Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Т.Р.Қордабаевтың тіл біліміне қосқан үлесі

Қазақ тіл білімінде теориялық мəселелерді зерттеу — дəстүрлі үрдіс. Ал жеке ғалымдардың ғы- лымға қосқан үлесі туралы жол-жөнекей ғана айтылады. Оның өзінде көбінесе белгілі бір теориялық мəселеге деген көзқарасы, пікірі ғана есепке алынады. Ал қазақ тіл білімінің тарихында айтулы үлес қосқан тұлғалар қаншама. Айта кету керек, қазақ əдебиеттануына бұндай дəстүр кең енген.

Орыс тіл білімінде жеке ғалымдардың ғылыми концепцияларын талдау, айқындау арқылы жет- кен жетістіктері мол. Осы тұрғыдан жеткен жетістіктері де жеткілікті. Басқасын айтпағанда, В.В.Ви- ноградовтың «Таңдамалысының» өзі тілші-ғалымдардың жеткен жетістіктері мен жіберген жаңсақ- тықтарына арналған.

Ғылым тарихы өткенді білу үшін ғана емес, оның қазіргі күйін дəл, дұрыс танып, болашағын қа- тесіз бағдарлау үшін де қажет екендігін атап көрсетеді. Кезінде елімізде үстемдік алған саяси идеоло- гияның нəтижесінде ғылымды да идеология бағындырды. Дүниені материалистік жəне идеалистік деп екіге бөліп алып айтысу да сол кезеңнің көрінісі. Сондықтан Т.Р.Қордабаев еңбектеріндегі ара- тұра кездесетін мұндай сəттерге кешіріммен қарау жөн деп ойлаймыз.

Т.Р.Қордабаев лингвистика тарихына жіктеу жасайды.

Дүние жүзіндегі тілдер қаншама көп жəне құрылымы жағынан алуан түрлі болғанымен, олардың бір-біріне ұқсас, бəріне ортақ қасиеттері, ортақ заңдылықтары бар.

Жалпы тіл білімі тіл туралы ғылымның бағыт-бағдарын белгілейтін жалпы теориялық пəн. Оның негізгі мақсаты — тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі проблемаларына жүйелі талдау жасап, олардың өзіндік сипаттарын айқындау.

Ондай өзекті проблемалар қатарына ғалым мыналарды жатқызады:

  1. Тілдің өзіндік табиғаты мен мəні, ойлаумен, қоғаммен байланысы, атқаратын қызметі.
  2. Тілдің құрылымы, құрылым элементтерінің бір-бірімен байланысы, арақатынасы.
  3. Тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары.
  4. Дыбыс тілінің шығуы, тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тілдік құбылыстарға түрткі бо- латын ішкі, сыртқы себептер, тілдер дамуында болатын дифференциялық саралану, интеграциялық процестер, жалпы халықтық тіл, диалекті, сөйлеу тілі мен əдеби тіл т.б.
  5. Тілдердің типологиялық, генеологиялық топтары, жіктелуі.
  1. Жазудың пайда болу, даму жолдары.
  2. Тіл білімінің өзіндік зерттеу əдістері.
  3. Тіл білімінің негізгі салалары, басқа ғылымдармен қатынасы, өзіндік орны.

Автордың тіл білімін басқа ғылымдармен байланыстыра қарауы да заңды. Тіл білімі басқа ғы- лымдармен қаншалықты жақын байланысты болғанымен, оның дербестігіне нұқсан келмейді. Тіл бі- лімі өзіндік объектілері, өз проблемалары, өзіндік зерттеу əдістері мен əдістемелері, өзіндік қалыпта- су, даму тарихы бар қоғамтану ғылымдарының маңызды, дербес бір саласы болып келеді. Т.Р.Қорда- баев дыбыс тілінің өзіндік сипаттары бір сұраудың да, бір сөйлемнен құралған анықтаманың да шең- беріне сыймайды. Егер дыбыс тілін қоғамдық қызметі жағынан айқындағымыз келсе, оған «дыбыс ті- лі дегеніміз — адамдардың бір-бірімен қатынас жасайтын кұралы деп, егер тілінің ой-санамен қарым- қатынасын айқындағымыз келсе, ойды қалыптастырып жарыққа шығаратын құрал, ойлау құралы, ақиқат шын сана» деген анықтама береміз дейді.

Тіл қоғам қажетін өтейтін, қоғамға қызмет ететін қоғамдық құбылыстар қатарына жатады. Оның себебі тіл қоғам үшін, қоғам мүшелерінің пікір алысып, өзара түсінісуі үшін керек. Пікір алысу, сөй- лесу қоғамдасқан адамдар бар жерде ғана болады, адам жоқ жерде тіл де жоқ. Адам қоғамы қашан ту- ған болса, тіл де сол кезеңде пайда болған. Қоғамсыз тіл, тілсіз коғам болмайды.

Тілдің құрылымдық жəне функциялық жағы болады. Бұл екеуі өзара байланысты, бірақ бір емес. Тіл жалпыхалықтық дегенде, оның құрылымының жалпы халықтығы ескеріледі, өйткені бұл жағынан əр халық, əр ұлт тілі — бір бүтін. Ал қызмет жағынан алғанда тілде айырмашылық өзгешелік кездесе береді. Істейтін кəсіптеріне, мамандықтарына, білім дəрежесіне, жас мөлшеріне, жыныстарына қарай əр түрлі əлеуметтік топтардың өз сөйлеу мəнерлері, өзіндік лексикондары болатындығы даусыз. Бір кездерде «тіл таптық құбылыс» деушілер тілдің осы ерекшеліктеріне сүйенеді, сөйтіп, олар тілдің қызметтік жағын оның құрылымдық жағымен шатастырды деп атап көрсетеді.

Сөйлеу дегеніміз — тілді қатынас процесінде өз ойын басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану деп атап көрсетті.

Тіл мен сөйлеудің бір еместігін, бұлардың арасында айырма барын ғалымдар ертеде-ақ байқаған. Т.Р.Қордабаев Ф. де Соссюрдің тіл мен сөйлеуге қатысты көптеген құнды пікірлерімен қатар кейбір қайшылықтры да бар, ол сөйлеуді тек индивидуумдық, даралық құбылыс, онда əлеуметтік ештеңе де жоқ дей тұра тілді сол сөйлеу əректінің бір бөлшегі деген пікіріне ғылыми түрде сыни көзбен қарап былай деді: «Егер тіл əлеуметтік болса, онда ол индивидуалдық болып табылатын сөйлеу əрекетінің бір бөлшегі болмау керек, не болмаса сөйлеу əрекеті таза индивидуалдық болмау керек. Сол сияқты тіл «сөйлеу əрекеті» түсінікті болу үшін, ал сөйлеу тілдің іске асуы, əрекетке жарауы үшін қажет дей тұра, сөйлеуді таза индивидуалдық құбылыс деу қисынсыз. Егер сөйлеуде тек индивидуалдық қана сипат болса, адамдардың бір-бірін түсінуі мүмкін болмаған болар еді».

Тіл мен ойлау арасындағы байланыс, бірлік олардың тепе-теңдіктерінің кепілі бола алмайды. Бұл екеуі бір-бірінен қызметі, құрылымдары жағынан да жекеленеді. Ойлаудағы мақсат объектіні та- нып-білу, жаңа мəлімет, тың білім беру табу болса, тіл ойды қалыптастыру, жарыққа шығару, оны сақтап, кейінгі ұрпақтарға жеткізу міндеттерін атқарады. Құрылымдары, логикалық формалары жа- ғынан алғанда, ойлау ойдың логикалық құрылысына ұғым мен байымдауға негізделеді. Ойлаудың ло- гикалық заңы, формасы — жалпы адамдық. Ал тілге негіз болатын оның грамматикалық құрылы- сы — сөз өзгертуі, сөз туғызу, сөйлем құрау ережелері.

Бұлар жалпы адамдық емес, жеке халықтық, ұлттық болады. Əрбір этникалық топ тілі ойды өзін- ше қалыптастырады, тек өзіне ғана тəн амал-тəсілдер арқылы жарыққа шығарады. Осы себептен де əр этникалық топ өкілі өз тілі тұрғысында, өз тілі негізінде ойлайды.

Профессор Т.Р.Қордабаев ғылыми тұрғыда мағына жөніндегі анықтамаларға сын көзімен қарап, мағына дегеніміз таңбалаушының таңбаланушымен қатынасынан туатын мəн, мазмұн деп түсіндіре- ді. Тілдік мағына сан салалы, күрделі құбылыс. Бұл мағыналардың білдіретін материалдық көрсет- кіштерінің қыр-сырлары, тілде атқаратын қызметтері жақтарынан алуан түрлі болатындықтарын бай- қауға болады.

Т.Р.Қордабаев тілдің мағыналарының сөйлеу процесіндегі түрленуін былай түсіндіреді: «Тілдің коллектив мүшелері сөйлеу процесінде сөздің лексикалық мағынасын түрлендіріп, оны ауыспалы, келтірінді мағынада қолдана береді, ал грамматикалық мағыналарды олай түрлендіре алмай- ды» [1; 138].

Бұл жағдайлар тілдік семантиканың сапалық жағынан да, сандық жағынан да, құрылымдық жа- ғынан да əрқилы екендігін байқатады.

Кез келген сөздің лексикалық мағынасымен бірге грамматикалық мағынасы қосақталып жүреді. Тілдерде кездесетін грамматикалық мағыналардың материалдық көрсеткіштері аффикстер, шылау сөздер, сөздер қатары, қос сөздер, ішкі флекция, екпін, интонация, супплетизм екенін атап көрсетеді. Əрбір грамматикалық мағына өздерінің материалдық көрсеткіштерімен бірлесіп жеке-жеке топ құ- райды. Ондай топты лингвистикада грамматикалық категория деп атаймыз.

Тіл білімінде сөз тіркесін сөйлемге қосып қараудың дұрыс еместігін ашып көрсетеді. Т.Р.Қорда- баев бұл жөнінде былай дейді: «Сөздер тіркесінің сөйлемнен негізгі ерекшелігі — онда предикативтік байланыстың, қатынастың болмайтындығында: жақсы адам, кітап оқу, машинамен бару, дауыстап сөйлеу — сөздер тіркесі, кітап оқыды, машинамен барды, дауыстап сөйледі предикативті тіркес, яғ- ни сөйлем» [1; 100]. Сонымен бірге Т.Р.Қордабаев өз еңбегінде сөйлем туралы былай дейді: «Сөйлем аяқталған ойды емес, жеке ойды білдіреді. Ондай жеке ойлар логикалық жағынан аяқталмауы да мүм- кін. Сөйлем — ең кіші коммуникативтік тұлға. Оған тəн белгілер, оның грамматикалық сипатын ай- қындайтын синтаксистік категориялар — коммуникативтік пен модельдік жəне предикативтік қасиет- тері» [1; 100]. Т.Р.Қордабаев сөйлемдегі жіктеуде екі түрлі белгіні басшылыққа алады: оның бірі структуралық белгі, екіншісі — модельдік белгі.

Дүние жүзіндегі тілдер сияқты қазақ тілі де дыбыс, сөз, сөздер тіркесі, сөйлемнен тұрады. Осы тілдік элементтер өзара бірлікте, байланыста тұрып, біртұтас құрылым құрайды. Т.Р.Қордабаев тілдік элементтердің əрқайсысына байланысты өзіндік пікірін айтады [2].

Тілдің басқа қоғамдық құбылыстардан ең негізгі өзгешеліктерінің бірі оның таңбалық сипатында болса, ал басқа таңбалар жүйесінен өзгешелігі — жүйелік, құрылымдық сипатында. Жүйе, құрылым дейтін атаулардың жəне бұлар арасындағы жақындық пен өзгешеліктерін ғылыми проблема ретінде біздің елімізде елуінші жылдар ішінен бері қарай зерттеле бастады. Осы уақыт ішінде жүргізілген пі- кірталастарының нəтижесінде сөз болып отырған проблемаға қатысты екі мəселе түпкілікті шешілуде деуге болады. Олардың бірі жүйе мен құрылымды өзара жақын, бірақ бір-бірінен ерекшеліктері де бар, екі бөлек ұғымның атауы ретінде қолдану, екіншісі жүйені де, құрылымды да тілдік тұлғалардың бірліктеріне, арақатынастарына байланысты қарау мəселесі. Бірақ проблеманың ең күрделі мəселеле- рі қатарына жататын бұл екі атауға анықтама беруде лингвистер арасында бір-біріне қайшы пікірлер күні бүгінге дейін бар: біраз ғалымдар тілдік жүйені элементтер қатынасымен байланысы тұрғысында анықтаса, екінші топтағы ғалымдар оны құрылымға тəн белгі деп есептейді. Т.Р.Қордабаев орыс тіл білімінде, Прага лингвистерінің мектебінде айтылған пікірлерге қосыла отырып, құрылым деп, тілдік тұлғалардың арнаулы тəсілдер арқылы іске асатын байланыстарының жиынтығын айтамыз дейді. Ал тілдік жүйе дегенге біртұтас объекті деп есептелетін құрамына енетін тұлғалар мен олар арасында бо- латын байланыстар жиынтығы жатады. Тілдік жүйе құрайтын кесек тұлғалар — фонетика, лексика, грамматика.

Т.Р.Қордабаев тіл дамуының, оның ішінде грамматиканың дамуы жөнінде айтқан пікірлерін өзі- нің ХVІ–XIX ғасырлар жазба ескерткіштерін зерттеу қорытындысы деуге болады [3].

Тіл фактілерін тарихи тұрғыдан алып зерттеудің, білудің ғылым үшін де, практикалық іс үшін де үлкен мəні бар. Себебі қандай құбылыстың, фактінің болмасын өткенін, тарихи даму жолдарын біл- мей тұрып, оның қазіргі күйін, сырын жете білу мүмкін емес. Тіл тарихын зерттеуде, үйренуде бас- шылыққа алынатын басты бір принцип — тіл тарихын, оны туғызған, сол тілді қатынас құралы ретін- де пайдаланған қоғам тарихымен тығыз байланыста қарау принципі. Тіл тарихын зерттеуде, үйренуде басшылыққа алынатын екінші принцип — зерттеліп отырған тілдің фактілерін, орынды жерінде, оны- мен бірге туыстас тілдермен жəне қаралып отырған тілдің қазіргі фактілерімен салыстыра қарау принципі.

Қорыта келгенде, Т.Р.Қордабаевтың еңбектерінің бір саласы — жалпы тіл білімі мəселелері. Бұл салада салмақты еңбектер жоғары оқу орындарына арналған «Жалпы тіл білімі», «Тілдің структура- лық элементтері».

«Жалпы тіл білімі» қазақ аудиториясына арналған бұл саладағы алғашқы оқулық. Бұл еңбегінде ғалым өзінен бұрынғы үнді-еуропа ғалымдардың еңбектерін саралап, жинақтап, типтендіріп, тіл білі- мі тарихы мен тілдің жалпы теориясы туралы толымды аналитикалық тұжырымдар ұсынған. Бұл оқу- лық осы уақытқа дейін жоғары оқу орынындағы оқу процесінің қажетін қанағаттандырып келеді.

«Тілдің структуралық элементтері» қазақ лингвистикасында тілдің құрылымдық, жүйелік сипатын толық дəлелдеген алғашқы еңбек десе де болады.

Т.Р.Қордабаев — түрколог, қазақ тілінің тарихшысы. Оның бұл саладағы пікірлері мен ой-тұжы- рымдары «Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі», «Тарихи синтаксис мəселелері», «Түркологияның да- му тарихына», «Түркология жəне қазақ тіл білімі» атты еңбектерінде айтылған.

Ғалым Қадырғали Жалайырдың «Жамиғат-ат-тауарихын», Абылғазы Баһадурдың «Шежіре түр- кісін» зерттей келе, бұл ескерткіштерде оғыз-қарлық элементтері кездескенімен, олардың тілінің қа- зақ тіліне неғұрлым жақын екенін дəлелдейді. Өзінен бұрын айтылып жүрген бұл ескерткіштер түркі, шағатай тілінде жазылған жазба тіл, қазақ əдеби тіліне негіз бола алмайды деген пікірлерге қазіргі қа- зақ жазба əдеби тілінің бастауларының бірі екенін көз жеткізе дəлелдеп тойтарыс береді.

«Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі» атты монографиясында кейінгі қазақ тілінің қалыптасуына осы жазбалар тілінің əсерін көрсетіп береді. Бұл жолда ғалымның дəлелдеріне тірек — ескерткіштер- дің негізінен синтаксистік құрылысы. Алайда ғалым тиісті жерлерде морфологиялық, лексикалық элементтеріне жүгініп отырады.

«Түркологияның даму тарихына», «Түркология жəне қазақ тіл білімі» оқулықтары көлемі жағы- нан шағын болса да, казақ аудиториясына түркология тарихынан, түркология мəселелерін алғаш жүйелеп, бір ізге түсіріп берген еңбектер.

Т.Р.Қордабаевтың айрықша бір еңбегі — «Қазак тіл білімінің қалыптасуы мен даму жолдары» атты монографиясы. Ғалым қазақ тіл білімінің тарихын алғаш рет жүйелеп, оның əр саласының зерт- теу деңгейін анықтап берді. Монографияда бұдан былай зерттелуі қажет көкейкесті мəселелерді алға қояды. Бұл еңбек қазақ тілін зерттеушілерге бағыт-бағдар беруімен құнды.

Монография саласында Т.Р.Қордабаев қомақты еңбегі — «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің шақ категориясы» атты кандидаттық диссертациясы. Ғалым етістіктің шақтарын былай жіктейді: өт- кен шақ, осы шақ, келер шақ деп бөледі де, бұлардың жасалу жолдарының семантикасы мен синтак- систік қызметін талдап, көрсетіп береді. Т.Р.Қордабаевтың үш еңбегі жазылған еңбектерде термин- дерде өзгеріс болғанымен, мағынасы мен формасы сол қалпында қолданылып жүр.

Т.Р.Қордабаевтың қазақ тілінің морфологиялық сипаты жөнінде басқа да азды-көпті жол-жөне- кей жазған пікірлері көп.

Профессор Т.Р.Қордабаевтың айрықша да көп еңбек сіңірген саласы — синтаксис. Оның жай сөйлем синтаксисі бойынша жазғандары негізінен сөз тіркесі мен сөйлем мүшелері мəселелері тура- лы. Сөз тіркесі синтаксисінде Т.Р.Қордабаев сөз тіркесінен бөлек синтаксистік единица ретінде қа- растыруға қарсы ғалымдарға тойтарыс беріп «оны сөйлемді құрастырушы бөлшек ретінде» арнайы жіктеп бөлек қарауды қолдайды. Бұл мəселеде ол М.Балақаев тұжырымын мақұлдайды. Т.Р.Қордаба- евтың үйірлі мүше мақаласы жазылғанға дейін, үйірлі мүшелер бағыныңқы сөйлеммен бірдейлестірі- ліп немесе үйірлі мүшенің құрамындағы сөйлемдер бастауыш, баяндауышқа талданатыны туралы белгілер ұсынылып, я болмаса үйірлі мүше бастауыш-баяндауыштық ыңғайда тұрмау керек дейтін пі- кірлер айтылып келеді. Т.Р.Қордабаев осыларды саралай келе, қазір қолданылып жүрген негізгі белгі- лерін, атап айтқанда, құрылысын, интонациялық ерекшелігін белгілеп берді.

Бұл белгілер осы күні күн тəртібінен түскен жоқ. 50-жылдар «Халық мұғалімі», «Қазақ тілі мен əдебиеті» журналдарында жүрген дискуссияның басында ұйымдастырушы ретінде Т.Р.Қордабаев болды. Өзі де пікірлерін айтты.

Т.Р.Қордабаевтың ең құнды да, ерекше еңбектерінің құрмалас сөйлем синтаксисіне арналады. М.Балақаевпен бірігіп жазған «Қазіргі қазақ тілі» синтаксисі бөлімінің авторы — осы ғалым. Бұл кісі құрмалас сөйлемді былай жіктейді: салалас, сабақтас, аралас. Т.Р.Қордабаев салалас құрмалас сөй- лемдерді құрмаласу тəсіліне қарай жалғаулықты салалас сөйлем, жалғаулықсыз салалас сөйлем деп екіге бөледі.

Жалғаулықсыз салалас сөйлемдерді компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынасына қарай мынадай түрлерге бөледі:

  1. Мезгілдес салалас сөйлем.
  2. Себептес салалас сөйлем.
  3. Қарсылықты салалас сөйлем.
  4. Түсіндірмелі салалас сөйлем.
  5. Салыстырмалы салалас сөйлем.
  6. Шартты салалас сөйлем.
  7. Көп компонентті салалас сөйлем.

Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдерді мынадай түрлерге бөледі:

  1. Мезгілдес салалас сөйлем.

 

  1. Себептес салалас сөйлем.
  2. Қарсылықты салалас сөйлем.
  3. Талғаулы салалас сөйлем.
  4. Кезектес салалас сөйлем.

Т.Р.Қордабаев сабақтас құрмалас сөйлемді мынадай түрлерге бөліп көрсетті:

  1. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
  2. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлем.
  3. Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
  4. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
  5. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
  6. Қимыл-сын бағыныңқылы сөйлем.
  7. Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
  8. Мезгілдес сабақтас сөйлем.

Аралас құрмалас сөйлем деп құрмалас енген жай сөйлемдерді бір-бірімен салаласып та, сабақта- сып та байланысатын құрмалас сөйлемді айтады [4].

Бұлардың əрқайсысының жасалу жолдарын композициялық мағыналық қарым-қатынасын ай- қындап көрсетіп береді. Т.Р.Қордабаевтың осы жіктеуі кейін көп өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Бұл оқулық қазақ тілін оқып зерттеудің əлі де болса, рухани қажетін өтей беретін еңбек деп бағалауға бо- лады. Т.Р.Қордабаев бұл еңбегін кейін де құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты мəселелерге мезгіл-мезгіл үн қосып отырды. Көз көргендердің айтуынша, Т.Р.Қордабаев құрмалас сөйлем синтак- сисі туралы ойларын толықтырып, өңдеп, жаңа тың пікірлер қосып, «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисі» атты еңбегін баспаға тапсырған. Алайда əлі жарияланған жоқ. Т.Р.Қордабаев сіңірген ерекше еңбегі — «Қазақ тілі синтаксистік құрлысының тарихы». Бұл еңбегінде айрықша атап көрсе- терлік жайт, ғалымның нақты тілдік материалдар арқылы синтаксистік құрлыстың, синтаксистік бірліктердің өзгеріп, даму жолын көрсетеді, паратаксистің гипотаксиске бұрын болғанына нақты тіл- дік материалдар арқылы көз жеткізуі.

Т.Р.Қордабаев синтаксиске байланысты пікір айтқан бір саласы — синтаксистік құрлыстардың əр түрлі стильдегі қолданысы. Бұған байланысты біз ғалымның «Поэзиялық шығармалардың синтак- систік құрылысы», «Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі», «Мақал-мəтел синтаксисі» еңбектерін ала- мыз. Қазақ тіл білімінде жаңа ғана қолға алына бастаған күрделі синтаксистік тұтастық мəселесін зерттеуді алғаш күн тəртібіне қойған ғалым Т.Р.Қордабаев.

Өлең тармағының синтаксистік құрылысы туралы Т.Р.Қордабаев былай дейді: «Егер шумақты басқаларға тəуелсіз өз алдына бір бүтін деп қарасақ, тармақты сол бүтіннің бөлшегі деп қарау керек». Мейлі салалас сөйлем болсын, мейлі сабақтас сөйлем болсын бір тармақ ішіне сыйып келген жағдай- да олардың компоненттері арасында айрықша интонация, пауза дегендер болмайды. Өйткені белгілі бір интонацияға, паузаға ие болатын тармақ қана. Ал тармақ ішіне сыйып келген құрмалас сөйлем компоненттері өлең жолының бір бунағы тəрізді болып тұрады. Бұдан поэзиядағы интонация, пауза сөз тіркесінің синтаксистік сипатына, яғни сөйлем болу, болмауына ғана байланысты емес, одан гөрі өлең ырғағына байланысты, соған тəуелді деген қорытынды жасауға болады [1; 181].

Синтаксистік негізгі единица болып табылатын жай сөйлем мақал-мəтелде де қазіргі əдеби тілі- міздегі тəріздес құрамда кездеседі. Мысалы: Шабан үйрек бұрын ұшар.

Мақал-мəтел синтаксисінде етістік екі-үш формалық құбылыстарда ғана қолданылады жəне негі- зінде екінші, үшінші жақта, келер шақта айтылады.

Мақал-мəтел синтаксисінің ерекшелігі — сөйлемдегі сөздер санының мейлінше аз, сөйлемнің өте ықшамды болатындығында.

Т.Р.Қордабаев мақалда кездесетін салалас құрмалас сөйлем компоненттері бір-бірімен берік, ты- ғыз байланыста болмайды. Олар өзара нашар байланысады да, əрқайсысы өз дербестіктерін сақтап, қай жағынан болса да бір-бірінен тəуелсіз тұрады деп атап көрсетеді [1; 231].

Мақал синтаксисінің өзіндік тағы бір ерекшелігі мұнда екі жай сөйлем ғана емес, сонымен бірге екі түрлі құрмалас сөйлем де бір-бірімен құрмаласып келе береді. Мысалы: Қаз келсе, жаз келер. Ма- қалда кездесетін сабақтас сөйлемнің негізгі түрі шартты рай арқылы жасалатын қарсы мəнді сабақ- тастар мен салыстырма бағыныңқылы сабақтастар кездеседі, ал мезгіл бағыныңқылы түрі мақалда кездеспейді деуге боларлық [1; 237]. Мақалда есімше арқылы жасалатын сабақтас құрмалас сөйлем мынадай формаларда көрінеді.

  1. Бағыныңқылы компонент баяндауышы ша, -ше жұрнақты өткен шақтық есімшеден болады да, екі компоненттегі əрекет бір-біріне қарама-карсы қойыла салыстырылады.
  2. Бағыныңқы компонент баяндауышы жатыс жалғаулы келер шақтық есімшеден болады да, ба- ғыныңқылы компонент басыңқымен мезгілдік қатынаста тұрады. Мысалы: Ешкіні тəңір атарда, қой- шының таяғына душар болады.

Қорыта келгенде, Т.Р.Қордабаев қазақ тіл білімінің дамуында өзіндік орны бар, осы ғылымға ай- рықша көп еңбек сіңірген ғалым екеніне көзіміз жеткенін айтуға тиіспіз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Тілтанудағы тұлға: Профессор Т.Р.Қордабаевтың 90 жылдығына арнал. ғыл.-практ. конф. материалдары. — Қарағанды, 2005. — 335 б.
  2. Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы. — Алматы: ҚазССР Ғылым академиясы, 1967. — 83-б.
  3. Құрышжанов Ə. Толеубай Рахымжанович Кордабаев (70-летию) // Советская тюркология. — 1985. — № 6. — C. 25–36.
  4. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: Оқу құралы. — 2-бас. — Алматы: Санат, 1995. — 10-б.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.