Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экономикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын заңды талдау

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының экономикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына заңды талдау жасалынады. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша айыппұл мен мүлікті тіркілеу жазаларын кешенді ғылыми сараптамаға салып, оларды сыбайлас жемқорлық және экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін тағайындау тәжірибесін талданады және тиімділігін арттыру жолдарын ұсынылады.

Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек («Қазақстан-2050» Стратегиясы).

Ұлт Көшбасшысының саяси еркінің арқасында мемлекеттік тәуелсіздікті алған күннен бастап Қазақстан жүйелі және мақсатты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асырып келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан- 2050» Стратегиясында құбылыс ретінде саналатын жемқорлықты жоюды - әлемнің бәсекеге ең қабілетті 30 елдерінің қатарына кіруі бойынша басты басымдықтарының бірі екенін айқындады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жолын кесу құқық қорғау органдарының ерекше құзыреті болып табылады.

Осы қызметтің негізгі рөлі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке – сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросына, осы саладағы жедел-тергеу бөлімшесінің уәкілетті органы ретінде берілген.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу функциясымен бірге өз құзыреті шегінде прокуратура органдары, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдары орындайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл көрсеткіштерінің талдауында көрсетілгендей, 2016 жыл жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарларын маңызды мәнге сапалы ауыстыру кезеңі болды, халық осы құбылыспен жиі кездеседі.

2016 жылдың қорытындылары бойынша республика бойынша толығымен 2807 сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелді, олардың ішінде үштен бірі парақорлық фактілері (1031 немесе 31%), 22% ұрлау (605), 20% 50 қызметтік лауазымды асыра пайдалану (558), 17% - қызметтік жалғандық (481).

Сыбайлас жемқорлықтың тіркелген фактілерінің негізгі бөлігі (2229 немесе 79,4%) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Ұлттық бюроның күштерімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) шектелді.

Барлығы 2016 жылы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 1129 лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 18 республикалық, 59 облыстық және 134 қалалық мағынадағы және аудандық деңгейдегі басшылар.

Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджеттік қаражаттар мен Ұлттық қордың қаражаттарының мақсатты қолдануына ерекше назар аударылады.

Ұрлау факторларын болдырмау мақсатында барлық іске асырылатын жобалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствомен жүргізіледі. Осы бағытта қабылданған шаралармен 143 қызметтік тұлғаның заңсыз әрекеттері анықталды және тыйылды, олардың ішінде 74 сотталды.

Шағын және орта бизнесті қорғау жеке басымдыққа бөлінген олардың қызметіне заңсыз араласқаны үшін мемлекеттік органдардың 142 қызметтік тұлғасы жауапқа тартылды, олардың – 115 сотталды.

Әдеттегідей, бұл жерде сыбайлас жемқорлықты тексеру шараларын өткізу және рұқсат ету құжаттарын берумен байланысты. 2016 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі арқылы Алматы қаласында, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында лауазымды тұлғалардың қатысуымен әрекет еткен 7 ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді. Осы жұмыстың нәтижесі, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою бойынша ұсыныстарды енгізу болып табылады. Өткен жылы 1616 тиісті ұсыныстар енгізілді. Олардың басым көлемі ішкі істер органдарына – 594, әкімдіктерге – 575, мемлекеттік кірістер комитетіне – 106, әділет органдарына – 61. 52

Айыппұл санкцияларын қолдану сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жазалау шарасы ретінде қолданылады. Сыбайлас жемқорларды жазалау әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтарды орындаудың салдарларын шектеуді де ұйғарады.

Қазақстанда парақорлықтың барлық түрлері бойынша жазалаудың баламалы шарасы паралардың мөлшеріне еселес ретінде айыппұлдар енгізілді. Осы саясат халықаралық қылмыстық-құқықтық стандарттарға сәйкес келуін ескеру керек.

Осы орайда, айыппұлдарды қолдану Жапония, Германия, Франция, Австрия, Норвегия және де басқа елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді шара болды. Жазалаудың осы түрі бюджеттік табыстың бөлігін көбейтуге ықпал етеді.

Қазақстанда 2016 жылы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдар 470 тұлғаға қатысты қолданды, айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 2,5 млрд. теңге.

1997 жылғы ҚР ҚК-нің экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар туралы нормаларының санкциясының басым бөлігі (75%) кумулятивті болып табылатын, яғни негізгі жазамен қатар қосымша жаза да көздейтін. Қосымша жазалардың ішінен экономикалық қылмыстарда кездесетіндері: 1) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру – 26 (52%) санкцияда; мүлікті тіркілеу – 24 (48%) санкцияда; айыппұл – 22 (44%) санкцияда. Бұл орайда айта кететін жайт, 1997 жылғы ҚР ҚК бойынша белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мен айыппұлды негізгі жаза ретінде де, қосымша жаза ретінде де тағайындауға болатын. Экономикалық қылмыстар үшін көзделген 20 санкцияда бірнеше қосымша жаза қарастырылған, олардың ішінде ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтарудың сараланған құрамдарында үш қосымша жаза көзделген болатын.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін айыппұл және мүлікті тіркілеу жазаларын тағайындау тәжірибесін талдағанда біз соттардың қылмыстық заңның жаза тағайындау т?ртібін реттейтін нормаларын қаншалықты мұқият сақтайтынына баға береміз. Аталған мақсатта республика соттарының 2011-2016 жылдар аралығында экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар жөніндегі істер бойынша шығарған үкімдері зерделенді. Айыппұл және мүлікті тіркілеу жазаларын тағайындау тәжірибесіндегі өзгерістер мен басым үрдістерді анықтау үшін ескі және жаңа қылмыстық заңнама негізінде шығарылған үкімдер бойынша жаза тағайындау тәжірибесі салыстырылды. Осы мақсатта 2011-2014 жылдар аралығында экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар бойынша шығарылған үкімдер кездейсоқ таңдап алынды. Таңдауға сол кезеңде ең жиі ұшырасатын экономикалық қылмыстар туралы үкімдер ілікті: заңсыз кәсіпкерлік (ҚР ҚК 190-бабы), жалған кәсіпкерлік (ҚР ҚК 192-бабы), жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы (ҚР ҚК 192-1- бабы), экономикалық контрабанда (ҚР ҚК 209-бабы), ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (ҚР ҚК 222-бабы). Талдау көрсеткеніндей, бұл қылмыстар үшін ең жиі тағайындалатын жаза бас бостандығынан айыру болған. Ескі қылмыстық заңнама бойынша экономикалық қылмыстар үшін сотталған 36 адамның 21-іне (58%) бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Дегенмен, бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандардың үштен біріне шартты түрде соттау қолданылған.

Бас бостандығынан айыру жазасының жиі тағайындалуын, екі түрлі себеппен түсіндіруге болады: біріншіден, ауыр қылмыстар туралы нормалар санкциясының балама болмауы (бас бостандығынан өзге жаза түрін көздемеуі); екіншіден, кейбір жағдайларда шартты түрде соттауды қолдану үшін соттардың бас бостандығынан айыру жазасын әдейі тағайындауы.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін көзделген бас бостандығынан айырудан өзге негізгі жаза түрлері: айыппұл – 8 (22%), бас бостандығын шектеу – 6 (17%), қоғамдық жұмыстарға тарту – 1 (3%). Айыппұл түріндегі негізгі жазаны соттар, әдетте, санкцияда көзделген минимумға тең немесе соған жақын етіп тағайындайды, оның ең жиі кездесетін мөлшері – 500 АЕК. Экономикалық қылмыстар үшін айыппұл түріндегі қосымша жаза да жиі тағайындалатын.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жаза түрі мен мөлшерін анықтауда соттар жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің талаптарын сақтайды. Дегенмен, «ауырлатушы мән-жайлардың болмауын» жеңілдетуші мән-жай ретінде ескеру; «ауыр санаттағы қылмыс жасауды», «сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауды» ауырлатушы мән- жай ретінде ескеру; айыптының жеке басын сипаттайтын мән-жайларға жеңілдетуші маңыз беру сияқты олқылықтар кездесті.

2014 жылғы ҚР ҚК экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауаптылық көздейтін нормалары санкцияларының барлығында (100%) бас бостандығынан айыру жазасы бар, оның ішінде 20 (32%) санкцияда тек қана бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қоғамнан оқшаулаумен байланысты қатал жаза түрінің экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін шектен тыс жиі көзделуі, әрине, алаңдатарлық жайт. Дегенмен, қарастырылып отырған қылмыс түрлері үшін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға қатысты арнайы шектеулердің көзделуі сот тәжірибесінде бұл жазаның негізсіз жиі қолданылуына жол бермеуге тиіс. Біз бұл жерде ҚР ҚК 55-баб. 1-бөл. 2)-тармағында бекітілген ережені айтып отырмыз. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру жазасын келесі шарттар орындалған жағдайда тағайындауға болмайды: 1) ҚК Ерекше бөлімі бабының санкциясы балама болуы керек, яғни негізгі жазаның бірнеше түрін көздеуі тиіс; 2) кінәлі адам қылмыспен келтірілген мүліктік залалды өз еркімен өтеуі керек. Алайда бұл ереже ҚР ҚК 218 (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)), 248 (мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу) және 249 (рейдерлік) баптарында көзделген қылмыстарға қолданылмайды.

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру 24 (38%) санкция бойынша міндетті қосымша жаза болып табылады. Мүлікті тіркілеу 22 (35%) санкцияда міндетті қосымша жаза ретінде, қалған 9 санкцияда міндетті емес қосымша жаза ретінде көзделген. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету (ҚР ҚК 217-бабы), қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) (ҚР ҚК 218-бабы), жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу (ҚР ҚК 232-бабы) және рейдерлік (ҚР ҚК 249-бабы) қылмыстарының негізгі құрамдарын қоспағанда, мүлікті тіркілеу міндетті жаза ретінде сараланған (ауырлатылған) қылмыс құрамдарында ғана кездеседі.

Мүлікті тіркілеу жазасының жаза мақсаттарына қол жеткізудегі мүмкіндіктерін судьялар қауымы мен тергеушілер әртүрлі бағалайды: судьялар әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтiру мақсатын бірінші орынға қойса, тергеушілер жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу мақсатын бірінші орынға қояды. Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің біреуі тіркіленген активтерді сату арқылы бюджетті толықтыруға болады деп санайды.

Сыбайлас-жемқорлық қылмыстар, әлеуметтік- құқықтық іс болып, қылмыстық заңнамамен қорғалатын қоғамдық қатынасқа қоғамдық қауіпті әрекет жасау болып табылады. Мұндай қылмыстар қауіпті, себебі қоғамға және қоғамның мүшелеріне саяси, материалды және басқа зиян келтіреді.

Қылмыстық кодекстің сыбайлас-жемқорлық қылмыстарды қарастыратын барлық баптарына тән нәрсе: мұндай қылмыстардың субъектілері ретінде арнайы субъектілер шығады—жалпы белгілерден басқа (белгілі бір жасқа келу және ақыл-есі дұрыс), оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ерекше қосымша белгілері де болуы тиіс.

Сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмыс субъектілері, ҚР Жоғарғы соттың 2001 жылғы 13 желтоқсандағы “Соттардың сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарау практикасы туралы” №18 нормативтік Қаулысына сай, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, әскери күштердің және басқа әскери құрамдардың және республика әскерлерінің лауазымды адамдары, сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдар болып табылады. ҚР ҚК 307 бабына берілген қосымшаға сәйкес, лауазымды адамдар болып тұрақты, уақытша немесе арнайы құзыреттікпен билік өкілдігінің міндетін атқарушы немесе мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, әскери күштерде және басқа әскери құрамдарда және республика әскерлерінде ұйымдастыру-билік жүргізу немесе әкімшілік- шаруашылық міндеттер атқарып отырған адамдар есептеледі. Жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдар болып ҚР Конституциясы, конституциялық және ҚР басқа заңдарымен мемлекет міндетін және мемлекеттік органдар құзыретін тікелей орындау үшін белгіленген адамдар есептеледі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің саяси лауазымдарына ие адамдар. ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілденген адамдарға лауазымды тұлғалар, Парламент және мәслихат депутаттары, соттар және барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.

Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану, практика көрсеткендей, ең көп тараған қылмыс , сондай-ақ басқа қылмыстарды, оның ішінде сыбайлас- жемқорлық қылмысты жасау үшін тәсіл болып табылады.Лауазымды қылмыс сондай-ақ басқа қылмысты жасау үшін тәсіл болып табылады және жиі қабысып жүреді, мысалы:

  • -тездету және әр түрлі процедураларды, ережелерді айналып өту үшін шенеуніктердің пара алуы, бопсалау, заңсыз тексерістер, бөтен мүлікті тартып алу, мемлекеттік қаражатты және жер учаскелерін заңсыз пайдалану, ақша үшін лицензиялар және басқа рұқсат құжаттар беру;
  • -мемлекеттік меншікті, ғимаратты, құрылысты, табиғи ресурстарды заңсыз пайдалану, заңсыз жекешелендіру, мемлекеттік қаражатты ұрлау, асыра сілтеулікпен сыйлықтар төлеу, тендер мен мемсатып алған кезде асыра сілтеушілік;
  • -монополияға қарсы заңнаманы және шынайы бәсекелестікті бұзу, өз мүддесіне кадр сұрақтарын шешу, саяси сыбайлас-жемқорлыққа және ықпал жасаудың сыбайлас-жемқорлық саласын жасауға дейін бару, дауыс берген кезде пайдалы заңдар үшін дауыс сату және сот шешімдерін сату және БАҚ-қа пара беру.

Бұл қылмыстың объектісі басқару тәртібіне , орнықты жұмысқа және мемлекеттік биліктің барлық сала органдарының мемлекеттік қызметінің мүддесіне, оның ішінде заңнама, атқарушы, сот органдарына, сонымен қатар өзін-өзі басқару органдарына қасқойлық болып табылады.Коммерциялық немесе басқа ұйымда лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану қаралып отырған баптың заңдылық ауқымына кірмейді және Қылмыстық кодекстің басқа баптарымен қарастырылғаны жөнінде айта кеткен жөн.

Мұндай сыбайлас-жемқорлық қылмыстың объективті жағы 307 баптың 1 бөлімінің диспозициясында көрсетілген: “Мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамның немесе соған теңелген адамның өз қызметтік өкілеттігін пайда табу және өзіне немесе басқа адамдар, ұйымдарға басымдық алу үшін қызмет мүддесіне қайшы пайдаланса, онысы басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян әкелсе,егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарын және заңды мүдделерін немесе заң қорғайтын қоғам немесе мемлекет мүдделерін айтарлықтай бұзуға әкеліп соқса”.

Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану мемлекеттік қызметшілердің заңмен бекітілген міндеттерін бұзу және заңдармен, ережелермен, нұсқаулармен және басқалармен реттелетін олардың құзыретіне кірмейтін іс-әрекет орындау болып табылады. Мұндай жағдайда қылмыс себебі пайда табу және өзіне немесе басқа адамдарға және ұйымдарға басымдық алу болып табылады. Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану іс-әрекет жасаумен қатар іс- әрекет жасамау болып табылады. Адам іс-әрекетті тек қана өзінің қызметтік жағдайына қарай жасай алатынын атай кеткен жөн. Іс-әрекет жасамады деп лауазымды адамның өз қызметтік міндетін атқармағаны аталады.

Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстылық деңгейін төмендете алатын шаралар: мемлекеттік қызметшілердің материалдық мәртебесін көтеру; жалақы деңгейін көтеру; халықтың құқықтық сауатын көтеру; кадрларды дұрыс іріктеу; мемлекеттің экономикалық әл-ауқатын арттыру; сыбайлас жемқорлықпен «жоғарыдан төмен қарай» күресу.

Елбасының мемлекетіміздің тағдыры үшін маңызды құжатында айтылған мемлекеттік қызметтегі тұлғаларға қойылатын талап «Әрбір мемлекеттік қызметкердің ары да жаны да таза, сауатты және білікті, біреуге тәуелді болмайтындай жағдайда болса екен», - деген жұртшылықтың пікірімен үндескендей.

Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.

Әрине, ең алдымен бүгінгі бала, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің отбасындаға тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы ләзім. Тәрбие от басынан басталады, ата-анасының шарауаны пара беру арқылы шешетінін, не пара алу арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсартып отырғанын көріп өскен бала, бұл жағдайды орынды, яғни солай болуы керек екен деп түсінеді. Есейгенде ол баладан қандай мемлекеттік қызметкер шығады? Қалтасының қамын ойлайтын шенеунік бола ма, әлде тәуелсіз еліміздің нығаюына, қазіргі жаһандану заманында патритоттық сезімді барынша бойына терең сіңдірген, ел дамуының ұйытқысы болатын нағыз азамат шыға ма? Соңғысы болса ләзім. Сондықтан, әрбір отбасы осы мәселеге аса мән бергені абзал.

Қазақстан - көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Зубкова В.И. Уголовное наказание и его социальная роль: теория и практика. - М.: Норма, 2002. - 304 с.
  2. Непомнящая Т.В. Реализация принципа справедливости при назначении наказания за преступления в сфере экономической деятельности // Вестник Омского университета. Серия "Право". - 2014. - №2(39). - С. 173-177.
  3. "Қазақстан-2050" стратегиясы
  4. Қазақстан Республикасы Заңы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы: 2015 жылдың 18 қарашасы, №410-V қабылданған.
  5. Смағұлов А.А. Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес проблемалары: оқу құралы. - Астана: "ArtPrint ХХI" ЖШС баспасы, 2012.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.