Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тілі сабағында коммуникативтік ойындарды пайдаланудың тиімділігі

Дидактикалық ойындарды сабақта пайдаланудың маңызы зор, себебі ойындар тіл үйренушінің оқу материалын меңгеруіне қызығушылығын жоғарлатады, тілін дамытады, шығармашылық белсенділігінің артуына əсер етеді.

Біздің зерттеу жұмысымызда дидактикалық ойындардың бір ғана түрі — коммуникативтік ойындардың тіл дамытудағы əдістемесін жасау.

Коммуникативтік ойындарды үш түрге бөліп қарастырамыз. Олар:

  • коммуникативтік емес ойындық тапсырмалар;
  • коммуникативтік ойынға дейінгі тапсырмалар;
  • коммуникативтік ойындық тапсырмалар.

Бұл еңбекте коммуникативтік ойындарының үш түріне анықтама беріліп, міндеттері мен мақсаттары айқындалып жəне оған қатысты түрлері мен үлгілері ұсынылады.

Ойын — бұл адамзаттың бала кезінен есейгенге дейінгі қоршаған ортаны тану əрекеті. Сонымен бірге ойын — белгілі бір тіршіліктегі əрекетінің алдындағы жаттығу жəне үйрену кезеңі [1].

Ойын — шынайы өмірде, табиғи тіршілікте белгілі бір сөйлеу-жағдаятында өзін-өзі жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Ойын дегеніміз — өзін-өзі тану, танымын дамыту, бір нəрсені жасап үйрену, еліктеу арқылы əрекетке түсу.

Ойын дегеніміз — жағымды эмоцияға беріліп (физикалық, эмоционалдық, ынталылық белселділігін арттыру), шығармашылық белсенділігін арттыру.

Ойын дегеніміз — ең негізгі, басты тұғыры — мəдениет таным (ұлттық ойындар арқылы тəрбиелеу).

Ойын дегеніміз — адамдардың түрлі əлеуметтік жағдаятта контексте, рольдерде ойнау, əңгімелесу, өзара əрекетке түсу, бір-біріне көмектесу арқылы жаттығу.

Ойын — еркін əрекеттің нəтижесі, адамның демалу əрекеті, қуану, эмоцияға берілу сезімі, талантын ашу, тəжірибе алу жəне т.б. [2].

Ойынның тілді үйренудегі ерекшелігі:

  • негізгі мақсатқа жетудің амалы, іс-əрекетін белсендіреді;
  • тіл үйренушінің оқу пəніне қызығушылығын арттырады;
  • тіл үйренуші тілді үйрене отырып, үлкен тəжірибе жинақтайды, сөйлеуге үйренеді;
  • психологиялық кедергілерді жоюға жəне тілді үйренуге психологиялық жағдай тудырады;
  • тіл үйренушінің басқаларға əрекетке түсу кезеңінде өзін-өзі тануға жағдай туғызады;
  • тобындағы əңгімелесушімен жарыса отырып, əрекетке түсе отырып, өзінің шығармашылық деңгейін көтереді;
  • тіл үйренуші сөйлеу əрекетіне түскен кезде тілдік жəне сөйлеу материалдарын қайталау арқылы жақсы меңгереді;
  • оқу үдерісін жандандыруға, дамытуға, жетілдіруге əрекет жасайды.
  1. Коммуникативтік емес ойындық тапсырмалар.

Тілдік жүйені сөйлеу үлгілерін, лесиканы, грамматиканы меңгеру үшін коммуникативтік ойындар міндеті қойылады.

  1. Коммуникативтік ойынға дейінгі тапсырмалар.

Грамматикалық, лексикалық, фонетикалық дағды мен білікті дамыту, қалыптастыру үшін қойылатын ойындар түрлері.

  1. Коммуникативтік ойындық тапсырмалар.

Сөйлеу іс-əрекетінің төрт түрі арқылы коммуникативтік құзыретті қалыптастыру (барлық тілдік жүйені қамту, психологиялық, əлеуметтік аспектілерді қамту арқылы орындалатын міндет). Мұндай міндеттер орындау кезінде белсенді əрекетке түсе алады.

Сабақ үстінде орындалатын кез келген тапсырма (əдістемелік, психологиялық, педагогикалық, тəрбиелік белгілі бір нақты міндетті шешуге көмектеседі:

  • тіл үйренушінің тілді меңгеру кезеңіндегі қиындығын жеңу мақсатындағы демалу мүмкіндігін туғызу əрекеті жəне ойын арқылы лексиканы қайталау;
  • түрлі берілген репликаларды, фразеологизмдерді, клишелерді, сөз тіркестерін, сөздерді қайталау мақсатында;
  • оқытушының əдістік тапсырма ретінде берілген ойындар. Тіл үйренушінің жаңа тақырыпты меңгеруіне жəне қойылған мақсатты жүзеге асыруына көмектеседі.

Осындай ойындық тапсырмалар тақырыппен жұмыс істеу кезеңінің (мəтін кезеңі, мəтінге дейінгі, мəтіннен кейінгі) барлық өн бойында орындалу керек.

  1. Коммуникативтік емес ойындық тапсырмалар.

Сөйлеудің ішкі құрылымдарын дамытатын жəне қалыптастыратын ойындардың негізгі міндеті коммуникативтік емес ойындық тапсырмалар арқылы сөйлеу үлгілерін, тілдік материалдарды жəне лексикалық қорды, жаңа сөздерді жетілдіруге бағытталатын ойындар. Мысалы, грамматикалық тапсырмаларды дамыту, жетілдіру үшін мынадай ойындарды пайдалануға болады.

«Кім көп біледі?»

Топ екіге бөлінеді. Оқытушы тіл үйренушілерге таныс үлгі арқылы сұрақ қояды.

  • Бүгін жаңа газет материалдарынан қандай мақалалар оқыдыңыз?
  • Қазақ елінің экономикасы
  • Білімі
  • Саясаты
  • Спорты
  • Мерекесі
  • Ауа райы туралы

Бұған 2–3 секунд ішінде жауап бере алмаған топ ұтылады.

«Мен танысқаныма қуаныштымын.»

Оқытушы дайын үлгі арқылы сөйлеу əдебіне қатысты бір реплика айтады. (Мен танысқаныма қуаныштымын). Бірінші тіл үйренуші жалғастырады.

  • Ханым мырза сізбен танысқаныма қуаныштымын.
  • Тағы бір тіл үйренуші.
  • Мен сіздің отбасыңызбен танысқаныма қуаныштымын.
  • «Толықтырыңыз».
  • Оқытушы мындай үлестірмелі материалдарды тіл үйренушіге ұсынады:
  • Синонимдік қатарын табыңыз (сұлу — əдемі, ажарлы, көрікті; талантты —...).
  • Мақал-мəтел (Отан — ...).
  • Жалғауын табыңыз: жұмыс-... -... -... (үш қосымшасы бар).
  • Заттың түр-түсі.

Оқытушы 1 минуттық уақыт береді, орындай алмаған ойыннан шығады.

  1. Коммуникативік ойындарға дейінгі тапсырмалар.

Коммуникативтік ойындарға дейінгі тапсырмалар негізінен тілдік үлгілерді, нұсқауларды, модельдерді игеруі деңгейінен қатысымға түсуге дейінгі барлық оқу материалдарын (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық) қамтиды. Ондай тапсырмалар:

  1. Сұхбатта ойнау негізімен белгілі бір сөйлеу жағдаятына құрылады. Мысалы, мерейтой иесіне қандай сыйлықтар сыйладыңыз? Қандай құттықтау сөздер айтылды? деген түрде беріледі.
  2. Ойлан тап ойыны. Топ бірнеше топшаға бөлінеді. Бар шағын топтың мүшелері мерейтой иесіне арналған құттықтау аяқталмаған хатын оқиды, қалған топтың мүшелері жылдам бірнеше минутта аяқтау керек.
  3. Құттықтау əдебі ойыны. Топ болып ойнайды. «Сыйлықты тарту ету» сөйлеу жағдайының тапсырмасы бойынша сұхбат құрастыр. Ойынды орындау 3 минут уақытқа есептелген.
  4. Арнау ойыны. Мерейтой иесіне сіз өлең немесе əн мəтінін сыйлағыңыз келеді. Бірақ сіздің қолыңызда əнге жазылған мəтін жоқ, ол үшін таспаға жазылған сізге ұнайтын бір əнді тыңдайсыз, өзіңізге таныс сөздерді жазып алыңыз да əннің музыкасына ұқсайтын ритммен əн сыйлаңыз. Бұл ойын үшін қандай əндер сыйлауға болады. «Туған күн кешінде», «Ағалар», «Той бастар», «Кел, қошамет сөз айтайық!» ойыны. Топ екіге бөлінеді. Қай топ қошамет сөзін көп айтса, ұпай жинайды.

Түсініктеме:

Осындай жағдайда берілген бір тақырыптың мазмұнын ашатын, дамытатын коммуникативтік ойындарға дейінгі тапсырмаларына қатысты «Сұхбатта ойнау», «Ойлан тап», «Құттықтау əдебі»,

«Арнау ойынына» қатысты ұсынылған фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдар қатысымға түсу процесіне дейінгі дайындық кезеңі арқылы тілін дамытады.

Мұндай тапсырмаларды орындаудың міндеттері:

а) Ұсынылғын үлгілер бойынша (мысалы, диалог, сұхбат, сөйлесу жағдайы, тапсырма) оның негізін өзгертпей, сол сұхбат рольдерінде ойнау.

Ескерту. Мүмкін сұхбат кейіпкерін, ұйым атауын, адамның атын, жер атауларын өзгерту.

ə) Сөйлеу ниеті сызбасы арқылы сұхбат үлгісінде ойынға қатысу. Мысалы, шақыру + келісім беру + алғыс айту + құптасу. Сөйлеу əдебіне қатысты сызбалар ұсынылып, сол үлгіде сұхбатқа қатысу.

б) Сөздері түсіріліп жазылған құжат түрлерін толықтыру.

в) Əн мəтіні бойынша түсіріліп жазылған өлең жолдарын толықтыру.

с) Не жауап, не сұрау репликасы түсіріліп жазылған. Мысалы, оқытушы сұрақ репликасына берілген сұхбат мəтініне жауап репликасын беруі керек.

«Қоныстой»

Тіл үйренушілер үйдің, пəтердің, баспаналық (қабатты, жер үй) жоспарын алады. Оқытушы сонымен бірге түрлі газеттер мен журналдардан алынған қиынды қағаздар (жиһаз, үй құрылысы, сəулетті үйлердің сызбасын ұсынады). Тіл үйренушілер 3–5 минут ішінде жаңа дизайн үлгісінде пəтер құрастырады жəне мына үлгіде əңгіме құрайды.

  • Маған жаңа пəтерім ұнайды.
  • Көп бөлмелі....
  1. Коммуникативтік ойындық тапсырмалар.

Бұл ойындарды сабақта қалай пайдалануға болады?

  • Коммуникативтік ойындық тапсырмалар тіл үйренушінің коммуникативтік білігін орнықтыруға, қалыптастыруға жəне коммуникативтік құзыретін дамытуға, жетілдіруге (лингвоелтанымдық, елтанымдық, əлеуметтік-мəдени танымдық, танымдық қарым-қатынасқа түсудің деңгейін) арттыруға көмектеседі. Мұндай тапсырмалар оқу үрдісінде тіл үйренушінің белгілі бір деңгейге жеткен кезеңінде (мысалы, қарапайым немесе базалық деңгейді игерген кезеңінде) орындалады. Себебі коммуникативтік ойындар белгілі бір тақырыпты аяқтау үшін толық қамту үшін, мазмұнын түсіну үшін, ең бастысы тіл үйренушінің пассив үйренушіден (актив белсенді үйренушіге жету деңгейін айқындау міндетін орындау керек [3].

Мұндай ойындар түрлеріне рольдік, іскерлік, бəйге-жарыс, пікірталас, əңгіме, интервью, интерактив, жоба, полилог, монолог, ойталқы жатады. Мұндай ойындарды қазақ тілі сабағында ұсыну тапсырманың бір бөлігі ретінде, яғни талқылау, сценарийін жазу, рольдерге бөлу, ізденім əдісін қолдану, тіл үйренушінің өзіндік ұстанымы болу, тағы басқа міндеттер орындауға қажет.

Бəйге-жарыс түрінде коммуникативтік ойынның негізі ойынға қатысушылардың бір-бірімен жарысып, ой бөлісуі арқылы сабаққа қызығушылығын дамытады. Бұл ойынға бірнеше топшалар қатысуға болады.

Бəйге-жарыс ойының түрлері:

  • «Жақсы газет мақаласы бəйгесіне қатысу»;
  • «Арулар байқауы»;
  • «ХХІ ғасыр көшбасы»;
  • «Алтын қақпа»;
  • «Астана — ХХІ ғасырдың сəулетті қаласы».
  • Бұл ойынға қатысушылар «өз жобасын» ұсынады, мəтін құрайды, сценарийін жазады, сызбасын береді, дəлелдейтін фактілер жинайды. Əрбір ойынға қатысушы өзінің жобасын қорғайды. Оған бəсекелес адам оның жобасына сыни пікірлерді іздеуге əрекет жасайды. Бəйгенің қорытындысын «алқа мүшесі» қорытындылайды.

Рольдік ойындар тапсырмалары. Шоу-бағдарлама, пікірталас, сөз сайысы, ойтолғаныс, ой бөліс, интервью, интервью алу, «этюдтік, нұсқалық» (қарсы жақты ұту, немесе тең ойнау мақсатына ыңғайланып берілетін ойын түрі) [4].

Этюдтік ойындар — рольдік ойындардың бір түрі. Ойыншылар белгілі бір тақырыпқа, оның ішінде адамның тіршілігіне, өміріне қатысты сөйлеу жағдаятының тапсырмаларға құрылған рольдері ойынның бір түрі. Оқытушы осындай этюдтік, нұсқалық сөйлеу жағдайының тапсырмалар тақырыбын тіл үйренушіге алдын ала ұсынады. Ал тіл үйренуші оқиға желісін талқылауға, сұхбат, құруға дайындалады. Мұндай дайындық үшін 10 минут уақыт керек. Ойын тəртібі:

  • Сіздің досыңыз сабаққа үнемі қатыспайды. Досыңыздың бұл əрекеті дұрыс емес. («Сабақта»тақырыбы).
  • Сіз Медеу мұз айдынында жаңа дос таптыңыз. 1. Досыңыз бос уақытында немен айналасатынын сұрап біліңіз. 2. Өзіңіздің бос уақытыңызды қалай өткізетіндігіз туралы айтып беріңіз («Бос уақыт» тақырыбы).

Шоу-бағдарлама: сөз сайысы, пікірталас, ой талқы, ой бөліс ойындары.

Мұндай коммуникативтік ойын түрлері оқу үрдісінде үлкен дайындықты қажет етеді. Шоу- бағдарлама материалдармен танысады, тілдің жəне сөйлеу материалдарын қайталайды, пысықтайды. Ойынның жүргізушісі, көсемі, сарапшы, журналист, психолог, педагог, заңгер жəне т.б. ойын тақырыбын талқылайтын мамандар белгіленеді. Шоу-бағдарламаның талқасына түсетін тақырып ойынға қатысушылардың өзінің пікірін дəлелеуде, талас-пікірде мəселе қоюда мұндай ойын тақырыптар үлкен қызығушылық, шығармашылық, белсенділік арттырады жəне ең бастысы өткен тақырыпты толық жоғары деңгейде меңгеруге əсері болады. Шоу-бағдарламаларының тақырыбы, мүмкін, сұрақ түрінде, мысалы, «Мемлекетті əйел адам басқара алады ма?» деген сұрау түрінде, болмаса кейде образды бейнелі тіркес деңгейінде фразеологизм, мақал-мəтел, қанатты сөз түрінде (Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада), «Отбасы» тақырыбына байланыс «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» адамның мінез-құлқы тақырыбына портретке байланысты, Ел болам десең, бесігіңді түзе — қазақ елі тақырыбы, «Жеті жұрттың тілін біл» — тіл тақырыбына т.б.

Осындай коммуникативтік ойындарға дайындық кезеңі бірнеше сатыдан тұруы мүмкін. Алғашқы саты — шоу-бағдарлама тақырыбына қатысты материал іздеу, газет материалдарын, телеақпараттарды көру, фильм, қойылымдарды қарау, кітаптарды оқу, оқулықтардан материалдар іздеу, интернетте қарау. «Азамат» сияқты теледидардан шоу-бағдарламаларды қарап дайындалу.

Тақырып: «Шақыру».

Бұл тақырыпқа коммуникативтік ойын/ұйымдастыру/ұсыну үшін мынандай түрде материал жинауға болады.

Лексикалық минимум.

Шақыру, шақыру хатын ұйымдастыру, хат жазу, мерейтой, туған күн, үйлену той, магистрлік диплом алу, баланың туған күні, қоныс той, мерекелер, ұлттық мейрамдар, ресми мерекелер сияқты сөйлеу жағдаятына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін беру. Тіл қату, көңіл аудару əдебі түрлері: ханым, мырза, достым, мерейтой иесі, той иелері, жас жұбайлар, құрметті ақсақал т.б.

Сөйлеу əдебі түрлері жəне оған қатысты үлгілері:

Мен сізді тойға (мерейтойға, үйлену тойына, туған күн кешіне) шақырайын деп едім. Сізге алғыс айтамын /шын жүректен алғыс айтайын деп едім.

  • Көп рахмет.
  • Сізге табыс, денсаулық тілеймін.
  • Келіңіз.
  • Мерейтой дастарханынан дəм татыңыз. Грамматикалық минимум.
  • қалау рай: -ғым,-гім.
  • бұйрық рай: -айын, -ейін.

Жіктеу есімдігі:

  • тəуелдік жалғау: келіңіз, шақырамын.
  • етістік.

Коммуникативтік ойындардың шоу-бағдарламаға қатысты ұсылылатын түрлері мен сөйлесу ниеті түрлерін қамтуды қажет етеді. Олар: шақыру, өтіну, ұсыну, көңіл айту, құттықтау, алғыс айту, қошамет білдіру, тіл қату т.б.

Коммуникативтік ойындардың тапсырмалар түрлері шынайы жəне өте кең өлшемде қатысымға түсу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау процесін жылдамдатады жəне коммуникативтік құдіретін қалыптастырады, еркін сөйлеуге дейін жеткізеді. Мұндай коммуникативтік ойындардың тапсырмалары:

  1. Этюдтік нұсқаулық.
  2. Бəйге жарыс.
  3. Пікірталас сөз сайысы, ой бөліс, ой талқы ойындары. Этюдтік нұсқаулық ойыны.

Бірінші тапсырма:

Менің досымның қоныс тойы. Біз оның жаңа пəтеріне қандай сыйлық беруді ақылдастық. Екінші тапсырма:

Менің замандасым мейрамханаға шақырды, Туған күні екенін ескертті. Екі сағат уақыт қалды.

Дүкен жабық. Уақыт аз. Не істеу керек.

Үшінші тапсырма:

Дос қызым күйеуімен ажырасып, бір ойдан кейін тағы да күйеуге шықты. Құттықтаңыз. Төртінші тапсырма:

Оқуды бітірген бір топтағы студенттер 20 жылдан кейін кездесу кешін өткізбекші болды. Бұл кешті бұдан 20 жыл бұрынғы жастар бейнесінде ұйымдастыруға тырысыңыз.

Бұл коммуникативтік ойын тапсырмасын орындау үшін қосымша материалдарды: теледидардан көрсететін көп сериалы фильмдердің, қазақ драма театрдың қойылымдарын пайдалану; мерекелер мен мейрамдарға арналған ең үздік кұттықтау сөзіне сыйлық беру рəсімін ұйымдастыру.

Бəйге жарыс.

Мұндай коммуникативтік ойын түрлері көбінесе топтар арасында жүргілізеді. Бірінші тапсырма:

Ең үздік баяндамашы жарысына екі топ қатысады. Екінші тапсырма:

«Азия аруы» жарысына қатысады.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» бəйгесін жеңіп алған жеңімпаз осындай тапсырмаларға оқытушы сценарий жазуды ұсынады. Сценарийдің мазмұны нəзік, калжың, əзіл, ой толғау, образды сөздер, бейнелі көркем шығармалардан алынған үзінділерді пайдалануға болады.

  1. Пікірталас, сөз сайысы, ой бөліс, ойталқы ойындары.

Белгілі бір тақырыпқа құрастырылған пікірталас ойындары мынадай тақырыптарда болуы мүмкін.

  1. Қонақжай қазақ дастарханы (ұлттық дəстүр, салт, ғұрыпты сақтау арқылы дастархан басында əңгімелесу, бір-бірін құттықтау жəне басқа ұлттардың осындай дəстүрі туралы пікірталас).
  2. Шығыс жəне Еуропа күнтізбесі тақырыбы (Шығыс жəне Еуропа халқының ұлттық мерекелері мен мейрамдардың ұқсастары туралы). Ой талқы:

Құттықтау, сыйлық беру, түріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы пікір алмасу.

  1. Тіл. Дін. Келісетін, келіспейтін мəселелер төңірегіндегі пікірталас.

Мұндай коммуникативтік ойындар материалдарын іздеуге қатысты оқытушы алдын ала нұсқау береді. Бұл нұсқаулар: көркем шығарма, театр материалдары, фильмдер, теледидар жəне радиобағдарламалары, интернет, газет-журнал материалдары.

Пікірталас (сөз сайысы, ой бөліс, ой талқы) ойындары арқылы пікірсайыс білігін қалыптастыру. Тіл үйренушілердің шешендік сөйлеу мəнері, адамдармен шынайы қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі тек қана пікірталас тудыратын тақырып төңірегінде қатысымға түскен кезде ғана жүзеге асырылады. Оқу үдерісінде мұндай пікірталастыру, қарым-қатынасқа түсу арқылы, тіл үйренушінің қызығушылығын артыратын ойындарды қалай ұйымдастыру керек. Тіл дамыту сабақтарында оқытушы мəселелік жəне сөз сайысын тудыратын оқу материалдарын мол қамту керек. Мұндай материалдарға пікірталасын дамытатын, тудыратын мəтіндер мен тапсырмалар іріктеледі. Пікірталас ойынының мақсаты.

  1. Оқытушы пікірталасты қалай тудыру жағдаятын ұсынады жəне қалай өткізуді үйретеді.
  2. Тіл үйренушілерді пікірталас мазмұнында шешен сөйлеуге, ойын дұрыс жеткізуге үйрету.
  3. Ұлттық шешендік өнер нəрін, сөйлеу мəдениеті аса жоғары, пікірін дəлелдейді, жеткізе алатын ұлылардың, белгілі ақын-жазушының ата-бабаларынан қалған қанатты сөздерді барынша пайдаланып, əдемі жатық сөйлеуге үйрету.

Пікірталас тудыратын ойындар сценарийін жазу.

Мəселе қою. Мəселелік сұрақ. Пікірталас тудыру үшін мəселе қою керек, мəселелік сұрақ қою.

Осы мəселе қоятын тақырып тіл үйренушінің пікірталасқа түсуін жəне айтысу, таласқа түсуін дамытады. Ал пікірталастың өзі айтыс пен талассыз жүзеге аспайтыны белгілі.

Мəселелік сұрақ қалай қойылады.

  • сұрақ негізінен сұраулық шылаулар арқылы (ма, ме, ба, бе, па, пе); сұраулы сөздер арқылы(кім, не, қашан, қайда, қандай, қайсы т.б.);
  • ырғақпен, екпін арқылы, шешендік мəселе тудыратын сұрақтар: қалай, қалайша, не, қай,модаль сөздер: -иə, жоқ, иə, шығар.

Ойынға қатысушылар жəне олардың əрекеті.

Ойынға қатысушылар əдетте бір немесе бірнеше топшаларға бөлінеді. Олар өздерінің қалауынша «жақтаушы топ», «қарсы топ» ұстанымын таңдайды, мұндай топшаларға оқытушысы өзінің қалауы бойынша бөледі. «Жақтаушы топ» белгілі бір мəселенің шынайылылығын, дұрыс екендігін қолдап, пікірталасқа түседі. Ал «Қарсы топ» — осы пікірге қарама-қарсы ойды жақтаушылар. Əр топтың көсемі, «хаттама хатшысы», «тілші», «психолог» жəне белгілі бір мəселеге қатысты мамандар. Топ өкілі талқыланатын мəселені хабарлайды; ал хатшы жəне басқа пікірталасқа қатысатын өкілдер «көсемнің» сөзін дайындайды, өздері пікірталасқа қатысуға дайындалады.

Пікірталас ойынын жүргізу кезеңі. Пікірталас ойынын жүргізу бірнеше кезеңдерден тұрады:

  • дайындық кезеңі;
  • материал жинау кезеңі;
  • өзара пікірлесу кезеңі;
  • материалмен танысу кезеңі;
  • сөйлеуге дайындық кезеңі.

Сөйлеуге үйрететін лексикалық, фонетикалық, грамматикалық тапсырмаларды орындау кезеңі. Ойынға берілетін уақыт:

  • дайындалу кезеңіне 4 минут;
  • сөйлеуге, пікірін дəлелдеуге 5 минут;
  • қорытындылауға, түйіндемеге 6 минут уақыт беріледі.

Пікірталасқа дайындалудың алғашқы кезеңінде оқытушы ұсынған мəселелік тақырыптың біреуі таңдалып алынады. Келесі кезеңінде топ өкілдері, көсемі, хатшысы сайланады. Соңғы кезеңінде топтың іштей бөлінген «шешендері», яғни көсем, хатшы басқа да мамандар қойылған мəселе бойынша қойылатын ақпаратты дайындайды, сөйлеуге арналған пікірді əзірлейді. Пікірін жақтайтын немесе қарсылығын білдіретін шешендік сөйлеу сөзін хатшы жазады. Міндетті түрде «көсем» өзінің тобындағы шешендермен келісілген, талқыланған пікірді баяндайды.

Пікірталасқа дайындалудың тағы бір кезеңінде əрбір топ мүшесі жеке-жеке өз пікірін  дайындап «көсеммен» ақылдаса отырып, ортақ бір пікірталас тудыратын мəтінді əзірлейді.

Соңғы кезең — сұрақ-жауап кезеңі. Бұл кезеңде белгілі бір мəселе бойынша берілген сұрақтардың жауабы əзірленеді.

Ойын сценарийі бойынша сөйлеу əрекеті.

Бұл ойын түрі ойынға қатысушының өзара ынтымақтастықта бір-бірін ұқыпты таңдап, сұрау түрінде жоғары интонацияда, мəнерлі сөйлеу пікірталас тудыратын мазмұнда қатысымға түсу əрекеті сақталады.

Мұндай ойындар жазылған сценарийінің мазмұнында жүргізіледі. Ойын сценарийі бойынша сөйлеу əрекетінің кезеңдері.

Бірінші кезең — ойынды жүргізуші сұрақ қояды. Топ мүшелері қандай тақырыпқа пікірталасқа түсу дайындығын сұрап біледі.

Екінші кезең — көсемнің, қарсы пікір айтушы адам, хатшының, психологтың, тілшінің жəне сол тақырыпқа қатысты маман иесінің қандай топтың атынан сөйлетінін анықтау.

Үшінші кезең — қасиетті ақпаратты жинақтау кезеңі.

Сөйлеу əрекетінде қандай ақпаратты қамту, қандай пікірлерді қабылдау керектігін, шешен сөйлеу үшін қандай лексикалық, грамматикалық конструкциясын пайдалану, сөз саптауға қатысты қанатты сөздер, фразеологизмді қалай ұтымды пайдалануға дайындық кезеңі.

Төртінші кезең — топ көсемінің жеке монологтық сөйлеу мəтінін дайындау: тақырыпты нақтылау, сөйлеу сөзінің басталу кезеңі, мəселеге қатысты деректер, дəлелдемелер (ғылыми, саяси, тарихи), сендіру амалдары, сөйлеу сөзінің орта кезеңінде не айту керектігі жəне монологты аяқтау кезеңіндегі фактілерді жинақтайды. Көсем монологы ойынға қатысушылармен бірлікте құрастырылады, олардың құптайтын немесе нақтылайтын қосымша дəлелдемелері, пікірлері тұрғысындағы ұстаным ескеріледі. Сонымен бірге «Қарсы топтың» оппозициялық ұстанымға қатысты сын пікіріне, талас пікіріне дайындық түрінде де жауап түрлері дайындалады.

Бесінші кезең — ұсынылған мəселе төңірегіндегі сұрақтар, айқындайтын дəлелдемелер «қарсы пікір берушімен келісіледі.

Ойынның тиімділігін қамтамасыз ету тəсілдері.

  1. Ойын кезеңінде тыныштықты сақтау, ереже сақтау, тəртіп сақтау міндеттері қойылады.
  2. Ойынның жүргізілу кезеңіндегі ең басты ерекшілік — «жақтаушы топтың да, қарсы топтың да» пікірін қолдамау, тек қана ойынның соңғы кезеңінде оқытушы немесе басқа да бейтарап қатысушылар өз пікірін айтуына, дəлелдеуіне болады.
  3. Пікірталас өзара ынтымақтастықта жүргізілуі міндетті. Топ көсемінің сөзі пікірін дəлелдейтіндей нақты, бейнелі шығармашылық белсенділік танытатындай болуы қажет. Пікірталас кезінде қарсы топтың мүшелеріне тіл тигізу, сынау, сезіміне, психологиясына кері əсер бермеу керек.

«Қарсы пікір білдіруші адамның» сөзіне де эмоциясын білдірмей, сабырлы, салмақты сипатты пікірталас тақырыбының шарықтауына, дамуына, ойын козғалысының кеңуіне əсер етуге тырысу керек. Ойынға қатысушылар өзара пікірлес болуға, бір-бірін құрметтеп сөйлеу арқылы ойды дамытуға, ойды жеткізуге ынтымақтастығын білдіру керек.

Ойынға қатысушылар пікірталасты дамытуға, белгілі бір пікірді қолдауға қошамет көрсетуге, ынтымақтастық құруға бейімділігін көрсетуге əрекет жасау керек. Пікірталас ойыны үшін ұсынылатын материалдары.

Əдетте бұл оқу материалдары лингвистиқалық, лексикалық материалдарынан жəне мəтіндерден тұрады. Мəтіндік материалдар белгілі бір мəселеге құрылатын ақпараттық мазмұндағы мəтіндер. Бұл мəтіндер пікірталас тудыратындай мазмұнда болуы керек.

  1. Лингвистикалық материалдар, түрлі үлгілер, сызбалар, графикалық ережелер, жаттығулар мен тапсырмаларды қамтиды.
  2. Ойын кезеңіндегі орындалатын монолог, диалог, полилогқа қажетті тапсырма жаттығулар қамтылады.

Пікірталас ойынын қорытындылау, бекіту, баға беру тəсілі. Бұл кезеңде мыналар ескеріледі:

а) пікірталас тудыратын ұшқыр сөздер, амалдарды қолдану білігі; ə) сөйлеу сөзін бастау, аяқтау мəнері;

б) тəртіп сақтау, ереже сақтау əрекеті;

в) пікірін дəлелдей алу, фактілерге жүгінуге бейімділігі; г) ойын тəртібін бұзған жағдайда

д) қанатты сөздерді, фразеологизмді, мақал-мəтелдерді пайдалана білу шеберлігі.

Қорыта айтқанда, қазақ тілі сабағында коммуникативтік ойындар тіл үйренушілердің білімділік, тəрбиелілік, танымдық қабілеттерін жетілдіруге, олардың шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын қалыптастыруға, тілдік қарым-қатынасқа түсуіне жол ашады. Жалпы тіл үйренушінің өміріне қажетті дағдыларды қалыптастырудың бірден-бір құралы — ойын екендігі туралы қағидалар көне замандардан бастап, бүгінгі күнгі ғалымдардың еңбектерінде дəлелденген. Олай болса, оқу- тəрбие үрдісінде коммуникативтік ойындарды əрі əдіс, əрі құрал, əрі технология ретінде орынды қолдана алу білім нəтижелілігін арттырудың да маңызды факторы екендігі даусыз. Сабақтың білімділік, тəрбиелілік, дамытушылық мақсатымен тығыз ұштасып жататын коммуникативтік ойындардың оқу процесіндегі мəні ерекше. Өйткені коммуникативтік ойындар тіл үйренушінің ойлау қабілетін дамытудың тиімді жолы, сабақта тыңдаушы белсенділігін арттырудың құралы, олардың өзара ынтымақтастығының артуының, өз ортасы арқылы тəрбиеленуінің басты кепілі, олардың сөйлеу əрекетін жетілдірудің тетігі болып саналады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Исабаев Ə. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. — Алматы: Қазақ мем. ун-ті,
  2. Наркулова Б. Дидактические игры на уроках казахского языка: Дис. ... канд. пед. наук. — Алматы,
  3. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. — М.,
  4. Қадашева Қ. Қазақша жаңғыртып оқытудың əдістемелік негіздері, өзге тілді дəрісханалардағы қазақ тілі: Пед. ғыл. докт. ...дис. — Алматы,

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.