кəсіби құзыреттілікті маңызды құрастырушысы ретінде қарастырады жəне педагогикалық мақсатқа бейімделген кəсіби əрекетті орындау үшін қажетті білім мен іскерлік, интегративті, тұлғалық-əрекеттік жаңадан пайда болған түрі ретінде түсіндіреді [11].

Г.Ж.Меңлібекова болашақ мұғалімдердің əлеуметтік құзыреттілігінің қалыптасуына үлкен назар аударады. Автордың пікірі бойынша, əлеуметтік құзыреттілік — субъектінің өзін анықтай білу қабілеті, əрекетті басқару ретінде нақты əлеуметтік білім категорияларын, əлеуметтік болмысты толығымен өзіне біріктіретін адамның интегративті қасиеті жəне адамның өмірлік əрекетіндегі негізгі аймақтардың əлеуметтік технологияларын жүзеге асыра білу іскерлігі. Əлеуметтік құзыреттіліктің құрылыстық компоненттері ретінде автор келесілерді көрсетеді: рухани-құндылық (аксиологиялық) — қоғамдық жəне жеке тұлғалық сипаттағы негізгі өмірлік құндылықтар иерархиясынан тұрады; гностикалық — əлеуметтік маңызды мəселелер мен міндеттерді тиімді шешу үшін өз-өзімен (өз-өзін тəрбиелеу, өздігінен даму) жəне басқа да адамдармен əрекеттесу үшін қажетті əлеуметтік білімді меңгеруді білдіреді; субъектілік — адамның субъект болуы жəне өзін анықтай білу қабілеті жатады; прагматикалық — əлеуметтік нормалар жүйесінде жəне институт қатынастарында əр түрлі əлеуметтік технологияларды адамның іске асыра білу қабілетін білдіреді. Əлеуметтік құзыреттіліктің мазмұны өзінің өмірін жəне өмірлік жолын алдын ала жоспарлау іскерлігі ретінде уақытымен адам өмірін жазумен байланысты. Əлеуметтік құзыреттіліктің қалыптасуы — бұл студенттердің өз бетінше өмір сүруге дайындық процесі, олардың əлеуметтік қорғануы мен əлеуметтік жетілуі [5].

Т.Е.Исаева көптеген зерттеу жұмыстарын талдауға байланысты «құзыреттілік» түсінігін жан- жақты зерттелгенін анықтайды, оны екі топқа бөліп көрсетеді: философиялық жəне практикалық. Бұл ұғымды философиялық тұрғысында зерттеушілер құзыреттіліктің жеке тұлға құрылысында алатын орны, оның дамуындағы атқаратын ролі, өмір əрекетінен тəжірибе алуы, əлемдік мəдениет деңгейіне қатыстыру жəне өнегелі-этикалық байланысты меңгеру немесе қабылдау жағынан қарастырады. Ал практикалық тұрғысындағы зерттеушілер құзыреттілікті бағалауға немесе өлшеуге түскенде анықтау үшін қолданады. Бірақ бұл екеуі де «əрекет» ретінде ғана белгілейді жəне оның күрделі мəнін ашуға тырыспайды [12].

Алайда, қандай-да бір жеке құзыреттілік туралы ақпараттардың жоқ болуы немесе оның қызмет көрсету деңгейінің төмен болуы, жеке тұлғаның толығымен жəне басқа құзыреттіліктердің даму дəрежесі туралы қате қорытындылар жасалуы мүмкін. Құзыреттіліктің ерекшелігі сонда, ол алынған білімді, бар іскерліктері мен əрекеттің белгілі əдістерін іс жүзінде қолдану сияқты жеке тұлғаның қабілеттерін ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар жеке тұлғаның үздіксіз өздігінен жетілуі процесінде шынайылық объектерін, жаңа ойлар мен ақпараттарды құру қабілеттерінің бар екендігіне куə бола аламыз.

Құзыреттілік сыртқы белгіленген əрекеттерге қарағанда неғұрлым күрделі құбылыс болып саналады, ол өмірде кездесетін ситуациялық жағдайлардың неғұрлым тиімді шешімін табуға көмек беретін, адамның шынайылықты қабылдаудың белгілі бір қасиеті деп айтуға болады.

Жоғары оқу орнындағы оқытушылардың кəсіби құзыреттілігін бірнеше топтарға жіктеуге болады жəне ол күрделі міндеттердің бірі болып есептеледі. Құзыреттілік жеке тұлға құрылысында өзінің мазмұны мен не үшін арналғанына (коммуникативті, əдістемелік, ұйымдастырушылық жəне т.б.) байланысты ғана ажыратылмайды, сонымен бірге жеке тұлғаның даму процесінде алатын роліне де байланысты жіктеледі.

Көптеген ғылыми жұмыстарды талдайтын болсақ, оларда базалық жəне негізгі (ключевые) құзыреттері кездеседі. Базалық құзыреттер — білім, іскерлік пен қабілеттілік негізінде қалыптасатын белгілі бір іс-əрекет түрлерінде байқалатын жəне жеңіл белгіленетін құзыреттер. Ключевые (Е.В.Бондаревская, И.А.Зимняя, Г.Халаж, А.В.Хуторский жəне тағы басқалар) құзыреттер жеке тұлғаның барлық əлеммен қатынасында орындаған іс-əрекетінің мəні мен оның рухани əлемін бейнелейтін, сонымен қатар іс-əрекеттің барлық түрінде байқалатын, өлшеу жəне есептеу үшін өте күрделі болып табылатын құзыреттер.

Кейбір зерттеулерде құзыреттер басқаша жіктеледі, олар: стандартты, негізгі жəне жетекші. Мұнда стандартты құзыреттер дегеніміз — жеке тұлғаның қызмет етуінсіз немесе ұйымдастыруынсыз мүмкін болмайтын құзыреттер; негізгі — əлеуметтік-экономикалық нарықтағы бəсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін құзыреттер; жетекші бұл болашақта инновациялық, диалог түрінде жəне динамикалық негізінде жаратуға, іске асыруға мүмкіндік беретін құзыреттер [13].

Көптеген ғалымдардың пікірінше, жалпы маманның кəсіби құзыреттілік түрлеріне келесілер жатады:

  • практикалық (арнайы) құзыреттілік кəсіби еңбегінде қолданылатын техника мен технологияларды білуі, білімінің жоғары деңгейде болуы мен маманның кəсіби өсуіне қатысты мүмкіндіктерді қамтамасыз ету жəне шығармашылық іс-əрекетінің нəтижесі;
  • əлеуметтік құзыреттілік — өзіне жауапкершілікті ала білу мен шешімді қабылдау қабілеті, топтасып бірлесе шешім қабылдауға қатысу, зорлық-зомбылықсыз жолымен дауды реттеп отыру, басқа де мəдениет пен дін өкілдерімен тиімді өзара əрекеттесу;
  • психологиялық құзыреттілік — қызу, жалынды мəдениетін қабылдаусыз, рефлексия іскерлігі мен дағдысынсыз, жеке тұлғалар арасындағы өзара əрекеттестік пен өздігінен іске асыру тəжірибесінсіз, онда кəсіпшілік жеке, толық емес болып қалатындығын түсінеміз;
  • ақпараттық құзыреттілік — жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруін қарастырады;
  • коммуникативтік құзыреттілік — бұл шет тілдерді білуін жобалау, сөйлеу мəдениетінің жоғары деңгейде болуы;
  • экологиялық құзыреттілік — қоғам мен табиғаттың жалпы даму заңдылықтарын білуге негізделген жəне кəсіби іс-əрекетіндегі экологиялық жауапкершілік;
  • валеологиялық құзыреттілік — салауатты өмір сүру денсаулықты сақтау аумағындағы білім мен іскерліктің бар болуын білдіреді.

Ал Б.Т.Кенжебеков кəсіби құзыреттіліктің келесідей түрлерін ажыратып көрсетеді:

  • арнайы құзыреттілік — өзінің кəсіби қызметін жеткілікті дəрежеде меңгеру, өзінің кəсіби дамуын жобалай білу;
  • əлеуметтік құзыреттілік — бірлесе қызмет атқару, ынтымақтасу мен кəсіпке қатысты қарым- қатынасты меңгеру, кəсіби еңбегінің нəтижелері үшін əлеуметтік жауапкершілік;
  • жеке тұлға құзыреттілігі — өзін көрсете білу мен дамытудың амалдарын, құралдарын игеру жəне кəсіби еңбектегі даралық;
  • дара құзыреттілік — өзінің қабілетін жүзеге асыру, кəсіп аясында өз даралығын дамыту қабілеттігі, кəсіби тұрғыдан өсуге деген дайындық, өзінің даралығын сақтау қабілеті, еңбегін ұтымды ұйымдастыруға икемділігі, еңбекті қиындықсыз, шаршаусыз, тіпті сергіту арқылы нəтижеге жеткізу [14].

Жоғарыда аталған құзыреттіліктің түрлері адамның кəсіби іс-əрекетінде, кəсіби қарым-қатынас жасауда, кəсіби жеке тұлға ретінде қалыптасуында байқалады жəне оның даралығының кемелденуін белгілейді. Жоғары білімді маманның құзыреттілігін автор жоғары оқу орны түлегінің кəсіби қызметтегі біліктілік пен іс-əрекетті атқаруға деген теориялық жəне практикалық дайындығы мен қабілетінің бірлігі деп түсіндіреді. Бұл ұғымның мəні кəсіби икемділіктердің жиынтығы арқылы ашылады.

Адамға кəсібінен тысқары жерде қажетті құзыреттіліктің кейбір жалпы түрлері айқындалған. Бұлар өндірістегі, əлеуметтік тəжірибедегі өзгерістер кезінде өз маңызы мен мəнін жоғалтпайды. Б.Т.Кенжебеков құзыреттіліктің əр түріне кəсіпаралық жалпы компоненттердің мынадай түрлерін енгізеді:

  • мамандыққа құзыреттілік — өндіріс процесін жоспарлауға қабілеттілік, компьютермен, оргтехникамен жұмыс істей білу, техникалық құжаттамаларды оқу, қол машықтығы;
  • жеке тұлға құзыреттілігі — өзінің еңбегін жоспарлауға, бақылауға жəне реттеуге қабілеттілік, өз бетімен шешім қабылдауға үйреншікті емес (нестандартное) шешімдер табуға, қисынды теориялық жəне практикалық ойлау; проблеманы көре білу, өз бетімен жаңа білім мен іскерлікті игеру қабілеті;
  • дара құзыреттілік — жетістік мотивациясы жəне табыстың қорлануы, өз жұмысының сапалы болуына ұмтылу, өзін-өзі мотивациялауға қабілеттілігі, өзіне деген сенімі мен оптимизм. 14

Адамға тірі организм ретінде ең алдымен, оның физикалық бар болуы мен дамуын қамтамасыз ететін барлық құзыреттер тəн. Осыған байланысты Т.Е.Исаева адамның құзыреттілігіне жататын бірінші топқа бейімделу құзыреттерін жатқызады. Автор интеллектуалды, физикалық, психикалық дағдылардың жиынтығын, қоршаған орта мен табиғатқа қатысы туралы білуін, шығармашылық пайда болу жолымен табиғи байлықтарды сақтау жəне өзгермелі табиғи ортаға адамның бейімделуін түсіндіреді.

Əлеуметтік құзыреттіліктермен өзара кəсіби (кейде пəндік, əдістемелік деп те қолданылады) құзыреттер тығыз      байланысты. Т.Е.Исаева   кəсіби құзыреттерді   — жүргізілетін пəннің ерекшелігімен қамтылған жəне оқытушы ұстанатын, педагогикалық жүйеге сəйкес таңдалатын оқытудың əдістерін, кəсіби тəжірибенің тəсілдерін, білім, іскерлік жиынтығы ретінде түсіндіреді [12]. Əлеуметтік құзыреттіліктердің ішінен коммуникативті құзыреттерді де ерекше атап өтуге болады. Д.Т.Қаңлыбаеваның пікірінше, коммуникативті құзыреттер адамның қарым-қатынас жасау мəдениетіндегі практикалық іске асыру болып табылады. Ол жеке тұлғаның өз бетімен іске асыруға, өзін анықтауға дайындығын қамтамасыз етеді, қоршаған орта мен өзінің арасындағы үндестікке жету шарты, адамның ішкі əлемін құру мен оны байыту құралы болып саналады. Автор коммуникативті құзыреттер деп құрылысы бойынша күрделі, жеке тұлғаның өздігінен жүзеге асуы мен қарым- қатынастың негізгі міндеттерін табысты іске асыруын қамтамасыз етеді жəне лингвистикалық іскерлікті меңгерумен, тіл мəдениетінің ерекше əлеуметтік-мəдени нормаларын сақтаумен, қарым- қатынас жасаушылар арасында психологиялық заңдылықтарды орнатумен, жағымды атмосфераны ұстаумен, жеке тұлғаның эмоционалды-сезім аймағының дамуымен анықталады дейді [15].

Жалпы кəсіби құзыреттілік анықтамаларын жалпылай отырып, біз келесідей қорытынды жасаймыз: оқытушының кəсіби құзыреттілігі дегеніміз — бұл педагогикалық жəне тəрбие міндеттерін дұрыс шешу үшін ғылыми жəне практикалық білімдерін құра білу іскерлігінің жиынтығы. Осы тұрғыдан оқытушының кəсіби құзыреттілігінің негізгі көрсеткіштері ретінде келесілерді атауға болады: кəсіби əрекетінің мақсаты мен міндеттері, педагогикалық жағдаяттарға байланысты психологиялық-педагогикалық білімдерін кəсіби əрекетінде қолдана білу іскерлігі, қазіргі білім беру технологияларын меңгеру, педагогикалық қарым-қатынас жасау мəдениетінің жоғары деңгейде болуы.

Сонымен, кəсіби-тұлғалық құзыреттердің осылайша жіктелуі оның аяқталғанын көрсетпейді немесе көптеген құзыреттер жеке тұлға потенциалына, əлеуметтік-мəдени қамтылуына байланысты өзгермелі болып келеді.

Кəсіби құзыреттіліктің мəнін, жоғарыда аталғандай, əр түрлі көзқарас бойынша қарастыру, оның көпқырлы жəне өзгермелі түсінік екендігін анықтайды. Оның мəні қоғамда, білім беру жүйесінде, ғылымда, мəдениетте болып жатқан өзгерістерге сəйкес ауыстырылады жəне əр түрлі көзқарастар бойынша қарастырылады. «Кəсіби құзыреттілік» түсінігінің мазмұнын толықтыру да өзгеріп отырады, себебі ол көптеген факторларға байланысты: педагогиканың жəне бір-бірімен шектес ғылымдардың дамуы, қоғамдағы мəдениеттің жағдайы жəне т.б.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, «құзыреттілік» термині білім, іскерлік, дағды, тəжірибе мен жеке тұлғаның қасиеттері категорияларында қарастырылады.

Алайда «құзырет» пен «құзыреттілік» ұғымдарының күнделікті қолданыстағы білім, білік жəне дағдыдан айырмашылығын К.С.Құдайбергенова келесідей ажыратып көрсетеді:

  • білімнен айырмасы — қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет формасы түрінде байқалады;
  • дағдыдан айырмасы — оқыған материалды топтастырып, шығармашылықты пайдалана отырып, құбылыстар мен заңдылықтарды өзгерте алатын саналы қызмет;
  • біліктен айырмасы — дағдыға автоматты түрде жету немесе оны алмастыру емес, керісінше, бірнеше пəн бойынша дағдыларын біріктіру, жалпы қызмет негізін сезіну.

Осыған байланысты автор «құзырет» — əр түрлі кенеттен пайда болған жағдайларда мəселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе іс-əрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік жағдаяттар арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі; ал «құзыреттілікті» адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты, тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дəрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыруды ұсынады [16].

Сонымен, жоғарыда аталып өткен пікірлерді топтап біріктіруге байланысты, берілген «құзырет»пен «құзыреттілік» ұғымдарын түсіндіруде негізгі екі əдісті атауға мүмкіндік туады.

Бірінші əдістің (əрекеттілік көзқарасының) өкілдері құзыреттіліктің негізгі критерийлері ретінде біліммен көрсетілетін, маманның біліктілігі мен дайындық деңгейі С.И.Ожегов, С.Я.Батышев, В.И.Ермакова, Г.М.Коджаспирова, А.Ю.Коджаспиров жəне тағы басқалар), іскерлікпен көрсетілетін (Ю.Н.Кулюткин, Л.Ф.Спирин, И.Х.Хобер, В.А.Сластенин, Л.И.Мищенко, Л.М.Митина, В.А.Мижериков, М.Н.Ермоленко жəне тағы басқалар), білім мен іскерліктің қосындысы ретінде (В.Н.Бондарь, Л.А.Симонова, Г.М.Коджаспирова, А.Ю.Коджаспиров, С.А.Панина, Н.Н.Коршунова, Ш.Құрманалина жəне тағы басқалар) немесе білім, іскерлік пен тəжірибенің жиынтығы ретінде (Ю.Н.Емельянов, Л.А.Петровская, С.Б.Елканов, Н.А.Кузьмина жəне тағы басқалар).

Екінші əдісті (тұлғалық немесе тұлғалық-əрекеттілік көзқарасы) ғалымдар құзыреттілікті кəсіби іс-əрекетін табысты жүзеге асыру үшін қажетті жеке тұлғаның қасиеттерімен байланыстырып көрсетеді (Э.Ф.Колмакова, И.Г.Абрамова, Г.А.Трофимова жəне тағы басқалар), немесе өзіне білім мен іскерлікті қосатын жеке тұлғалық қасиеттердің, мүмкіндіктердің, біліктіліктің жиынтығы ретінде (Е.С.Жариков, Т.Г.Браже, Б.С.Гершунский, В.И.Маслов, Н.Розов, М.В.Прохорова, А.К.Маркова, К.А.Абульханова, Н.В.Васина, Е.В.Набиева, Л.Г.Лаптева, Н.А.Разина, Г.Ж.Менлибекова Б.Т.Кенжебеков, И.А.Колесникова, Е.Ю.Рубинштейн, П.В.Беспалов, С.И.Ферхо жəне тағы басқалар).

Біз педагог іс-əрекетіндегі білім мен іскерліктің маңызды роль атқаратынын ескере отырып, екінші көзқарасты ұстанамыз, бірақ жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттеріне ие болмаған педагогтың кəсіби іс-əрекеті неғұрлым азырақ тиімді болады деп түсінеміз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Смятских А.Л., Туркина Т.М. Формирование профессиональной компетентности студентов педколледжей. — М.: Издат. центр НОУ ИСОМ, 2003. — С.
  2. Кузьмина Н.В. Профессионализм личности преподавателя и мастера производственного обучения. — М.: Высш. шк., — 119 с.
  3. Прохорова М.В. Теоретические и методические основы формирования управленческой компетентности специалистов по физической культуре и спорту в условиях высшего физкультурного образования: Дис. ... д-ра пед. наук. — СПб., 1992. — 449 с.
  4. Набиева Е.В. Формирование исследовательской компетентности студентов педагогического университета через систему спецкурсов по единой теме: Автореф. дис. ... канд. пед. наук. — Иркутск, 2001. — 30 с.
  5. Менлибекова Г.Ж. Социальная компетентность, сущность, структура, содержание // Высшая школа Казахстана. — 2001. — № 4–5.
  6. Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя // Педагогика. — 2001. — №
  7. Трофимова Г.А. Формирование коммуникативной компетентности у будущих учителей в условиях педагогической практики в университете: Дис. ... канд. пед. наук. — Л., 1990. — 182 с.
  8. Панина С.А. Становление профессиональной компетентности у будущих учителей иностранных языков // Высшее образование сегодня. — 2001. — № 3. — С.
  9. Беспалов П.В. Компьютерная компетентность в контексте личностно ориентированного обучения // Педагогика. — 2003. — № 4. — С. 41–45.
  10. Пугачев В.П. Руководство персоналом организации. — М.: Асп. Пресс, 2000. — 54 с.
  11. Симен-Северская О.В. Формирование педагогической компетентности специалиста социальной работы в процессе профессиональной подготовки в вузе: Автореф. дис. ... канд. пед. наук. — Ставрополь, 2002. — 22 с.
  12. Исаева Т.Е. Классификация профессионально-личностных компетенций вузовского преподавателя // Педагогика. — 2006. — №
  13. Аганина К.Ж. Организованно-педагогические вопросы формирования ключевых компетентностей учащихся // В мире образования. — 2008. — № 1(1). — С. 7–10.
  14. Кенжебеков Б.Т. Университет студенттерінің кəсіби құзыреттілігін қалыптастырудың теориясы мен практикасы. —Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық ун-ті, 2001. — 275 б.
  15. Қаңлыбаева Д.Т. Оқушыларға коммуникативтік құзыреттілік білім берудің негіздері // Білім əлемінде. — —№ 4(4). — 57–60-б.
  16. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық тұлға дамуының сапалық критерийі // Білім сапасын бағалаудың мəселелері: əдіснамалық негізі жəне практикалық нəтижесі: Халықаралық ғыл. -практ. конф. материалдары. — Алматы: ББЖ КБАРИ, 2008. — 30–36-б.
  17.  

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.