Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еңбекке мол өңірлерде еңбек нарығын реттеуді жетілдіру

Берілген мақала Қазақстан Республикасындағы еңбекке мол өңірлердің еңбек нарығын реттеуді жетілдіруге арналған. Жасалған талдау нәтижесінде Республиканың еңбекке мол өңірлері анықталды. Осы аймақтардағы жұмыссыздың себептеріне ерекше көңіл бөлінді. Нақты міндеттер қойылып, жасалған зерттеу негізінде еңбек нарығы инфрақұрылымын оңтайландыру бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың еңбек нарығының қалыптасуы мен дамуы, халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелерімен үздіксіз байланысты болуында. Қазақстандық еңбек нарығының басты ерекшелігі аймақтық доминанта болғандықтан, сәйкесінше экономика мен жұмыссыздықты реттеу жүйесі ең алдымен аймақтық деңгейде бекітуді талап етеді. Осыған орай еңбек нарығының әрекет етуі мен экономиканың дамуының аймақтық жағдайлары мен факторларын ескеретін, аймақтардағы жұмыспен қамтудың едәуір тиімді түрлері мен әдістерін анықтау маңызды болып табылады.

Еліміздегі халықты жұмыспен қамтудың жағдайы мен келешегі артып отырған қоғамдық алаңдаушылықтың нысаны болып отыр. Бұл себепсіз емес: экономика мен әлеуметтік аяны реформалау үрдістері жұмыссыздықтың артуымен, өмір сүру жағдайының төмендеуімен, әлеуметтік дифференциацияның тереңдеуімен және кедейлік шегінде өмір сүріп келетін халық санының артуымен қатар келеді. Бұл еңбек нарығын, экономиканы және қоғамның әлеуметтік дамуын реттеудегі мемлекеттің рөлінің едәуір артуын талап етеді.

Нарықтық экономикаға көшу аймақтардың бастапқы жағдайларының едәуір аймақтық айырмашылығымен жүзеге асты. Әртүрлі табиғи жағдайлардағы, демографиялық базасындағы, экономикалық әлеуеттегі және халықтың этномәдени дәстүрлеріндегі айырмашылықтар еңбек ресурстарының және еңбек нарығының қалыптасуының аймақтық ерекшеліктерін белгілейді. Сәйкесінше, жұмыспен қамту және экономиканы реттеу саласындағы саясат, біртұтас бола отырып, Қазақстан Республикасының нақты субьектілерінің шарттарына обьективті түрде жақындатылуы қажет. Түбегейлі реформалардың жағымсыз салдарлары "еңбекке мол", яғни еңбек күшінің артықшылығы байқалатын, депрессивті аймақтарда едәуір өткір көрініс тауып отыр.

Ілгеріде жүргізілген, өндірістік күштерді орналастырудың нақты емес саясатының салдарынан еңбекке мол аймақтардың экономикасы шикізатты әзірлеу мен ресурстарды қайта өңдеу бойынша біржақты мамандануға ие болды. Өнімдері жергілікті тұтынушылар нарығын қамтый алмайтын өндіріс көздеріні төмен салықтық базаға ие болды. Нәтижесінде Республиканың мұндай субьектілері жаңа шарттарда артып келе жатқан сұранысқа сәйкес жұмыс орындарын қамтамасыз етуге жеткілікті болатын өзіндік өндірістік және қаржылық базаға ие бола алмады. Осы жерде жұмыссыздық деңгейінің және халық әл-ауқатының территориялық дифференцияциясының тереңдеуі, аймақаралық қатым қатынастардың шиеленісуі, еліміздің және оның аймақтырының ұлттық тұтастығына қауіп төндіреді.

Алайда, еңбекке мол, депрессивті аймақтарға арнайы мемлекеттік және басқа да трансферттер және экономикалық көмектің басқа да түрлерін аз мөлшерде беру арқылы көрініс табатын мемлекеттік протекционисттік саясат жұмыс орындарына мұқтаж халықты қамту мәселесін толық шешеді деп ойлау қате болар еді. Еңбек әлеуетін толық қолданбаудың қалыптасып отырған деңгейі мемлекеттің және оның оймақтарының әлеуметтік- экономикалық қауіпсіздігі үшін үлкен қауіп туғызуда. Аймақтық экономиканы депрессивті жағдайдан халықтың жұмыс күшін тиімді қолдану арқылы шығаруды ғылыми-әдістемелік негіздеу қажеттілігі зерттеу өзектілігін анықтады.

Болжам ретінде халықтың жұмыс күшін тиімді пайдалану аймақтық экономиканың тиімділігінің артуына және оны депрессивті жағдайдан шығаруға алып келеді деген ұсыныс берілді.

Зерттеу жұмысының мақсаты еңбек нарығында қыйын жағдай туындаған депрессивті аймақтарда жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру және еңбек нарығын реттеу механизмдерін, шарттарын зерттеу негізінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысында келесі міндеттер қойылады және шешіледі:

  • - еңбек нарығын және халықты жұмыспен қамту факторларын зерттеу;
  • - кәсіпкерлікті халықтың экономикалық және еңбек белсенділігінің нысаны ретінде зерттеу;
  • - аймақтық еңбек нарығының және халықтың экономикалық белсенділігінің дамуына әсер ететін шарттарды, факторларды және механизмдерді анықтау;
  • - еңбек нарығындағы дағдарыс жағдайындағы аймақтарда экономика мен шағын кәсіпкерлікті реттеу механизмдерін жетілдіру бойынша шараларды негіздеу;
  • - көшпелі экономика шарттарындағы төмен өмір сүру деңгейіндегі депрессивті аймақтарды дамытудың әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін талдау;
  • - Қазақстан Республикасындағы шарттарға қатысты аймақтарды демографиялық дамытудың заманауи тенденцияларын және заңдылықтарын зертеу;
  • - транзитті экономика жағдайында депрессивті аймақтардағы жұмыссыздықты мемлекеттік реттеу негіздерін теориялық-әдістемелік жалпыландыру.

Халықты жұмыспен қамту жүйесінің қалыптасқан тиімсіздігін, оның салалық, фунционалдық және кәсіби құрылымының бір қалыпта қалып қоюын жөнге келтіру, жұмыс күшін өндіру, жұмыспен қамту үрдістерінің барлық жиынтығының бейімделу мәселелерін шешуде еңбек нарығы көшбасшы рөлде.

Еңбек нарығы деп тек жалдану сатысында ғана емес келешек еңбек қызметі барысында да тұрақты табыс орнына ие болуды қалаушылардың тең шарттары және бәсекелестік жағдайында мемлекеттік және нарықтық реттеушілер ықпалымен қалыптасатын оның қатысушыларының ұзақ уақыт аралығындағы қарым-қатынас үрдісі түсіндіріледі.

Заманауи шарттарда жұмыссыздықты реттеудің ұйымдастырушылық-экономикалық механизмінің негізгі құраушысы ретінде еңбек нарығында дағдарысты жағдайымен сипатталатын, аймақтарға монитоинг жасауды санаған жөн. Мұндай аймақтарды анықтаудың қажеттілігі, бір жағынан, жұмыссыздық және жұмыс орындармен қамтылу деңгейінің қалыптасқан күрделі аймақаралық дифференциациясы, басқа жағынан, - жұмыспен қамту, жұмыссыздарды қайта оқыту және жұмыссыз халыққа жаңа жұмыс орындарын жасау мәселелерін шешу үшін қолданылатын ҚР субьектілерінің қаржылық ресурстарының шектеулілігімен шарттастырылған. Еңбек нарығында дағдарысты жағдай қалыптасқан аймақтарды анықтаудың негізгі мақсаты олар үшін аймақтар аясында жұмыспен қамтуды ынталандыруда едәуір жағымды тәртіпті қамтамасыз ететін, ерекше ұйымдастырушылық- экономикалық механизмді қалыптастыру.

Қазіргі уақытта аймақтардағы еңбек күшінің артық болуын анықтауға негіз болатын ғылыми негізделген критериилер, көрсеткіштер және нормативтер жоқ. Осылайша, еңбек күшінің мол болуы жұмыс күшінің ұсынысының оған деген сұраныстан артуымен анықталады. Мұндай анықтама орынды, алайда әрдайым аймақтық еңбек нарығының шынайы бейнесін аша бермейді. Еңбек нарығындағы жағдай тең емес аймақтарды еңбекке мол деп жатқызуға үшін қажетті критерилерді әзірлеу қажеттілігі туындайды. 1 кестеде ҚР субьектілерінің еңбекке мол болуын анықтауға арналған статистикалық мәліметтер келтірілген. Бұл жердегі жұмыссыздық көрсеткіштері ЭБХ-тың 10%-нан асады.

1 кесте - ҚР субьектілері бойынша 2015 жылдың жалпы жұмыссыздық деңгейі және экономикалық белсенді халықтың саны

 

Экономикалық белсенді халық, мың адам

Жұмыссыздық деңгейі,%

Қазақстан Республикасы

8961,8

5,0

Ақмола

455,3

4,9

Ақтөбе

443,2

4,9

Алматы

1030,8

4,8

Атырау

317,8

4,9

Батыс Қазақстан

337,9

5,0

Жамбыл

539,3

4,9

Кдрағаңды

733,6

5,0

Қостанай

501,3

5,1

Қізылорда

317,2

5,0

Маңғыстау

260,9

5,1

Оңтүстік-Қазақстан

1149,4

5,6

Павлодар

436,7

4,9

Солтүстік-Қазақстан

332,4

4,9

Шығыс-Қазақстан

729,0

4,9

Астана каласы

488,8

4,7

Алматы қаласы

888,4

5,3

Ескерту - ҚР Ұлттық Экономика Министрлгі Статистика комитеті мәліметтері бойынша автормен кұрастырылған

1-кестеде көрініп тұрғандай Республиканың оңтүстік аймақтары, оның ішінде Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары еңбекке мол өңірлер болып табылады. Аталған облыстардағы белсенді халық санындағы жұмыссыздар көлемі де сәйкесінше жоғары.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдары басталған Қазақстан халқының депопуляциясы нәтижесінде еңбек ресурстарының саны мен сұраныс көлемі едәуір азайды. Еңбек, табиғат және қор ресурстарының және олардың кеңістікті ұйымдастырыуының шоғырлануы арасында дипропорция ұлғайды.

Депопуляция, халық жасының ұлғаюы және миграциялық процесстер ("мый ағып кетуі", біліктілігі төмен жұмыс күшінің келуі) жұмыс күшінің сандық қана емес, сапалық көрсеткіштеріне де жағымсыз әсер етеді, себебі қазақстандық цивилизацияның жинақталған әлеуеті және білікті жұмыс күшінің өндірілуінің бастапқы шарттары жойылады; халықтың интеллектуалды және рухани әлеуетінің регрессінде, жұмыс күшінің біліктілігін жоғалтуы мен қарапайымдануында көрініс табатын еңбек ресурстарының маргинализациясы орын алады.

Қазақстан Республикасында демографиялық жағдай еңбек нарығының қызмет ету механизмінің едәуір деформациялануын шарттастырады. Халық саны нарық дамуының басты индикаторы болып табылады, себебі тауарлар мен қызметтердің басты тұтынушысы халық, ол қажетті қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін сенімді инфрақұрылымдық базаға, тұтынушылық нарыққа деген талаптарды анықтайды. Халық санына байланысты жиынтық ақшалай табыстар және сәйкесінше төлем қабілетті сұраныс қалыптастырылады.

Ең алдымен демографиялық факторлардың ықпалымен 2020 жылға қарай ҚР-да жұмыс күшінің артуы күтілуде. Жұмыс күшінің арту динамикасы болашақта жұмыспен қамтылмаған халықтың екі есе артуын бағалауға мүмкіндік береді.

Біздің пікірімізше, ҚР тән, еңбек ресурстарының жоғары өсу қарқыны, жаңа жұмыс орындарын ұйымдастырудан да сәйкес қарқынды талап етеді. Бұл маңызды шарттың орындалмауы әрқыйлы әлеуметтік-экономикалық жағымсыз салдарларға алып келеді, халықаралық қатынастарда тығыз жаңдай туғызады және де жұмыссыздық мәселесін өткір етіп қояды. ҚР-дағы демографиялық жағдай еңбек нарығына қысым тудыра отырып әсер етеді.

Қазақстан Республикасында кәсіби мансап әкімшілік ресурс және туыстық қатынастар арқылы жүзеге асуы орын алуда. Осы жағдайда еліміздің интеллектуалды-еңбек күшінің сырқа шығуын көріп отырмыз. Республиканың еңбек және интеллектуалды әлеуеті елімізге қайтып келмейтіні барлығымызға мәлім. Елімізден табысты жұмыс орнын іздеп шет ел асып кететін отандастарымыз негізінен Ресей, Европа және АҚШ елдеріне миграциялауда.

 

Миграция (көшіп кеткені барлығы)

Оның ішінде

Ішкі миграция

ТМД едері

Басқа елдер

Қазақстан Республикасы

364094

18937

2054

182227

Ақмола

14061

1563

217

5071

Ақтөбе

13630

475

45

8103

Алматы

45431

550

47

15643

Атырау

8765

113

4

4922

Батыс Қазақстан

13315

713

18

9131

Жамбыл

20316

685

55

5959

Қарағанды

26384

2730

436

15703

Қостанай

21196

2184

221

14871

Қызылорда

14719

46

0

6976

Манғыстау

8720

353

4

3585

Оңтүстік Қазақстан

46713

537

42

24833

Павлодар

16492

2130

268

10332

Солтүстік Қдзақстан

18433

1997

160

11150

Шығыс Қазақстан

33139

2893

107

20185

Астана қаласы

24422

352

74

5792

Алматы қаласы

38358

1616

356

19971

Ескерту - ҚР Ұлттық Экономика Министрлгі Статистика комитеті мәліметтері бойынша автормен құрастырылған

2 кесте - 2015 жылға арналған халықтың көші қоны (елден кетуі) адам

Жоғарыда аталып кеткендей жұмыс күшінің мол болуы Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында, Алматы қаласында көрініс табуда. 2-кесте бойынша дәл осы аймақтардағы халық миграциясы, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында да ішкі көші-қон және ТМД елдеріне миграциялау жоғары деңгейде. 2014 жылы Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыруды үйлестіру басқармасының өзге өңірлерден жұмыс күшін тарту жайлы бағдарламасы аясында 2015-2017 жылға арналған жұмыспен қамтудың электронды картасын жасаған бұл өңір "жұмыс күші мол аймақтардан (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан) еңбекке жарамды азаматтарды" шақыру жүзеге аса бастаған. Сонымен қатар өңір халқының Қытай Халық Республикасына да көшуі жоғары деңгейде.

Біздің пікіріміз бойынша, еңбекке мол аймақтардағы халқының миграциялық мінез- қылықтарының себептері байланысты: халықтың табиғи өсімі, ұзақ уақыт аралығындағы жұмыссыздық, формалды жұмысбасталақтың тұрақсыздығы, жемқорлық, көп салалардың дамымағандығы, халықтың еңбек ақы төлеуге, еңбек шарттарына қанағаттанбауы.

Зерттеу нәтижесінде еңбекке мол аймақтардан жұмыс күшінің кетуі, болашақта рецепиент- аймақтардың экономикалық дамуын, мигранттардың өмір деңгейінің артуы, олардың мансап жасауына, сапалы білім алуына, әлеуметтік қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді. Аймақаралық айырмашылықтың нәтижесінде орын алған аймақ халықтарының арасындағы этномәдени айырмашылық мигранттардың орналасқан жерлерінде, бәсекелестіктің артуы, арзан жұмыс күшінің пайда болуы және т.б. мәселелер әлеуметтік қысым туғызуы мүмкін.

Біздің пікіріміз бойынша, халықтың жұмыс ісдеу барысындағы көші-қон процессі еңбекке мол аймақтарда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала белсендірілмегенше жалғаса береді. Еңбекке мол аймақтарды экономикалық дамыту шарты ретіндегі, еңбек нарығын реттеуге бағытталған шаралар, ҚР-да тиімді жұмыспен қамту саясатын және экономикалық реформалардың сәйкес стратегияларын қалыптастыруға алғышарт болады. Кейінгі 20 жылда осындай аймақтардың бюджеті дотациялылығымен сипатталады. Ұлттық қордан бөлінетін субвенциялар, трансферттер және басқа да қаржылай көмек түрлері жергілікті бюджеттердің "бекітілген" баптары болып қалыптасып алды. Бұл жағдай еңбекке мол аймақтардың депрессивті жағдайының тереңдеуін білдіреді.

ҚР-да еңбек нарығы инфрақұрылымы қызметін оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірледік:

  • - әлеуетті және "жалған" жұмыссыздарды анықтау мақсатында (салық органдарын жұмылдыру арқылы) еңбек нарығындағы жағдайға мониторинг жасау;
  • - қоғамдық жұмыстардың түрлері кем көлемін кеңейту, және де жұмыс берушілермен олармен жасаған келісім-шарттар негізінде тығыз қарым- қатынасты қамтамасыз ету;
  • - жұмыспен қамту қызметтерінің жетекшілігімен ЖОО-да түлектерді жұмыспен қамту орталықтарын ашу және келешек жұмысқа орналасу процессін бақылау;
  • - халықты жұмыспен қамтуға әрекеттесетін, шараларға республикалық бюджеттен қаражат бөлу;
  • - жеке агенттіктердің құрылуына түрткі болу үшін оларға жеңілдік негізінде несие мен ғимарат және т.б. беруге жәрдемдесу; жұмыспен қамтуға және персоналды іріктеуге әрекеттесетін мемлекеттік емес ұйымдардың қызметін реттеу үшін құқықтық нормалар әзірлеу;
  • - еңбек мигранттары және еңбек нарығының басқа да сегменттеріне (әйелдер, мүгедектер, бұрын әскери болған азаматтар) маманданатын құрылымдар құру;
  • - еңбек нарығындағы жағдай өзгерген жағдайда шығыстар бөлімдері бойынша қаражаттарды (үнемделген қаражаттарды есепке алғанда) қайта таратудың икемді механизмін қолдану;
  • - қосымша қаражат көздерін тарту, оның ішінде аймақтық бюджет есебінен жұмыссыздарды кәсіби бағыттау мен қайта даярлау бойынша жұмыстарды қаржыландыру көлемдерін арттыру;
  • - аймақтық еңбек нарығын әкімшілік-құқықтық реттеуді жетілдіру.

Жүргізілген ҚР жұмыссыздық және еңбек ақы төлеуді корреляциялық талдау көрсетті:

  • - кедейліктің басты себебі жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің төмен жалақысы болып отыр;
  • - еңбек нарығының мәселелері жоғары кәсіби білімді талап етпейтін жұмыс орындарында, жоғары білікті мамандардың қолданылуында көрініс табады;
  • - аймақтың экономикалық салалары бойынша, аймақтар арасында еңбек ақы төлеуде теңсіздіктер бар;

ҚР-да қалыптасқан орташа табыс деңгейі негізгі қызметті - жұмыс күшін өндіру қызметін толық дерлік қамтамасыз ете алмайды. Халықтың табыс деңгейін көтеру ғана емес, сонымен қатар аз қамтылған отбасыларға білім, денсаулық сақтау қызметтерінің қол жетімді болуы, сонымен қатар олардың тұрғылықты жайларын жақсарту мүмкіндіктерінің болуы.

Кадрлардың кәсіби даярлығының аймақтық экономика қажеттіліктеріне сай болуы ҚР аймақтарын дамыту үшін маңызды міндет болып табылады. Кәсіби-білімдік және біліктілікті белгілері бойынша еңбек ресурстарының сұранысы мен ұсынысының теңсіздігі еңбек нарығында кадрлардың салалық сәйкессіздігін арттырады, бұл оны минимизациялау бойынша шаралардың қолданылуын талап етеді. Біздің пікіріміз бойынша, жеке мамандықтарға және дайындығы бар кадрларға деген сұраныстың орын алуы және "мол" мамандардың болуы республикада білім беру мекемелері, жұмыс берушілер, жұмыспен қамту қызметтері және атқарушы билік құрылымдпры арасында кадрларды даярлау саласында қажетті реттеу механизмінің жоқтығына және аймақтағы кәсіби бағыттау шараларының тиімсіздігіне көз жеткізеді.

Кәсіби білімнің рөлі еңбек ресурстарының сапасына талаптар жоғарылап отырғанда, жаһандық бәсекелестік жағдайларында арта түсуде. ҚР-да кәсіби білім беретін мекемелердің түлектерінің даярлығының сапасы белгілі мөлшерде өндірістің даму деңгейіне сай емес. Заманауи жұмыс берушіге тек тар аяда немесе салада ғана емес, сонымен қатар жалпы экономикадан білімге және ақпаратқа ие, жан- жақты білімі және қабілеттері бар, жас әмбебап- мамандар қажет.

Білім саласындағы бағдарларды түбегейлі ресми түрден нақты білім беруге өзгерту қажет. Осы қарама- қайшылықты шешу еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға ықпал жасайды. Біздің ойымызша, кадрларды территориалды қағида бойынша даярлау өзекті. Кәсіби даярлықты ұйымдастырудың берілген тәсілі кәсіби білімге мұқтаж жандарға білім алуға, шынайы қоғамдық-пайдалы қызметке қосылуға жағдай жасау мақсатын қалыптастырады.

Кәсіби оқыту мен кәсіби бағыт беру жеке тұлғаның ішкі психологиялық ресурстарының белсендірілуіне, оның еңбек әлеуетінің толық қанды пайдаланылуына бағытталуы қажет. Сонымен қатар, кәсіби оқыту жүйесі, икемді, бағдар беруші, жұмыс күшіне сұраныстың өзгеруіне уақытылы әсер етуші болуы қажет. ҚР-да жоғары және орта арнайы білім беру орындарының түлектерін таратудың орталықтандырылған жүйесі жоқ, ал жас мамандарды жұмыспен қамту түлектердің жеке бастарының мәселесі болып қала бермек. Таратудың болмауы жастарды мамандықты таңдауда жіті ойлануға мәжбүр етеді. Мамандықты дұрыс таңдамаудан зардаптарды минимумға жеткізу үшін, мемлекет мектептердегі кәсіби бардар беруді белсендіруі қажет.

Берілген жұмысты жазу барысында, кәсіби білім беру жүйесін жетілдіруді келесі бағыттардың аясында жүзеге асыру дұрыс деп болжанды:

  • - бір саладағы мамандарды даярауда, әсіресе жоғары деңгейде көшірме жасауды жою, еңбек нарығында сұранысы жоқ мамандарды даярлауды азайту және шектеу;
  • - кәсіби білім беруде жұмыссыздарды қамту үлесін арттыру, жұмыспен қамту қызметтерінің базалық оқу орындарын кеңейту, жұмыссыздарды кәсіби даярлау көлемдерін арттыру, оқытудан кейін кепілді жұмыспен қамтуға бағдарлану;
  • - тапсырыс беруші-жұмыс беруші, жұмыспен қамту қызметтері органдары және оқу орындары арасында реттеуді жетілдіру;
  • - еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіптер туралы мәліметтер банкін қалыптастыру, барлық оқу орындарының мамандықтар тізімі туралы буклеттер шығаруы;
  • - ақылы түрде кадрларды даярлайтын, мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындарының қызметін реттеу, барлық меншік формаларындағы оқу орындарының аймақтық орналасуын реттеу;
  • - жоғары біліктілікті психолог-мамандарды, кәсіби кеңесшілерді мақсатты дайындау, кәсібибағдарлау, жұмыспен қамту қызметтерін сол мамандармен жабдықтау;
  • - кәсіби бағдарлау қызметтерінің материалды- техникалық базасын, әсіресе аудандар мен селолық округтерде күшейту, компьютерлік және есептеуіш техникамен жабдықтау;
  • - бос жұмыс орындарын анықтау мақсатында еңбек нарығында үнемі зерттеулер жүргізу, олады толтыру үшін кадрларды қайта даярлау.

Біз аталған шаралардың жүзеге асуы халықты жұмыспен қамтуды басқаруда,еңбекке мол өңірлердегі жұмыс орындарына деген нарық қажеттіліктерін ескере отырып білікті кадрлар нарығын реттеуде, кәсіби даярлау және кәсіби бағдарлау жүйесінің тиімділігін едәуір арттырады деп есептейміз. Туындайтын мәселелерді шешу бағыттарының бірі әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру мекемелерінен тұратын әртүрлі типтегі университеттік кешендерді біріктіру арқылы ЖОО жұмысын оңтайландыру, сонымен қатар жұмыс істеуші және босағалы отырған азаматтарды қайта оқыту және біліктілігін арттыру болып табылады.

Еңбек нарығы жалпы шаруашылық жүйесінің интеграцияланған бөлігі және бір жағынан, экономикалық мәселелерді шешу үшін маңызды құрал, басқа жағынан,- еңбек нарығы көрсеткіштері мен сипаттамалары аймақтардағы экономикалық құбылыстардың тиімділігінің, тұрақтылығының және сәттілігінің маңызды әлеуметтік индикаторлары болып табылады. Аймақтық еңбек нарығының, оның ішінде еңбекке мол және депрессивті өңірлердің бірте-бірте дамуы жалпы қазақстандық бәсекеге қабілетті еңбек нарығының қалыптасуына ықпалдасады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Министерство национальной экономики Республики Казахстан. Комитет по статистике. - Режим доступа: stat.gov.kz
  2. Жумаксанова К. М. Қазақстан Республикасындағы жұмыс күшінің көші-қоны және оның еңбек нарығына әсері - Алматы: КазгосИНТИ, 2005. - 30 б.
  3. Хамбар, Б. Қазақстан Республикасының еңбек нарығында жастарды жұмыспен Қамтудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін жетілдіру - Астана: [б.ж.], 2007. - 28 б
  4. Байжолова, Р. Ә. Жаһандану жағдайында ұлттық еңбек нарығын мемлекеттік реттеу - Алматы: [б. ж.], 2010. - 40 б
  5. Жумаксанова, К. М. Қазақстан Республикасындағы жұмыс күшінің көші-қоны және оның еңбек нарығына әсері Алматы: КазгосИНТИ, 2005. - 30 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.