Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Үздіксіз білім беру жағдайында қашықтықтан оқыту мəселесі

Қазіргі уақытта Қазақстан əлемдік бірлестікте экономикасы дамыған, əлемдік өркениетке бейімделген, жаңа технологияларды кеңінен қолданатын мемлекет ретінде танылды. Мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық дамуы жүріп жатыр. Соңғы жылдары білім беру жүйесіндегі өзгерістер білім берудің үздіксіздігіне, адамның білімдік қажеттілігін қанағаттандыруға, педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара қарым-қатынасын орнатуға, тұлғаны өзгермелі əлеуметтік-экономикалық жағдайға белсендіруге, оның өзіндік жүзеге асуына жəне тұлғалық потенциалын ашуға негізделген. Осы жағдайда қазіргі білім беру жүйесінің ролі мен мəні қоғам өмірінің жаңа деңгейінің негізін құрайтын көрсеткіші ретінде жоғарлауда. Мемлекетіміздің Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «бізге экономикалық жəне қоғамдық модернизация қажеттіліктеріне сəйкес қазіргі білім беру жүйесі қажет» деген.

Осыған орай білім беру жүйесінің алдында тұрған міндеттердің бірі: күнделікті əрекетімізге қазіргі ақпараттық технологияны енгізу жəне білім беру субъектілерінің ақпараттық өзара байланыстарын, қарым-қатынастарын қамтамасыз ету. Яғни білім беру саласын ақпараттандыру. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін жоғары оқу орнында қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру қажет. Ол үшін қашықтан оқытуға дəл анықтама беріп, оның теориялық жақтарын əр түрлі деңгейлерден қарастыру керек [1].

Соңғы кезде педагогикалық əдебиеттерде қашықтықтан оқытудың педагогикалық мəселелеріне көп назар аударылып жүр. Қолданыстағы алғашқы көздердің сипаттауларында ғылыми көзқарас байқалады. Түрлі мақалаларды салыстыра отырып, қашықтықтан оқыту — бұл əдеттегі күндізгі немесе сырттай оқудан көп айырмашылығы мен артықшылығы бар оқытудың жаңа, арнайы формасы. Ол студент пен оқытушының, студенттердің өзара қарым-қатынынасының өзгеше формасын, өзгеше оқу құралы мен əдістемені, оқытуды ұйымдастырудың өзгеше түрін ұсынады.

Қашықтықтан оқытудың көптеген қырларын ашатын анықтамалардың бірінде «қашықтықтан оқыту — білім алуда оқытушыға немесе оқу орнына назар аударылмайтындай, білім алушылардың жеке қажеттілігіне негізделген əдістеме. Білім алушыға көңіл аударылғаны соншалық, олардың, қайда, қалай білім алып жатқаны бақыланып отырады. Бұл оқытушының ролін білім бастамасынан оқытудың менеджеріне дейін алмастырады. Аталған білім алу жүйесіне қол жеткізу үшін қашықтықтан оқыту əдісі мен жаңа ақпараттық технологиялардың артықшылықтары қолданылады».

Еліміздің табысты əлеуметтік-экономикалық дамуы білім беру жүйесінде анықталған өзгертулерді қажет етеді, атап айтсақ, таңдап алынған бағытта қиын да күрделі мəселелердің шешімін таба білетін жоғары маманданған мамандарды дайындау. Бұл мақсатқа жету кең мүмкіндікті жəне əр түрлілікпен сипатталу үшін жаңа мазмұнды жəне оқыту формаларын енгізуді қажет етеді. Бұл мəселенің жетістікпен шешілуі білім беру орындары жаңа заман талабына сай білім беруді қамтып жəне бірыңғай оқыту кеңістігіне келтірілген «ашық жүйелерге» айналуы тиіс.

Қашықтықтан оқыту жүйесі — уақыт бойынша келісімге жəне кеңістікте тағайындалуға бейтарап, оқытушы мен студенттер арасында оқыту құралдарымен (сұхбаттық), асинхронды жəне синхронды өзара əрекеттесу мақсатына бағытталған үрдіс. Сөйтіп, қашықтықтан оқыту деп:

  • кейс технологиясын;
  • Интернет технологиясын;
  • телекоммуникациялық технологиясын (ТВ-технологиясын) немесе оқытудың барлық формаларындағы қолданылатын технологиялардың қосындысын түсінеміз. Осы оқыту технологияларында қашықтықтан оқытуды үш категорияға бөлуге болады: педагогикалық технологиялар (дəстүрлі оқытудан білім алушының дəл ортада болуына көшу); оқытудағы ақпараттардың берілу технологиясы (баспалық технологиядан мультимедианы қолдануға көшу); оқытудағы ақпараттарды беру жəне оқу үрдісін қолдау технологиясы («бетпе-бет» əрекеттесуден Интернет арқылы байланысуға көшу).

Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім жəне жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциалын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті жəне аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде əдістеме бойынша тəжірибе алмасуы қажет.

Оқытудың ауқымды жəне жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нəтижесінде білімнің базалық жəне деректердің банкілік мəліметтеріне, клиент сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондық оқулықтарға, оқу-əдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тəсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап əрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы оқулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады [2].

Дəстүрлі сырттай оқыту мен қашықтықтан оқытуды шатастырмау керек. Олардың басты айырмашылықтары төмендегідей:

  • икемділік, өзіне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы орында жəне ырғақпен айналысу мүмкіндігі, бұл кезде пəнді игеру үшін уақыт кезеңі белгіленбейді, яғни өндірістен үзбей өзінің кəсіби əрекетіне қарама-қарсы оқыту;
  • барлық білім алушылардың оқу ақпараттарының түрлеріне (электронды кітапханалар, білім базасына жəне т.б.) жəне байланыс тізбегі арқылы бір-бірімен жəне оқытушылармен тіл табысуды бір уақытта қамту;
  • оқу алаңдарын, техникалық құралдарды тиімді пайдалануда үнемділік;
  • технологиялық, яғни білім беру үрдісінде ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалану;
  • əлеуметтілік тепе-теңділік, тұрғылықты жеріне, денсаулық жағдайына, білім алушының материалды қамтамасыздығына қарамастан, білім алу үшін мүмкіндіктің тең болуы [3].

Қашықтықтан оқытудың əдістемесі дəстүрлі оқытудың жаңа формасын жүзеге асыруға міндетті емес. Міне, осы жағдай көптеген психологиялық-педагогикалық мəселелерге қашықтықтан білім берудің кең түрде енгізілуіне əкелді. Қашықтықтан білім беру де оқыту технологиясының жəне жаңа əдістердің дамуы педагогиканың теориясы мен практикасына төмендегідей жаңа ұйымдастыру формаларының енуіне үлесін тигізді:

  • байланыс тізбегі бойынша өздерінің оқу тапсырмаларын орындау үрдісінде бір-бірімен өзара əрекетті жəне бөлінген оқу үрдісін біріктіруде білім алушылардың бірлігін анықтайтын виртуалды оқу топтары;
  • бірнеше практикалық міндеттерді шешумен байланысты, қойылған мақсатқа жетуде қашықтықтан оқыту үрдісіне қатысушылардың біріккен əрекеті арқылы жалпы білім беру жобалары. Жобалар ұжымдық жұмыстың дағдысы мен іскерлігіне жағдай жасай отырып, оқыту үрдісінде интегративті əрекетті үдетеді;
  • білім беру үрдісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатымен оқытушы мен білім алушыларда өзара ақпараттық байланыстарын ұйымдастыруда, қашықтықтан оқытуды қолдау жүйесі;
  • оқыту үрдісінің ырғағы мен жылдамдығын түзетуге арналған кері байланысты телекоммуникациялық құралдар;
  • диалогты оқыту технологиялары, бұлар дəстүрлі телефон байланыстарымен қатар, телеконфе- ренция жəне электронды пошта сияқты жаңа технологиялар.

Осындай сан қырлы əрі күрделі мəселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған əрі ауыр, əрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің əдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тəсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлік жəне тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мəселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тəжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу үрдісін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру үрдісінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді қарқында өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен əдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нəтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Қазіргі қойылатын талапқа сай жаңа технологиялар берілетін білім деңгейінің кенейтілуінің жəне студенттердің білім дəрежесінің артуын талап етіп отыр [3].

Əсіресе қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында студент тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі жəне өзгереді. Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дұрыс жүргізу жəне жүзеге асыру мəселесі туындайды.

Қашықтықтан оқыту тəсілімен оқытатын оқытушыларға жəне осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:

  • оқытушының компьютермен жоғары дəрежеде сауатты жұмыс істей білуі;
  • қашықтықтықтан оқыту технологияларын оқыту мен қолдану əдістемесін игеруі;
  • Интернет арқылы кеңес берумен қоса, жекелеген оқу кеңестерінің əдістері мен тəсілдерін игеруі;
  • білім сапасын мониторингтеуді, тексеруді, рецензиялауды, курстық жəне бақылау, оның ішінде жобалық жəне зерттеу жұмыстарының жазылуын басқаруды ұйымдастыру саласындағы арнайы білім мен іскерлікті меңгеруі;
  • қашықтықтан оқытудың мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология жəне коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі;
  • қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, білім алушыларды таныстыра білуі;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, əсіресе электрондық ақпараттық желілермен жұмыс жасау əдістерін білуі;
  • оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы;
  • оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру жəне ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануы;
  • жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тəртіптегі модульдік курстардың əдістемелерін баяндай жəне курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі;
  • оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет [4].

Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мəн бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дəлірек айтқанда, электрондық оқулық жəне бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген əлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.

Республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-əдістемелік орталығы ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың білім берудегі педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек нүктесіне жатады жəне онымен бірге қашықтықтан оқытудың спутниктік каналын ендірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда.

Қашықтықтан оқытудың көптеген мəселелерінің ішінде үздіксіз білім беруде оның əдістемелік негіздеріне тоқталар болсақ, оны өңдеу педагогикалық жүйенің бір бағыты — білім берудің тұлғалық-бағдарлық технологиясын, білім беру жүйесін жақсартудың аймақтық ерекшеліктерін есептеп, тəрбие мен өзіндік дамыту болып табылады. Əр түрлі білім беру деңгейінде қашықтықтан оқыту жүйесін жүзеге асыру міндеттерін шешуде өзара байланысқан педагогикалық, психологиялық, ұйымдастырушылық, технологиялық, кадрлық жəне нормативті-құқықтық жəне басқа да аспектілері қарастырылады.

Қашықтықтан оқытудың мəселелері:

  • қашықтықтан оқытуда студенттердің уақытын үнемдеу жəне ақпараттық қызмет көрсетуді жақсарту;
  • ақпарттарды тарату, өңдеу, жинау сатыларын қамтитын міндетті стандарттарды қолдана отырып, мемлекеттік органдар жүйесіне жəне ақпараттық қорлар жүйелік интеграциясы үшін жағдай жасау;
  • web-мазмұнында жарияланған ақпараттардың жетуінің шапшаңдығын, нақтылығын, өзектілігін жəне қайшылықсыздығын қамтамасыз ету;
  • жүйелер арасында өзара əрекетті ақпараттық қамтамасыз етудің тиімді механизмін құру;
  • ақпараттарды өңдеу жəне жинауда процедуралардың көшірмелерін жібермеу;
  • нақты уақытта оқу-əдістемелік кешенді профессорлық-оқытушылар құрамына ұсыну мүмкіндіктері;
  • ашық ақпараттық қоғам жағдайында педагогикалық ұйымда жəне білім беру мекемелерінде құқықтық жəне əдістемелік қор құру;
  • халықаралық жəне ұлттық индикаторлар бойынша білім беру жүйесінің дамуына мониторинг жасау;
  • ақпараттық компьютерлік технологияларды, қашықтықтан оқыту жүйесін жəне электрондық оқыту қызметін қолдана отырып жастар мен педагогикалық ұжымды жаппай оқыту;
  • жоғары білімді компьютеризациялау.

Қашықтықтан оқыту жүйесін құру оқу үрдісінің белсенділігін қамтамасыз ететін қашықтықтан оқыту мəселелерін, мақсаттарын іске асырады, бұл білім алушының өз бетімен жұмыс істеу уақытының көлемі артуына жəне оқытушының үнемі оқу үрдісін қолдауына мүмкіндік береді. Оқытушының кəсіпқорлығының сапасына жоғары талап қойылып, оның жұмысы кеңейеді, қиындайды, оқыту үрдісін жүзеге асыру əдістемесі ақпараттық-байланыс технологияларын қолдану арқылы жетіледі [5].

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру барысында «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру».

Негізгі ережелер. ҚР МЖМБС 5.03.004–2006 сəйкес төмендегі принциптерді сақтау қажет:

  • оқытудың білім беру, тəрбиелеу, дамыту қызметтерінің бірлігі;
  • оқытудың жеке жəне ұжымдық формасының біріктірілуі;
  • білім беру ресурстарының дəйектілігі;
  • гуманистік сипат жəне оқыту мен білім беру үрдісінің жеке тұлғаға бағытталуы;
  • білім алушылардың жекеленген шығармашылығын көрсетуі жəне дамытуы, білімді меңгеруі үшін барынша қолайлы жағдай жасау;
  • оқыту жүйесінің барлық кешендеріне: мақсат, мазмұн, оқытуды ұйымдастыру формалары мен əдістері, оқыту құралдары жəне т.б. əсер ететін жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың мақсаттылығы [6].

Қашықтықтан оқытуда негізгі ақпаратты тасушы оқытушы ғана емес, сонымен қатар оқу- əдістемелік құралдарының мазмұны маңызды роль атқарады. Білім алушылардың оқылатын пəнге деген қызығушылығы артып, ғылыми зерттеулерге бағыт алып, оқытушымен өзара белсенді əрекетте болуы керек.

Қазақстанда қашықтықтан оқыту мəселесі төңірегінде В.В.Егоров жəне С.Б.Нұрмағанбетов өздерінің еңбектерінде қашықтықтан оқытудың негізгі модельдерін атап көрсеткен:

  • 1-модель. Экстернат типі бойынша оқыту. Мектептің немесе жоғары оқу орнының емтихан талаптарына бағытталған оқыту, күндізгі оқу бөліміне қандай да бір себептермен келе алмаған оқушы немесе студент үшін ұсынылады.
  • 2-модель. Университеттік оқыту. Күндізгі жəне сырттай бөлімде оқитын студенттер үшін жаңа ақпараттық технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту. Студенттерге баспа құралдарымен қатар, осы университеттің атақты оқытушыларының өңдеген аудио-, бейнекассеталары, СД- дискілері ұсынылады.
  • 3-модель. Көптеген оқыту мекемелерімен ынтымақтастыққа негізделген оқыту. Бірнеше білім беру ұйымдарының бағдарламаларды дайындауда ынтымақтастығы. Бұл жобаның мақсаты — əрбір адамға колледжде, университеттерде өз мемлекетінен, өз үйінен кетпей білім алуға мүмкіндік туғызу.
  • 4-модель. Арнайы білім беру мекемелерінде оқыту. Сырттай жəне қашықтықтан оқыту мақсатына негізделген арнайы білім беру мекемелері мультимедиалық курстарды өңдеуге бағытталған. Олардың құрамына білімді бағалау жəне оқушыларды аттестациялау енеді.
  • 5-модель. Автономды оқыту жүйесі. Бұл оқыту жүйесінде теледидар жəне радио бағдарламалар, СD-дискі, сонымен қатар қосымша баспа құралдарының негізінде жүргізіледі.
  • 6-модель. Мультимедиалық бағдарламалар негізінде аралас оқыту (интегрированное обучение). Бұл қандай да бір себеппен мектепті аяқталмай алмаған адамдарды оқытуға бағытталған [3].

Қашықтықтан оқытудың əсерлі болуы білім алушылармен, оларды оқытатын оқытушыға тікелей байланысты. Бұл оқытушының қазіргі заманғы ақпараттық жəне педагогикалық технологияны меңгерген, білім алушылармен бірге желідегі жаңа оқу-танымдық ортада жұмыс істеуге писхологиялық тұрғыдан дайын болуын, желідегі студентті ақпаратпен қамтамасыз ететін инфрақұрылымды талап етеді.

Қашықтықтан оқыту формасы туралы айтқанда, құрамына барынша мүмкін болатын ақпараттық электрондық көздері: виртаулды кітапханалар, деректер базасы, кеңес беру қызметтер, электрондық оқу құралдары т.б. кіретін бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігін жасау туралы айту керек. Əңгіме қашықтықтан оқыту туралы болып отырғанда, ол жүйеде оқытушы, білім алушы жəне оқулық бар деп түсіну керек. Бұл білім алушы мен оқытушының өзара əсері. Осыдан шығатыны, қашықтықтан оқыту формасын ұйымдастыруда ең бастысы электрондық курстар, педагог-үйлестірушілерді дайындау болып табылады. Қашықтықтан оқытуды сырттай оқуға ұқсатудың қажеті жоқ, себебі бұл жерде оқытушымен жəне білім алушылардың тұрақты байланысы бар, күндізгі оқудың барлық жағы, оқудың ерекше формасы ескеріле отырып қамтылған. Бұдан шығатыны, теориялық талдаулар, эксперименттік тексеру, жауапты ғылыми-зерттеу жұмыстары талап етіледі. Өкіншіке орай, біздің Интернетте көріп жүргендеріміз, компакт-дисклердегі электрондық оқулықтар педагогикалық талаптарға жауап бере алмайды. Осыдан барып, қашықтықтан оқыту курстарын жəне оны əр түрлі базалық, тереңдетілген, қосымша білім беру мақсаттарындағы əдістемелер қолданумен байланысты мəселелерді шешудің мəні зор.

Сонымен, қашықтықтан оқыту адамның білім алуға жəне ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Қашықтықтан білім беру ұйымдастыру принциптерімен оқу мекемелерінде оқыту үдерісін басқаруға, яғни білім беру ресурстарын жеткізу технологиясын еркін меңгерген оқытушылар құрамын даярлау тəсіліне əсер етеді. Егер бұрын оқу мекемелері оқытудың техникалық жағын тек қосымша элемент ретінде қабылдаса, онда қазіргі кезде оқытушылар құрамын техникалық ақпараттық даярлау бірінші жоспарға енеді [1].

Қорытындылай келе, ақпараттандыру үрдісі барлық бүкіл əлемдік бірлестіктер үшін заңды жəне объективті үрдіс болып табылады. Ол қызметтің барлық түрінде, оның ішінде білім беру саласында басты орын алады. Көбіне осы үрдіске байланысты оқытудың жаңа формасы — дəстүрлі оқытудың жақсы жақтарын жинаған қашықтықтан оқыту пайда болады.

Білім берудің міндеті болып тұлғаның шығармашылық жəне ғылыми потенциалын дамыту, жаңа технологияларды игеру, қашықтықтан оқыту технологиясын əрі қарай дамуын қамтамасыз ету табылады. Ал осы алған міндеттерді жүзеге асыру үшін, білім беру функцияларын тиімді орындауға арналған ақпараттық технологияларды дамытумен сəйкес оқыту үрдісінде қолданылатын əдістердің сəйкестілігі, оқу курстарын жаңарту ұсынылады.

Жоғарыда аталғандар Қазақстанда қашықтықтан оқыту жүйесінің дамып келе жатқандығын, оның аймақтарда кеңейгендігін, оның қажеттігін, оқыту үрдісінде қолданудың қолайлылығын көрсетеді. Бұл біліктілігі жоғары, интеллектуалдық сапасы күшті, кəсіби деңгейі дамыған, халықаралық деңгейдегі бəсекелестікке төзімді қоғам құруға зор көмегін тигізеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1.  Сейтбатталова А.С., Маусымбаев С.С. Построение системы дистанционного обучения педагогического вуза как фактор интеграции Республики Казахстан в мировое образовательное пространство // Вестн. КарГУ. — Сер. Педагогика. — № 3(47)/2007. — С. 79–87.
  2. Концепция создания и развития системы дистанционного образования в России // Вестн. высш. шк. — 1995. — №
  3. Егоров В.В., Нурмаганбетов С.Б. Технология дистанционного обучения. — Караганда: Изд-во КарГУ, 2002. — 194 с.
  4. Дистанционное обучение: Учеб. пособие /Под ред. Е.С.Полат. — М.: ВЛАДОС, 1998. — 192 с. 
  5. Егоров В.В., Жилбаев Ж.О. Проблемы дистанционного обучения в условиях непрерывного образования // Педагогиче- ские проблемы информационно-технологической подготовки специалистов высшей школы: Сб. науч. тр. — Караганды: Изд-во КарГУ, 2004. — С. 3–7.
  6. Қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру. Негізгі ережелер. ҚРМЖМБС 5. 03.004 — 2006.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.