Мақалада "шет тілін кәсіби бағытта оқыту", "шет тілі бойынша кәсіби біліктілік" ұғымдарының анықтамалары сонымен қатар болашақ мамандарға арналған шет тілін оқытудағы негізгі әдістерде қарастырылады.
Қазіргі күнде қандай мамандық болмасын көптеген мамандықтар мәселен, халықаралық байланыстар, компьютерлік желілер немесе журналистика салалары т.б., мамандықтарға кәсіби деңгейін дамытуына, шетелдік қарым-қатынас үлкен мүмкіндік береді. Кез-келген маман, шет тілін толық меңгеруімен ұлан ғайыр жетістіктерге қол жеткізу әбден мумкін. Сондықтан шет тілін толық меңгерген маман қажеттілігі артуда. Шетел тілдерін оқыту технологиясы қарқынды дамып келеді. Көптеген студенттер жоғарғы оқу орындарында негізгі мамандықтарын дамытуларымен қатар, шетел тілі білімін жетілдірулері аса маңызды. Сонымен табысты кәсіби маман иесі болуы үшін шет тілін меңгеруі негізгі шарт болып табылады.
Білім беру мақсаттарында шет тілін меңгеру қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми- техникалық және жалпы мәдени тұрғысынан ұтымды факторы болып табылады.
Соңғы жылдары студенттердің оқу талаптарының өсуімен, осыған орай шет тілін оқытуда кәсіби бағдар принципі ерекше мәнге ие.
Педагогикалық зерттеулер жүргізу барысында ағылшын тілін оқытуда инновациялық процестердің ролі зор екенін көрсетті.Дәстүрлі кәсіби-бағытталған ағылшын тілі негізінен оқу, түсіну, мамандандырылған мәтіндерді аудару және грамматикалық ерекшеліктерін үйренуге бағытталған. Алайда, қазіргі уақытта шет тілін оқытуда ауызша қарым-қатынас қабілетін дамытуға аса назар аударылып отыр. Ауызекі тіл - тыңдау, оқу, түсіну, естіген немесе оқылған ауызша (диалог немесе монолог) және жазбаша түрде айту,қайталауды қамтиды.
Неміс әдіскерлері шет тілін оқыту кезінде төмендегі мәселелерді көрсетті:
- -жобалық жұмыс практикалық болып, кәсіби бағытталып, студенттердің қызығушылығын ояту тиіс.Теория мен практика арасын байланыс болуы қажет.
- -жобалық жұмыстың нақты мақсаты көрінуі тиіс. Шет тілін оқыту сабағында шет тілі коммуникативтік түрде, ауызша немесе жазбаша қолдануы қажет.
- -жобамен жұмыс остуденттердің өзіндік іс- әрекетін дамытады.
- - оқу процесінің әлеуметтік бағыттылығы. Қойылған мақсатқа жету үшін студенттер бірлесе отырып жұмыс істеуі қажет.Бұл өзара сыйластық, әдептілік, өз ойын айта білу және сын қабылдай алуын қйы маселелерді шеше алуларын дамытады.
Қазақстандық жоғары оқу орындарының жоғарғы деңгейлі немесе білімнің көпсатылы құрылымына жәймен ауысуы шет тілдері кафедрасының алдына жаңа міндеттерді қояды. Сол міндеттердің бірі - кәсіби бағытталған шет тілін оқыту. Еліміздің жоғары оқу орындарында кәсіби мақсатқа негізделген шет тілін оқыту үшінші немесе төртінші семестрде "Шет тілі (жалпы тілдік дайындық)" курсынан өткеннен кейін "Кәсіби-бағытталған "шетел тілі" (КБШТ) пәні оқытылады. Бұл пән 2 кредитті (90 сағат) қамтыйды [1].
Кәсіби бағытталған ағылшын тілін оқыту 1960 жылдары ғылыми пән ретінде шетелде бастау алды. Қазіргі уақытта, кәсіби-бағытталған ағылшын тілі оқыту білім беру қызметтерінің басты мәселесі болып отыр. Кәсіби-бағытталған шет тілін оқыту өз кезегінде, болашақ маманның шетел тілін үйренуі келешектегі қажеттіліктеріне негізделген білімді үйретуді талап етеді.
Кәсіби-бағытталған шет тілін оқыту - дегеніміз студенттерге шет тілін өз мамандықтарына қатысты тақырыптармен байланыстыра отырып үйретіп, шет тілінде сөйлеу қатынастарын, сөйлеу констекстерде грамматикалық, лексикалық және құрылымдықты қолданып оқыту. Яғни, кәсіби бағытталған шет тілін оқытуда білім беру мазмұнын мұқият іріктеу талап етіледі. Оқу материалдары оларға кәсіби өсу мүмкіндігін беруге қатысты тақырыптармен бағытталуы қажет.
Кәсіби-бағытталған шет тілін оқытудың басты мәні - студенттің кәсіби дамуының өркендеуі мен қосымша кәсіби білім алу жолында, шет тілі мен мамандыққа қатысты арнайы пәндердің ортақ болуында.Осы орайда шет тілін білу - студенттердің жеке басының кәсіби дамуы мен олардың кәсіби шеберлігін жақсарту мақсатында қарастырылады. Сондай-ақ, студенттердің шет тілін жетік меңгеруі - жоғары оқу орны түлегінің болашақта кәсіби маман ретінде шетелдік серіктесімен іскерлік қарым- қатынастарын жүзеге асыра алатын, кәсіби білікті маман иесіне қойылатын негізгі талабы да осы.
Кәсіби бағытталған шет тілін оқытудағы басты мақсат - түпнұсқада берілген ғылыми-техникалық мәтінді дұрыс оқу дағдысын қалыптастыруды, мәтінге талдау жасау ептілігін толыққанды түсініп, ақпаратты бір жүйеге келтіруді, сонымен қатар мамандығына сай келетін әдебиетті екі жақты дұрыс аудара білуі, мәтінге аңдатпа мен оның қысқаша мазмұнын жаза алу қабілетін қалыптастыру.
Экономикалық жоғарғы оқу - орындарында тұлғаның тілдік қабілеті даму жағдайында үш сатылы модульді қалыптастыру моделі қажет.
Бұл модельді Кәсіби-бағытталған оқу материалдарын қолдану арқылы құру қажет.
Бұл үш сатылы моделі қалыптастыру мыналарды қамтиды:
- Жалпы шет тілін үйрету (Pre-Intermediate level);
- кәсіби-бағытталған шет тілін оқыту 2-курс (Intermediate level - Language for Specific Purposes);
- мамандандырылған кәсіби- бағдарланған дайындау курсы 3-4 курстарда (Upper-Intermediate және Advanced levels - Language for Academic Purposes)
Кәсіби-бағытталған ағылшын тілін оқыту процесінде мынадай сұрақ туындайды: "Бірінші кезекте неге үйрету қажет яғни кәсіби лексика, грамматика немесе іскерліктерін монологтық және диалогтік сөйлеуге?". Арнайы терминдер мен грамматика негіздерін білу студенттерге еркін сөйлеу қарым- қатынасына мүмкіндік бемейді. Үйретудің негізгі элементтері:
- Ұйымдастыру және тақырыпты орнату
- Тексеру тереңдігі мен беріктігі білім
3 Жаңа тақырыпты меңгеруде оқытушы мен студент арасындағы өзара іс-қимыл, қарым - қатынасы
- Бекіту өткен материалды және жаттығулар
- Диагностика беріктік білімді меңгеру, қалыптастыру дағдылары
- Нұсқау бойынша орындау үй немесе өзіндік жұмыс
Жоғарыдағылардың негізінде өзекті сабақ бірнеше типтерге бөлінеді
- Сабақта жаңа материалды зерделеу (лекция, теориялық зерттеу, кино-сабақ)
- Сабақта білімді жетілдіру (практикалық тапсырмалар, шығармалар, жаттығулар орындау, іскерлік ойын)
- Сабақты қорыту және жүйелеу білімі (пікірталас, конференция, семинар, іскерлік ойын)
- Аралас сабақ (үйлесімі әр түрлі сабақ түрлерін кең ауқымын тапсырма)
- Бақылау жұмысы (тест, ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, сынақ, викторина)
Сондай-ақ, сөйлеу қызметінің нысандарын дамыту.Диалогтық сөйлеу дағдыларын меңгерту әр түрлі тақырыптар бойынша әңгіме құрау қабілетін арттыру. монолог презентация жасап, мамандыққа қатысты тақырыптарды талқылап өз пiкiрiн бiлдiруi.
Шет тілінде берілген техникалық ақпаратты іздеп,тауып оны жеткізе білу мен өңдеу де, кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті негізгі коммуникативті ептілік пен қабілетті одан әрі дамыту да осы курстың міндеті болып табылады.
Шет тілін оқытуда студент оқудың төменде көрсетілген түрлерін білуі тиіс:
- толық ақпарат алу және мазмұнын ана тіліне жазбаша аудару арқылы жеткізу мақсатында мамандыққа сәйкес мәтінді зерттей отырып оқу;
- таныса отырып оқу - жалпы автордың дәлел келтіру бағыты мен тақырыптың дамуын қадағалап негізгі ақпараттың 70%-ын түсіну ептілігімен суреттеледі;
- жалпы мәтіннің мазмұнымен танысу мақсатында және іріктеп алынған мәлімет негізінде қарастырылып отырылған мәселеге орай, мәтінді сипаттау ептілігі -мәтінді (қарап шығу) көз жүгірте оқуға жатады;
- жан-жақты іздене отырып оқу - белгілі бір мәліметті басқа ақпарат көздерінен іздеуді талап ететін оқу түрі.
Сондай-ақ, студентке қойылатын негізгі талаптар
- автордың көзқарасын, ойын толықтай түсініп, сол тақырыпта өз ойын ашып айта алуы;
- автордың ұсынып отырған шешімінің тиімді яки тиімсіз екендігі жөнінде қорытынды шығара білуі;
- сол тақырыпқа қатысты алынған басқада деректерді бір-бірімен салыстыруы ;
- басқа жағдайда дәл осындай тапсырманы орындауда әртүрлі деректерден алынған ақпарат негізінде қорытынды жасай алуы.
Тілді тиімді пайдаланып,сөйлесуде тілдің әр түрлі бөлімдерің (грамматикалық, лексика және т.б.,) білулерімен қатар олардың мағынасы мен функционалды қолдану яғни сөйлеу қарым- қатынасында қандай жағдайларда дұрыс қолдануы аса қажет. Грамматикалық білімі сөйлемдердің мағынасын бұзбай жазбаша және ауызша кәсіби сөйлеу қарым-қатынасында қамтамасыз етеді. Шет тілін лингвистикалық емес ұйымдарда оқытудың негізгі міндеттерінің бірі - шет тілін түсінуді үйрету. Кәсіби бағытталған шет тілін оқытуда мәтіндерді оқуды үйретуде негізінен студенттер мамандығы бойынша мәтіндерді тақырыптық бағдарламамен, сондай-ақ студенттердің өз мамандығын оқып- үйрену барысында алынған ақпараттарды пайдалану саласының кеңеюімен сипатталады. Мәтінді оқып үйрену тек шет тілінде сөйлеуге ғана емес, ең бастысы, онда қамтылған ойларды, идеяларды, фактілерді т.б., яғни, түсіну, бағалау, және алған ақпараттарды пайдалану. Табысты нәтиже алу үшін студенттерге сөздік қорын жүйелі түрде толықтыруға, уақытша формалар мен олардың мәндерін қалыптастыру ережелерін түсінуге, мамандық бойынша сөздіктерді, мәтіндерді аударуды және сөздікті еркін меңгеру дағдысын дамытуды үйрету қажет.
Кәсіби бағытталған шет тілін оқытуда аутентті мәтіндердің яғни түп нұсқада берілген әдебиеттердің алар орны орасан зор.
Аутенттілік өз негізін 1970 жылдары пайда болған тілді комуникативті оқыту бағдарламасының шығуынан бастау алған. Аутенттілік грек тілінен аударғанда "негізігі", "түпкі" деген мағынаны білдіреді. Аутентті материал дегеніміз, longman сөздігіне сүйенсек, табиғи сөйлеу мен жазылым әрекеттерінің дәрежесінде қарастырылған тілдік материалдар [3]. Аутентті мәтін - нағыз түпкі негізде сол тіл өкілі тарапынан жазылған мәтін. Ал, Крамштың пайымдауынша "аутенттік мәтіндер дегеніміз педагогикалық салада емес, табиғи күйінде, күнделікті қарым қатынаста қолданылатын мәтіндер"[4]. Г.Видоусон, Д.Нунан сияқты белгілі лингвистердің деректеріне сүенсек, аутентті материал дегеніміз- шетел тілін үйренушілерге емес, сол тілде сөйлейтіндерге арналған, яғни материалды қолданушылардың өзара қатынасы және қолдану жағдайларында туындайтын тілдік материал. Сөйлемдердің бұл түрлері, әсіресе, газет мақалаларның тақырыптарында көптеп кездеседі. Морроудың айтуы бойынша, "аутенттік мәтін - нағыз тілдік, нақты динамикті әсер ететін, белгілі бір аудиторияға нақты мәлімет беру үшін нағыз спикер немесе жазушы тарапынан түпкі негізде жазылған мәтін.
Аутентті газет мәтіндерін ағылшын тілін үйретуде қолданудың маңызды жақтары на тоқталар болсақ:
- студенттер оқып жатқан тілде сөйлеушілердің өмірдегі, қолданыстағы сөйлеу әрекеттерімен танысады;
- аутентті материалдар студенттердің тіл үйренудегі қол жеткізген жетістіктерін бағалауларына мүмкіндік береді. Мысалы: Англияда өткізетін 4 күндік саяхат кітапшасына жоспарларын толтыру;
- аутентті материалдар түрлі мәтіндерде қамтитындықтан ондағы тілдік стиль де түрлі болады;
- аутентті материалдар сол тілде сөйлеушілердің мәдениеті мен ерекшеліктері туралы мәлімет береді, ол өз кезегінде студенттердің тіл үйренуіне деген қызығушылығын арттырады.
Егер аутентті материалдарды қолдануды лексикалық жағынан оқытатын болсақ, онда сөздердің түпкі негізгі мағынасын ашып, оның қолданылу заңдылығын түсіну мүмкіндігіне ие бола аламыз дейді Уиллис. Уиллистің пікірінше аутентті мәтіндерді ағылышын тілін үйренуде қолдану өте маңызды, себебі оқушылардың сөздік қоры тек сабақта мұғалім үйреткен сөздермен ғана байыта да алмайсын[4].
Кәсіби-бағытталған шет тілін оқытуда Экономика және басқада факультет студенттеріне біз жиі Market Leader (нарық лидері) сияқты пән бойынша арналған кітаптар (деңгейі Pre-Intermediate, Intermediate, UpperIntermediate) мен оқулықтар пайдаланамыз.
Әдістемелік ?діс (case study) немесе кейс-стадий кәсіби-бағытталған шет тілін оқытуда үлкен рөл атқаратынын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеді. Зерттеушілер осы әдіс арқылы талқылауларын қарастырып көрейік.
Кейс-стадий технологиясы XX ғасырдың басында АҚШ-тың Гарвард университетінің бизнес- мектебінде енгізілді. Кейс-технологиялардың негізгі ерекшеліктері: Кейс әдісі нақты жағдайлар тұрғысынан практикалық жағдайларды зерттеу; болған жағдайларды баяндау; оқушылар проблемамен танысып, оны шешудің жолдарын іздейді.
Кейс әдісі біздің елге ХХ ғасырдың 90-жылдарында тек жалпы пәндер мазмұнының жылдам жаңаруы барысында оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану кезінде ғана жетті. Аталмыш әдістің таралуы жолындағы Отандық (Ресейлік) Кейсолог мамандардың - теоретиктер мен практиктердің арасынан Багиев Г. Конишенко Г., Наумов В., Сидоренко А., Сурмин Ю., Шеремет П. атап өтуге болады. Олардың "кейсология" үшін сіңірген еңбектері тым орасан болатын.
Case study - бұл білім беру проблемаларын шешу үшін пайдаланылатын нақты оқыту әдістемесі болып табылады. Жоғарыда аталған Harvard Business School-дың кейстік әдісі оқушылар мен оқытушылардың белсенді іскерлік жағдайларда немесе түрлі мәселелерді тікелей талқылауға қатысатын оқыту әдістемесі ретінде анықталды. Бұл әдістің мәнін түсінуде сыни талдау жасап, нақты жағдаяттардың шешімін іздеу ғажап емес. Case study - бұл жағдайлар сипаттамасы немесе тәжірибені қажет ететін, белгілі бір мәселені қамтитын әдіс түрі. Ол нақты өмірдің аудиториялық бөлігінде енгізіп, әрі оқыту құралы болып табылады [5, 85].
Кейс стади әдісінің идеялары:
- әдіс қойылған сұрақтардың бірнеше жауаптары бар болуы мүмкін болатын пәндерден білім алуға арналған;
- үйрету объектілерінің бірлесе шығармашылықпен айналысу дағдыларын қалыптастыруға негізделеді;
- - әдісті қолданудың нәтижесі болып алған білімдері мен жұмыс жасау барысында қалыптасқан дағдылары есептелінеді.
Кейс-технологияларға жататын әдістер:
- - жағдайды талдау әдісі;
- - инцидент әдісі;
- - рольдік ойындар әдісі;
- - іс хабарды талдау әдісі;
- - ойындық жоба;
- - дискуссия әдісі
Бұл оқу әдісі оқытудың белгілі бір бөлімінде студенттердің бірлескен талдауға, талқылауға немесе шешімдер қабылдауына арналған нақты экономикалық немесе әлеуметтік жағдайларды (оқиғалар, әңгімелер, түрлі жағдайлар) сипаттамасында қолданылады. Кейс әдісі бойынша жұмыс белгілі бір нақты жағдайларды талдау немесе шешуді көздейді, студенттер проблеманың мәнін түсінуі керек, мүмкін шешімдерді ұсынып, олардың ішіндегі ең жақсысын таңдау керек. Нәтижесінде, студенттер аудиторияда өздерінің зерттеулерінің нәтижелерін ауызша немесе презентация түрінде дайындайды. Осылайша, кейс әдісі әрдайым студенттің өзіндік жұмысын, кішігірім топ ішінде, ұсынылған шешімді таныстыру және нақты шешімдерді қабылдайды.
Қорыта айтар болсақ,кәсіби-бағытталған шет тілін оқытуда кейс стади әдісіне, түп нұсқада берілген әдебиетті оқуға үйрету әдістеріне ерекше көңіл бөлінуі тиіс.Себебі, техникалық мәліметтің өте көп көлемі - техникалық әдебиеттермен, ғылыми журнал, Интернет арқылы келіп түсетіні белгілі. Түп нұсқада берілген әдебиетті оқуға үйрету - оқу құралдарынан, арнайы журналдардан және тағы басқа ғылыми- техникалық ақпарат көздерінен алынған мәтіндермен жұмыс жүргізуді қамтиды. Түп нұсқада берілген ғылыми-техникалық мәтіндерді дұрыс оқу дағдысын автоматтандыру. Анықтамалық сөздіктермен жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастыру. Сөздік қорларын дамыту. Мәтіндегі маңызды мәселені анықтай алуы. Сөйлем арасындағы логикалық байланысты таба білу. Артық ақпаратты қысқартып, сөздіксіз түсіну дағдысын қалыптастыру. Мәтінмен түбегейлі таныса отырып оқу дағдысын дамыту. Қорыта келе, кәсіби- бағытталған шет тілін оқытуда,көңіл бөлетін мәселе ол - пәнге байланысты тақырыпты дұрыс таңдау яғни қандай мамандықта оқытылса, сол мамандыққа қатысты тақырыптарды қамтып, студенттердің кәсіби біліктіліктерін дамытып және кәсіби бағыттағы мәтіндерді мүмкіндігінше көбірек қолдану қажет.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде келесі қорытынды жасауға болады, шет тілі мұғалімі қандай әдіс-тәсіл қолдансада, оған қойылатын талап оқытушыда кәсіби мамандық бойынша белгілі бір білімі болуы, қызығушылығы, оқыту процесін жетілдіруге деген қалауы аса қажет.
Әдебиеттер тізімі:
- Государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан. Высшее образование. Бакалавриат. Основные положения. - ГОСО РК5.04.019 - 2011. - Астана, 2011
- Гальскова Н.Д. Современная методика обучения иностранным языкам. М.АРКТИГЛОССА, 200, 165С
- Kramsch C., Context and Culture in Language Teaching. Oxford: Oxford University Press, 1993. Little, David "Words and their properties: Arguments for a lexical approach to pedagogical grammar? in T. Odlin (ed.) Perspectives on Pedagogical Grammar. CUP, 1994.
- McDonough, J. and Shaw, C. Materials and Methods in ELT Blackwell, 1993
- Красикова Е.Н. Кейс-метод в структуре и содержании методической компетенции лингвиста- преподавателя: дисс. канд. пед. наук. - Ставрополь, 2009. - C. 85, 110.
- Байғаскина Жұлдыз, Алматы энергетика және байланыс университетінің оқытушысы Кәсіби- бағытталған шет тілін оқыту - әр студенттің жеке басының кәсіби дамуының негізі.
- Кушанбаева., магистрант (Алматы қ., Шет Тілдер және Іскерлік Карьера Университеті) АУТЕНТТІ ГАЗЕТ МӘТІНДЕРІНІҢ ШЕТЕЛ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ АЛАТЫН ОРНЫ
- Молодой учёный Научный журнал № 23 (103) / 2015