Мақалада Қарағанды өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына аумақтық маркетингтік зерттеу жүргізілген. Ресей ғалымдарының өңірлік маркетинг түсінігіне берген анықтамалары ұсынылып, аумақ маркетингі түсінігі, оның функциялары мен ерекшеліктері қарастырылған. Аумақтық маркетинг субъектілерінің ішкі жəне сыртқы деңгейлеріне сипаттама берілген. Жалпы маркетинг құралдарының құрамы жəне аумақтық маркетинг құралдары анықталған. Аумақтық маркетингтің құралдары – индикаторлар, индекстер, рейтингтер талданған. Аумақтардың экономикалық дамуы жəне экономикалық реформаларды жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан аумақтарына қысқаша сипаттама берілген. Қазақстанның әрбір өңірі өзіне тəн табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір өңір, бíршшíден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бíр орнын алса. екíншíден, басқа айналыммен бірігіп, бүтін экономикалық бірлік құрайтындықтан, аудандарға жалпы өңірлік өнім бойынша талдау жасалған. Қалыптасқан көрсеткіштер негізінде Қарағанды өңірінің дамуының оң жəне теріс тараптары, оның даму үрдістері анықталған. Аумақтық маркетингік зерттеу өңірлердің даму үрдістері туралы индикаторларды, индекстерді жəне рейтингтерді талдауды көздейді. Солардың негізінде өңірлердің дамуындағы оң жəне теріс үрдістерді анықтап, оның даму бағыттарын зерттеуге мүмкіндік береді.
Ресей ғалымдары А.М.Лавров пен В.С.Сурнин өңірлік маркетингтің келесідей аныктамасын ұсынады. Муниципиалды маркетинг сиякты, бұл – жаңа кызмет түрі; мезодеңгейге бағытталған нарыктык катынастар жүйесінің элементі. Ол нарыкты, сұранысты жиынтык өңірлік өнімге бағаны зерттеуді, оның барлық əлеуетíн ішкі (өңірлік) жəне сыртқы (өңірдің сыртындағы) қажеттіліктер тұрғысынан іске асыруды жорамалдайды [1].
Мезодеңгейдегі маркетинг ретіндегі, өңірлік маркетингке əртурлí деңгейлік, макро- (ел) жəне микро- (жеке фирмалар) деңгейлеріндегі əлеуметriк-экономикалык мүдделерді келістіру функциялары тəн. Бұл колдану, тағайындау, орындау деңгейлері, магистралды жұмыс бағыттары, максаттык маркетинг топтары, қоғам жағдайын жəне оның мəселелерíн анықтау жəне алдын алу, олардың пайда болу себептері; қоғам құндылықтары мен оның қорлары есебімен осы мəселелердщ шешілу жолдарын анықтау; қоғамның кезеңдік ұзақмерзімдік инвестициялау жəне өзгеріске ұшырау жоспарларын əзíрлеу, өңірлік маркетинг жəне өңір маркетингі, ішкі жəне сырткы маркетинг, мемлекеттік, аумактык жəне муниципалдык маркетинг, мемлекеттер, аудандар, жергілікті орындар маркетингі.
Лавров жəне Сурниннің пікірлері бойынша, өңір деңгейінде іске асырылатын маркетинг кандай да болмасын өңірдің айрыкшылыктары мен ерекшеліктерін көрсетеді жəне бойына сіңіреді. Оның негізгі мақсаты максималды пайда алу емес, белгілі өңірдің тұрғындарының өмір сүруінің жоғары деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Өңірлік маркетингтің басты ерекшелігі келесіде, ол өз міндеттерін шешуде, ең алдымен, өңірдің ерекшеліктерін — экономикалық, әлеуметтік, мəдени жəне т.б. ескеруі қажет.
Аумақ маркетингі – бұл ішкі жəне сыртқы аудитория қызығушылығында нақты қалыптасқан жағдайда аумақ тұтынушыларын қанағаттандыруға бағытталған, нарықтық экономика құралы. Аумақ маркетингі аумақты жəне бәсекелестік ортаны зерттеу мен талдау; аумақ өнімдері мен қызметтерін қалыптастыру; жүйе құру мен оны таныстыру; оның құндылығын қалыптастыру; коммуникативті саясат құру мен оны жылжыту; стратегия құру сияқты түсініктерден тұрады.
Аумақтық маркетинг – бұл аумақ, оның ішкі субъектілері, сонымен қатар аумақ назарларына қызығушылық танытатын сыртқы субъектілер мүддесіндегі маркетинг.
Аумақтар деңгейінде өңірдің экономикалық әлеуетін, жергілікті социумның ұлттық, тарихи- мəдени, рухани жəне басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың нақтылы тұжырымдамалары жүзеге асырылады жəне жасалады. Осындай тұжырымдамалардың қалыптасу үдерісінің кезеңдері 1-суретте келтірілген.
Аумақтардың өз бетінше дамуын жоспарлап, ресурстарын пайдалануын ескере отырып, мемлекетіміз аймақтардың даму ерекшеліктерін түсінеді жəне нақтылы түрде интеграция мақсаттарын әлемдік экономикалық кеңістікте анықтайды.
Аумақтар маркетинг мәнін, өңірге қызығушылық танытатын субъектілердің, оның ішінде немесе одан тыс орналасу өлшемдері бойынша жүргізген аса тиімді болмақ. Сыртқы субъектілердің өңірдің жақсы болуына қызығушылық танытатын себебі, олар осы жақсылықтардың бір бөлігін (жеке ресурстарды, өнім көздерін, арзан жұмыс күшінің, еңбек өнімдерін, қаржы құралдарын іске асыру мүмкіндіктерін жəне т.б.) өздерінің жеке жəне өз аумағының үлесіне айналдырып, бұл өңірден тыс шығарып алғылары келеді. Ал ішкі субъектілер өздерінің сәттіліктерін өз туған аумағының, өз «отанының» сәттілігімен байланыстырады. Осы екі ұстанымның әрқайсысы аймақ үшін қызықты болуы мүмкін, алайда осы екі тұтынушы санатына қатысты беталыстар әр түрлі болғандықтан, ұстанымдар да әртүрлі болады.
Кез келген қызмет саласындағы негізгі маркетинг субъектілерінің қатарына қандай да бір өнім (тауар, қызмет жəне т.б.) өндірушілері, оның тұтынушылары (сатып алушылар, пайдаланушылар) жəне делдалдар жатады. Маркетингтік қарым-қатынастарға басқару органдары, тұтастай экономика салалары (мысалы, сауда), бұқаралық ақпарат құралдары, оқу жəне ғылыми мекемелер, ұйымдар жəне олардың жүйелері қатыса алады. Маркетингтік қарым-қатынастардың аса белсенді қатысушылары болып, өнім жəне қызметті өндірушілер дәстүрлі түрде шыға алады, ал өздеріне деген ерекше ықыласқа ие субъектілер – бұл тұтынушылар.
В. А.Гончаруктің пікірі бойынша, маркетингтің құралы «ол факторды сыртқы қоршаған ортаға əрекет ету үшін өзгертуге мақсатты түрде мүмкін болған жағдайда сыртқы ортада көрініс табатын, ұйымның қызметінің қандай да болмасын факторы бола алады» [2].
Жалпы маркетинг құралдарына келесілер жатады: а) зерттеулер (оның ішінде маркетингтік талдау); ә) әрекеттің стратегиясы жəне тактикасын әзірлеу; б) оларды іске асыру.
Аумақтың жағдайы жəне серпіні, даму үрдістері туралы алғашқы деректерді индикаторлар, индекстер, рейтингтер көмегімен алуға болады.
Аумақ маркетингінің маңызды индикаторлары болып елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері болып табылады: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ЖІӨ салалық құрылымы, экономикалық тиімділік көрсеткіштері.
Кешенді интегративті сипаттағы ақпараттарға индекстер, мысалы, тұтынушылық баға индексі, адами даму деңгейі индексі жатады. Индикаторлармен қатар, солардың негізінде қалыптасатын ақпараттар қабатына рейтингтерді жатқызуға болады. Рейтингтерді қоғамдық танымалдыққа ие, сарапшы, əлеуметтíк институттар құрастырады жəне олар тұрақты жарияланады жəне жаңартылады.
Маркетингтік талдаудың құралдарының ішінде маңыздылары болып маркетинг үшін дəстýрлİ əдíстер - SWOT-талдау, мақсатты нарықты талдау жəне өңірді жайғастыру болып табылады. Аумақтардың экономикалық дамуы жəне экономикалық рефораларды жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан аумақтары беске бөлінеді: Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан жəне Орталық Қазақстан.
Аумақтардың қысқаша түсініктемесі 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте Қазақстандағы аумақтардың қысқаша сипаттамасы
Аумақтар |
Аумақ, мың шаршы шақырым |
Сипаттамасы |
1 |
2 |
3 |
Орталық Қазақстан |
398,8 |
Құрылыс индустриясының, қара жəне түсті металлургияның, химия өнеркəсібінің жəне көмір өнеркәсібішң өндірістік-өнеркәсіптікорталықтары |
Шығыс Қазақстан |
277 |
Түсті металлургия, электрэнергетика, химия жəне ағаш өңдеу өнеркәсібі |
Солтүстік Қазақстан |
600,9 |
Жылу-энергетика, кен өндіру салалары, алюминий жəне ферроқорытпа өндірісі, агроөнеркəсіптік кешен жəне тамақ өнеркəсібі |
Батыс Қазақстан |
728,5 |
Мұнай жəне газдың бай кен орындары, хромит, марганец, никель, фосфорит, ферроқорытпа, минералды тыңайтқыштар, мұнай-газ химиясы, балық өнеркәсібі |
1-кестенің жалғасы
1 |
2 |
3 |
Оңтүстік Қазақстан |
712,2 |
Бақшагерлік, жүзім, мақта, қантқызылшасы, күріш шаруашылықтары, фосфорит, фосфорлы тыңайтқыштар, тұз өндірудің әлемдегі ірі кешендері |
Ескерту. Авторлармен [3] дереккөзі мәліметтері бойынша құрастырылды.
Қазақстан əлемде мұнай қоры бойынша – 7-орын, газ қоры бойынша – 6, уран қоры бойынша 2-орын иеленеді. 2017 жылы Қазақстан әлемдегі ірі мұнай жəне газ өндірушілері мен экспортқа шығарушыларының одағына кірмек. Сонымен бірге Қазақстандағы тау-кен саласы, түсті жəне қара металургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, шағын жəне орта бизнес жəне басқа да көптеген салалар серпінді дамуда.
Қазақстанның әрбір өңірі өзіне тəн табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие.
Әрбір өңір, біріншіден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бір орнын алса, екіншіден, басқа айналыммен бірігіп, бүтін экономикалық бірлік құрайды.
Қазақстанның экономикалық жағдайында макроэкономикалық мәселелерді шешуде негізінен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының біркелкі еместігі шиеленістіреді. Сонымен қатар өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тиімді реформалау мемлекеттің жəне оның ішіндегі жеке-жеке өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды әсерін тигізеді.
Еліміздің ЖІӨ Қарағанды облысының үлес салмағының көрсеткіші жыл сайын 8-9 % ретінде байқалады. 2015 ж. – еліміздің ЖІӨ көлемінен – 8,7 %, 2015 ж. – 8,2 % құрады, ал 2017 ж. – 7,5 %, 2018 ж. 7,7 % болады деп болжануда (2-кесте). Облыстың экономикалық саласының қарқынды дамуы ел экономикасының да дамуына үлкен үлес қосып отырғанын айта кеткен жөн.
2-кесте Қазақстан аумақтарының 2015 ж. жалпы өңірлік өнімі
Аймақтар |
Жалпы өңірлік өнім |
||||
Млн теңге |
Өңірлердің ЖӨӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен |
Нақты көлем индексі, өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен |
Жан басына шаққандағы ЖӨӨ, АҚШ долл. |
Млн теңге |
|
Қазақстан Республикасы |
27 819 297,2~ |
100,0 |
101,2 |
1 588,5 |
Х |
Ақмола |
825 220,7 |
3,0 |
101,6 |
1 115,9 |
11 |
Ақтөбе |
1 216 654,1 |
4,4 |
98,4 |
1 471,3 |
8 |
Алматы |
1 488 159,7 |
5,3 |
104,5 |
770,3 |
14 |
Атырау |
2 776 186,3 |
10,0 |
101,6 |
4 733,6 |
1 |
Батыс Қазақстан |
1 237 035,7 |
4,4 |
98,9 |
1 957,2 |
5 |
Жамбыл |
698 240,7 |
2,5 |
99,2 |
632,9 |
15 |
Қарағанды |
2 289 891,0 |
8,2 |
104,0 |
1 658,6 |
6 |
Қостанай |
964 218,7 |
3,5 |
98,3 |
1 093,0 |
12 |
Қызылорда |
908 374,6 |
3,3 |
98,9 |
1 198,8 |
9 |
Маңғыстау |
1 569 916,6 |
5,6 |
99,8 |
2 555,4 |
4 |
Оңтүстік Қазақстан |
1 715 296,1 |
6,2 |
100,9 |
610,7 |
16 |
Павлодар |
1 254 847,3 |
4,5 |
100,9 |
1 658,2 |
7 |
Солтүстік Қазақстан |
581 231,9 |
2,1 |
100,7 |
1 018,4 |
13 |
Шығыс Қазақстан |
1 669 845,1 |
6,0 |
99,4 |
1 196,5 |
10 |
Астана қ. |
2 951 411,1 |
10,6 |
104,9 |
3 428,0 |
2 |
Алматы қ. |
5 672 767,6 |
20,4 |
105,1 |
3 406,6 |
3 |
Ескерту. Авторлармен [4] дереккөзі мәліметтері бойынша құрастырылды.
Қарағанды облысының жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 2013 жылдан 2016 жылға дейін номиналдық индекс көрсеткішінде (НИК) 120 %-ға, немесе 570,6 млрд теңгеге, өсті. Оның ішінде жылдар бойынша: 2013 ж. – 1939739,7 млн теңге (НИК – 106,1 %), 2014 ж. – 2072122,9 млн тг (НИК ЖӨӨ – 101,2 %) жəне 2016 ж. – 2289891 млн тг (НИК ЖӨӨ – 107,6 %). 2016 жылы ЖӨӨ 2968,5 млрд теңге көлемінде болды, нақты НИК өсім 2,3 % құрайды (2-сур.).
Қазақстан Республикасы өңірлерінің рейтингінде жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша Қарағанды облысы 4 орынды алады. Орталық Қазақстан өнеркәсіптік даму деңгейі тұрғысында республика өңірлері арасында бірінші орын алады. Онда қуатты екі өнеркәсіптік торап құрылған. Бірі — Қарағанды-Теміртау көмір-металлургиялық кешені, оған Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай, Шахтинск, Ақтау, Жезқазған қалаларындағы электр энергетикасы, машина жасау, металл өңдеу, химия, жеңіл, азық-түлік өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары кіреді, екіншісі — Балқаш түсті-металлургия өнеркәсіптік кешені, ол негізінен мыс кендерін өндіру жəне өңдеуге, тазартылмаған жəне тазартылған мысты, түсті прокатты, сондай-ақ марганец, қорғасын, мырыш жəне басқа полиметалл концентраттарын шығаруга маманданған. Осынау кəсшорындьщ торап Жезқазған, Балқаш, Сəтпаев, Қаражал қалаларының, Жəйрем, Жезді, Қоңырат, Саяқ, Ақшатау кенттер кеніштері мең шахталарын, байыту фабрикаларын, мыс-қорыту зауыттарын, өнеркəсіптің химия, азық-түлік жəне басқа салаларын біріктірген.
2016 жылы Қарағанды облысының кəсíпорындары мен ұйымдары əлемнщ 100-ден аса елдерімен сыртқы экономикалық байланыстар жасады, оның ішінде өнімдер 44 елге экспортқа шығарылды жəне 77 елден импорт əкелíндí [5]. Экспортқа негізінен қара жəне түсті металлургия өнімдері, көмір, ауыр машина станоктары, ауыл шаруашылығы саласынан ұн жəне ұн өнімдері, кондитерлік өнімдер жəне тағы басқа жеңіл жəне ауыр өнеркəсіп өнімдері шығарылса, импортталған өнімдерге негізігінен фармацевтикалық өнімдер мен медициналық құрылғылар, құрылыс материалдары жəне де азық-түлік өнімдері жатады.
Экономикалық басым бағыттарынын анықтап, аумақ экономикасының алдағы он жылдықтағы экономикалық дамуына үлкен əсер ететін келесі бағыттары 3-кестеде көрсетілген.
Облыс бойынша ЖӨӨ жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркəсібінің үлесі - 28,8 %, тау-кен өндіру өнеркəсібі - 10,8 %, электрмен жабдықтау, газ, бу жіберу жəне ауаны тазарту - 3,7 %, сумен қамтамасыз ету; кəрíз жүйелері, қалдықтарды жинақтау жəне оларды үлестіруді бақылау үлесі 0,8 %-ды құрайды [5].
SWOT-талдау əдíсí бойынша жүргізілген аймақтардың ішкі ортасын зерттеу индустриалды- инновациялық даму көрсеткіштерінің келесідей топтамасының сəй^с^Ин табуға мүмкіндік береді (4-кесте).
164
Вестник Карагандинского университета
3-кесте Қарағанды облысының экономикасының басым салалары
Р/с № |
Басым салалар |
Дамудың негізгі ғылыми-техникалық бағыттары - инновациялық кластерлер |
1 |
Көмір өнеркәсібі |
|
2 |
Қара металлургия |
|
3 |
Түсті металлургия |
- құрамында металл бар кенді жəне пайда болған техногенді мине- ралдарды байыту жəне синергобелсенді ұсақтау |
4 |
Химиялық өнеркәсіп |
|
5 |
Машина жасау |
|
6 |
Құрылыс материалдар өндірісі |
- металлургиялық техногенді қалдықтардан клинкерсіз тұтқыр жəне құрғақ қоспа алу, оларды азаматтық жəне жол құрылысында пайда- лану |
7 |
Ауыл шаруашылығы |
|
8 |
Энергетика |
- энергияның балама көздерін дамыту |
Ескерту. Авторлармен [6] дереккөзі мәліметтері бойынша құрастырылды.
4-кесте Қазақстан аймақтарының инновациялық даму факторлары
Жағымды жақтары |
Əлсíз жақтары |
Табиғи шикізаттардың бар болуы |
Ғылым мен өндіріс арасындағы үйлеспеушілік |
Халықтың жоғарғы білім деңгейі |
Инновацияның ұлттық, аймақтық жəне салалық деңгейлерін бағыттаушы жүйенің жоқтығы |
Саяси тұрақтылық |
Мемлекеттік инновациялық саясатты жүзеге асыру бірізділіктің жетіспеуі |
Елдің индустриалды-инновациялық жүйесін дамытуды мемлекеттік қолдау жəне ынталандыру |
Технология трансферттері ортасында нашар инновациялық мəдениет жəне мамандандырылған қызметкерлердің жетіспеушілігі |
Мүмкіндіктер |
Қауіп-қатер |
Ғылым мен өндіріс арасындағы қарым- қатынастың өсуі |
Дамыған мемлекеттерде ғылыми-технологиялық жəне өндірістік деңгейлердің алшақтығы |
Жаңа технологиялар есебінен еңбек өнімділігін көтеру |
Экономиканың шикізатты бағыттылығын бекіту |
Бəсекелестíк басымдылық есебінен болашақтағы жоғары технологиялық салада көшбасшылық |
Инженерлі-техникалық мамандықтардың жəне интеллек- туалды ресурстардың шетелге ағылуы төмен мәлімділігі |
Интеграциялық үдерістер есебінен жоғары технологиялық өнімді сату нарығының өсуі |
Шетелдік жоғары технологиялы компаниялар жағынан бəсекелестíктщ өсуі. Мемлекеттік саясатта басымдылықтардың ауысуы |
Ескерту. Авторлардың [6] дерек көзі мәліметтері бойынша құрастырылды.
Сонымен, аумақтық маркетингік зерттеу өңірлердің даму үрдістері туралы индикаторларды, индекстерді жəне рейтингтерді талдауды көздейді. Солардың негізінде өңірлердің дамуындағы оң жəне теріс үрдістерді анықтап, оның даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Əдебиеттер тізімі
- Панкрухин А.П. Маркетинг территорий / А. П. Панкрухин. — 2-е изд., доп. — СПб.: Питер, 2006. — 416 с.
- Гончарук В. А. Маркетинговое консультирование в решении социально-управленческих проблем российских коммерческих предпрятий: дис. ... канд. соц. наук: 22.00.08 / В.А. Гончарук. — 1998. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.goncharuk.ru.
- Айтаханов Е. Региональная политика: основные ориентиры реализации в Республике Казахстан: науч. изд. / Е. Айтаханов // Саясат = Policy. — 2004. — № 4. — С. 56-58.
- Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі комитетінің ресми сайты. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: http://www.stat.gov.kz.
- Қарағанды облысының Статистика жөніндегі комитетінің ресми сайты. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: http://karaganda.stat.gov.kz.
- «Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 167 Жарлығы 2013 ж. тамызы. ∣Электрондык ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: http://www.resurs.kz.