Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі қазақ прозасындағы романтикалық сарын

Көп ғасырлық бай дəстүрі бар қазақ əдебиеті ұлттың рухани мəдениетінің үлкен бір құрамдас бөлігі ретінде үздіксіз жүйелі əрі көп кешенді зерттеуді қажет етеді. Əдебиет тарихының түрлі кезеңдерін теориялық тұрғыда бағымдау əлемдік көркем мəдениет дамуының жалпы жүйесінде диахрондық, синхрондық аспектілер тұрғысынан халықтың рухани ізденістерінің орны мен қызметін анықтауға, сол арқылы егеменді еліміздің жалпыазаматтық ғылыми-мəдени үрдіске батыл қадам жасауына мүмкіндік береді.

ХХ ғасырдың соңы — қазақ əдебиетінің даму тарихындағы күрделі кезеңдердің бірі. Бұл тұста əлеуметтік-саяси формацияның, қоғамдық сананың өзгеруіне байланысты қоғамда қалыптасқан эстетикалық идеалдар мен рухани мəдениетіміздегі құндылықтарды қайта қарау, бағалау орын алды. Қазақ елі тəуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылғы атаулы күннен жаңа қоғамдық дəуір, жаңа тарихи кезең басталды. Еліміздің егемендік алып, рухани еркіндікке ие болған бұл кезеңді «тəуелсіздік жылдарындағы қазақ əдебиеті» деп атаймыз. Осы тұста ұлттық əдебиеттің даму ерекшеліктерін жаңаша көзқараспен, əділ бағалау үшін қазақ əдебиеті тарихын ешқандай идеологиясыз, таза əдеби, рухани мұра ретінде зерттеу мүмкіндігі туды. Тəуелсіздік жылдарындағы əдебиеттануда бет алған басты ғылыми бағыттардың бірі — бұрындары ойдан шығарылған социалистік реализм əдісімен əдіптеліп, сыңаржақ көзқарас тұрғысынан бағаланған əдеби шығармаларға жаңаша ойлау жүйесіне əділ бағасын беру қолға алынды.

Əдебиет тарихына көз жіберсек, қашанда жаңа дəуірдің жаңа тақырып ала келетіні белгілі. Еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдар əдебиетінде жаңа бетбұрыс байқалды. Жаңа заман лебі дүниеге жаңаша көзқарасты қалыптастырды. Əдебиетке жаңа қаһармандар келді, өмірді бейнелеу кеңістігі кеңейді, философиялық сарын, драматизм күшейді. Əдебиет өмірді бұрынғыдай таптық аяда бейнелемей, əлеуметтік-шаруашылық мүддені емес ұлттық мүддемізді жоқтаған күрескер кейіпкерлерді алға тартты. Тəуелсіздік жылдарындағы проза кеңес дəуіріндегі қуғын-сүргіннің сырын тереңдете ашуға бет қойды. Руханият, инсаният мəселелеріне терең бойлауға мүмкіндік туды. Уақыт талабына орай тереңге тамыр жайып, жаңа сапалық қасиеттермен толыса түскен əдебиетіміздің қуатты бір бұтағы прозада өзгеше бояу, соны нақыштар, рухани ізденістер бой көрсетті.

Жаңа дəуір жаңа мазмұн əкелсе, көркем əдебиеттің оның табиғатына сəйкес жаңа формада бейнеленуі заңдылық. Осыған орай, тəуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасының мақсат-мұраты, тыныс-демі, өрнек-айшықтары да жаңаша, өзгеше болып қалыптаспағы заңды болатын. Алдымен кешегі кеңестік замандағы идеология келмеске кетті. Қазақ прозасы айтар ойының ауқымдылығымен, психологиялық тереңділігімен, көркем образдардың кеңдігімен, сан алуандығымен ерекшеленеді. Прозада түрлі тенденциялар, алуан əдеби дəстүрлер табиғи үйлесті.

Қазіргі қазақ прозасы егемендікке қол жеткізген тəуелсіз қазақ мемлекетінің аяғына тұруы, қалыптасуы жағдайында дамыды. Осыдан келіп қаламгерлер жаңа мазмұндық, пішіндік ізденістерге ұмтылып, болмыстың дəстүрлі түсініктері мен «социалистік реализмге тəн концепциялардан» бас тартты. Тəуелсіздік жылдарындағы қазақ əдебиетінде тарихымызды қайтадан жаңа көзқарас тұрғысынан саралау, тарихи оқиғаларға жаңаша баға беру орын алды. Жазушы халқымыздың өткен тарихи бастауларына ден қойды. Осы ретте қаһарманның ішкі əлемінің ұңғыл-шұңғылына бойлау, оның қоршаған ортамен, болмыспен қарым-қатынасын көрсету басты бағдарға айналды. Прозалық шығармаларда адамгершілік жады, инсаният, жатсыну мəселелері алдыңғы қатарға шықты.

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында «күрделі» көркем проза ағыны қарқындылығымен жəне сан алуандығымен ерекшеленді. Көркем проза контекстінде бинарлық оппозицияларға құрылған «мəңгілік» тақырыптар (өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, махаббат пен зұлымдық, жалғыздық, жатсыну) алдыңғы қатарға шықты. Əлемнің шектеулілігі мен шексіздігі, ғарыш, өмір, кеңістік пен уақыт мəселелерінің драмалық кернеуі ұлғайып, ұлттық прозамыздың көркемдік тініне жымдаса өрілді.

Махаббат — адамзаттың даму тарихында, жеке адамның ғұмыры мен тағдырында, жүрегінде із қалдыратын сезім. Мəңгілік махаббат — романтикалық тақырыптардың бірі. Əлем əдебиетінің алтын қорына кірген мəдени-рухани жəдігерлердің алтын арқауы — жастық пен махаббаттан құралған. Жалпы романтизм эстетикасында махаббат сезімі айрықша орында. Романтиктердің махаббатты бейнелеуге көп мəн беруі кездейсоқтық емес. Тек махаббат арқылы адам жанының бірлігін, екі жүректің одағын көрсетуге болады деп пайымдайды. Романтиктер махаббатты «адамды адаммен ғана емес, барлық тірі дүниемен жақындастыратын, біріктіретін ұлы құпиялардың бірі» (Шелли

«Махаббат философиясы») деп таныды. Өмірдің бірлігі тек махаббат арқылы ғана жүзеге асады. Махаббат арқылы əлемді тануға, ең жоғарғы үйлесімге жетуге болады. Махаббат — күйкі тіршілікке ұлы өзгеріс əкелетін, адам жанын түлететін, жаңартатын қуатты күш. Романтиктер тек сүйетін адамның ғана көзі ашық, ал сүйе алмайтындар соқырлар деп таныды. Махаббат туралы шығармалар көркем əдебиетте бұрын да жазылған. Алайда, Ж. де Сталь əділ бағасын бергендей, тек романтиктердің туындыларында ғана махаббат киелі, рухани толымды қасиетке, құрбандыққа, өлімге де даяр тұратын мазмұнға ие болды.

Еуропа əдебиетіндегі романтикалық шығармаларда да махаббат тақырыбы ерекше орын алады. Романтиктер сүйіспеншілік сезімімен тұлғаның терең рухани болмысын сабақтастырады. Кейде тіпті тұлғаның тіршілігі, өмірінің мəні махаббатқа, сүйетін адамының өмірімен ғана байланысты болады. Мəселен, Байронның шығыс поэмаларында басты кейіпкер сүйікті жарын, махаббатын жоғалтса, өлімге бел байлап, өмірден безеді. Мұнда жалғыз махаббат сезімі ғана емес, сонымен бірге оны жоғалтқаннан кейінгі қайғы-қасірет те маңызға ие. Махаббат сезімі қаншалықты күшті болса, оның қайғысы да соншалықты ауыр. Романтиктерге тəн «əлемдік қайғы» да осы сезімдермен өзектес. Байрон, Эдгар По қаһармандары, Шатобрианның Ренесі, орыс əдебиетіндегі Онегин мен Печориндер де осындай кейіпкерлер галереясын құрайды.

Махаббат тақырыбы, махаббат туралы түсінік романтиктердің əлем, өнер мен адам концепциясында үлкен орын алады. Махаббат — ол бүкіл Ғарыштың (Вселенная) құпиясын айқындайтын жəне түсіндіретін нəрсе, ол «өзінің қасиеті жағынан əрі шексіз, əрі адал, əрі құпия, əрі ғажайып болуы қажет» [1]. Тек махаббат ғана табиғатты, əлемді тануға мүмкіндік береді. Ғашық, сүйетін адамның жағдайы былайша айтқанда, тұлғаның ішкі көзін, жанарын ашатындай, оның қабілетін күшейтеді, шығармашылыққа бастайды. Шығармашылық — романтиктер үшін өмір сүрудің шарты. Сезімдер əлемі ғарышты тануға мүмкіндік береді. Повесте де осы сарын Шалдың ғарышпен байланысы, олардың бірігуі, өзара түсінісуі арқылы маңызды орын алады.

Махаббат — қазіргі қазақ əдебиетіндегі тым тереңдемеген тақырып болғанымен, бұл бағыттағы нəрлі ізденістеріміз бен рухани олжаларымыз жоқ деп айта алмаймыз. Бұған халық ауыз əдебиетінің үлгілері, лиро-эпостық жырларымыз, ежелгі əдебиет пен жыраулар поэзиясы, Абайдан, Мағжанға, Əуезовтің көркемдік əлеміне ұласқан ғашықтық иірімдері мысал бола алады.

Т.Ахметжанның «Сұлу мен суретші» (2001) шығармасы адамзатты ықылым заманнан бері толғандырып келе жатқан мəңгілік тақырыптарды: қоғамның махаббат пен өнерге деген қарым- қатынасын суреттейді. Повестің негізінде драмалық ширығыс пен адамгершілік проблематикасы жатыр. Жазушы повесте адам тағдырының рухани драмасын жан-жақты талдайды. Шығармада шым- шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адамның санасындағы өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезім құбылыстары талданады.

Жазушының тағы бір повесі — «Нобель сыйлығында» реалдылық пен романтикалық фантастиканың, тұрмыстық жəне поэтикалық деңгейдің бір шығарма аясында өзара ұштасқан бірлігін көреміз. Ар-ұят періштесінің адамдарды сынауы үшін жерге түсуі, олардың ұятын оятуға тырысуы, соңында не Иранбаққа қайта алмай, не жерде қала алмай əуеде қалықтап қалуы шығармадағы фантастикалық сарынды күшейткен. Шығармадағы оқиға желісінде періште қаланың ол шетінен бір, бұл шетінен бір шыр-пыры шығып, адамзаттың санасына ұяттың ұрығын себу үшін жанталасады. Шығармадағы періште автор қиялының жемісі болғанымен, жер бетіндегі періштенің көзімен, ойымен суреттелетін оқиғалардың барлығы дерлік шынайы өмірден алынған.

Шығармада қатар жатқан екі əлем бар. Бірі — Иранбақтағы періштелер əлемі, екіншісі — «пенделер əлемі». Шығарманың алғашқы беттерінен-ақ жазушы дүниетанымындағы екі əлемнің қарама-қарсылығын аңғарамыз. Иранбақтың таңғажайып көрінісі: «шекесі торсықтай, беттері албыраған қып-қызыл алмалар көрінеді. Содан соң сылдырлап, сылаңдап аққан мөлдір бұлақкөзге шалынады. Түбіндегі ақ тастарына шейін жылт-жылт етіп көрініп жатыр. Маңайдың бəрі көк майса. Ақ, қызыл, сары, көк гүлдердің хош иісі көкіректі ашады. Қыз-қайыңның бұтағына қонақтаған бұлбұл құс тамылжыта əн шырқап отыр. Жауырыны жылт-жылт еткен боз биені күрең құлын борпылдыта еміп тұр.

Əне, ақ, сары, қызыл, көк гүлдердің арасында хор қыздары серуен құрып жүр... Кейде сықылықтасып күліп қоя ма, бірін-бірі қуып ойнай ма, енді бірде қол ұстасып, айдың жүзіндей дөп- дөңгелек боп тұра қалып, мың бұрала билей ме, немене...» деп суреттелген [2; 4]. Ал енді періштенің қабылдауы арқылы берілген адамдар əлемі, қала көрінісі бұған мүлде кереғар. Періштеге қаланың ығы-жығы үйлері, ию-қию көшелері, ары-бері сабылған көліктері, абыр-сабыр тіршілігі біртүрлі ерсі көрінеді. Ол «қолқаны қапқан сасық иісі көкірегін қысып барады. Осыншама түтін құсқан көп көлік кімге керек екен деп таң қалады. Қимылсыздықтан шошқадай семіріп, ырс-ырс етіп жүре алмай қалған пенделерді көргенде көлігінен түсіп, біраз болса да неге жаяу жүрмейді екен деп» толғануы нанымды [2; 5]. Шығарманың басталуында аңғарылған контраст тереңдей келе, сюжеттік желіге арқау болады. Повестің көркемдік тілінде періште мен пенделер арасындағы қақтығыс ширыға келе, адамдардың періштені қуып жіберуімен тынады.

Екі əлемді жалғастырып тұрған Ар-ұят періштесі «өзінің адамдық қасиетін жоғалта бастаған» адамзаттың арын оятамын деп жерге түседі. Адамдардың қалыбын, пиғылын сынақтан өткізген періште жас қыз бейнесінде көрінеді. Періште əр пенденің құлағына оның ар-ұятына маза бермей, жанын жеген үнге айналады. Ішкі ар талқысынан құтылғысы келіп, жаны шыдамаған жер жүзінің адамдары барлығы бірлесе отырып, періштеге қарсы тұрар ем іздейді. Періштенің өзін құртып, жерден қуып жібере алған адамды тіпті Нобель сыйлығына ұсынбақшы болады. Жер шарының барлық адамдары періштенің неліктен жерге түсіп, адамдардың ұятын тексермек болғаны турасындағы сырға үңіліп, ойланғысы да келмейді. Адамдарды толғандыратыны — қалайда қандай жолмен болса да періштені жою. Олар ізгілік үшін күреспей, жамандықтың жолында періштені құрту үшін жанын салады. Атаққа қол жеткізу үшін барлық ғұламалар күні-түні толғанып, жаны байыз таба алмайды. Бір қызығы, періштеге қарсы күшті қаланың ең білгір ғұламасы ойлап табады. Жағдайдың абсурдқа жеткендігі сондай, ғұламаның баласы қоғамда өркендеген ұятсыздықтың, ашкөздіктің, рухани енжарлықтың құрбанына айналады. Оның жанын арашалап аман алып қалуға, айналасындағы адамдардың ұятын оятуға талпынғандардың бірі де періште еді. Алайда оған ойланып жатқан ғұлама жоқ.

Шығарманың кеңістік-мезгілдік құрылымында тəуелсіздік жылдарындағы прозаға тəн кульминациялық, жалпы стильдік тенденциялар («ақыр заман», құрылым мотиві, өлім мен өмір арасындағы шекаралық жағдай т.б.) аңғарылады. Хаос əлемінде барлығы алогистік, абсурдтық деңгейге жетті. Жер бетіндегі пенделердің ар-ұяттан безгендігі соншалық, олардың қылықтарынан періштенің өзі ұялып, теріс айналады. Ар-ұятын оятамын деп келген періштенің өзі енді адамдарға жақындай алмайтын болды. Адамдар періштеге оқ атты. «Екі оқ та қыздың ар жағында тұрған генералға тиді. Қыз сап-сау, генерал сылқ құлап түсті. Бір топ офицер өз көздеріне сенбей сілейіп тұрып қалыпты. Періште жоқ болып кетті»[2].

Шығармада періштенің жерге түсіп, адамдардың жан дүниелерін тексеруден өткізуіне байланысты фантастикалық элемент болғанымен, рухани азғындауға ұшыраған адамдардың арасында келеңсіз қылықтар: маскүнемдік, пайдақұмарлық, дүниеқоңыздық, жезөкшелік, тіпті мешіттің өзінде орын алған имансыздық, тағы басқа жағымсыз құбылыстардың сыры — бүгінгі қоғамымыздың да ащы шындығы. Адамдардың нарық заманына қарай барлығын ақшамен өлшеуі, ұятты ұмытуы, бірін- бірі алдап-арбауы, адамдардың бір-бірімен қырық пышақ болып қырқысуы, соғысуы, жердің тамтығын қалдырмай, жара беруі, тағы басқа періште назарынан тыс қалмайды.

Жазушы бүгінгі сауда заңына бағынған қоғамының рухани, адамгершілік көкейкесті мəселелерін жалпы адамзаттық деңгейге көтереді. Автордың айтатын ойының ауқымы да жаһандағы проблемалық мəселелерді көтереді. Т.Ахметжан романтик-суреткер ретінде адамзатты ежелден толғандырып келе жатқан, қазіргі уақытта да аса алаңдатып отырған мəселелерді түбегейлі шешуге тырысады. Жазушы тазалықтың, ар-ұяттың символы болған періште бейнесі арқылы адам баласының ғұмыры жаратушыға тəуелді болатынын, адамның жан дүниесінің ғарышпен, тылсым күштермен байланысты екенін жəне адамдардың оны жадында мықтап ұстауы қажеттігін бағдарлайды. Қаламгер адамдардың пенделік мінез-құлықтары мен имандылық тұғырын өзара сабақтастырып, болмыстың мəнін ашуға тырысады.

Повестің өн бойында рухани құндылықтарды жоқтаған мұң жатыр. Шығарманың романтикалық арнасымен байланысы да осы тұстан байқалады. Шығарманың көркемдік шешімінде періштенің өз «миссиясын» орындай алмағаннан кейін əуеде қалықтап қалуының өзі үлкен трагедия. Бұл қоғамның қасіреті. Жаратушының бұйрығын, өз міндетін орындай алмаған періште кері қайта алмайды. Осындай шешім арқылы автор адамдардың əзəзілдің жетегінде кетіп бара жатқанын меңзейді. Жазушының біз қарастырып отырған «Нобель сыйлығымен» қатар, «Сұлу мен суретші» повесі де трагедиялық туындылар санатына жатады.

Қаламгер туындыларынан байқалатын тағы бір ерекшелік — жазушы адам жанын ғарышпен байланыстыруға тырысады. Оның үстіне мұндай ерекше қасиетке тек жаны таза, таңдаулы рух адамдары ғана ие. «Сұлу мен суретші» повесінде де өнер туындысын дүниеге əкелу барысында суретші жанының ғарышпен, тылсым күштермен байланысына көп орын берілген. «Нобель сыйлығында» да періште адамдардың ішкі жан əлемдері мен ғарыштың арасындағы байланыстың алтын көпіріндей, дəнекеріндей. Періште адамдар жоғалтып алған сол байланысты орнатқысы келеді. Шығарманың негізгі қазығы — ар-ұят, имандылық десек, періште мен əзəзілдің күресі нені меңзейді? Автор «адамдардың пендешілікке бой алдырғаны соншалық, өздері əзəзілге айналып бара жатқан жоқ па?» дегендей ойларды ортаға тастайды.

Жазушы періштенің жанары арқылы бүгінгі таңда адамзатқа ортақ кеселді құбылыстардың барлығын: рухани азғындау, ашкөздік, атаққұмарлық, рухани құндылықтардың аяқ асты болуы, материалдық байланыстың рухтан жоғары тұруы, соғыс қаупі, т.т. өзектілігі глобалды мəселелерді алға тарта отырып, қоғамға сауал тастайды. Сол арқылы үлкен философиялық ойларға жетелейді. Т.Ахметжан қазіргі қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасымен, ой тұғырымен ерекшеленеді. Бүгінгі қоғамның рухани жұтаңдығын терең сезіне білген жазушы шығармалары осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат еткен өзекті ойларымен құнды. Жаһандану дəуірінде қоғамда бел ала бастаған еуроцентристік көзқарас аясында адамдардың дінсізденіп, иманнан айырылуы, рухани идеалдарды, құндылықтарды аяқ асты етуі жазушыны толғандырады. Қаламгер періште қиялы арқылы қоғамды рухани тұйықтан, құрдымнан құтқаратын жол іздейді, адамдар санасына ар-ұяттың ұрығын сеуіп, ойлануға шақырады.

Тəуелсіздік жылдарындағы проза баяндау күрделілігімен, көп деңгейлігімен ерекшеленеді. Жазушы бейнелеген оқиғалар бірнеше кеңістіктік, уақыттық желілерде қатар өтеді. Кейде олардың арасындағы шекара жойылып, оқиға шарттылығымен, иллюзиялық, салыстырмалы сипатымен танылады. Осы кезеңдегі повестер мен романдардағы сюжеттер «ашықтығымен, еркіндігімен жəне оқиға дамуының сан тарам желілерімен» сипатталады [3].

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Волков И. Творческие методы и художественные системы. — М.: Искусство, 1989. — С.
  2. Ахметжан Т. Мұң. Хикаяттар мен əңгімелер жинағы. — Алматы: ҚазАқпарат, 2003. — 31 б.
  3. Қазақ əдебиетінің тарихы: 10 томдық. Тəуелсіздік кезеңі (1991–2001). — Алматы: ҚазАқпарат, 2006. — 420-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.